Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

Сөйтіп, трагедия драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірдің объективті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсермен оқырманға, көрерменге берілетін, болмыстың ауыр қиындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры[23]. Әрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек, талап, шарттары мен тарихи, трагедиялық тұлғалық мақсаты арасындағы күрес-конфликт, тартыс атаулының әр қоғамда, әр дәуірде, әр әлеуметтік ұлттық ортада сан алуан формаларда болуы – объективті заңдылық. Әлем драматургиясы мектебінен үлгі ала отыра қазақ қаламгерлері ұлттық топшылаудағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта білді.

ХХ ғасырға дейін  қазақ халық әдебиеттерінде драматургияға  өзек балатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген - М. Әуезов. Ол  халық әдебиетінен нәр алды. 9 жасынан Мұхтар қалада өсіп, орыс театрында  жиі болып, Еуропа драматургиясымен танысты. Бұл таныстық реалистік драмаға жетеледі. Алғашқыда Шекспир, Гоголь, Погодиндерді аудара отырып, үйрене отырды [24].  Мұхаң көп уақыт театрда істеген, сахна сырына қанық. 30-дан аса ірі шығармалар тудырған қалам иесі. Жеке пьесалар варианттарын қоса есептесе 50-ден асады.

М.Әуезов әлемдік классикадан  “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ревизорды”  қазақ тіліне 30-жылдары аударып, аудармашылық қызмет те атқарған. Осы аудармалары арқылы М.Әуезов Еуропа мәдениетін, тұрмыс-салт ерекшеліктерін қазақ жұртына насихаттады. М. Әуезов драматургиядағы жанрлық формаларды түгел қамтыған. Шығармаларында драма да, комедия да, трагедия да  бар. жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады. Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр-әдеби даму процесіндегі творчестволық тұжырым түрінде қалады». М. Әуезов драматургиядағы жанрлық формаларды түгел қамтыған. Шығармаларында драма да, комедия да, трагедия да  бар[24]. 

     Драматургия-  қазақ жазба әдебиетiнiң ең жас саласы екенi мәлiм. Кеңес төңкерiсiне дейiн бұл жанрдың тұсауы кесiле қоймаса да, ғасырлар бойы дамып келе жатқан қазақ халқының ауыз әдебиетiнде терең тамыр-негiздерi жатқан болатын. Ақындар айтысы, қайым айтысы, жар-жар, шiлдехана мен келiн түсiру тойларын өткiзудiң өзi бiр ойынға (спектакльге) ұқсас болатындай. Екiншiден, мәдениетi озық орыс, татар, басқа да елдердегi сахна өнерiнiң өрiстеуi қазақ даласына да өзiндiк әсерiн бердi. Кеңестiк өкiмет орнауымен драматургия жанры әлденiп, бой көтерiп, жаңа өмiрдi жасаушы қуатты құралдардың бiрiне айналды.

Мұхтар Әуезовтің әдеби  мектебі Әуезовтің алғаш білім алып, сауат ашқан мектебі - атасы Әуездің алды. Әуез немересі Мұхтардың сауатын ашуды Абайдың шығармаларын оқуға уйретуден бастайды. Аздап қара таныған соң, бала шәкірт Абайдың өлендерін бірінен соң бірінжаттауға көшеді, күні бойы жаттағанын кешке атасы мен әкесіне айтып береді. Әуезовтің алғаш сауатын ашқан Абайдың ақындық шығармашылығы оның өмір бойы уйренген, талмай оқыған басты әдеби мектебіне айналды. Абайдың өмірбаянын жасау (төрт нүсқасы), шығармашылық мұрасын зерттеу, ол туралы, оның заманы туралы роман-эпопея жазу осы мектеп берген білімінің, осы мектеп ашқан таланттың, осы мектеп қабырғасындағы ой бағу мен ойланудың, оқу мен тоқудың, еңбек пен бейнеттің нәтижесі еді. Семей мұғалімдер семинариясындағы, Ташкент Орта Азия мемлекеттік университетіндегі, Санкт-Петербург(Ленинград) мемлекеттік университетіндегі, одан кейін Ташкент аспирантурасындағы оқу Әуезовтің әдеби білімін одан әрі өлшеусіз дамытты. Шығыс халықтары мен орыс әдебиетін, әлем әдебиетінің асыл үлгілерін, халық (ауыз) әдебиетін оқып-біліп қана қоймай, олар туралы, жалпы әдебиет туралы ғылыми-зерттеу еңбектерді де зерделей игеру Әуезовтің әдеби білімі өз заманының қатарынан майталман әдебиетшісі ретінде қалыптастырған еді. Аталған оқу орындарында Ә. жалпы, қоғамдық-гуманитарлық біліммен қатар, терең әдеби білім алды, шығармашылық еңбек сырларына қанықты, жазушылық шеберліктің әлемдік әдебиеттегі асқан улгілерімен табысты. Әуезовтің үлгі алған, улағат тапқан әдеби мектебі әдебиеттің өзі болды. Осы ретте орыс әдебиетінің алатын орны зор. Бұл «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихынан анық байқалады. Роман-эпопеяны жазуға қажетті материалдарды жинау мен сұрыптау үстінде жазушы М. Горькийдің:

«Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз» - деген өсиетін іштей қайталап айта беруден танбаған. А.Франс, Ф. Достоевский, А.Толстой, Ю.Тынянов секілді ірі суреткерлердің шығармашылық тәжірибесінен «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда автор үлкен сабақ алады. Неміс, француз, ағылшын әдебиеті де жазушының ойына ой қосып, қиялын үштаған, адам жанының шындығын ашудың тиімді, үтымды тәсілдерін ұсынған. Сонымен бірге автор Абай білім алған әдеби мектептен де көп өнеге тапқан. Абайдың орыс әдебиетімен рухани үндестігінтаныту мақсаты М.Әуезовті А.Пушкин, М.Лермонтов, Салтыков-Щедрин, И.Крылов секілді суреткерлердің көркемдік-эстетикалық даралығы мен даналығын саралауға, зерттеп-зерделеуге алып келді[25]. Жазушы өзі үлгі алған әдеби мектебінің барлық сатылары мен салаларын «Абай жолында» Абайдың шығармашылық мұрасының басты эстетикалық нысанасы тұрғысынан сараптады.

Қай халықтың әдебиетін, тарихын алсақ та, әр халықтың өмірі мен әлеуметтік-тарихи жағдайларымен әдебиетінің тығыз байланысты дамитындығын көреміз. Қай елдің әдебиеті болсын, негізінде өрлеу бағытында дамиды. Бірақ әрдайым олай бола бермеуі де мүмкін. Кейде шарықтап өсетін де, кейде идеялық-көркемдік сапасы төмендеп кететін де кездері болмақ. Әйтсе де, әдебиеттік процеске тән бір жайт - соңғы әдебиеттің, оның өкілдерінің өзінен бұрынғы нұсқалармен, тіпті ауыз әдебиетімен жалғасты, байланысты дамығандығы байқалады. Белгілі бір тарихи дәуір, не кезеңдерде тарих сахнасына ірі талант, үлкен тұлғалар шығады да, айналасындағы әр алуан өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, өз кезінің қойған талап, тілектеріне сәйкес туындылар береді. Олар өзінен бұрынғы мұралардың жатымды, керекті деген нәрлерін алады да, кемшіліктерін қайталамай, өз халқын алға сүйреу туы астында жұмыстар істеп, оның рухани азығы әдебиет пен искусствосын дамытуға, ілгерілетуге күш салады.Бұл жағдайларды біздің қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарына жанастырсақ, ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы әдебиетіміздің барлық жетістік жақтары Абай атымен байланысты. Өзіне дейінгі қазақ әдебиетін де, шығыс пен орыс әдебиетін де терең түсініп, олардан өзінің творчестволық өсу жолдарына керектілерін ала білулері және оларды творчестволық жолдармен іске асырулары арқылы ол өз кезіндегі қазақ әдебиетін биік белеңге шығарды. Егер әрбір өскен әдебиетке қойылатын шарттар дәуір кезеңінің талап-тілектерін өз шығармаларында қамту, оны іске асыруға белсене ат салысу, халықтық, прогрессивтік идеяны қолдау, әдебиеттің көркемдік, шеберлік жақтарын дамыту, сонымен бірге әрбір ұлт әдебиетінің ержетуі, марқаю жолдары өзінің ұлттық сипатын сақтай отырып, прогрессивті бүкіл адам баласы идеясына үн қосу десек, ХІХ ғасыр екінші жарымындағы әдебиетіміздің бұл бағытта үлкен адым жасауы да ең алдымен ұлы Абайдың үлесіне тиді [26]. Мұхтардың өзіне дейінгі әдебиет өкілдерінен өзгешелігі - ол тек қазақ қана емес, шығыс, орыс, европа мәдениетімен, әдебиетімен танысып, Сократ, Аристотель, француз ағартушылары, орыстың революцияшыл ұлы демократтарының еңбектерін жақсы біліп, дүниежүзі әдебиетінің ең жақсы үлгілерін оқып қана қойған жоқ, олардың идеялық-көркемдік жақтарын үйреніп, қазақшаға аударып, оны халық мүлкі етті. Осылардың негізінде ол әдебиетіміздегі классигі, ірі ойшыл жазушылардың қатарына қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі,

 

Француз жазушысы Жюль Верн “Клодиус Бомбарнак” романында қазақ жерін суреттейді. Американдық жазушы Дж.Кеннанның “Сібір және Сүргін” кітабында Ертіс маңайының кейбір тіршілік жайы, Семей кітапханасының қоры туралы мәліметтер, деректер келтіреді. Ал, кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болгар, монғол, қытай, француз, орыс т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды. М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып, сондай-ақ “Әлем әдебиеті кітапханасында” (134, 135 томдары) ірі классикалық романдар қатарында жарық көрді. Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясы, О.Сүлейменовтың поэзиясы және көптеген қазақ сөз зергерлерінің шығармалары, сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары эпостар, жырлар әлемінің көп тілдерінде аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің әлем әдебиетімен тығыз байланыста дамуына ірі халықар. конференциялар мен қаламгерлердің және достық қарым-қатынастары да ықпал етеді. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті [25].

Қазақ әдебиеті өзге халық  әдебиеттерімен терезесі тең дәрежеде тұрады деп айта аламыз. Қазақтың жазба әдебиетінің жобалап айтқанда бір ғана ғасырлық тарихы бар. Осы бір ғасырлық тарихында қазақ әдебиеті Петрарка, Гете, Гейне сияқты әлемдік ұлы тұлғалар деңгейіндегі Абайды берді. Жүз жылдан бергі әдебиет тарихы қазаққа Абайды, М.Әуезовті берді. Дүниежүзіндегі ең мықты жазушылардың ең мықты шығармалары енген «Библиотека мировой литературы» атты екі жүз томдықтың екі томы «Абай жолына» арналған. Бір томы әлемдегі үздік әңгімелерге арналса, соның ішінде М.Әуезовтің «Көксерегі» жүр. Осы жүз жылдың ішінде Абайдай, Әуезовтей тұлғаларды беруі қазақ әдебиетінің бәсеге қабілетті екеніне дәлел бола алады. Ал Абайдың, М.Әуезовтің, Б.Майлинның, Ә.Нұрпейісовтың деңгейіндегі жазушы әлі шықпаған, саны бізден анағұрлым көп халықтар қаншама. Сонымен қатар,  Француз романтизмінің шығуы оның дамуы мен қалыптасу жолдарының өзіндік бір ерекшеліктері бар. Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпы еуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр. М.Әуезовтің еңбектерінде француз әдебиетінің алар орны бір төбе дейтін болсақ, екеуін бір-бірімен байланыстырып, ұштастырып жатқан әдебиет саласының бір бөлігі осы – романтизм деп білеміз. Романтизм – француз тілінен аударғанда «роман» деген мағына береді. Романтизм 18-19 ғ. Германияда пайда болған өнердің бағыты. Ол 19ғ І жартысында гүлденіп, Америка және Еуропа елдеріне тарады. Романтизм ұлы француз революциясымен тығыз байланысты. Ол классицизмге қарсы бағыт болды. Олар өмірді заңмен өлшеуге қарсы болды. Романтизмде кейіпкерлері үмітсіз, хаосқа толы азғындаған әлемде бүкіл қоғамға жалғыз өзі қарсы шығады. Оларға пессимистік көзқарас тән. Роматистердің осындай пессимистік бағыттарының бірі құрдымға кеткен заманның емшісі табиғат деп есептесе, келесі бір топ өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені өткен заманды қиялдауға тырысты. Ал, үшінші пессимистік бағыт адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Германияны класикалық романтизм мемлекеті деуге болады. Қоғамдық мәселелер этикалық, эстетикалық, философиялық тұрғыдан қарастырылды. Германия романтизмін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Романтизмнің бастапқы кезеңі Иен мектебінің теоретиктерімен тығыз байланысты. Иен мектебінің А. Шлегель, Ф, Шеллинг сынды романтистері ақыл, қиял, рух және инстинктінің бірігуін идеал деп есептеді. Келесі романтистердің легі – Гейдельберг мектебінің ром-стері. Оларды көбіне дәстүр тарих, фольклор қызықтырды. Соңғы неміс романтизмінің кезеңіне трагизм, қиял мен шындықтың алшақтығы, амалсыздық тән. Оларға Гофман , Клейст, Мюллер, Гейне шығармаларын жатқызуға болады. Ағылшын романтизмі қоғам дамуындағы келеңсіздіктерге үлкен мән берген. «Көлдік» мектептің ақындары бұрынғы заманды, табиғаттағы қарапайым сезімдерді жырлап өткен. Оларға В. Скоттың тарихи романдарын және Дж. Китс, Ч. Лэм, Ли Хант деген романтистерді жатқызуға болады. Ал, Байрон, Шелли сынды ағылшын романтистеріне саяси пафос , күресу, еркіндік мәселелері тән болды. Францияда романтизм кеш қалыптасты. Классицизмнің кең етек алуының салдарынан романтизм 1820 ж. үлкен қиындықпен орнықты. Француз романтизмінің ең атақты өкілі - В. Гюго болды. 1840 жылдарға қарай романтизм реализмге жол бере бастайды. Бірақ, оның белгілілері 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келеді [26]. 
        Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселенің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм «сыртқы шындық пен жалпы дүниеге» (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңындағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты, ал рухани «арақашық жақындығы» шешуші міндет атқарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттық және кеңістік тұрғыдан алғанда сол тұстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтизмінің құрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды. Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалғанның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.  
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты. 1827 жылдан бастап Виктор Гюго драмалық шығармалар жазуға кіріседі.  Гюго пьесалары романтикалық театрдың қалыптасуына ықпал етті. Гюгоның алғашқы «Кромвель» пьесасын жоғарғы шеберлікпен жазылған шығарма болмағандықтан, сахналанбады. Келесі пьесасы «Марион Делорм немесе Ришилью дәуіріндегі дуэль» (1828) шығармасының саяси астары жоғары болғандықтан, оны сахналауға тыйым салды. Шығармадағы мінезсіз, ынжық Людовик ХІІІ-нің сипаттамасы бүгінгі Карл Х-шы корольдың ісін мінеу іспеті көрінді. Романтизмнің теориялық принциптері шын мәнінде жүзеге асқан пьеса «Манифест» - еді. Ал «Эрнани» қойылымы 1830 жылдың 25 ақпанында Шілде төңкерісі қарсаңында сахналанған. Бұл шығарма елді азаттыққа, бостандыққа бағыттаған бірден-бір шығарма саналды [27].

1833 жылғы «Мария Тюдор»  драмалық шығармасында романтикалық  қаһарман Леон тоқымашылары қозғалысында  бірге болған жұмысшы еді. «Рюи Блаз» (1838) шығармасы  халықтың қысым салдарынан жұмылып,  билікке араласқандығын көрсетеді. 1830 жылдары Гюго театрға ерекше көңіл бөле бастайды. «Театр дегеніміз мінбе» деген Гюго. Гюгоның барлық драмалық шығармалары саясат пен қиялдың бірлік құрған түрі. 30-шы жылдары Гюго пьесаларымен қатар поэтикалық жинақтар шығарды. 1831 жылғы «Күзгі жапырақтар» жинағы жанұя, балалар мейірімділік тақырыбына арналған. Мұнда қоғамның келелі мәселелері орын алмайды, лирикалық қаһарман адамзат баласының тағдырын, қоғамдағы келеңсіздікті сөз етпейді. Ол адамзат баласының бәрін сүйеді, ерекше мейірбан, жүрегі жылы жан. В.Гюго осы сарында 1835 жылы тағы бір жинағын жариялайды. Гюгоның «Париждік әулие ана шіркеуі» (1831) шығармасы Францияның ортағасырлық тарихын көрсететін тарихи романтикалық шығарма. Романда тек бір ғана тарихи оқиға бар. Ол Маргарита Фландерскаяны елшілердің айттырып келу тұлғасындағы тарихи оқиға.  Сонымен қатар шығармада Людовик ХІІІ король және Кординал Бурбонскийдің де есімі аталады [28]. Енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, түрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының қыры көп осы дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар қатарынан Альфонс Ламартин, Виктор Гюго туындыларын айрықша атап көрсетуге болатыны даусыз. Француз романтизмінің айрықша белгілері, өзіндік бітім-болмысы аталмыш ақын-жазушылардың шығармашылығымен тығыз байланысты.

Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түскен Альфонс Ламартин болды. Ламартинның танымал өлең жинақтары “поэтикалық ойлар” (1820), “Жаңа толғаныстар” (1823), “Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді. Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы өлең- жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді. Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал, даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан француз поэзиясы үшін жаңалық еді. Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық өріске бағыттайды.

Францияның поэзия көкжиегінде  есімі ерекше аталатын сөз майталманы Беранже 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған ода, гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король өкілетін («Шексіз аз»), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды («Маркиз де Караба», «Ақ кокарда»), католик дін иелері мен иезуиттерді («Әулие әкелер», «Албастының ажалы»), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының («Қарт сержант», «Қарт капрал») ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты, оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы халық наразылығы оның «Топан су» атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс Беранжені «өлмейтін ақын» деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850 ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик, Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады. Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды [29].

Француз романтизмі тарихының  Қайта жаңғыру дәуірінде Виктор Гюго шығармашылығының алғашқы кезеңі маңызды орын алады. Біріншіден, Гюгоның есімі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыстың символына айналды. Оның «Кромвель» драмасына жазған алғысөзі романтизмнің басты манифестерінің бірі деп қабылданды, ал «Эрнани» драмасының қойылымы әдебиетке романтизмнің түпкілікті жеңісі ретінде енді. Өз бойына таусылмас қажыр-қайрат пен табиғи талантты біріктірген Гюго француз әдебиетін өзінің даңқымен аспандатып жіберді. Ол бірден барлық жанрларда дерлік жаза бастады десе болғандай. Алғашқы одалар жинағы (1822), кейінірек балладалармен толықтырылып отырып, 1828 жылға дейін қатарынан төрт рет басылып шықты. «Кромвельге» және өлеңдер жинағына жазылған алғысөздер, 1819 жылы өзі шығарған «Conservateur litteraire» («Әдеби консерватор») журналында және басқа да басылымдарда жарық көрген әдеби-сын мақалалары оны жаңа әдеби қозғалыстың ең танымал теоретиктерінің біріне айналдырды [30].  
          Гюго романтизмі – жазушының дүние-болмысты қабылдауымен, суреткердің өмірдегі орны туралы түсінігімен тығыз байланысты. Басқа да романтиктер тәрізді Гюго да суреткер-жаратушының пайғамбарлық роліне кәміл сенеді. Өзгелер сияқты ол да қоршаған орта шындығының кемшіліктерін көре білді. Бірақ әлемдік тәртіптің негізіне қарсы бағытталған максималистік романтикалық бүлікшілік Гюгоны өзіне тартпайды. Жеке адамның әлемге жазмыштық қарсылығы ол үшін шектеулі емес. Романтикалық «екі дүниенің» бірізділігінің шешімін таба алмау да, жалпы оған жат. Гюго үнемі адам трагедиясын көрсетеді, бірақ олардың қашанда жалғаспалы (сериялы) қатерлі кездейсоқтықтар мен сәйкестіктердің қоршауында жүруі тегіннен тегін емес. Бұл кездейсоқтықтар сырт қарағанда ғана жазмыштық боп көрінеді. Мұның артында өркениетпен жетілудің игілікті жалпы ұлы заңдарының кездейсоқтық еместігіне деген сенім тұр. Гюго әрбір сәтте, адамзат пен қоғам дамуының нақты қай жерінде трагедияға соқтырған кемшілік кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын өте жақсы біледі. Өзінің 20-шы жылдардың басындағы сыни жазбаларында ол жазушының парызы туралы «көркем шығармада пайдасы тиетін ақиқатты айту»,  жазушының шығармасы «пайдасын тигізу қажет» және «болашақ қоғамға сабақ болуы керек» деген ойларын айтқан болатын. Гюго өзінің бұл сеніміне өмірінің соңына дейін берік болды. Ол осы бір сын мақалаларында өз бойындағы ерте кездегі монархизмнің әсерімен ағартушыларды қатты сынап, «философтарды» жоққа шығарғанымен, жоғарыдағы ойлары оны ағартушылық дәстүрлермен тікелей байланыстырады [31].  
             Гюго шығармашылығының бәрін түгел қамтуға, уақыт кезеңіндегі әдеби пікірталастардан жоғары тұруға деген ұмтылысы және жаңа ағымдар лебіне құшақ ашу мен дәстүрге адалдықты біріктіре білуі – осының бәрі өз романтизмінің негізі етіп дүниені жоққа шығаруды (мироотрицание) емес, әлемді бар күйінде қабылдауды (мироприятие) көздеген тілекпен тығыз байланысты. «Кромвельдің» алғысөзінде Гюго жаңа дәуір өнерінің драмалық сипатын кеңінен дәлелдеп, ал эпопея антик заманының табысы деп бағалады. Оның өзінің де барлық жанрлардағы шығармашылығына, соның ішінде лирикаларына да буырқанған драматизм тән. Бірақ осы драматизмнен бәрін – әлемді, ғасырды түгел қамтысам деген мақсаттан туған эпикалық ынта жоғары тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда, Гюгоның роман-эпопеясы «Париж құдайана соборынан» («Собор Парижской богоматери») бастап және лиро-эпикалық топтамаларға «Жаза» («Возмездие»), «Ғасырлар аңызы» («Легенда веков»), «Қаһарлы жыл» («Грозный год») дейінгі жалпы қозғалысында белгілі бір заңдылық бар. Гюго романтизмінің түп негізінде эпикалық кеңдік жатыр.  
Гюгоның алғашқы одаларынан классицистік эпика дәстүрлер айрықша сезіледі. Гюго романтизмді толықтай қабылдады. Нәтижесінде классикалық үлгіден өнеге алған ақын романтикалық поэтиканың мүмкіндіктерін қуатты түрде сынақтан өткізе бастайды. Көтеріңкі сарындағы одалар классицизмнің ең бір жексұрындық (одиозные) бедер-белгілерінен арыла бастады. Одаларға, көбіне, орта ғасырлық тақырыптағы қиял-ғажайып әуендері басым, көне аңыздар мен халықтық наным-сенімдерге құрылған балладалар келіп қосылады («Сильф», «Перизат», «Фея»). «Бюг Жаргаль», «Исландық Ган» романдарында «жергілікті айқын көрініс» («местный колорит») поэтикасы маңызды роль атқарды. «Шығыс әуендері» («Восточные мотивы») өлеңдер жинағында романтикалық экзотизм салтанат құрады. Ақын классикалық өлеңнің формалық қаңқасын жүрексінбей босаңсыта бастайды. Ол ритм мен шумаққа түрлі тәжірибелерді беріле жасай отырып, ой мен оқиғаның қозғалысын ырғақтың өзімен беруге ұмтылады. «Аспан оты» («Небесный огонь»), «Диюлар» («Джинны»). Сонымен қатар, жас Гюгоның ең жемісті поэтикалық жаңалығы – оның өлеңді «азат етуінде» болып табылады. Ламартин мен Виньеге қарағанда, оның көп өлеңдері еркін және еріктілеу болып келеді. Бұл француз лирикасының ырғақтық байлығының кейіңгі кезеңдерде де сақталуы жол ашты [32].  
        Романтикалық қозғалыстың жалпы арнасында Гюгоның тарихқа деген керемет қызығушылығы болған еді. Атап айтқанда, жазушының дүниетанымы, «адам және әлем», «адам және тарих» мәселелеріне қатынасы осы арнада қалыптаса бастады.  Жазушының санасына халық тарихтың шынайы күші деген ой орын тебеді. «Бюг Жаргальда» ол әзірше бойға үрей мен діріл ұялататын бүлікшіл стихияны Гюго бұл көтерілістің салдары – қысымшылық, қатыгездікке қатыгездікпен жауап беру деп түсіндіреді. Ал кен қазушы-бүлікшілерді суреттеген «Исландық Ганда» бүлікшіл үн одан гөрі айқынырақ естіледі. «Шығыс әуендеріндегі» көптеген өлең-жырлар түрік езгісіне қарсы грек халқының ерлік күресіне арналған.  
Тарих тақырыбы мен халық тақырыбы «Париж құдайана соборы» романында бір-бірімен аса кеңінен тоғысады. Әрине, мұнда алғашқысы, яғни тарихи өркениет тақырыбы басым келіп жатады. Бұл өркениет символикалық бейне ретінде алынған собор архитектурасының «тас» тілін ауыстыруға ғана емес, сонымен бірге Клод Фроллоның жеміссіз, жан титықтатын ілімінің бейнесі арқылы берілген схоластиканың өлі тілін әріп пен кітап басып шығаратын баспа тілімен ауыстырып, жаппай және жоспарлы сауат ашуға бастайды.Ол сонымен бірге, қоғамнан «шеттетілген» Эсмеральда мен Квазимодо бейнесіндегі асқан адамгершілікті моральдың оянуынан бастайды. Бұл жерде халық әлі де алаңдағы қара бұқара ретінде көрінеді, ол – кейде бейтарап , кейде өзінің «заңсыздығымен» қорқытатын топ. Қалай болғанда да, Гюго бұл бұқараны шеттетілу мен ашыну ағайындастырған қайыршылар ретінде суреттейді. Алайда, соқыр белсенділіктің өзінде әділдік идеясы көрініс тапқан. Ондағы «заңсыздық» идеясы қоғамдағы заңсыздықтарға пародия, былайша айтқанда, ресми әділ сот жүйесін ұжымдық түрде күлкіге айналдыру. Ал соборға басып кіретін көріністе бұл стихиялық күш – енді әділеттілік орнатуға деген ынталы құлқымен оянған қозғалыс. 20-шы жылдардағы Гюго жүріп өткен жол – бұл әлем, тарих және адамның шынында да терең қайшылықтарға толы екендігін түйсіну жолы. Оның түсінігінде, тарих дегеніміз «поэтикалық» ғана емес, сонымен бірге «трагикалық» та, монархияға және оның «тәртіптеріне» үміт арту дегеніміз классицистік үйлесімділіктен үміт күткендей, баянсыз әрі тұрақсыз, болмыстың байланыссыздығын өткір сезінетін романтикалық өнер шын мәнінде де заманауи. Бірақ тәртіптілік пен үйлесімділік идеясының өзі Гюго үшін өте қымбат. Ақынның бір мезгілдегі әрі романтикалық, әрі ағартушылық борышына деген сенім өте берік. Сондықтан да Гюго романтикалық құралдар арқылы өнер мен әлемдегі үйлесімділікті ұйымдастыруға талпыныс жасады. Ол, ең алдымен, драмалық қарама-қарсылық пен гротеск идеясын қолға алды [33].

Информация о работе Француз әдебиеті