Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

1827 жылдан бастап Виктор  Гюго драмалық шығармалар жазуға  кіріседі.  Гюго пьесалары романтикалық  театрдың қалыптасуына ықпал  етті. Гюгоның алғашқы «Кромвель»  пьесасын жоғарғы шеберлікпен  жазылған шығарма болмағандықтан, сахналанбады. Келесі пьесасы «Марион Делорм немесе Ришилью дәуіріндегі дуэль» (1828) шығармасының саяси астары жоғары болғандықтан, оны сахналауға тыйым салды. Шығармадағы мінезсіз, ынжық Людовик ХІІІ-нің сипаттамасы бүгінгі Карл Х-шы корольдың ісін мінеу іспеті көрінді. 

Романтизмнің теориялық  принциптері шын мәнінде жүзеге асқан пьеса «Манифест» - еді. Ал «Эрнани» қойылымы 1830 жылдың 25 ақпанында  Шілде төңкерісі қарсаңында сахналанған. Бұл шығарма елді азаттыққа, бостандыққа  бағыттаған бірден-бір шығарма саналды.

1833 жылғы «Мария Тюдор»  драмалық шығармасында романтикалық  қаһарман Леон тоқымашылары қозғалысында  бірге болған жұмысшы еді. «Рюи  Блаз» (1838) шығармасы  халықтың  қысым салдарынан жұмылып,  билікке  араласқандығын көрсетеді. 1830 жылдары  Гюго театрға ерекше көңіл бөле бастайды. «Театр дегеніміз мінбе» деген Гюго. Гюгоның барлық дарамалық шығармалары саясат пен қиялдың бірлік құрған түрі. 30-шы жылдары Гюго пьесаларымен қатар поэтикалық жинақтар шығарды. 1831 жылғы «Күзгі жапырақтар» жинағы жанұя, балалар мейірімділік тақырыбына арналған. Мұнда қоғамның келелі мәселелері орын алмайды, лирикалық қаһарман адамзат баласының тағдырын, қоғамдағы келеңсіздікті сөз етпейді. Ол адамзат баласының бәрін сүйеді, ерекше мейірбан, жүрегі жылы жан. В.Гюго осы сарында 1835 жылы тағы бір жинағын жариялайды.

Гюгоның «Париждік әулие  ана шіркеуі» (1831) шығармасы Францияның ортағасырлық тарихын көрсететін тарихи романтикалық шығарма. Романда тек  бір ғана тарихи оқиға бар. Ол Маргарита  Фландерскаяны елшілердің айттырып келу тұлғасындағы тарихи оқиға.  Сонымен қатар шығармада Людовик ХІІІ король және Кординал Бурбонскийдің де есімі аталады.

 

Виктор Гюгоның  шығармашылығы:

 

Одалар мен  балладалары: Генрих төртіншінің ескерткішін орнату жөнінде. - Одалар мен баладалар. – Вергендік бикештер. – Киберон. – Беррийский герцогтың өліміне. – Жаңа одалар.  – Канарис.  – Шығыстық әуендер. 

Пьесалары: Эрнани.  - Кромвель. – Манифест. – Марион Делорм немесе Ришелье дәуіріндегі дуэль.  – Мария Тюдор.  – Бургграф.  – Күзгі жапырақтар.  – Рюи Блаз.

Романдары: Исландық Ган.  -  Бюг Жаргаль.  - Париждік әулие ана шіркеуі

 

 

Виктор Гюго

(1802-1885)

Виктор Гюгоның француз  әдебиетінде алатын орны ерекше. ХІХ  ғасырдың ірі әдебиетші Виктор Гюго келер ғасыр ұрпақтарына мол  мұра қалдырды. Олар лирикалық поэзия, сатиралық, лирикалық драма. Роман әдеби сын мақалалар және де хаттар қалдырды. Жарты ғасырлық шығармашылық қызмет жасаған Гюго уақыт ағымына ілесіп өз ғасырының ұлы идеяларының жүзеге асуында көшбасшы болған адам. Гюго өз заманының саяси оқиғаларына қатысқан, шығармалары арқылы демократиялық, гуманистік идеяларын алға тартты. Оның прозалық шығармалары яғни көлемді романдары әлемге танымал болғанымен Францияда оны ең алдымен ақын ретінде жоғарғы бағалайды.

Оның шығармашылық жолы ерте басталды. Он үш жасынан бастап, әдеби шығармаларын жазып, он бес жасынан бастап Француз және Тулуз академиясының лауреаты атанады. Ал он жеті жасында, «Генрих ІV-шінің ескерткішінің орнатылуы»  деп аталатын одасы үшін корольден арнайы сый-ақы алады. Өзінің алғашқы «Одалар және әртүрлі өлеңдер» деп аталатын жинағын 1822 жылы жариялайды. Гюгоның алғашқы одалары классицистік канонда болғанымен, келесі шығармалары жинақтарында классицистік  дәстүрден алшақ сюжеттік одалар пайда болғанын көреміз. «Вандея», «Вердендік бикештер», «Киберон» т.б. шығармаларында нақтылық басым. Гюго одалары күннен күнге дамыды, өзгерді. Бұрынғы одалық дәстүр мен стиль жаңаруға ие болды. «Жаңа одалар» (1924) атты жинағында саяси сарын байқалмады. Ақын жаңа жинақтарында лирикалық шығармаларын жаңартып, кеңейтіп отырды. 1826 жыл «Одалар мен балладалар» атты жинағын шығарды. Осы шығармалары арқылы Гюго өзін романтик ретінде көрсетті. Гюго поэзиясындағы жаңа үлгі 1828 жылы жарияланған шығыстық сарындар» атты жинағында көрініс тапты. Бұл жинақ классицизм канондарынан арылған және шығармашылық еркіндікті нақ көрсеткен жинақ. Шығыстық тақырыптарды таңдауда Гюгоны тек аптап ыстығы мен көк теңізі емес, шығыстың қатал дәстүрі  мен қиындықты тағдыр кешсе де өзінің таза жүрегін сақтап қалған, таза бейбіт әлемін орнатуды армандаған адамдар тағдыры қызықтырды.   Гюгоның шығыстық дастандары оның аса шеберлігін дәлелдей түсті. Ақын күллі халыққа өзінің өмірге деген шексіз сүйіспеншілігі, махаббатын, бақытын, өзінің поэтикалық әлемін айтып жеткізгісі келеді. Гюгоның бұл поэтикалық шығармаларында батыс пен шығыстың мәдениеті тоғысады. Әдеби және реалистік тенденциялары, тарихи маңызы арқылы реттеледі. Онда құран мен библия, Эсхил мен Шекспир, Наполеон мен Али-Паша, Грецияны азат етушілер мен шығыстық ғашықтар қатар қойыла суреттеледі.

1827 жылдан бастап Виктор  Гюго драмалық шығармалар жазуға  кіріседі.  Гюго пьесалары романтикалық  театрдың қалыптасуына ықпал  етті. Гюгоның алғашқы «Кромвель»  пьесасын жоғарғы шеберлікпен  жазылған шығарма болмағандықтан, сахналанбады. Келесі пьесасы «Марион Делорм немесе Ришилью дәуіріндегі дуэль» (1828) шығармасының саяси астары жоғары болғандықтан, оны сахналауға тыйым салды. Шығармадағы мінезсіз, ынжық Людовик ХІІІ-нің сипаттамасы бүгінгі Карл Х-шы корольдың ісін мінеу іспеті көрінді. 

Романтизмнің теориялық  принциптері шын мәнінде жүзеге асқан пьеса «Манифест» - еді. Ал «Эрнани» қойылымы 1830 жылдың 25 ақпанында  Шілде төңкерісі қарсаңында сахналанған. Бұл шығарма елді азаттыққа, бостандыққа  бағыттаған бірден-бір шығарма саналды.

1833 жылғы «Мария Тюдор»  драмалық шығармасында романтикалық  қаһарман Леон тоқымашылары қозғалысында  бірге болған жұмысшы еді. «Рюи  Блаз» (1838) шығармасы  халықтың  қысым салдарынан жұмылып,  билікке  араласқандығын көрсетеді. 1830 жылдары  Гюго театрға ерекше көңіл бөле бастайды. «Театр дегеніміз мінбе» деген Гюго. Гюгоның барлық дарамалық шығармалары саясат пен қиялдың бірлік құрған түрі. 30-шы жылдары Гюго пьесаларымен қатар поэтикалық жинақтар шығарды. 1831 жылғы «Күзгі жапырақтар» жинағы жанұя, балалар мейірімділік тақырыбына арналған. Мұнда қоғамның келелі мәселелері орын алмайды, лирикалық қаһарман адамзат баласының тағдырын, қоғамдағы келеңсіздікті сөз етпейді. Ол адамзат баласының бәрін сүйеді, ерекше мейірбан, жүрегі жылы жан. В.Гюго осы сарында 1835 жылы тағы бір жинағын жариялайды.

Гюгоның «Париждік әулие  ана шіркеуі» (1831) шығармасы Францияның ортағасырлық тарихын көрсететін тарихи романтикалық шығарма. Романда тек  бір ғана тарихи оқиға бар. Ол Маргарита  Фландерскаяны елшілердің айттырып келу тұлғасындағы тарихи оқиға.  Сонымен қатар шығармада Людовик ХІІІ король және Кординал Бурбонскийдің де есімі аталады.

 

Виктор Гюгоның  шығармашылығы:

 

Одалар мен  балладалары: Генрих төртіншінің ескерткішін орнату жөнінде. - Одалар мен баладалар. – Вергендік бикештер. – Киберон. – Беррийский герцогтың өліміне. – Жаңа одалар.  – Канарис.  – Шығыстық әуендер. 

Пьесалары: Эрнани.  - Кромвель. – Манифест. – Марион Делорм немесе Ришелье дәуіріндегі дуэль.  – Мария Тюдор.  – Бургграф.  – Күзгі жапырақтар.  – Рюи Блаз.

Романдары: Исландық Ган.  -  Бюг Жаргаль.  - Париждік әулие ана шіркеуі.

 

 

 

 

18 ғасырдың соңындағы  француз суретшілері өнері

XVIII ғасырдың соңындағы француз суретшілері өнері

Бұл кезеңде белгілі  екі суретшіні атауға болады: бірі — рококо стиліндегі кескіндемеге жақын, екіншісі — кейінгі рококо стилінде жазды. Біріншісі — Шарден, екіншісі — Жан Оноре Фрагонар (1732—1806).

Жан Батист Шарден

Жан Батист Шарден өнері

Жан Батист Шарден (1699—1779) шығармаларында жаңа буржуазия идеалогиясы ерекше орьш алды. Шығармалары:"Өнер атрибуттары бар натюрморт", "Кір жуушы" (1737), "Асыраушы" (1738), "Сабын көпіршіктері", "Гувернантка", "Жасыл күнқағар кигендегі автопортрет" (1775), "Түскі ас алдындағы мінәжат" (1744).

Бұл суретші шығармасындағы кейіпкерлерін салтанатты сарайлардан іздеген жоқ, керісінше, олар қарапайым шаруа, жұпыны киінген кедей адамдар еді. Шығармаларының негізгі тақырыбы — қарапайым халық өмірі және олардың еңбегі мен тұрмыстьщ жағдайы.

"Шарден өз палитрасында  ақ, қызыл, қара түстерді араластырумен  заттың ең басты қасиетін, яғни жарық пен ауаны кенепке түсіре білді", — дейді материалист философ Дени Дидро.

Жан Антуан Гудон

Диана.Гудон

Шынайы портреттің төлтума  шыңына жеткен Франдияның ұлы м8сіншілерінің бірі — Жан Антуан Гудон болды. Оның ең тамаша жауџары, яғни туындысы — мәрмәрден (1781) жасалған "Вольтердің мусіні" еді. Бұл мүсін көрермен назарын өзінің сұлулығымен қоса, өткірлігімен тартады.

XVIII ғасырдың ой әміршісі, француздың ағарту философиясының  басшысы Вольтер феодалдық қоғамды өткір сынға алды. Оның бостандығы мен еркіндігінен, бойындағы жігерінен Еуропаның барлык монархтары сескенді. Вольтер француз шекарасына жақын орналаскан Швейцариядағы тұрағынан 1778 жылдың акпанында 84 жасында Парижге қайтып келеді. Осы кезде, яғни өлімге азақ уақыт қалғанында Вольтер Жан Гудонға суретін салғызды. Мұсіншінің алдына өте күрделі мақсат қойылды. Вольтер аласа бойлы, өте жұдеу, қаусаған және тақыр басты, көріксіздеу болатын. Осындай кейіптегі бейнеден мұсінші өте ойшыл, Францияға аты шыққан, әйгілі адамды сомдай алды. Ол өз туындысында ұлкен қарсыластықтан, шынайылық пон шарттылықтан маңызды сәйкестілікті табу керек болды.

Жан Гудон креслода бірқалыпты отырған Вольтерді бейнеледі. Ұстіне антикалық орамды тога1 жабылған. Шашы мен маңдайын жауып тұрған бауы антикалық  дәстұрдегі портреттік мұсіннси алынған. Мұнда француз өнеріне еніп жатқан осы кезеңдегі классицизмдеу сәтінің ұшқындары анық көрінген. Суреттегі Вольтердің бейнесін тура алдынан және қырынан көру кажет. Бұл мүсін II Екатеринаның тапсырысы бойынша жасалынған, ал екінші данасы "Францияның комедиялык" театрына арналған, қазіргі уақытқа дейін сонда сактаулы.

Сонымен қатар Жан  Гудон көптеген ұлы адамдардың портреттерін сомдады. Солардың бірі ретінде белгілі  француз ғалымы Жорж Лyн Леклерк Бюффонның мәрмәрдан жасалған бюстін атауға болады. Ол 1782 жылы толық орындалды.

Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио көмитеттінде аға редактор,комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.

Аристотельдің поэтикасы. Аристотель бұл еңбегінде ақынның  міндеті өмірді көшіру емес, жалпы  мағынасын ашу деп есептеді. Мұнда  Аристотель жалпының жалқыға ұласуын түсіне бермейді. Лениннің сөзімен айтқанда, диалектиканың, жалпы мен жалқының жекелеген заттық мағынасын бұрмалау; 2) Аристотель өнердің танымдық қызметін айқындай келіп, өзінің ұстазы Платномен салыстырғанда, өнер, шындық жайлы білім береді дегенді мойындайды; 3) Ар-ль поэтикалық жанрдың сипатын (трагедия, комедияны) ақынның жеке моральдық бейнесімен байланыстырады. Ар-ң бұл көзқарасы трагедия мен комедия жасаған драматургтер қатарына кірмейді; 4) Ар-льдің «тазаруға» қатысты көзқарасы қорқынышпен, азаппен келгені туралы ешқандай түсінік бермейді. Бұл Ар-ң грек демократиясынан бастау алған трагедияларды тәрбиелік әсерін тазару деп түсіндірді. Сол арқылы халықты ұжымдануға және өмірлік кедергілермен күресе білуге шақырады; 5) Ар-ль бастапқы кезден траг-р мен комед-рды байланыстырады да содан кейін идеализм мен материализм арасындағы өзінің пікір айқындығын көрсетеді; 6) Ар-ль трагедияда шиеленіскен қарым-қатынастарды дұрыс көрсетіп түсіндіре біледі. Эпос композициясы мен трагедия композициясын салыстыра білді. Бірақ, Ар-ль трагедия сипатының рөліне дұрыс түсініктеме бермейді. Ол трагедияда мінез болмаса да өзара іс-әрекет міндетті түрде болуы керек деп есептейді. Бұл көзқарас дұрыс емес; 7) Осылайша Ар-ль мейірімді не/е ұнамды кейіпкерді оның шығу тегімен салыстырмайды. мысалға, ол құлиеленуші ретінде құлдың өзі трагедияда жағымды кейіпкер болуы мүмкін деп есептеген.

В. Гюгоның "Собор Парижской богоматери" атты романы

Франсуа-мари Аруэ де Вольтер - француз философы

Франсуа-мари Аруэ де Вольтер - француз философы, романист, тарихшы, драматург, Ағартушылық дәуірінің ұлы ақыны. 1694 ж. 21 қарашада Парижде дүниеге келді. Жас кезінен сатиралық өлеңдер жаза бастады. Оның сатиралық шығармалары герцог Орлеанскийге бағытталған болатын. Соның салдарынан, 11 айға Бастилияның абақтысына жабылды. Түрмеде отырып, ол «Генриада» поэмасын жазып шығарды. Ал оның 24 жасында жазған «Эдип» атты трагедиясы (1718ж) «Комеди-франсез» сахнасында үлкен табысқа жетіп, автор Софокл, Корнель мен Расин сияқты жазушылардың лайықты бәсекелесі деп танылды. Ол өзінің туындыларында ақсүйектерді сынға алғаны үшін Парижден қудаланды. Осылайша Вольтер Англияға барып, бір жылдай сол елдің әдебиетін, өмір салтын, қоғамдық ойларын зерттеді. Францияға оралған соң, өмірінің 20 жылын мадам дю Шатлемен бірге өткізді. 1745 ж. Француз Академиясына қабылданды. Вольтердің ең әйгілі трагедиялары – Заира (1732), Альзира (1736), Магомет (1741), Меропа (1743).Ол өзінің шығармаларында тарихи болған оқиғаларды жазды, саяси және діни тақырыптарды қозғады.Солардың қатарына: «Лиссабонның құрдымға кетуі» поэмасы, «Швеция королі Карл ХІІ-ң тарихы", «Людовик ХІҮ ғасыры», «Адам жайлы ойтолғаулар», «Уранияға жолдау» т.б. Ал оны философ ретінде танытқан «Философиялық хаттары» болды. мұнда ағылшындықтар жайлы жазылғандықтан, кейде «ағылшындықтар туралы хаттар» деп те атайды.Ал оның ең әйгілі философиялық повесі - «Кандид». 

Эсхил - «трагедияның атасы»

Эсхил - «трагедияның атасы». ЭСХИЛ (б.з.д 525-456) – б.з.д. 5 ғасырда  өмір сүрген үш атақты Афин трагиктерінің бірі, грек драматургі. Эсхил Элевсинде дүниеге келген. Әкесі - Евфорион. Б.з.д. 500 жылы Эсхил алғаш рет трагиктер сайысына қатысқан. Ал жүлделі орынды 484 ж. алды. Сайыста 13 рет жүлделі орынға ие болған. Афиндықтар Эсхилді трагик ретінде жоғары бағалаған. Өзінің драмаларын бірнеше рет Сицилияда қойған. Эсхилл б.з.д. 476 жылы «Этнянки» атты трагедия жазып шықты. Эсхилл - бірінші болып трагедияға екінші әртісті енгізген трагик. Эсхилл 90-ға жуық драманың авторы. Оның ішінде 13-і сатиралық драма, және де 7 –уі бізге жеткен. Бүкіл грек әдебиетінен бізге дейін жеткен жалғыз ғана тарихи драма - Эсхилдің «Персы» атты драмасы болып табылады. Оның атақты трагедиялары: «Фивтерге қарсы жетеу»(467ж); «Орестея» трилогиясы(458); «Бұғауланған Прометей»; "Простительницы»(463ж) т.б.

 Еврипид - б.з.д. 480-406 жылдары өмір сүрген грек драматургі. Еврипидтің трагедияларындағы басты ерекшелік - кейіпкерлердің мінезі, көңіл-күйіне терең мән берілген. Оның Эсхилл мен Софокл сынды драматургтерден айырмашылығы да осы еді. Эсхилдің кейіпкерлері - титандар, Софоклдың кейіпкерлері - кемшіліксіз, идеалды тұлғалар, ал, Еврипидтікі болса - барлық тұсынан қамтылған, артықшылқтары да, кемшіліктері де жан-жақты көрсетілген қарапайым ғана адамдар, оларға тән жақсы әрі жаман мінездер. Бұл Еврипидтің трагедия сахнасына енгізген жаңашыл көзқарасы болды. Алайда, бұл көзқарасы замандастары тарапынан ешқандай қолдау таба алмады. Себебі, қарапайым халық Еврипидтің өз кейіпкерлері арқылы адамдардың кемшіліктерін ашық көрсете білген реалистік тенденциясын қабылдай алмады.     

Информация о работе Француз әдебиеті