Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

 Еврипид 18 жасынан  бастап трагедиялар жазды деген  деректер де бар. Еврипидтің  бізге дейін 17 трагедиясы және 1 сатиралық драмасы жеткен. Еврипидтің  туындылары ол қайтыс болғаннан  кейін ғана бағаланып, танымалдылыққа  ие болды. Ол антика дәуірінің атақты драмтургі деп танылып, туындылары әсіресе қайта өрлеу кезеңінде үлкен қызығушылық тудырды. Оның шығармалары аттикалық комедияның қалыптасуына әсер етті. Аристотельдің тарапынан "бүкіл грек драматургтерінің ішіндегі ең шебер трагик" деген бағаға ие болды.      

 Еврипидтің трагедияларының ішіндегі ең атақтысы - "Медея". "Медея" афина сахнасында 438 жылы қойылған болатын. "Медеяда" Еврипид алғаш рет әйел проблемасын алға қояды. Ол кейіпкерлердің мінезін ашып қана қоймай, оны дамыта түседі. Трагедия желісі бойынша, өз күйеуінің сатқындығын кешіре алмаған Медея ақыр соңында үлкен қылмысқа барып, өзінің туған балаларын өлтіреді. Алайда, Медеяға мұндай шешімге келу оңайға соқпайды. Медея күйеуі Ясонның патшаның сұлу қызын екінші әйелі етіп алмақшы болғанына қатты күйінеді. Ясон үшін өз елін сатып, бауырын өлтіруге дейін барған Медея оның мұндай әділетсіз шешімі үшін кек алғысы келеді. Оның Ясонға деген махаббаты бара-бара жеккөрушілікке айналады. Ойлана келе, Ясон үшін ең үлкен жаза оны ұрпақсыз қалдыру екенін ұғынған Медея өз балаларын өлімге қияды. Осы тұста Еврипид Медеяның мінезіндегі оның балаларына деген махаббаты мен күйеуіне деген көкірегіне кептелеген кектің арасындағы үлкен арпалысты көрсетеді. Трагедияның соңында, Медея атасы Гелиос құдайдың көмегімен, Ясонға, тіпті балаларының жансыз денесін қалдырмай қашып кетеді. Трагедияда Күн құдайы Гелиос сынды аңыз кейіпкері кездеседі десек те, "Медея" трагедиясы нағыз шынайы өмірді шебер бейнелеген туынды. Себебі, әйел құқығының жерге тапталуы, кек пен ызаның қылмысқа әкеліп соғуы - барлығы қазіргі қоғамның өзінде де жиі кездесіп жатады. Бұл орайда, Еврипид трагедияны психологиялық тұрғыдан жоғары деңгейде, шебер, әрі жан-жақты жазып шыққан деуге болады. 

Франция музыкасы - қазіргі Франция аумағында бұрынғы замандарда тұрған галл және франк тайпалары фольклорынан бастау алады. Француз музыкасының іргетасын кұрған — халық ән мәдениеті және галло-рим мәдениеті болған. Соның ішінде шіркеу музыкалары көп орын алған. IV ғасырда христиандардың табыну формасы шыға бастады, бірақ VIII—IX ғасырлар бұл формаларды григориандық литургия ығыстырып жіберді. IX ғасырда шіркеу музыкасының жаңа формалары, соның ішінде секвенция (проза), тропалар пайда болды. Литургиялық драма да осы кезде пайда болды.

 

Мелодрама (гр. melos — өлең және драма) — драма жанрының бір түрі. Шиеленіскен тартысқа құрылатын, моральдық тенденциялармен ерекшеленетін пьесалар. Мелодраманың пайда болуы 18 ғасырдағы француз ағартушы демократиялық ағыммен тығыз байланысты. Алғашқы мелодраммалар 18 ғасырдың аяғында Француз буржуазиялық төңкерісі жылдары пайда болды (“Монастырь құрбандары”, Монвель, 1791; “Робер, қарАқшылар атаманы”, Амартельер, 1792, тағы басқа). Олар әлеуметтік әділетсіздікке, тиранияға, діни фанатизмге қарсы жазылған пьесалар еді. Мелодрама авторлары сюжетті негізінен “үрей мен құпия” жайындағы немесе “готикалық” романдардан алды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Францияда мелодрамманың көрнекті өкілдері — Г.Пиксерекур, Л.Ш. Кенье, Кювелье де Три, Ұлыбританияда М.Г. Льюис, Т.Холкрофт, тағы басқа болды. Мелодрама классицизм ережелерін бұзып, романтиктік драманы қалыптастыра бастады. Мелодрама авторлары трагедия мен комедияны үйлестіріп, драматургия тақырыбын кеңейтті. 19 ғасырдың 20-жылдары мелодраммада көңілсіз оқиғалар басым келіп, соңы трагедиямен аяқтала бастады. Мелодраманың романтиктік драмаға жақындауы әсіресе В.Дюканждың (“Отыз жыл немесе Ойыншының өмірі”, 1827; “Ламмермурлық қалыңдық”, 1828, тағы басқа) шығармаларында айқын көріне бастады. 19 ғасырдың 20 — 40-жылдары ағылшын мелодраммасында өмірлік, шынайы сарындар пайда болды. Мелодрама актерлік өнердің қалыптасып, дамуына ықпалын тигізді.Классицизмге тән рационалистік догмалары жоқ мелодрама актер шығарманың диапазонын кеңейтті. 19 ғасырдағы романтиктік және реалистік бағыт-бағдардағы театрлар жасаған сахналық реформаларға түрткі болды. Қазіргі кезеңде мелодрама ұғымы кино өнеріндегі жанрдың атауы ретінде де қолданылады. Қазақ киносында мелодрамалық сарындағы телесериалдар (“Тоғысқан тағдырлар”, “Шегіртке”) түсіріліп, көрермендер назарына ұсынылды.

Француз романтизмі  

Санат Қазақ әдебиеті және журналистика, Бет саны:6, Әріп саны: 1604

Франциядағы романтизм  тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш  жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ  ғасырлар тоғысында пайда болуына  және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы  елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр.  
Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселенің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм «сыртқы шындық пен жалпы дүниеге» (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңындағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты, ал рухани «арақашық жақындығы» шешуші міндет атқарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттық және кеңістік тұрғыдан алғанда сол тұстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтизмінің құрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды. Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалғанның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.

 

Шатобриан (французша François-René, vicomte de Chateaubriand). Франсуа Рене де Шатобриан  – француз жазушысы, дипломат, қоғам қайраткері, француз әдебиетіндегі романтизмнің негізін салушылардың бірі (француз әдебиетінде «романтизмнің атасы» саналады). Француз романтизмінің алғашқы кезеңіндегі ірі фигура – орыстың ұлы ақыны Пушкин «барлық жазушылардың ұстазы, үйретушісі бола білген, жаңа дәуір жазушысы» деп атаған ақсүйек (виконт).

Өмірі. 1768 жылдың 4 қыркүйегінде Сен-Мало қаласында (Бретань) бретондық  дворян отбасында дүниеге келді. Балалық шағын теңізге жақын  жерде орналасқан, ортағасырлық түнерген Комбург замогында өткізді. Доледе, Реннеде және Динанда білім алды. Шатобриан 1788 жылы Наваррск полкының кіші лейтенанты болып тағайындалды. Ұлы саяхатшылар туралы естіген әңгімелеріне желігіп Шатобриан Америкаға аттанып, ол жақта 5 ай уақытын өткізді (1791 жылдың шілде-желтоқсан). Бұл саяхат кейін өзінің маңызды еңбектерін жазуға түрткі болды. Х УІ Людовиктің тұтқындалғанын естігеннен кейін Шатобриан Францияға қайта оралады. Келген соң, өз ортасының қызына үйленеді. Кобленцтегі армия қатарына қосылып, Тионвильді қоршауға қатысады. Бір сөзбен айтқанда, король армиясының құрамында соғысады. Алған жарақатынан сауыққаннан кейін, Англияға кетіп, онда 7 жыл тұрады. (1793 жылдан 1800 жылға дейін). Англияда эмиграцияда болған кезінде өзінің «Революциялар туралы тәжірибелер» атты (1797 жыл) алғашқы еңбегін жазып, жариялады. Оған қоса, революция идеяларын жоққа шығарған және католиктік религияны дәріптеген бірнеше шығармаларын жарыққа шығарды. Француз романтизмі эстетикасының қалыптасуында Шатобрианның «Христиандықтың ұлылығы» (1802) атты трактаты маңызды роль атқарды. Мұнда ол жаңа драматизмді аша отырып, христиан дінінің өнерді байытқанын дәлелдегісі келді. Шатобриан өнер адамзат тарихымен бірге дамып, өзгереді деп ойлай отырып, өнерді христиандыққа дейінгі және христиандық деп екіге бөлді. Шатобрианға әдеби атақ әкелген «Атала» (1801) және «Рене» (1805 жылы жеке басылымы жарыққа шықты) атты шағын повестері. Бұл шығармаларын жазушы алғашында американдық үндістердің өміріне арналған прозалық эпопеясының тарауларына қоспақшы болады, бірақ кейін «Христиандықтың ұлылығы» шығармасына иллюстрация ретінде енгізеді. «Атала, немесе шөл даладағы екі жабайының махаббаты» атты повесін Шатобриан бүркеншік атпен жариялайды.

«Атала» повесі оқырмандарына  автор суреттеген өздеріне мүлде  таныс емес халықтың тұрмысы, салты, табиғаты, орман суреттері арқылы қатты әсер етті. Шатобриан француз әдебиетіне бірінші болып жаңа материалды – экзотиканы енгізді және бұл кейінгі романтизм өнерінде кең қанат жайды.

«Рене» атты екінші повесінде  автор еш бүкпесіз кейіпкерін өз атымен атап, оны экзотикалық пейзаж фонында, ағаш астына отырғызып, қартайған, соқыр Шактас пен миссионер Суэльге өз тарихын айтқызады. 1805 жылы «Рене» повесі жарияланғанда жазушы замандастары оның бұл шығармасына мән бермейді. [1] Аталған туындысы арқылы жазушы әдебиетке индивидуализм драмасын енгізді, яғни рухани жан-дүниесі бай адамның қоғаммен келіспеушілігін суреттеді. Шатобрианның өзінен кейінгі жазушыларға, әсіресе, Бальзакқа тигізген әсері зор болды. В.Гюго жас күнінде өз күнделігіне: «Болсам – Шатобриан сияқты боламын немесе ешкім болмаймын!» деп жазып қалдырған екен. Әдебиеттегі атағына көңілі толмаған Шатобриан 1803 жылы Наполеонның шақыруымен Римдегі француз дипломаты қызметіне тағайындалады, бірақ бір жылдан кейін, герцог Энгиенский өлтірілгеннен кейін, өз еркімен отставкаға кетеді. Ол Бурбондар үкімет басына қайта келгенше саясатпен біраз уақыт айналыспайды. Император армиясының капитуляциясына бір апта қалғанда ол бурбондардың көмегімен «Бонапарт пен Бурбондар туралы» памфлетін жариялап үлгереді (1814). Шатобриан 1811 жылы француз Академиясының мүшелігіне қабылданып, 1815 жылы пэр лауазымына ие болады. 1809 жылы Шатобрианның «Христиандықтың ұлылығы» идеясын дамытқан және алғашқы христиандар туралы баяндаған «Азап шегушілер» романы жарық көреді. Аталмыш романды жазу үшін Шатобриан Греция мен Таяу Шығысқа саяхат жасайды. Зерттеушілер Шатобрианды «Франциядағы реакциялық романтизмнің типтік өкілі» деп таниды. [2] Реставрация кезінде әдебиеттен кетіп, саяси қайраткер ретінде танылды; бурбондар үкіметі билік басына келгенде Шатобриан Берлинде (1821), Лондонда (1822), Римде (1829) елші, ал 1823-1824 жылдары сыртқы істер министрі қызметін атқарады. 1823 жылы болған Испан революциясын басып-жаншудың бастаушысы (инициаторы) болды. Ал Бурбондар үкіметі тақтан құлағаннан соң, ол мүлде саясаттан кетеді. [3] Шатобриан қайтыс болғаннан кейін оның «Ыңыранған хаттар» атты еңбегі жарияланды.

 

19 ғасыр әлем әдебиетіндегі романтизм бағыты. Романтизм – француз тілінен аударғанда «роман» деген мағына береді. Романтизм 18-19 ғ. Германияда пайда болған өнердің бағыты. Ол 19ғ І жартысында гүлденіп, Америка және Еуропа елдеріне тарады. Романтизм ұлы француз революциясымен тығыз байланысты. Ол классицизмге қарсы бағыт болды. Олар өмірді заңмен өлшеуге қарсы болды. Романтизмде кейіпкерлері үмітсіз, хаосқа толы азғындаған әлемде бүкіл қоғамға жалғыз өзі қарсы шығады. Оларға пессимистік көзқарас тән. Роматистердің осындай пессимистік бағыттарының бірі құрдымға кеткен заманның емшісі табиғат деп есептесе, келесі бір топ өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені өткен заманды қиялдауға тырысты. Ал, үшінші пессимистік бағыт адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Германияны класикалық романтизм мемлекеті деуге болады. Қоғамдық мәселелер этикалық, эстетикалық, философиялық тұрғыдан қарастырылды. Германия романтизмін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Романтизмнің бастапқы кезеңі Иен мектебінің теоретиктерімен тығыз байланысты. Иен мектебінің А. Шлегель, Ф, Шеллинг сынды романтистері ақыл, қиял, рух және инстинктінің бірігуін идеал деп есептеді. Келесі романтистердің легі – Гейдельберг мектебінің ром-стері. Оларды көбіне дәстүр тарих, фольклор қызықтырды. Соңғы неміс романтизмінің кезеңіне трагизм, қиял мен шындықтың алшақтығы, амалсыздық тән. Оларға Гофман , Клейст, Мюллер, Гейне шығармаларын жатқызуға болады. Ағылшын романтизмі қоғам дамуындағы келеңсіздіктерге үлкен мән берген. «Көлдік» мектептің ақындары бұрынғы заманды, табиғаттағы қарапайым сезімдерді жырлап өткен. Оларға В. Скоттың тарихи романдарын және Дж. Китс, Ч. Лэм, Ли Хант деген романтистерді жатқызуға болады. Ал, Байрон, Шелли сынды ағылшын романтистеріне саяси пафос , күресу, еркіндік мәселелері тән болды. Францияда романтизм кеш қалыптасты. Классицизмнің кең етек алуының салдарынан романтизм 1820 ж. үлкен қиындықпен орнықты. Француз романтизмінің ең атақты өкілі - В. Гюго болды. 1840 жылдарға қарай романтизм реализмге жол бере бастайды. Бірақ, оның белгілілері 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келеді. 

Француз ұшқышы Антуан де Сент–Экзюпери  әдебиетке  тамаша  туындыларымен келді. Оның шығармалары  кейіпкерлері өз ісіне, кәсібіне  лайық  және жанын бере кірісетін берік,  ержүрек,  батыл,  әркімге де болса қол үшін бере  білетін дос көңіл адамдар.

 Жазушының алғашқы  шығармасы «Ұшқыш» (1926) деп аталған  еді. Ұшқыштың тағдыры, басынан  кешкен оқиғалары  автордың  келесі шығармаларының басты  тақырыбы болды.  Ұшқыштың  қызметі   әр қырынан, тұрмыстық,  лирико-романтикалық,  философиялық ыңғайда қарастырылып, Сент-Экзюпери шығармашылығының басты өзегіне айналды.  «Оңтүстік пошташы» (1929), «Түнгі ұшу» (1931), «Адамдар планетасы» (1939) шығармаларында   ғарыштық кеңістік, аспан әлемі, ұшқыш қызметі кең суреттеледі.

Ерте кезде-ақ болашақ  жазушының әдебиетке құштарлығы оянады. Бозбалалық шағында,  кейіннен өзін авиациядан тапқан кезінде де әдебиет оның өмірдегі жан серігіне айналды.

30-жылдары әуе жолдары  арқылы жолаушы тасымалы мүмкін  болған шақтағы жаңа  әуе жолдары һас батырларының алғашқы легі  қатарынан    Сент-Экзюпери көрінді. Ол тек ұшқыш емес,  ғылым мен тәжірибеде орны бар   бағалы жаңалықтардың да авторы.   Оның ғарыш кеңістігіндегі сезімдері мен, әуе апаттары кезінде және ұшу кезінде  басынан өткергендері  авиация  тарихында құбылыс болып қана қойған жоқ, сонымен қатар бұл оқиғалар оның кейінгі  шығармаларының өзегіне айналды.

 Экзюпери  замандастарының  бойындағы  нашар қылықтарды  ауыздықтауға тырысты. Олардың  бар ойын, көңілін жақсылыққа, мейірбандыққа бағыттағысы келді.  Өз қатарластарының азаматтық  сезімін оятқысы келді. Отаны үшін жанын беріп, сол үшін өлімге де даяр болар қатарластарының үнін естігісі келді. 

1931 жылы жазылған «Түнгі  ұшу» атты шығармасы Сент-Экзюпериге   айтарлықтай бедел әперді. Бұл шығарма жазушының басқа туындыларынан  материалының сонылығымен, өткір  мәселе  көтеруімен, жаңалығымен шоқтығы биік саналады. Шығармада жедел арада поштаны жеткізу үшін ұшқыш Фабьеннің әуеге көтерілгені, ауа-райының қолайсыздығы оны үлкен сәтсіздікке ұшыратқаны  шебер баяндалады.

1932-1937 жылдары Сент-Экзюпери  көптеген әуе компанияларында  жұмыс істеді,  бірнеше мәрте  апатқа да ұшырады, Үндіқытай  мен Солтүстік Африкадаға әуе  жоларымен де қатынайды.

1936 жылдың 1 қаңтарында  жол апатынан аман қалады, оны  керуен тартқан  он шақты араб құтқарып қалады. Көп ұзамай Гватемалада тағы да әуе апатына ұшырайды.

АҚШ та  ол емделе жүріп  кейіннен кеңінен танымал болып, оқырманның сүйікті шығармасына  айналған  «Адамдар планетасы» атты 1939 жылы жарық көрген  кітабын жазады.  Бұл кітабы француз академиясының романдар үшін берілетін Үлкен сыйақысы тағайындалады.

«Цитадель» шығармасы  жөнінде автор  «Менің бұған дейінгі  романдарым тек  өзімді байқау ғана болды», - дейді.   1936 жылы бастап, ғұмырының соңына дейін осы шығармасын өңдеп, толықтырумен болды. Алайда автор мұны аяқталмаған деп есептеді. Автордың кез-келген шығармасы жаңалығымен ерекшеленеді және де оның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына әкеледі. «Цитадель»  автордың жалпы адамзаттық  тәртіпті орнату мақсатында ойдан шығарылған шығармасы. Автор бұл шығармасын қоршаған ортаның келеңсіздіктерін жою, жалғандық,  өтірік пен сатқындық арасынан шындыққа жол табу,  адамзат баласын бір-біріне жауластырмай, дос ету мақсатында жазады.  Шығарманың басты идеясын Сент-Экзюпери француз жазушысы Виктор Гюгоның сөзімен сабақтайды: «Мені  адамдар бары емес, олардың қандай адам болу мүмкіндігі қызықтырады». Шығарманың басты кейіпкері «Шөл патшасы» - тайпа көсемі. Бірақ бұл бейнені  кеңірек талдап, түсінген жөн, ол соңынан қаншама адамды ерткен ұстаз, үйретуші де бола білген.  Қоршаған ортасы  соншалықты қатал  болғанмен, ол адамдар бойында рух пен жігерді жанып, үміт отын маздата алатын жан.

 «Цитадель»  шығармасын жазуға автор ұзақ  жылдар арнады. Әрине бұл уақыт аралығында бүкіл ойы осы шығармада ғана болған жоқ. Шығармалар жазу үшін автор өзінің  оқиғалар  ортасында болуын қалады.   Сүйікті жұмысы мен жанұясы бола тұра, ол бірнеше айдан соң Вишиге аттанады.  Көзбен көргендері шығарманың нанымды, қуатты  болуына септігін тигізді.

1940 жылдың қараша  айында ол Лиссабонға  аттанады. Бұл жылдар Сент Экзюперидің  отанына және бүкіл Еуропаға  қара бұлт үйірілген жылдар  еді. Өз елінің бақыты үшін  күресе алмай пұшайман болып  жүрген жазушы үнемі отанына  көз тігіп, елінің азаттығын аңсаумен болды.  Өз отанының әуе жолдары үшін қызмет етуін арман етті.  Алайда Португалияда жүрген кезінде еліме қажет болып қалармын деп, Франциядан қандай да болмасын жаңалық күтті. Өзінің досы Гийоменің қаза болғанын естіп қатты нала болады.  Ол бұрынғы қызмет еткен ұшқыштар  арасындағы  соңғы досы еді.   Атлантикада белгісіз ұшақтың килігуімен апатқа ұшырап өмірден озған.  Туыстарына жазған хатында:  «Гийоме өлді...  Сол кездері сапарға шыққан ұшқыштардың арасындағы  жалғыз қалғаны мен екенмін. Мен енді басымнан өткергендеріміз жайлы естеліктерімізді ешкіммен де бөлісе алмаймын. Оңтүстік Америкадағы достарымнан енді ешкім қалған жоқ. Бұл жарық дүниеде  «Сол есіңде ме?» деп әңгіме айтатындай ешбір досым қалған жоқ» деп қапаланады. Бұл кезде жазушы небәрі 40 жаста еді.

1943 жылы АҚШ-та  Сент Экзюперидің ең танымал  философиялық, лирикалық «Кішкентай  Ханзада»  атты ертегісі  ағылшын  тілінде жарық көреді. Мейірімділікке  толы бұл шығарма адамзат   баласын  жан сұлулығы мен  махаббатын сақтап, аялап,  тек қана  мейірімділік, жомарттық жасауға үндейді. Кішкентай ханзаданың әрекеті мен сөздері  биік адамзаттық істерге жетелейді.  Үлкендерге арналған балалар кітабы  философияға тұнған.  Мұндағы патша дұрыс шешім жасап әділ бұйрықтар ғана бермейді. Ол: «Әркімнен не бере алатындығы жөнінде сұрау қажет. Билік  ең алдымен әділ болуы керек. Егер сен  халқыңа теңізге құлау жөнінде бұйрық берсең  ол төңкеріс ұйымдастырады»,- дейді.

Информация о работе Француз әдебиеті