Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

Ұзақ қашықтыққа жүгіретін  спорт шеберінің алғашқы секундтерді дұрыс алып, топ алдына шығатыны, мәреге жақындаған сайын қара үзіп, бірінші боп жететіні сияқты, қазақтың көркем сөзінің жүйрігі Мұхтар Әуезовте алғашқы секундтерін аударма саласында Л.Н.Толстойдың әңгімелерін аударғанда тілдік-көркемдік қадамдарын бірден дұрыс алған. Бәйгеге енді қосылып, қатарға тұрған қазақ тәржімасының барлық өлшемі жағынан «мәдениеті жоғары Еуропа әдебиетінің» деңгейіне көтерген деп ойлаймыз.

М.Әуезов тек орыс әдебиетімен  ғана емес, сонымен қатар, француз әдебиетімен туыстас, тамырлас сөз зергерлерінің, яғни сөз майталмандарының шығармаларын да аударған. Мәселен әлем әдебиетінде өзіндік орны бар француз әдебиетінің өкілдері А.Франс, Г.Флобер, В.Гюго, Л.Арагон шығармаларына да тоқталып өткен. М.Әуезовтің қаламгерлік әрекетіндегі атап айтар ерекшеліктер: орысшаға жетік, қазақша тілдік қоры да мол, эстетикалық талғамы биік, мәдениетті аудармашы. Бұл даралығы аудармашының бірқатар әңгімелерін аударуында да айқын ажарланған. Жалпы алғанда, Мұхтар Әуезов жазушылардың еңбектерін аудару барысында өз дәрежесінде шығармаларын аударма биігіне көтерген. Асқан талғампаздықпен жасалынған М.Әуезовтің аудармадағы тырнақалды еңбегі шын мәнінде жоғары бағаға лайық.

Жазушының «Абай жолы»  эпопеясын жазу барысында Толстойдың, Тургеневтің, Достоевскийдің тәжірибесіне сүйенген. Шынайы өмірді эпикалық қарыммен таныту, халық тағдыры, кейіпкерлердің терең психологизмін жасауда осы әлем мойындаған классиктерше қалам сермеуі ақиқат. Әсіресе, роман, соның ішінде тарихи роман жазуда Л.Арагон, Шекспир, Толстой М.Әуезовке жағымды ықпал етті. «Әр кейіпкерім – ол менің өзім» деген «Соғыс және бейбітшілік» романының авторы сияқты М.Әуезов те әр кейіпкерінің бойынан мейлі ол шағын жанр немесе көлемді шығарма болсын өзінің кішкене бөлігін, «менің» оқырмандарына ұсынады. Жазушылар, ақындар үшін тіл, ұлт, уақыт сияқты кедергілер болмайды. Олардың қуаты да осында. Жазушылар арасындағы рухани мығым байланыс жемісті шығармашылыққа әкеледі. Толстой мен Әуезов жалпы адамзат баласына ортақ адамдар. Ұзақ қашықтыққа жүгіретін спорт шеберінің алғашқы секундтерді дұрыс алып, топ алдына шығатыны, мәреге жақындаған сайын қара үзіп, бірінші боп жететіні сияқты, қазақтың көркем сөзінің жүйрігі Мұхтар Әуезовте алғашқы секундтерін аударма саласында Л.Н.Толстойдың әңгімелерін аударғанда тілдік-көркемдік қадамдарын бірден дұрыс алған. Бәйгеге енді қосылып, қатарға тұрған қазақ тәржімасының барлық өлшемі жағынан «Мәдениеті жоғары Еуропа әдебиетінің» деңгейіне көтерген [4].

Бүгінгі жан-жақты дамыған  көп салалы мәдениетіміздің үлкен арнасы – қазақтың ұлттық театр өнерінің дүниеге келуі, профессионалдық үлгіде қалыптасуы мен дамуы Мұхтар Әуезовтің есімімен тығыз байланысты. Ол тұңғыш театрдың творчестволық өміріне ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар қорын жасап, оның бағыт бағдарын анықтаған драматург.

1917 жылы Ойқұдықта қойылған «Еңлік  – Кебек» пьесасынан қазақ  мәдениетіде театр деген өнер, қазақ әдебиетінде драматургия  деген жанр пайда болды. Драматургия  - Әуезов шығармашылығының орасан  бай  салалсы, қазақ әдебиетінің аса құнды асыл қазынасы. Оның ішінде, әсіресе, «Еңлік – Кебек, «Қаракөз», «Хан Кене», «Айман – Шолпан», «Түнгі сарын», «Абай», «Қарақыпшақ Қобыланды» секілді пьесалары бүгінде қазақ драматургиясының дүние жүзілік дәрежедегі классикалық үлгілеріне айналып кетті.

Пьеса қатарында бұлардан бөлек  бір алуан көрнекті іс – аударма  пьесалары. Кеңестік пролетариат әдебиетінің  өзге ешбір түрі қазақ тіліне драмадай болып аударылған емес. Бұл тұста  Мұхтар Әуезовтің алар орны ерекше. Социалистік құрылыстың интернационал өнеріне тізе қосып, қабысамыз дегенде біздің әдебиетіміздің ентелей басып, көсемдік қып, алдымен талпынып келе жатқан саласы да драматургия болды.

Және бұл тұстағы негізгі  дұрыс, мағынасы үлкен тәжірибенің  бірі – аударманы ойнауды жаңа пьесалардан бастағандығы. Кеңестік пьесалардың тақырыбы, бағыты, санасы – барлығы да сол тұстағы еңбекші халықтардың өз дүниесі. Сондықтан да оның тартысы, табысы, қуанышы да көрерменіне жат емес.

М.Әуезов қазақ сахнасына аударма  пьесалар қоюды репертуар қорын  молайтудың, актер шеберлігі мен білімін көтерудің сара жолы деп түсінген. Ол орыс драматургиясының таңдаулы пьесаларын қою арқылы қазақ теартының деңгейін көтеруді мақсат тұтты.

Бұрыннан біліп тоқығандарының үстіне ол Санк-Петербургтің театрларында орыстың атақты режиссерлері қойған талай спектакльдерді көріп, олардың сол елдің ғана емес, басқалардың да өнерін ерекше бір белеске көтеретін көркемдік қуатын сол студент кезінде-ақ көкейіне түйгенді. Гоголь, Шекспир т.б. әлемдік классиктердің шығармалары өркениетті елдердің театр репертуарында орнығып қалғанын Мұхтар Әуезов көріп те, сезіп те жүрді. Осындай асыл дүниелерді өз ұлтының сахнасына шығаруға асықты.

Аударма пьесалары М.Әуезов «Еңлік – Кебек» трагедиясынан кейін  Батыс Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған  У.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын», Н.Гогольдің «Ревизорын», Б.Пруттың «Жойқын князь Мстиславын», А.Афиногеневтің «Қорқынышын», К.Треневтің «Любовь Яроваясын», Н.Погодиннің «Ақсүйектерін», «Мылтықты адамын» өз алдына қойған да, осы жанрды жалпы отыз екі шығарма – драма, комедия, киносценарий, опера – либеретто жазған. Әсіресе, орыс әдебиеті классиктерін аударған Мұхтар Әуезов биік талғамға сай аударма еңбектеріне қол жеткізді.

«Любовь Яровая», «Ақсүйектер», «Менің досым», «Мылтықты адам», «Астық», Сүңгуір қайық», «Жойқын князь Мстислав» т.б. аударма пьесалар театрдың репертуарына еніп, сахынаға қойылды. Бұлардың көбісі заман ағымына, идеология талабына қарай жарық көргені белгілі. Аталған туындыларда суреттелген өмір құбылыстары қазақ топырағындағы саяси оқиғалармен үндестігінен кезінде актуалды қойылымдарға айналғандары да бар. Әрі бұлардың бәрі де сахнаға профессионалдық деңгейде қойылып, ұлттық актер, режиссер өнерінің, жалпы театрлық мәдениеттің көтерілуіне ықпал еткені анық. Осылардың ішінде Мұхтар Әуезовтің аудармасымен режиссер М.Н.Насонов қойған «Любовь Яроваяны» бөлек атаған жөн.

Совет драматургиясында Треневтің  «Любовь Яроваясы» сынды мазмұн тереңдігі мен тарихи жариялығымен құнды туындылар саусақпен санарлық. 1926 жылы жазылған бұл пьесасы сахына төрінен өзінің нық орнын алды. Әр заманның жаңа ұрпағы Тренев кейіпкерлеріне жаңа көзқараспен қарады.

Треневтің «Любовь Яроваясында» азаматтық  соғыс жылдары іші-тысымен ашылып берілген, сол дәуірдің билік үшін күрестегі адамдардың бейнесі беріледі. Бұл пьесасын Тренев ел ағасы болған кезінде жазған. «Любовь Яровая» туындысының алғашқы жазбалары 1922-23 жылдары жасалынды.Осындай таңдаулы шығарманы қазақ тіліне аударумен Мұхтар Әуезов қазақ театрының репертуарын байытуға, қазақ актерлерінің орындаушылық шеберліктерін жетілдіруге зор ықпал жасайды.    

Дәуір тарихи тартысы мен жеке адамдардың өмірлеріндегі шиеленіскен қым-қуыт оқиғалар арқылы автор өз көрерменіне  түрлі сезімдер мен асыл қасиеттердің барлығын паш еткен. Махаббат, ісіне  адалдық, достық, сатқындық сынды эмоционалдық тартыстан тұратын эпизоттар пьесаның өн бойында кездеседі. Ең әсерлі, тартысты тұсы пьесаның шешімі. Тілі шұрайлы, көркем бұл пьесаны аударған Мұхтар Әуезов аудармасы арқылы қазақ халқының театр өнеріне жан біте бастады.

Пьесаның орыс тіліндегі нұсқасының тілі мейлінше бай: онда орыс, украин халқының қарапайым өкілдерінің ауызекі  сөз қолданыстары, әр қауым адамдарының  сөйлеу машықтары, бейнелі сөз тіркестері, мақал – мәтелдер жиі ұшырайды. Мұндай көркем туындыны бір тілден екінші тілге аудару үлкен творчестволық еңбекті керек еткені сөзсіз.

Мұхтар Әуезов аудармасы түп  нұсқаның бар бояу ерекшелігін сақтаған, сонымен бірге оқушы, көрермендеріне ана тіліндегі төл туындыдай  әсер беретін үлгілі аударма болып  шыққан. Аудармашының шеберлігін танытарлық бірқатар мысалдар келтірсек.

І пердедегі Швандяның «убирайся  к чорту!» деген сөзін автор  «Жоғал тап, сайтан!» деп аударады. Түп нұсқаның әрпіне тәуелді аудармашы  болса, «Жоғал, сайтанға!» деп аударар  еді. Бірақ ол қазақ тілінде жатық болмас еді.

Осы предедегі Грознойдың Пановаға қаратып айтатын: «Вы самми –  писаная красотка» деген сөзінің  қазақшасы: «Сіз өзіңіз де сүттей сұлусыз  ғой!» деп аударады. Мұнда да қазақ  тілінің бейнелеу ерекшелігі ескерілген. Сондай-ақ Грознойдың профессор Горностаевты менсінбей кекеп «Профессор кислых щей» деген мәтелін «Борсыған сорпа профессоры ғой» деп дәл де үйлесімді аударған.

Үшінші пердедегі Закатовтың сөзін  аудару тұсында автордың түп нұсқаның мағынасын еркін аударып, тереңдете  түскені байқалады. Закатов. Сударыня, так говорят и невинные и вину имущие, во власть предержащая отличит овещ от козлиц. Қазақшасы: Закатов. Гүнәһсіз кісіңе (осы «кісіңе» деген сөз дұрысында «кісің де»  болу керек) гүнәһарда солай дейтіні әдет қой, ханым. Бірақ әкім адам момын қойды сүзеген текеден айырар». Соңғы сөйлемдегі қой мен текеге тағылған сын – эпитетер түп нұсқада жоқ. Ал оларды кірістіргеннен аударма ұтпаса, ұтылмаған.

Мұхтар Әуезовтің алты томдығындағы  «Любовь Яроваясы» пьесасының (5-томында) текстінде кейбір қате басылған сөздер түп нұсқамен салыстыра отырып, жөнделген. Мұндай жөндеулер кейінен шыққан жинақта ескертілген. Мұхтар Әуезоа аудармасында Треневтің «Любовь Яроваясы» пьесасы 1938 жылдан бастап қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында талай рет қойылды. «Любовь Яроваяның» қазақ тіліндегі түп нұсқасы (машинкаға басылған) Мұхтар Әуезовтің музейінде сақтаулы. Қазіргі тексті мен оның арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.  Кей сөздер кітапқа басыларда аз-кем редакцияланған. Мысалы, пьесаға қатысушы адамдар туралы берілген түсініктердің кейін там-тұм редакцияланғаны байқалады. Түп нұсқада «Михайл Яровой – байы, офицер» делінсе, кітапта: «Михайл Яровой - оның күйеуі, офицер» деп өзгертіледі. «Марья – крестьянин қатын» делінсе, кейін «Марья – шару әйелі» деп алынады.

Жазушының өзі: Сөздік жағынан менің  романдарым Абай өмір сүрген тарихи дәуірге  сәйкес ерекшеліктері мол, - деп айтқанындай, Мұхтар Әуезовтің дәл осы аудармасындағы әрбір ерекше сөз әдейі таңдап алынған, әдейі шығарманың жекелеген  тұстарында тұруға тиісті сөздер. Олардың ішінде мағынасы күңгір тартқан көне сөздер де, бір қолданар сирек сөздер де, семантикасы ауысып құбылған тұлғалар да, жергілікті сөздер де, жазушының өзі жасаған неологизмдері де бар.

Мұхтар Әуезов тек аударма шебері ғана емес, сол асыл бұйымды жасаудың (аударудың) жолдары мен әдістерін көрсетуші, бағытына жөн сілтеуші екенін білеміз. Жазушы орыс ұлтының әдебиеті қыр – сырын тереңінен танып, сезіне білді. Осы аудармалары ішінде идеялық жағынан дара тұратын бір аударма пьесасы бар. Ол – Афиногеневтің «Қорқыныш» пьесасы. 

Отызыншы жылдар - Әуезов драматургиясының өрбу – дамуындағы жаңа кезең: бұл  тұста жазушы дәстүрлі тарихи тақырыппен қатар қазіргі дәуір шындығына  шұғыл бет бұрып, өзінің көркем прозасымен бірге драматургиясын да жаңа арнаға салды. Афиногеневтің «Қорқыныш» пьесасы Мұхтар Әуезовтің 30-шы жылдарының бірінші жартысындағы көркем дүниеден жасаған бірден бір аудармасы болып табылады. А.А.Афиногеневтің (1904-1941) пролеткульт  әсерінде жазылған алғашқы пьесаларының бірі «Қорқынышта» социалистік құрылыс жайындағы интеллигенция санасы көрсетіледі. Жаңа заман, жаңа қоғам тақырыбында шығармалар жазып жүргенде мына шығарманың мазмұны да, ой ағымы да сол тұстағы қозғап жүрген мәселелеріне сәйкес келгендіктен аударуға бекінген және өзімен замандас орыс драматургінің пьесасын таңдауында осындай да сыр жатыр.

«Драматургияның бүгінгі  жайы мен алдағы міндеттері» мақаласында  Мұхтар Әуезов : «Мен ұлтшылдық негізі бар жолдан кеттім. ...Ендігі жаңа   негізге ауысуым мені тұйықтан шығарып, жаңа арнаға, қайнар өмірге, қызықты өріске әкеп салды. Енді анда – санда ескі тақырыпта алсам да кеңес археологы болып алуым керек. Іштей, тыстай шалалығым болып сүрініп – қабынуым бола жүруге мүмкін. Бұл қашар шақты қамданғаным емес. Шын беттеген соң сүрінбеуді өзіме нық шарт қып қоямын. Бірақ, ойланған түсінікті «Бірақ секіріп келем» десем жалған айтқан болуым мүмкін. Сондықтан пролетарка сынды көмекшім, өз денем деп ұғынғым, сезінгім келеді. Сол сынға ең алдымен: міне, түзе, жетекте, жәрдем ет дегім келеді» дегенмін. Бұл пікірдің саяси астары бары анық. Осы тұста жасалынған саяси астары басым науқандық аудармасының бірі - Афиногеневтің «Қорқыныш» пьесасы. Қамаудан шыққан кезімен тұспа – тұс келетін аударма пьесасы Мұхтар Әуезовтің осал аудармасы деп айталмаймыз. Неліктен десеңіз, бұл аударма сол тұста жоғары маңыздылыққа ие болып, әлеумет тынысын жеткізе білуінде. Тарих күнделігінің бір парағын жыртып тастауға болмайтыны сияқты, сол тұста жазылған шығармаларды әдебиет төрінен ойып алуға келмес.

Аударма алғаш рет  латын әрпімен 1934 жылы «Қазақстан»  баспасынан жеке кітап болып басылып  шықты. Кітаптің ішкі бетінде «А.Афиногенев «Қорқыныш». 8 суретті пьеса. Өзгертіп аударған Әуезұлы Мұхтар» деп  жазылған. Осылайша кітаптің ішкі, сыртқы бетінде де 8 суретті деп көрсетілгенімен негізгі мәтіннің орысшасында да, қазақшасында да 9 суретті. Ал көзі тірі автордың туындысын оның келісімінсіз өзгертіп аудару жүзеге аспайтыны белгілі. Сондағы орысшасы мен қазақшасын салыстырып қарағанда, өзгертіп аударғаны мына алуандас болып келеді. Жетінші суреттің соңындағы Кембаевтің: «Профессор Бородин! Сіз ғылым саясатты қағып шығатын сағат соқты деуіңіз, жалғыз-ақ соныңыздың өзімен ғылымды тастап, саясатқа аттап кеткеніңізді түсіне ме екенсіз. Жүйеңіздің өн бойында ғылым бар деп білмеймін мен, үй қоянынан ары асқан жерде сіз ғылым негізінен, ғылым қалпынан кеткенсіз, жүйеңізде ғылымдық пішін жоқ, деп басталатын көлемді сөйлемдер, алтыншы суреттің соңындағы: Кембаевтің: - Былжырама, енді оңбаған. Бобров біздің кісі. Ол дұрыс ұстаздық қылады. Дұрыс жолмен келе жатқан осы. Басқа әлдекімдей сандырақтамайды бұл. Сол себепті бұл өзгеңнен бағалырақ, қымбатты да бізге. Біліп қойыңдар мұны», тоғызыншы суреттегі: Кембаев: - Аламыз кілттерді, дүниенің неше алуан кілттерін аламыз, жолдастар» - деген сияқтылар орысшасында жоқ.

Жалпы аударманың түпнұсқасы сақталмағандықтан оны басылымдармен  салыстырып қараудың мүмкіндігі болмады. «Қорқыныш» пьесасының аудармасы жеке басылымнан кейінгі жарық көргені  М.Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағында жарияланды. 1934 жылғы басылымындағы: «Валентина – Бәлинтинә», «Бобров – Бабров», «Не керек сізге – мен керек сізге», «Кришна – кришне», «Қорқыныш – қорғаныш», «Лешли – Лесли», «пролитар – пурылтар» деген сөздер, атаулар түзетілген. Мұхтар Әуезовтің 50 томдығында осындай түзетуден кейінгі нұсқасы негізге алынған.

«Ревизор» 1938 жылы Алматыда жеке кітап болып шықты. Ұлы жазушы Н.В.Гогольдің әйгілі комедиясының қазақ тіліне аударылуы кезінде  қазақ әдебиеті үшін елеулі жаңалықтың бірі еді. Кейін «Ревизор» 1953 жылы Н.В.Гоголь шығармаларының Алматыда жарияланған төртінші томында шықты. Бұл екі, 1938 жылғы жарияланған «Ревизор» мен 1953 жылы басылған «Ревизор» арасында недәуір айырым бар. Алғашқы аудармада түп нұсқадан қалып қойған сөздер бар болатын. «Мінездері мен киімдері» деген тақырып бойынша Н.В.Гогольдің дуанбасы, Анна Андреевна, Хлестаков, Добчинский, Бобчинский, Ляпкин – Тяпкиндердің тұрпаты, мінезі, киімі қандай болу керек екені туралы актерлер үшін арнайы жазған бір беттей сөздері 1938 жылғы басылуында түгелдей жоқ. 1938 жылғы басылымында бірінші бетіндегі дуанбасы сөздерінің соңы: «Бұл жерде үй ішінің жәйін сөйлеп кетеді. Міне жұмыстың түрі» деген сөздермен аяқталса, 1953 жылғы басылымындағы дуанбасы сөзі: «Бұл жерде үй ішінің жәйін сөйлеп кетеді. «Біздікіне Анна Кирилловна апамыз күйеуімен келді. Иван Кириллович орасан жуандап кетіпті. Әлі скрипка ойнайды... тағы сондай-сондайлар. Міне осындай жәй» деп бітеді.

Информация о работе Француз әдебиеті