Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

«Ревизор аудармасы  туралы» 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Социалды Қазастан» газетінің 3 қазандағы сандарында Мұхтар Әуезовтің мақаласы бір мезгілде жарияланған. Одан кейін басылған жоқ. Бұл мақала М.Әуезовтің «ревизордың» бұрынғы қазақша нұсқасында шалағай аударушылар тарапынан кеткен көп кемшіліктерді түзеп, орысша нұсқасымен салыстыра отырып, қайта өңдеп, жаңғыртқанын айтады.

«... Ол күндегі іргелі мәселенің бірі «қазақыландыру»  болатын. Аудармашысы ана жазушының  заманына, ағым санасына, өзіндік ерекшеліктеріне  қарамай қазақ тілінің натуралдық теңеулерін қолданып, ескі мақал –  мәтелдер сияқтыны көп қолданатын. Бұнымен бір елдің классикалық көркем шығармасын мағына, сезім жағынан бір тонайтын. Тіпті болмаса, аудармашы өзіне ұнамаған орыс атын да қазақшалап, біздің тон-тыммағымызды да кигізетін. Пьесалы, әңгімелі аудармаларда неше алуан «одағай» сөздерді қазақша айтқызып «ойбай-ау, бетім-ау» - латып қоятыны тағы болады» - деп, аудармашы сол кездегі аудармалардың барлығына сыни пікір айтады. Әрі өзі аудармасына арқау етіп, пьесаны қалай аударуды түзу жолға салғанын аңғартады.  Аударма мен түпнұсқаны салыстырып көрелік. Хлестаковты тексеру жұмысымен Петербургтен әдейі келген ұлық-ау деп үрейленген , абыржыған, жағымталсынған, әуреленген, бос өбектеп жүрген  дуанбасы, почтмейстер, Добчинский, Бобчинский, Ляпкин - Тяпкиндер туралы Хлестоковтың Тряпочкинге жазған хатының бас жағындағы «Спешу уведомить тебя, душа Тряпочкин, какие  со мной чудеса. На дороге обчистил кругом пехотный капитан, так что трактирщик хотел уже посадить в тюрму, как вдруг по моей Питербургской   физиономии  и по костюму весь город принял меня за генерал-губернатора. И я, теперь живу у городничего, жуирую, волочусь на прпалую за еге женой и дочкой., не решился только с которой начать думаю прежде с матушки, потому что кажется готова сейчас на все услуги. Помнишь, как мы с тобойбедствовали, обедали наширемыжку и как один раз было, кондитер схватил меня за воротник по поводу съеденных пирожков на счет духодов аглицкого короля? Тепер совсем другой обарот. Все мне дают взаймы, сколько угодно. Оригиналы страшны. От смеха ты умер. Ты, я знаю, пишешь статейки, помести их в свою литературу. Во-первых: «городничий – глуп, как сизый мерин...»» деген  сөздерді М.Әуезов былайша аударыпты: «Достым, Тряпочкин, саған істеп жатқан кереметімді білдіруге асығамын. Жолда жаяу әскер капитаны ақшамды сыпырып, ұтып алып, трактиршы абақтыға отырғызбақшы болып еді, бір күні құдайдың дес берісімен, менің Петербургтік   киіміме қарай бүкіл қала мені генерал-губернатор екен деп қалыпты. Сонымен қазір дуанбасының үйінде жатырмын. Қызы мен қатынын  мұралдап, айналдырудамын, жалғыз-ақ қайсысынан бастауды білмей жүрмін, әуелі шешесінен бастармын деп ойлаймын, өйткені не айтсаң да даяр болатын түрі бар. Сенің есіңде барма, екеуіміздің мұқтаждық шегіп, жоқтан өзгені тамақ қылатынымызды, бір күні аглиц королінің есебіне деп текке жеген самсамыз тақырыпты, әлгі бір жаман наншының менің жағамнан сүйрегені де есіңде ғой. Енді жұмыстың түрі өзгеге айналды. Қанша тілесемде барлық жұрт маған ақшаны қарызға береді. Неше алуан өрескел жандар бар. Сен күлкіден жарылып өлер едің. Сенің оны-мұны жазатының бар еді, сен бұларды өзіңнің әдебиетіңе кіргіз. Істің басы: «Дуанбасы – көк шолақ аттай ақымақ...» - деп көркем аудара білген.

Шын мәнінде көркем сөз  шебері Мұхтар Әуезов қашанда болсын өзі өнер туындысына айналдырып отырған өмір шындығын бетінен қарпымайды, тереңінен қамтиды. Әсіресе, аудармаларында жалаң алмайды, ішкі қыртыстарымен қоса, қопара көрсетеді, қолдан бояп, жасандылыққа апармайды, өз түр-түсімен табиғи қалпында кескіндейді.

30-шы жылдардағы аударма  пьесаларының барлығын профессионал орыс режиссерлері қойған. Қазақ актерлерінің осылай әр бағыттағы режиссерлермен жұмыс істеуі әрқилы қойылымдарда ойнауы – олардың шеберліктерінің белгілі бір қалыпқа түсіп, штампқа айналып кетпеуден сақтаған. Кейде сахнаға қойылған пьеса оқиғасының ұлттық тірлік – тіршіліктен, ұғымнан алшақтағаны сонша, оны меңгеруге амалсыздан баруға тура келген.

Аударма пьесаларының ой-маңызын  түсіндіре келіп, Мұхтар Әуезов: «оларды  қою арқылы ең әуелі біз қазақ  жұртшылығын неше алуан тарихпен, неше түрлі ұлттардың, қоғамдардың, таптардың өмірімен таныстырамыз. Сол орталардағы қоғамдық мінез – құлық, мүсін – пішіндерді танытамыз. Осыларды үлгілі режиссердің басшылығымен, өнерлі актер болып ойнап берубіздің барлық ұжымымызды үлкен өнер мұраларын баурап алуға үйретеді. Біздің актердің бұл жөніндегі өсуі бүкіл дүние тарихының мәдениет қорына қарай қадам басып өсуді көрсетеді. Соны дұрыстап баурап алып, мәдениетті түрде пайдалануымыз да мәдениеттіліктің, өнерліктің сынынан өтеді" – дейді.

Оның айнымас сипаты М.Әуезов өзі аударған "Ревизордың" қойылымынан таныған. Аударма өзінің бар көркемдік болмысын сақтап, уақытты сатира ұлттық классикамен жарасып, сахнадан берік орын алды. Спектакльді көрермен қауым жылы қарсы алып, өнер мерекесіне айналуы – актерлердің шеберлігімен бірге М.Әуезовтің осы табиғаты бөлек аудармасына тікелей байланысты.

Қойылым үстіндегі жұмыс бірден репетициядан басталмай, ұлы комедиограф  шығармаларына арналған лекция мен  семинардан басталуының өзі ерекше құбылыс. Драматург - ғалымның Гоголь шығармаларын жан-жақты түсіндіріп, комедияны бақайшағына дейін шағып, талдап беруді – қойылымның сәтті шығуының басты шарты. Ол комедияның ірі қалалардағы спектакльдерінің тарихына тоқталып, сахналық өмірден актерлерге түсіндіріп берген. Осындай түбегейлі жұмыспен пьесаны қайта-қайта оқып актерлер өз кейіпкерлерінің  "өмірбаянымен" әбден танысып барып, репитицияға кіріскен. Бұл аз дегендей, аудармашы спектакльді дайындау процесінде режиссер И.Г.Боровпен бірге талай күндерді репетицияда өткізген. Қатысушылардың айтуына қарағанда жазушы тұтас сахна немесе роль түгіл, актерлердің жеке диалог сөздерін дұрыс айтуына дейін қадағалап отырса керек.

Режиссер қойылымның сыртқы әсерлілігіне, көз тұндыратын эффектіге құрылған сахналарға көңіл аударып, рольдердің психологиялық таным-түсініктері кейінге ысырылып қала берген. Көрерменді қыздырып әкету мақсатымен сахнада би, пантамимо, водевилдік жеңіл қимыл қозғалыстар шамадан тыс қолданылған. Дегенмен де, жазушы актерлермен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде режиссердің ырқынан шығып, Гоголь комедиясының әлеуметтік мазмұнын, характерлер өзгешеліктерін ашатын дара ізденістерге барған. Бұл, сөз жоқ, аудармашы – автордың өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.

Қазақ сахнасының майталманы Қ.Қуанышбаев ролін терең түсініп, қайталанбас бейне жасаған. Ол дуанбасы патша шенеуніктерінің жинақы бейнесі деп ұғып, оның бойынан дөрекілік пен қулық, әңгүдіктік пен әміршілдік, қатыгездік пен жағымпаздық, әрі қорқақ та парақор белгі бедер іздеген.

Бұл жинақты, өткір сатиралық бейнені  Т.Қуанышбаев барынша дәлдікпен сомдаған. Дуанбасы – Қуанышбаев қойылымының орталық тұлғасы ғана болып қалмай, бүкіл спектакльдің негізгі идеясының тұтқасы болды. "Менің ойымша, - деп жазды  актер, Хлестаковты бүкіл қойылымды ұстап тұрған басты тұлғаға айналдыру тіпті дұрыс емес. Бұл пьесаны терең ұғынбаудан туған. Менің түсінігімше Хлестаков та, Земляника да, қалған өзге кейіпкерлер де ағаштың бұтақтары, ал ағаштың өзі – Дуанбасы. Мұны біз түсінеміз. Театр да оны осылай түсінеді". Қуанышбаевтың рольді осылайша ұғынуы Николай заманындағы шенеуніктердің сатиралық кескіні типтік деңгейге көтеруге ықпалын тигізген. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:  "Бұрын көбінесе қазақ рольдерімен өскен актерлер "осы жолы қайтер екен" деген күдікпен бәрін жойып, қайта апарып салсаң да сүбелі актер болып шыға алатынын танытады. Сол кездегі жастығына қарамастан Қ.Қармысов Хлестаковтың тек қана ұқшалақтығын көрсетумен шектелмей, оның өз қиялының жетегінде желігуімен бірге шынайы арамдық қалпын, оңай олжаға батудан басқаны ойламайтын ниетін де тап басып бедерледі.

Осиптің ролі қойылымдағы басқа  кейіпкерлерге қарағанда Е.Өмірзақовтың қарастыруында тұрмыс-салттық байланыс тапқан. Оның қызметшісі - өз басының  қамынан аса алмайтын құлқынның  құлы. Күйбең тірліктің талай қулығы мен сұмдығын басынан өткізген адам. Ол төңірегіндегі тірлік сапырылысына сабырлықпен қарап, оған түйсік түсінігімен келіп, араласуының өзі күлкілі болып шыққан.

Бобчинский мен Добчинскийдің  мінез-құлық ерекшеліктерінен туындайтын Гоголь сатирасының өткірлігі С.Телқараев  пен Б.Әмірхамзиннің тамаша ойындарында жарқырап ашылған. Ал Земляниканың күлкілі ролін С.Қожамқұлов өзінше қызық ойластырған. Сұмпайы, әрі жалақор, жексұрын әрі суайт Земляника шенеуніктер арасында ревизордан қорықпайтын, өзін тәуелсіз сезінетін "бөлектігімен" көрінген. Оның Земляникасы сахнада асықпай, маңғаз басады, дауысын көтермей, астарлап сөйлейді.

1940 жылы режиссер М.В.Соколовский  "Ревизорды" қайта қойып,  алғашқы қойылымдағы сырттай  әуестенушіліктен туған артық  көріністерді қысқартып, кейбіреулерін  жөндеп, өңдеулер жүргізген/33/.

"Ревизордың" екі қойылымы  да театрдың кезеңдік табысы  болмаса да, оның шығармашылық  жолында  алатын орны бөлек.  Ұжымның жалпы мәдениетімен бірге,  орындаушылардың өз бетінше ізденуіне,  актер шеберлігінің  қалыптасуына, тың белеске көтерілуіне қойылымның ықпалы күшті болды. Ұжыммен бірге, өз еңбегінің нәтижесіне көңілі толған  М.Әуезовтің: "Драма театры "Ревизорды" жақсы қойып шыққаннан бері енді қай классикті болса да  меңгеріп ала біледі деген сенім тудырып отыр", - деуі қойылымға  әділ берілген, әрі оның шығармашылық болашағын дәл анықтаған баға.

Мұнан кейін 1946 жылы режиссер Ю.Л.Рутковский, 1979 жылы А.Әшімов қойған "Ревизор" театрдың қатардағы ізденісі болып  қалды.

Қалай болғанда да ұлы комедияны  меңгеруге бел шешіп кірісіп, мол білімі мен тәжірибесін салған Ю.Л.Рутковский Семейге келіп, 1958 жылы Б.Омаровпен бірігіп "Ревизорды" қайтадан қолға алды. Бұл жолы қос режиссер – қоюшы комедияны көркем-идеялық мазмұнына сай үйлесімді шешім қарастырумен бірге, актерлердің жанр сипатына, кейіпкерлер даралықтарына қарай әрекет жасауын ұйымдастырған. Қойылымға қатысқан актерлердің ішінде С.Қыдыралин (Дуанбасы), Ә.Матыбаев (Хлестаков) ойындары ұтымды шыққан. Спектакль сол жылы өткен театр көктемінде Алматыда көрсетіліп, мәдени қауым жоғары бағалады.

Семейліктер ұлы комедияға екінші оралып, кейінірек  режиссер Е.Обаев  қойған спектакль де классикалық  дүниелерді меңгеру жолындағы театрдың ізденісі болды.

50-жылдардың ортасында "Ревизор"  Шымкент, Қарағанды, Ақтау сахналарында  да қойылды. Бұлардың да көркемдік деңгейі жоғары болмағанымен, күрделі пьесаны сахнаға шығарып, соған қатысудың өзі үйрену, шеберлік шыңдау мектебі ғой.

Жинақтап айтқанда, "Ревизор" қазақ сахнасына қанша қойылса  да оның кезеңдік табысына көтеріліп, ұлттық классика дәрежесіндегі алтын қорына айналмады. Оның қазіргі жеткен шығармашылық межесі – алдағы жемісті тың ізденістерге апаратын сәтті сапардың белестері.

Н.Г.Погодиннің «Ақсүйектер», «Мылтықты  адам» пьесаларын Мұхтар Әуезов өз кезегінде сәтті аударған.

М.Әуезов аударған Н.Погодиннің "Ақсүйектер" пьесасының оқиғасы еңбекпен түзеу колониясында, сотталғандардың арасында өтеді. И.Г.Боровтың режиссурасымен қойылған бұл спектакль қазақ актерлерін Ресейдің ірі театрларында  етек алған сахана алаңын  неше түрлі басқыш  баспалдақпен ағаштан құрастырып әрекет жасауға бейімделген. Әрекет жасайтын алаңы шектеулі жерде ойнау актерден тапқырлықты,  бейімділікті талап ететіні даусыз. Мұндайда режиссер кейіпкердің сыртқы сипатын, бел әлпетіндегі өзгерісін нақты суреттеуді шарт деп санайды. Мәселен,  кезіккеннің қалтасын білдірмей, асқан ептілікпен, үптеп-үптеп кететін Костя роліндегі Е.Өмірзақов қылмыс әлеміндегілердің әрекетін әсіресе белгі сипаттарын келісті келтірген. Ұрылардың ұрлық жасау тәсілін бақылау үшін ол Алматы базарын аралап, солардың мінез-құлқын зерттеген көрінеді. Бұл ауылда өскен момын қазақ қыздарының ролін ойнап келген С.Майқанованың әдейі әсірелеу әдісімен лагерьдің өзінде "тәтті өмірді" армандайтын қылымсыған – Маргарита Иванованың күлдіргі бейнесін жасауы қойылымның табиғатына да сай келіп, режиссердің ой-тұжырымынан шыққан.

Пьеса 1937 жылы латын әрпінде Қазақстан  көркем әдебиет баспасында жеке кітап  болып басылып шықты. Аударманың қолжазбасы сақталмауы себепті жазушының 20 томдығына да осы нұсқа енген.

Автор стиліне, кейіпкерлердің тіл өзгешелігіне аудармашы, әсіресе, диалогтар тұсында мұқият. Осы бір жақсы тілдесулер ақсүйек адамдардың сөйлеу мәнерін, әуен – машығын аудармай жеткізіп қана қоймай, автордың стилінде сақтаған, қазақшасының құлаққа жатық естілуін де қамтамасыз еткен. Мұхтар Әуезовтің осы аударма пьесасы арқылы оның қаламгерлік шеберлік биігіне жеткенін, тілдегі суреткерлік айшық – нақысты игергенін, ой мен сезімнің жазушыға тән тереңдігі мен нәзіктігін байқаймыз. Ол әрбір сөзді, әрбір грамматикалық тұлғалар мен тәсілдерді шығарма идеясы мен стиліне орайластыра «ойната» білген, тиімді жұмсаған.

Дегенмен, "Ақсүйектер" - мазмұн тереңдігімен көзге түспегенмен, актерлердің  оқып-үйренуіне, театрға жетісе бермейтін  сыртқы мәдениетті көтеруге септігі  тиген қойылым.

 

 

Әлем әдебиетінде француз әдебиетінің  алатын орны ерекше десек, қазақ әдебиетінде  соның ішінде Әуезов шығармашылығында француз әдебиетінің алар орны бір  төбе. М.О.Әуезов шығармашылығы мен  Француз әдебиетінің өзара байланысы  мен сабақтастығын қарастырмастан бұрын, Француз әдебиетіне зер салсақ. Франция аумағында бір-бірімен тығыз байланысты болған бірнеше әдебиет өмір сүрді. Неғұрлым ертеректе қалыптасқаны — жырлары мен аңыздары сақталмаған кельттердің әдебиеті, оның бір тармағы бретон әдебиеті болды. 10 ғасырдан бастап елдің оңтүстігінде провансаль әдебиеті дами бастады. Каталон әдебиеті (Руссильондағы) аймақтық шеңберден аса алмады. 18 ғасырға дейін латын тіліндегі әдебиет басым болды. Ортағасырлық ауыз әдебиеті кейініректе өңделген немесе жазып алынған күйінде сақталған жырлардан, аңыздар мен ертегілерден басталады. Француз тіліндегі алғашқы жазба әдебиет — діни тақырыпқа арналған шығармалар  9 ғасырдың 2-жартысына жатады, атап айтатын болсақ, «Қасиетті Евлалия туралы кантилена» шығармасы. 10 — 11 ғасырларда әскери жасақтардың арасында латындық дәстүрлермен де, ауыз әдебиетімен де таныс-жонглерлер шығарған алғашқы эпикалық поэмалар-жесталар пайда болды. Олар 8 — 10 ғасырлардағы тарихи оқиғаларға арналды (Ұлы Карл мен оның серіктеріне арналған “Роланд туралы жыр” , т.б.). 13 ғасырда сарай маңы, серілік бағыттағы — куртуаздық әдебиет және қалалық әдебиет пайда болды. 14 — 15 ғасырларда ақындар куртуаздық лирика әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтикалық тақырыптарды жетілдірді. 14 — 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды (“Мелюзина”, 14 ғ., “Жан де Сантре тарихы”, 15 ғ.). 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым-қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады, антикалық дүниеге деген қызығушылық өсті. Қайта өрлеу әдебиетінің неғұрлым жарқын өкілі — Франсуа Рабле болды. 16 ғасырдың ортасында Франция ақындары поэзияның адамгершілік мазмұнын тереңдетіп, оны жаңа формалармен (сонет, ода, буколика, эпик. поэма, т.б.) байытты, ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына жағдай жасады. 17 ғасырдың бас кезінде француз әдебиетінде реалистік классицизм, барокколық бағыттар пайда болды. Классицизм комедиясының негізін салушы әрі аса көрнекті өкілі — Ж.Б.П. Мольер болды. 17 ғасырдың соңына таман француз мәдениетінде ағартушылық тенденциялар күшейді. Рококо әдебиеті пайда болды. 18 ғасырдың 1-жартысында комедия мен роман жанры дамыды. Комедия Мольер дәстүрін жалғастырса (Ш.Дюфрени, Ж.Ф. Реньяр, т.б.), А.Р. Лесаж (1668 — 1747) шығармаларында әлеум. өткірлік пен тұрмыстық реализм күшейді (“Тюркаре”, 1709). Француз өмірін Ш.Л. Монтескье (“Парсы хаттары”, 1721) сатиралық тұрғыдан шебер бейнеледі. 18 ғасырдың 1-жартысындағы әдебиетте Ф.М. Вольтер жетекші рөл атқарды. 1751 жылдан бастап Д.Дидро, Ж.Л. Даламбер, т.б. ағартушылар “Энциклопедия” шығара бастады. Дидро “мещандық драма” жанрын қалыптастырды. Оның ізбасарларының қатарында М.Ж. Седен (1719 — 97), Л.С. Мерсье (1740 — 1814), П.О.К. Бомарше, т.б. болды. Ағартушылық рационализмнен аулақтау әдебиетте сентиментализм пайда болды. Оның көрнекті өкілі Ж.Ж. Руссоның шығармаларында адамдардың жаңа типі сипатталды. Француз романтизмінің 2-кезеңі В.Гюго шығармашылығынан айқын көрінді. Реализм белгілері П.Л. Курьенің (1772 — 1825) памфлеттерінде, П.Ж. Беранже, Э.Моро, О.Барбьелердің сатиралық өлеңдері мен әндерінде пайда болды. Реализмдегі психол. бағыттың нығая түсуі Ф.Стендальдың есімімен байланысты; Оноре де Бальзак 90 шығармадан тұратын “Адам комедиясы” эпопеясын жазды. П.Мериме (1803 — 70) реалистік новелланың шебері болды. 19 ғасырдың аяғына қарай прозада натурализм орын тепті. Ги де Мопассанның новеллалары мен романдары, А.Доденің (1840 — 97) сатиралық шығармалары, Ж.Верннің ғылыми, шытырман оқиғалы романдары көпке танылды. А.Дюма (әкесі) романдары әр түрлі стильдерді шебер ұштастыра білудің үлгісі болды. 20 ғ-дағы француз әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің қатарында А.Франс, Р.Роллан, Луи Арагон, Ж.П. Шарболь, А.Барбюс, А.Стиль, Ж.П. Сатр, т.б. бар. Француз әдебиетінен Ф.Рабленің “Гаргантюа мен Пантагрюэль” (1938), Гюгоның “Гаврош” (1972), Верннің “Сырлы арал” (1959), “Он бес жасар капитан” (1954), “Капитан Гранттың балалары” (1956), А.Барбюстің “От” (1956), А.Стильдің “Алғашқы соққы”, Ги де Мопассанның “Өмір” (1970), А.Дюманың “Үш ноян”, т.б. роман, повестері қазақ тілінде (кейбіреулері бірнеше рет) жарық көрді. Қазақ ақын-жазушыларының кейбір шығармалары (М.Әуезов — “Абай жолы”, Ә.Нұрпейісов — “Ымырт”, т.б.) француз тіліне аударылған. 2005 ж. наурызда Париж кітап жәрмеңкесінде Н.Ә. Назарбаевтың француз тіліндегі “Сындарлы он жыл” кітабының тұсаукесері болды. Осы шығармалар арқылы әлем әдебиетіндегі ажырамас әдеби байланысты көреміз. Жалпы   әдеби байланыс — белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Әдеби байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы — салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды[5].

Информация о работе Француз әдебиеті