Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

2. Абай шығармаларын жинау мен мәтінтанулық зерттеулер жүргізу. Бұл орайда М.Әуезов Абай шығармаларының түрлі қолжазба нұсқаларын, баспасөзде жарияланған Абай өлеңдерін, Абай айналасындағы адамдар, басқа да дерек көздерден мол материалдар жинап, оларды сұрыптап, текстологиялық зерттеу жүргізген. Бұл саладағы ғалым еңбегін М.Әуезовтің өз сөзімен қорытайық: «Тегінде, Абай шығармасының аздығынан кеиде боп жүргеніміз жоқ. Барын барша, бажайына барғыза алмаудан, зерттей алмаудан пендеміз» (5,255).

3. Абай мұраларының  рухани бұлақ көздерін айқындау. Бұл мәселеде Абайдың ақындық кітапханасы, яки Абай оқыған еңбектерді айқындауда М.Әуезов атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстары өте ауқымды болды.

4. Абайдың әдеби ортасы. Осы сала М.Әуезовтің 1934 жылы  жазған «Абай ақындығының айналасы» атты мақаладан бастау алып, кейін «Абайдың ақындық мектебі» атты кең арналы салаға ұласты.

5. Әдебиет тарихындағы  Абай дәстүрі, т.б. осындай тарау-тарау  сан-салалы абайтану ғылымындағы  М.Әуезов негізін қалаған бағыттарды  айтып тауысу том-том еңбектердің жүгі.

Абай мұрасы қазақ  руханиятының айнасы десек, М.Әуезовтің  абайтану саласындағы ұлан-теңіз  еңбектерін саралап, талдап, таныту да-бүгінгі  мұхтартану ғылымының өзекті мұраттарының бірі болмақ.

ХХ ғасыр басындағы  қазақ руханиятының ояну дәуірінің  дауылпаздары Алаш арыстары мен зиялы қауымның М.Әуезовтің ұлтжанды қайраткер, ел арысы болып қалыптасуына зор ықпал еткені тарихи ақиқат. 1907 жылдан ағасы Қасымбектің тәрбиесінен сол кезеңдегі қазақ  елінің мәдени орталықтарының бірі Семей шаһарына келіп, елден алған төл, Шығыстың мұсылман оқуын «Пайғамбар тілін бұзған» орыс оқуымен алмастырған М.Әуезовтің болашақ өмірінде жаңа білім-ғылым айдыны ашылды. 1907-1919 жылдар аралығы М.әуезов ғұмырындағы өте маңызды өмір кезеңі болды. Осы уақыт арасында өз білімін ұштаумен қатар, тәуелсіздік идеясын ұстаған ұлтжанды қауыммен араласып, қоғамдық, мәдени-рухани істерге ат салысып, елдің жарқын болашағы жолындағы Алаш қозғалысының қайраткері болып қалыптасты. Кемеңгерлер үлгісімен ұлтжандылыққа тәрбиеленуге тиіс мектеп оқулықтарының өзінде: «Ол бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға-немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көнеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы біршама ұзақ (1908-1930) сапары басталды. Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген жаңа өкіметтің алғашқы жылдарында ол бірнеше жыл қоғам өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы Қазақ Орталық атқару комитетінде ресми қызметтер атқарады да, 1922 жылдан бастап одан әрі оқуын қайта жалғастырады» (6,205)-деп, М.Әуезовтің 1917-19 жылдар аралығындағы Алаш азаттығы жолындағы күрескерлігі жайлы бір ауыз сөз айтылмай, сырт қалып келе жатқаны жасырын емес. Бұл жайлы Алаш арыстарының ізбасары, абайтанудың айтулы білгірі Қ.Мұхамедханұлы: «Біз, әсіресе жас ұрпақ, Мұхтардың басынан кешкен өмір кезеңдерін анық білмейміз. Қазақ әдебиетінің ресми тарихшылары Мұхтардың өмір сапарында басынан кешкен қилы-қиын кезеңдерін, қауіп-қатерге душар болған шақтарын жасырып-жауып, шындықтан аттанып ала қашып, жалған жолға түсті» (7)-деп тұжырып айтқан. Тіпті оқулықтарда баса айтылып, жазылып жүргендей М.Әуезовтің 1919-22 жылдар аралығындағы Кеңес өкіметінің қызметіндегі істері де зорлықшыл биліктің сойылын соғу емес, сол өкімет билігін пайдалана отырып, еліне пайдасын тигізу, халқының тәуелсіздігіне қол жеткізу болды. Ақыры Кеңес өкіметінің саяси-әлеуметтік отаршыл әділетсіз бағыты мен ұлт тәуелсіздігі, ұлт теңдігіне қарсы бағытталған топтың идеологиясы ұлт арысының мемлекеттік қызметті тастап, Алаш арыстары шоғырланған Ташкентке ойысуына себеп болды. М.Әуезовтің бар ғұмырын, шығармашылық мұрасын Алаш тәуелсіздігі жолындағы күреске бағыттағандығын дәлелдейтін жүздеген тарихи, ғылыми, әдеби айғақтар бар.

 Алаш арыстарының  бостандық жолындағы күресі бүгінгі  тәуелсіз ел тарихындағы қайсарлық  пен ұлтжандылықтың өлмес, өшпес өнегесі болса М.Әуезовтің сол рухты бойына сіңіріп, өзінің шығармашылық, қоғамдық қызметінде берік ұстануы-бүгінгі Мұхтартану ғылымының ұрпаққа үлгі тұтар мұраттарының бірі болмақ.

Мұхтартану ғылымының  осы зерттеуде сөз болған қырлары дарынды ғалым Қ.Өмірәлиевтің: «Әдебиет бүгінгі күн мәселелерін сөз еткен очерктермен публицистикалық жанрлардан ғана тұрмайды, оның халықтық өткен жолына, тіпті бағзы замандарға да барып, оларды бүгінгі күннің талаптары, қасиеттіктері тұрғысынан суреттеп беретін жанрлары да болады. Ал, ғылымда да осындай шегіністер-халықтың өткендегі рухани қазыналарын бүгінгі күннің талабы, қасиет етуі тұрғысынан келіп сөз етуі болып отырады. Жалпы ғылымның негізгі сипатының өзі де оның осы ерекшелігінде» (8,64),-деп жазғанындай, мұхтартанудың тағлымдық мәні мен қазіргі заман талабының қасиетін өтеудегі маңыздылығымен бағаланбақ.

М.Әуезов – әлем әдебиеті классиктері шығармаларын өте сезімталдық  деңгейде танып білген аударма білгірі. Өз шығармашылық ғұмырында әр ұлттың әдебиетіндегі дара үрдістермен, олардың өзара байланысын, әдеби қатынастардың беріктігін, ғасырлар бойында қалыптасқан әдеби дәстүр жалғастығына назар аударған.

Мұхтар Әуезовтің өз тұсындағы француз әдебиеті классиктерімен тығыз достық байланысы да тарихи шындық. Демократиялы және прогрессивті тенденцияларды бойына сіңірген француз әдебиетінің ықпалында қазақ әдебиеті де болды. Себебі, француз тілді шығармаларды қазақ тіліне аударғанның арқасында француз классикалық әдебиетімен танысу жүрді. Әрі осы кезбен тұспа тұс француз әдебиеті де қазақ әдебиетіне қарай бет бұрды.

Шетсіз, шексіз білім  иесі академик Әуезов қазақ топырағында  бұрын-соңды болмаған, не кешендеп дамыған  жанрларды туғызып дамытқан және сол жанрда сөз өнерінің өзіне  дейін болмаған ғаламат үлгілерін сомдап соққан саңлақ суреткер.

Көркем аудармаға да көп еңбек  сіңірген жазушы француз әдебиетінің белді-белді туындыларын қазақ тіліне аударып көркем аударманың тамаша үлгілерін жасаған. М.Әуезовтің шығармашылық жолының өзі көркем аудармадан басталған[1].

Жиырма жасына шейін  үш революцияның лебінен тыныс алған  болашақ жазушы басынан үлкен  өмір кешті. Оның дүние тану көзқарасы  жедел дамыған қат-қабат тарихи оқиғалар мен ұлы өзгерістер тұсында  қалыптасып, жарты ғасыр ішінде жазушы туған халқымен бірге сонау қараңғы түнек заманнан социалистік қоғамның сәулетті шыңына сапар шекті. Бір мақаласында М.Әуезов: «Мен өз өмірімде үш түрлі қоғамдық формацияны бастанкешірдім. Олар: феодализм, капитализм, социализм. Қазір туған Отанымның басқа азаматтары секілді мен де коммунизм құрылысшысымын. Кейбір ретте, мен өзімше жастық шағы мен бүгінгісінің арасында ғасырлар жатқан шежіреші адам бола алар едім деймін. Көргенім, бастан кешіргенім, байқағаным жөнінен ХХ ғасырдың орта шенінен, тіпті сонау Европалық та емес, одан әрмен Азияның  орта ғасырынан келген адам сияқтымын» - деп бекер айтпаған. Өстіп тарихи асуларды қос қыртыс өмір сүріп, екі заманның кепілі болушылық М.Әуезовтің дүние тануымен қатар шығармашылығына да тиісті әсер, ықпал жасады. Ол әдебиет босағасын алғаш 1917 жылы аттап, тырнақ алды туындысы – «Еңлік-Кебек» пьесасын жазды. Содан қырық жыл бойы қазақ әдебиетін өркендету жолында талмай қызмет еткен жазушы шығармашылық өрнің шырқау биігі болып табылған – «Абай жолы» эпопеясын жасап шыққанша, шытырман қиын жол шекті. Ол шарқ ұрып іздену жолы еді, кейде сүрінген, кейде адасқан, ақыры адал жанымен, таза жүрегімен ең әділ, ең жемісті жөн тапқан тың жол еді.

Жазушылық қызметі жөнінен Кеңес  үкіметімен түйдей жасты  Мұхтар Әуезов жиырма жасында «Еңлік - Кебек» таргедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаоарымен көзге түсті. «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр әңгімелері», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу» секілді көркем прозалық шығармалары мен 1926 жылы қазақтың тұңғыш театрының сахнасын тұңғыш ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал» секілді драмалық шығармалары оқушы назарын тез-ақ аударды. Бұлар жас жазушының алғашқы кезеңінің жемісі еді. Осы туындыларының өзімен М.Әуезов  үлкен талант иесі екенін танытқан болатын.

Ал дарынының дамып толысқан, социалистік реализм негізінде  шығармашылық принциптерінің бекіп  тұрақталған кезеңінде даңқты жазушы қазақ әдебиетінің проза, драматургия  салаларында өлмес көркем туындылар жасады.  Соның ішінде  Алатаудай зәулім, зор мұхиттай терең, ұлы туында  - төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы. Жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклопедиясы атанған бұл туынды қазақ әдебиетінде тұңғыш роман-эпопея бола тұра, озса дүние жүзі әдебиетінің, қалды бүкіл кеңес әдебитеінің аса көрнекті туындыларының қатарынан орын алды.  Ол қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, әлемге әйгілі етті, кеңес заманында еркін өсіп, көркейген қазақ халқының рухани өмірінің, гүлденген ұлт мәдениеті жемісінің мақтан етерлік айғағына айналды. Эпопеяның «Абай» деген атпен шыққаннан кейін 1959 жылы Лениндік сыйлыққа алды.

М.Әуезов әлем әдебиетінің белді классигі саналған У.Шекспирдің шығармашылық өмірімен ертеден таныс. Киелі Шыңғыстау бөктерінде Абай өсиетін танып өскен, әрі Шәкәрімнің орыс жазушысымен рухани достығын, хат алмасқанын, пікірлес болғандығынан хабардар. М.Әуезовтің тырнақалды аудармасы «Будда» жазушының көркем әдебиет саласында баспасөз бетінде көрінген бірінші еңбегі еді. Себебі, оның алғашқы әдеби еңбектері – «Қорғансыздың күні» мен «Еңлік–Кебек» болса, олардың баспасөз бетінде 1921-1922 жылдары ғана жарияланғаны белгілі. Бұл аударма жас Мұхтардың осы саладағы тұңғыш қадамы деуге болады. Қазақтың сөз өнеріне айрықша алып әрекеттің адамы келгенін Әуезовтің алғашқы адымдарынан-ақ анық аңғарамыз. Жас Әуезовтің ұлы жазушының осы туындысын таңдауының да өзіндік бір сырлары бар секілді. Өйткені ой қуған, шарқ ұрып ізденген тұстарында көңілін аударып көзіне түсті. Осы уақытта ол ғылым, мәдениет, философия саласында мақалалар жазып, күш сынап жүрген еді.

Жазушының «Будда» әңгімесінде сонау Үнді елі дінінің діңгегі болған Будда туралы баяндалған. Оның адамзат үшін өмірдің мәнін іздеуі, әсіресе Үндістан жерінің сұлулығы жас қаламгерге зор әсер етеді. Әуезов 1955 жылы біртоп мәдениет қайраткерлерімен бірге Үнді жеріне шапар шегіп, ғажайып елге деген қызығушылық жазушының санасында пісіп-жетіліп, соңынан оның «Индия очерктерін» жазуына себепкер болды.  Өз кезегінде Әуезов Всеволад Ивановтың «Мы идем в Индию» романын жазуына түрткі болып, үлкен ықпал еткен.  Осы әңгіменің қазақшасы негізінен алғанда тіл жағынан жатық кей реттерде тіпті өзге тілдерден аударған аударма емес, төл шығармаға ұқсап оқылса, екінші жағынан, түпнұсқаның мағынасын бұзбай, дәл және нәрлі жеткізіп отырады. М.Әуезов аудармасынан аудармашының тіліндегі әдемі айшық ажарды, лексикалық байлық шетін тануға болады [2].

Сондай-ақ, М.Әуезов Л.Толстойдың «Булька», «Той тарқар» атты әңгімелерін аударды. «Той тарқар» әңгімесін алғаш  рет 1931 жылы Қызылордада Сәкен Сейфуллиннің құрастыруымен шыққан әдебиет хрестоматиясында жарық көрген еді. Осы аударма қазақша оқуға да жеңіл, ұғымға да жетімді, сонымен бірге орысшадағы көркемдік бояуы қандай болса, мұнда да сондай табиғи қалыпта көшкен. Бұл табысқа аудармашы қолы, сөз жоқ, көп-көп іздену арқылы жеткен. Демек, аудармадағы сәттілік адал еңбекте жатыр [3, 9 б.].

М.Әуезов – әлем әдебиеті классиктері шығармаларын өте сезімталдық  деңгейде танып білген аударма білгірі. Өз шығармашылық ғұмырында әр ұлттың әдебиетіндегі дара үрдістермен, олардың өзара байланысын, әдеби қатынастардың беріктігін, ғасырлар бойында қалыптасқан әдеби дәстүр жалғастығына назар аударған.

Мұхтар Әуезовтің өз тұсындағы  орыс әдебиеті классиктерімен тығыз  достық байланысы да тарихи шындық. Демократиялы және прогрессивті тенденцияларды бойына сіңірген орыс әдебиетінің ықпалында қазақ әдебиеті де болды. Себебі, орыс тілді шығармаларды қазақ тіліне аударғанның арқасында орыс классикалық әдебиетімен танысу жүрді. Әрі осы кезбен тұспа тұс орыс әдебиеті де қазақ әдебиетіне қарай бетбұрды.

Шетсіз, шексіз білім иесі академик Әуезов қазақ топырағында бұрын-соңды  болмаған, не кешендеп дамыған жанрларды  туғызып дамытқан және сол жанрда сөз өнерінің өзіне дейін болмаған ғаламат үлгілерін сомдап соққан саңлақ суреткер.

Көркем аудармаға да көп еңбек сіңірген жазушы орыс әдебиетінің белді-белді туындыларын қазақ тіліне аударып көркем аударманың тамаша үлгілерін жасаған. М.Әуезовтің шығармашылық жолының өзі көркем аудармадан басталған.

М.Әуезов орыс әдебиетінің белді  классигі Л.Н.Толстойдың шығармашылық өмірімен ертеден таныс. Киелі Шыңғыстау бөктерінде Абай өсиетін танып өскен, әрі Шәкәрімнің орыс жазушысымен рухани достығын, хат алмасқанын, пікірлес болғандығынан хабардар. Семейде оқуда жүргенде орыс әдебиетінің өкілдерімен етене танысқаны және бар. 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналының бірінші санында жарияланған Л.Н.Толстойдың «Будда» әңгімесі М.Әуезовтің тырнақалды аудармасы. Бұл аударма жазушының көркем әдебиет саласында баспасөз бетінде көрінген бірінші еңбегі еді. Себебі, оның алғашқы әдеби еңбектері – «Қорғансыздың күні» мен «Еңлік–Кебек» болса, олардың баспасөз бетінде 1921-1922 жылдары ғана жарияланғаны белгілі.

Бұл аударма жас Мұхтардың осы  саладағы тұңғыш қадамы деуге болады. Қазақтың сөз өнеріне айрықша  алып әрекеттің адамы келгенін Әуезовтің алғашқы адымдарынан-ақ анық аңғарамыз. Жас Әуезовтің ұлы жазушының осы туындысын таңдауының да өзіндік бір сырлары бар секілді. Өйткені ой қуған, шарқ ұрып ізденген тұстарында көңілін аударып көзіне түсті. Осы уақытта ол ғылым, мәдениет, философия саласында мақалалар жазып, күш сынап жүрген еді.

«Будда» әңгімесінде сонау Үнді елі дінінің діңгегі болған Будда  туралы баяндалған. Оның адамзат үшін өмірдің мәнін іздеуі, әсіресе  Үндістан жерінің сұлулығы жас қаламгерге зор әсер етеді. Әуезов 1955 жылы біртоп мәдениет қайраткерлерімен бірге Үнді жеріне шапар шегіп, ғажайып елге деген қызығушылық жазушының санасында пісіп-жетіліп, соңынан оның «Индия очерктерін» жазуына себепкер болды.  Өз кезегінде Әуезов Всеволад Ивановтың «Мы идем в Индию» романын жазуына түрткі болып, үлкен ықпал еткен.

Әңгіменің қазақшасы негізінен  алғанда тіл жағынан жатық  кей реттерде тіпті өзге тілдерден  аударған аударма емес, төл шығармаға  ұқсап оқылса, екінші жағынан, түпнұсқаның  мағынасын бұзбай, дәл және нәрлі жеткізіп отырады.М.Әуезов аудармасынан аудармашының тіліндегі әдемі айшық ажарды, лексикалық байлық шетін тануға болады.

Сондай-ақ, М.Әуезов Л.Толстойдың «Булька», «Той тарқар» атты әңгімелерін аударды. «Той тарқар» әңгімесін алғаш  рет 1931 жылы Қызылордада Сәкен Сейфуллиннің құрастыруымен шыққан әдебиет хрестоматиясында жарық көрген еді. Осы аударма қазақша оқуға да жеңіл, ұғымға да жетімді, сонымен бірге орысшадағы көркемдік бояуы қандай болса, мұнда да сондай табиғи қалыпта көшкен. Бұл табысқа аудармашы қолы, сөз жоқ, көп-көп іздену арқылы жеткен. Демек, аудармадағы сәттілік адал еңбекте жатыр.

Л.Н.Толстойдың «Булька» әңгімесін  М.Әуезов 1936 жылы аударып, Қазақстан  көркем әдебиет баспасынан латын  әрпінде жеке кітапша етіп шығарды. М.Әуезовтің қаламгерлік әрекетіндегі атап айтар ерекшеліктер: орысшаға жетік, қазақша тілдік қоры да мол, эстетикалық талғамы биік, мәдениетті аудармашы. Бұл даралығы аудармашының «Булька» әңгімесінің аударуында да айқын ажарланған.

Жалпы алғанда, Мұхтар Әуезов Л.Толстойдың, яғни автордың өз дәрежесінде шығармаларын аударма биігіне көтерген.Асқан талғампаздықпен жасалынған М.Әуезовтің аудармадағы тырнақалды еңбегі шын мәнінде жоғары бағаға лайық.

Жазушының «Абай жолы» эпопеясын  жазу барысында Толстойдың, Тургеневтің, Достоевскийдің тәжірибесіне сүйенгені сөзсіз. Шынайы өмірді эпикалық қарыммен таныту, халық тағдыры, кейіпкерлердің терең психологизмін жасауда осы әлем мойындаған классиктерше қалам сермеуі ақиқат.

Әсіресе, роман, соның  ішінде тарихи роман жазуда Толстой  М.Әуезовке жағымды ықпал етті. «Әр кейіпкерім – ол менің өзім» деген «Соғыс және бейбітшілік» романының авторы сияқты М.Әуезовте әр кейіпкерінің бойынан мейлі ол шағын жанр немесе көлемді шығарма болсын өзінің кішкене бөлігін, «менін» оқырмандарына ұсынады.

Жазушылар, ақындар үшін тіл, ұлт, уақыт сияқты кедергілер болмайды. Олардың қуаты да осында. Жазушылар  арасындағы рухани мығым байланыс жемісті  шығармашылыққа әкеледі. Толстой мен  Әуезов жалпы адамзат баласына ортақ  адамдар.

Информация о работе Француз әдебиеті