Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

Шын мәнінде көркем сөз  шебері Мұхтар Әуезов қашанда болсын өзі өнер туындысына айналдырып отырған  өмір шындығын бетінен қарпымайды, тереңінен қамтиды. Әсіресе, аудармаларында жалаң алмайды, ішкі қыртыстарымен қоса, қопара көрсетеді, қолдан бояп, жасандылыққа апармайды, өз түр-түсімен табиғи қалпында кескіндейді. 30-шы жылдардағы аударма пьесаларының барлығын профессионал орыс режиссерлері қойған. Қазақ актерлерінің осылай әр бағыттағы режиссерлермен жұмыс істеуі әрқилы қойылымдарда ойнауы – олардың шеберліктерінің белгілі бір қалыпқа түсіп, штампқа айналып кетпеуден сақтаған. Кейде сахнаға қойылған пьеса оқиғасының ұлттық тірлік – тіршіліктен, ұғымнан алшақтағаны сонша, оны меңгеруге амалсыздан баруға тура келген. Аударма пьесаларының ой-маңызын түсіндіре келіп, Мұхтар Әуезов: «оларды қою арқылы ең әуелі біз қазақ жұртшылығын неше алуан тарихпен, неше түрлі ұлттардың, қоғамдардың, таптардың өмірімен таныстырамыз. Сол орталардағы қоғамдық мінез – құлық, мүсін – пішіндерді танытамыз. Осыларды үлгілі режиссердің басшылығымен, өнерлі актер болып ойнап беру біздің барлық ұжымымызды үлкен өнер мұраларын баурап алуға үйретеді. Біздің актердің бұл жөніндегі өсуі бүкіл дүние тарихының мәдениет қорына қарай қадам басып өсуді көрсетеді. Соны дұрыстап баурап алып, мәдениетті түрде пайдалануымыз да мәдениеттіліктің, өнерліктің сынынан өтеді" [14] – дейді. Оның айнымас сипаты М.Әуезов өзі аударған "Ревизордың" қойылымынан таныған. Аударма өзінің бар көркемдік болмысын сақтап, уақытты сатира ұлттық классикамен жарасып, сахнадан берік орын алды. Спектакльді көрермен қауым жылы қарсы алып, өнер мерекесіне айналуы – актерлердің шеберлігімен бірге М.Әуезовтің осы табиғаты бөлек аудармасына тікелей байланысты. Қойылым үстіндегі жұмыс бірден репетициядан басталмай, ұлы комедиограф шығармаларына арналған лекция мен семинардан басталуының өзі ерекше құбылыс. Драматург - ғалымның Гоголь шығармаларын жан-жақты түсіндіріп, комедияны бақайшағына дейін шағып, талдап беруді – қойылымның сәтті шығуының басты шарты. Ол комедияның ірі қалалардағы спектакльдерінің тарихына тоқталып, сахналық өмірден актерлерге түсіндіріп берген. Осындай түбегейлі жұмыспен пьесаны қайта-қайта оқып актерлер өз кейіпкерлерінің  "өмірбаянымен" әбден танысып барып, репитицияға кіріскен. Бұл аз дегендей, аудармашы спектакльді дайындау процесінде режиссер И.Г.Боровпен бірге талай күндерді репетицияда өткізген. Қатысушылардың айтуына қарағанда жазушы тұтас сахна немесе роль түгіл, актерлердің жеке диалог сөздерін дұрыс айтуына дейін қадағалап отырса керек. Режиссер қойылымның сыртқы әсерлілігіне, көз тұндыратын эффектіге құрылған сахналарға көңіл аударып, рольдердің психологиялық таным-түсініктері кейінге ысырылып қала берген. Көрерменді қыздырып әкету мақсатымен сахнада би, пантамимо, водевилдік жеңіл қимыл қозғалыстар шамадан тыс қолданылған. Дегенмен де, жазушы актерлермен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде режиссердің ырқынан шығып, Гоголь комедиясының әлеуметтік мазмұнын, характерлер өзгешеліктерін ашатын дара ізденістерге барған. Бұл, сөз жоқ, аудармашы – автордың өзіндік қолтаңбасын көрсетеді[15].

Қазақ сахнасының майталманы Қ.Қуанышбаев ролін терең түсініп, қайталанбас бейне жасаған. Ол дуанбасы патша шенеуніктерінің жинақы бейнесі  деп ұғып, оның бойынан дөрекілік пен қулық, әңгүдіктік пен әміршілдік, қатыгездік пен жағымпаздық, әрі қорқақ та парақор белгі бедер іздеген. Бұл жинақты, өткір сатиралық бейнені Т.Қуанышбаев барынша дәлдікпен сомдаған. Дуанбасы – Қуанышбаев қойылымының орталық тұлғасы ғана болып қалмай, бүкіл спектакльдің негізгі идеясының тұтқасы болды. "Менің ойымша, - деп жазды  актер, Хлестаковты бүкіл қойылымды ұстап тұрған басты тұлғаға айналдыру тіпті дұрыс емес. Бұл пьесаны терең ұғынбаудан туған. Менің түсінігімше Хлестаков та, Земляника да, қалған өзге кейіпкерлер де ағаштың бұтақтары, ал ағаштың өзі – Дуанбасы. Мұны біз түсінеміз. Театр да оны осылай түсінеді". Қуанышбаевтың рольді осылайша ұғынуы Николай заманындағы шенеуніктердің сатиралық кескіні типтік деңгейге көтеруге ықпалын тигізген. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:  "Бұрын көбінесе қазақ рольдерімен өскен актерлер "осы жолы қайтер екен" деген күдікпен бәрін жойып, қайта апарып салсаң да сүбелі актер болып шыға алатынын танытады. Сол кездегі жастығына қарамастан Қ.Қармысов Хлестаковтың тек қана ұқшалақтығын көрсетумен шектелмей, оның өз қиялының жетегінде желігуімен бірге шынайы арамдық қалпын, оңай олжаға батудан басқаны ойламайтын ниетін де тап басып бедерледі. Осиптің ролі қойылымдағы басқа кейіпкерлерге қарағанда Е.Өмірзақовтың қарастыруында тұрмыс-салттық байланыс тапқан. Оның қызметшісі - өз басының қамынан аса алмайтын құлқынның құлы. Күйбең тірліктің талай қулығы мен сұмдығын басынан өткізген адам. Ол төңірегіндегі тірлік сапырылысына сабырлықпен қарап, оған түйсік түсінігімен келіп, араласуының өзі күлкілі болып шыққан. Бобчинский мен Добчинскийдің  мінез-құлық ерекшеліктерінен туындайтын Гоголь сатирасының өткірлігі С.Телқараев пен Б.Әмірхамзиннің тамаша ойындарында жарқырап ашылған. Ал Земляниканың күлкілі ролін С.Қожамқұлов өзінше қызық ойластырған. Сұмпайы, әрі жалақор, жексұрын әрі суайт Земляника шенеуніктер арасында ревизордан қорықпайтын, өзін тәуелсіз сезінетін "бөлектігімен" көрінген. Оның Земляникасы сахнада асықпай, маңғаз басады, дауысын көтермей, астарлап сөйлейді [15].

Одан әрі 1940 жылы режиссер М.В.Соколовский "Ревизорды" қайта қойып, алғашқы қойылымдағы сырттай әуестенушіліктен туған артық көріністерді қысқартып, кейбіреулерін жөндеп, өңдеулер жүргізген. "Ревизордың" екі қойылымы  да театрдың кезеңдік табысы болмаса да, оның шығармашылық жолында  алатын орны бөлек. Ұжымның жалпы мәдениетімен бірге, орындаушылардың өз бетінше ізденуіне, актер шеберлігінің  қалыптасуына, тың белеске көтерілуіне қойылымның ықпалы күшті болды. Ұжыммен бірге, өз еңбегінің нәтижесіне көңілі толған  М.Әуезовтің: "Драма театры "Ревизорды" жақсы қойып шыққаннан бері енді қай классикті болса да  меңгеріп ала біледі деген сенім тудырып отыр", [16]- деуі қойылымға әділ берілген, әрі оның шығармашылық болашағын дәл анықтаған баға. Автор стиліне, кейіпкерлердің тіл өзгешелігіне аудармашы, әсіресе, диалогтар тұсында мұқият. Осы бір жақсы тілдесулер ақсүйек адамдардың сөйлеу мәнерін, әуен – машығын аудармай жеткізіп қана қоймай, автордың стилінде сақтаған, қазақшасының құлаққа жатық естілуін де қамтамасыз еткен. Мұхтар Әуезовтің осы аударма пьесасы арқылы оның қаламгерлік шеберлік биігіне жеткенін, тілдегі суреткерлік айшық – нақысты игергенін, ой мен сезімнің жазушыға тән тереңдігі мен нәзіктігін байқаймыз. Ол әрбір сөзді, әрбір грамматикалық тұлғалар мен тәсілдерді шығарма идеясы мен стиліне орайластыра «ойната» білген, тиімді жұмсаған.

Қайта өрлеу дәуірінде қазақ жерінде Әуезов қалыптастырған драманың орны ерекше. Сол кездегі тап арасындағы қайшылық, күрес, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселе драмалық шығарма арқылы көрсетіледі. Еуропада театрлық қойылымдар бағаланды және кең қанат жая өркендеді. Адамзат мәдениетінің тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің бірегей өкілі Шекспирдің драматургияда алатын орыны бір төбе. Шекспирдің трагедиялары, трагедиялық өнерінің шыңы болып саналады.  Жалпы драма - әдебиет пен театр атты екі өнер түріне жатады. Шиеленістің басымдығы, сюжеттілік, сахналық эпизоттарға бөліну сынды мәселелер драманың ерекшелігі болып табылады. Қоғамдық қарсылықты білдіретін драмалық шиеленістер қаһармандардың қимыл - әрекеті, диалогтары мен монологтары арқылы іске асады.  Ренессанс дәуірінің ұлы драматургі У.Шекспир шығармашылығында трагедияға деген біржақты концепция болмаған. Шекспир «Отелло» туындысында трагедияны әсірелей көрсетуге тырысқан және трагедия халық жадында ұзақ сақталсын деген болса керек. «Асауға тұсау» пьесасы адами қатынастар хақында сыр шертеді, әрі өте сәтті аударылу арқылы оқырманына етене таныс [17]. Қай елде де туған елінің мәдениетін биігін, тереңін, нәрлісі мен құнарлығын, рухани өмірінің тұнығын танытатын абзал есімдер болған. Соның айқын дәлелі – қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов және әлемнің ұлы драматургі Шекспир. Қайта өрлеу дәуірінің классикалық үлгісін көрсеткен  Шекспир шығармалары қай кезеңде де құнды, бағалы. Қазақ драматургиясының өркендеп өсуіне орасан зор ықпал еткен  драматург М.Әуезов әлемдік әдебиеттің  классикалық  үлгісін туған ана тілінде де  көрсетпек мақсатын жүзеге асырды. Аударма саласында қомақты еңбек еткен ол әлемдік әдебиеттің үздік шығармаларын өз тілінде сөйлетті.

 Шекспир өз дәуірінің  іргелі оқиғаларын  қырағылықпен  бақылап, өзіндік байламын, көзқарасын, ықыласын, қарсылығын шығармалары арқылы көрсетіп отырған. Шекспир тек толғақты ойға толы, терең пәлсапалы трагедия ғана  жазған жоқ, оның комедиялық шығармалары да мол, құнды.   Небәрі аздаған уақыт аралығында  47 драмалық шығарманы өмірге әкелді. М.Әуезов  те саналы ғұмырында отызға жуық пьеса, либретталар жазды. Қазақ сахна өнерінің әлемдік классикалық драмматургия үлгісіне жетуін арман етті, осы мақсатта күш қайратын молынан төкті. Драматургия заңдылықтарын меңгеру, сахна шеберлігін дамыту тұрғысында өмірінің соңғы сәтіне дейін ғылыми, сыни мақалаларын жариялап тұрды [18].

М.Әуезов театр өнері  қазақта болған жоқ дегенге өзіндік  байламын білдірді, ол дүниежүзі әдебиеті мен өнерінің озық үлгілерін қабылдап, қазақ мәдениетінің, әдебиетінің өрістеуіне белгілі бір дәрежеде ықпал ететініне кәміл сенді. Үздік үлгіні қабылдап, үлгі алуымыз керек, ал бірақ оларды сол дайын күйінде ала салмай, өзімізде бар негізде, өз топырығымызда, «арнайы топырақтың үстіне іргесін орнатып, дүкен құрса, ол өнер әрі елдің өнері болып, әрі келешегін кең өріске беттеткен болады» [8], -дейді. «Театр өнеріне елдің салты, ескі өнері беретін жем көп», оған елдің әдет-ғұрпын, ойын-сауығын, ән-күй, өлең-жырын енгізу керек. Сонда ол қалың қауымға түсінікті, әрі сіңімді келетінін айтады.

Шекспир мен М.Әуезов шығармаларындағы тағы бір үндестік өмірдің, болмыстың сыртқы қызығынан  көрі ішкі құбылыс, адам психологиясын  көрсетуге ұмтылуында. Шекспир Гамлеті, Лир патшасы, Оттелло сыртқы орта салған сынға төтеп беруге ұмтылушы алас ұрып, іштей қынжылып, тығырықтан амал, жол іздеушілер. Бұған қарсы қойылған кейіпкерлер де бар. Шекспир өз шығармаларында адам өмірінің мәніне жауап іздейді. Оның барлық шығармалары адамгершілік пен опасыздық арасындағы күреске негізделген. Шекспир және Әуезов трагедияларында ержүрек, батыл, махаббат сезіміне адал кейіпкерлер өз мақсаттарына жету үшін күреседі, азап шегеді, опық жейді. Алайда, арманына жету мүмкін болмайды, үстем болып отырған, тамырын тереңге тартқан салт, әдет, ел қанына сіңген тәртіпті өзгерте алмайды. Шекспирдің Ромео мен Джульеттосының бір-біріне деген махаббатына олардың ата-аналарының өте ертеден келе жетқан өшпенділігі кедергі болды. Мұның соңы ғашықтардың қосылмай, өздерін құрбан етуге апарады. М.Әуезовтің Еңлік пен Кебегі де аталас туыстарының өзара  қарым-қатынасынан туындаған бітімнің құрбандары. Шығармада жастардың шексіз, албырт, пәк махаббаты баяндалады да ақ сезімге қарсы болған ру өкілдерінің трагедияға жеткізген қалпы айқын көрсетіледі [19].

М.Әуезовтің «Қаракөз»  пьесасының кейіпкерлері Қаракөз бен Сырым арасындағы ғашықтық сезім де жанбай жатып қарсы күштердің ықпалымен күшпен өшірілген. Шығарма трагедиямен аяқталған. Ал, ұлы қаламгер Шекспирдің «Оттелло» шығармасының алғашқы бөлігінде адамдар арасындағы теңсіздікке қарамай , қаһарман адамдар арасындағы теңсіздікке, бұғауға қарамай ғашығына қосылғандардың бірі. Бұл шығарма сол кездегі қоғамның жазылған, жазылмаған заңдарының осындай махаббатқа наразылықтың айқын дәлелді көрінісі. Трагедиядағы Дездемона бейнесі ерекше. Шекспир әйелдері өздерінің орнықты мінезімен, өрлігімен, ер  қаһармандарымен тең дәрежеде көрінеді. М.Әуезов трагедиядияларындағы әйелдер де трагедияның бас қахармандарымен тең түседі. Шекспир шығармашылығы Ренесанс дәуірінен кейінгі қалыптасқан жаңа өнердің алғашқы тасы саналады. Еуропа әдебиеті дамуының кез-келген сатысы, кейінгі әдебиет Шекспирге соқпай өтпейді. Шекспир шығармашылығын ұғыну, мұрасына баға беру ағарту дәуіріндегі Лессинг, Гете және ағылшын жазушы ағартушыларының   ықпалымен пайда болды. Шекспир шығармаларына деген жалпы еуропалық қызығушылық 19 ғасырда Романтизм дәуірінде дүниеге келді. Шекспирді ұлы тұту, ұстаз тұту осы кезеңде басталады [20]. 

Көркем аударма саласына бел шеше кірісіп, аудармаға тек  науқандық іс тұрғысында қарамай  жанын сала, бүкіл шығарманың шеберлігін барынша танытты. Аударма еңбектермен айналыса жүре көкейіндегі түпкі ойын да жасырмай: «Әрбір аудармашының әрекеттерінің табыстарымен, кемшіліктерінде ескертіп, тексерілмей жүр. Неғұрлым аудармалық еңбектеріміз көбейе түссе, соғұрлым аудармашылық тәжірибеге қорытынды, тиянақты жетекшілік пікірлер айту қажет бола түседі» - деп аударма саласындағы еңбектерді екшеп, таразылап,  оларға байыпты талдау жасауды керек екендігін айтады. Әуезов шетелдік және орыс  жазушыларының шығармаларын ана тіліне аударуда аударма саласындағы ізденудің нәтежиесінен туындаған біршама ерекшеліктерді  басшылыққа алып отырған. Мәселен шығарма кейіпкерлерінің аузына қазақи мақал- мәтел сияқты және басқа қазақша әшекей- бояуларды қолдануды жөнсіз санаған. Тургеневтің   «дворян ұясы» шығармасын аударғанда осы пікірін айқындай түседі. «Қысқасы, қазақ тіліне аударылғанымен Тургенев шығармаларына қазақтың тон-тымағын кигізу керек емес»[21],- деген байлам жасайды да осы қағиданы  өзінің аудармашылық тәжірибесінде  мүмкіндігінше сақтауға тырысады.

Жалпы  францкз драматургиясының маңдайтүзер темірқазығы саналған ұлы драматург Шекспир шығармаларын Мұхтар Әуезов орыс тіліндегі нұсқаларынан  аударды. Ұлы қаламгерлер арасындағы әдеби байланыс  туралы Қ. Сәтбаев «Әдеби байланыстар»атты еңбегінде ой қозғаған болатын.  Аударманың оңай ырық бермейтінін, синонимдер, идиома, мақал-мәтелдер мен  офоризмдердің аударуда тапқырлықтың қажет ететіндігін «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты шығармасында нықтап айтқан еді. Осы шығармасында М.Әуезов аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете жан-жақты талдау аса мәнді шарт, таңдалғанда  шығарманың идеялық көркемдік қасиеттерін аударманың бойына  қалай сіңіргендігін, образдылығын, түпнұсқасының  ырғақтық, үндестік шумақтың  ұқсатығын бере аударуды міндет санайды. Шекспир көптеген ағылшын мақал-мәтелдерінің авторы екендігі аян. Тек бір ғана «Гамлеттің» өзіндегі тамаша  байламдар қазірде ағылшын әдебиетінің алтын қорына қосылған қазына іспетті.  Шекспирдің өзі де ағылшын нақылдарын молынан пайдаланған. Оның шығармаларын аударуда М.Әуезов те ғұламалық танытады. Шекспир ерекшеліктерін толық сақтап, оның  негізгі  нұсқасына нұқсан келтірмей дәл баламаларын тауып отырған. Мәселен комедиялық шығармасы «Асауға- тұсаудың» атының өзі өте келісті[22]..

 Драматургия жанрларының  ішінде өмірге айрықша жақын  түрі-трагедия, өйткені бұл формада  тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар  мен сезімдер шайқасы, ойлар  мен идеялар қақтығысы ерекше  зор пафоспен, әрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық  әдебиетіміздегі трагедияда дара тұлғаның әлеуметтік қоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатыгез әдеттерімен шайқаста опат болады. Қаһарман алдында түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады. Трагедиялық рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Кейіпкер теңізде сұрапыл тебіреніс құшағында: ол өз ішіне терең  бойлайды. Ол қамырығады, қайғылы азапты жол кешеді, кедергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі. Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді. Трагедиялық  конфликт кейіпкердің тартқан азабы мен өліміне сабақтас. Бұл қосалқы, сырт сипаттардың бірі болып табылады. Ал трагедиялық тартыстың өзегі әлеуметтік-тарихи, қоғамдық-саяси қабырғалы оқиғалардың, күштердің шайқасында жатыр. Бұл қақтығыста кең құлаш, қоғамдық мағына, философиялық тереңдік бар. Трагедияның тағы бір маңызды сипаты – басты кейіпкер түрлі оқиғалар әлегінен үлкен қателікке душар келеді, зор адасуға ұшырайды. Бұл әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым – қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт қылады. Тағдыр, жазмыш бұйрығы тақылеттес ерекше жағдаяттан шығады[23]. Сөз жоқ, трагедиялық қателікке ұрыну, үйірінен адасу қаһарманды әуре сарсанға салады. Ол өз басын тауға да, тасқа да соғуға мәжбүр болады. Сонда да алға қойған мақсатына жету жолдарын іздестіреді, бірақ өзінен әлдеқайда сұрапыл күштер соққысынан мерт болады.

Информация о работе Француз әдебиеті