Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

XVII ғасырдың бірқатар Еуропа елдерінде корольдік билік орнаған соң, өнердегі ең басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм латын тілінен аударғанда "ең үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда XVII—XVIII ғғ. кең етек жайды. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және римнің классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизмге тән негізгі ерекшелік — көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Классицизм драмасында суреттелген кейіпкерлер, әдетте, үстем тап өкілдерінен ғана алынды. Төменгі тап өкілдері тек комедиялық шығармаларға ғана тән болды. Тақырыпты және шығармаға қатысушы кейіпкерлерді осылай таңдап алудың әсерінен, классицизм әдебиетінің жаңа түрлері — трагедия, комедия және батырлықты суреттеген поэмалар, поэзияныңлирикалық түрлерінен ода болды. Бұл кезеңдегі классицизмнің ірі өкілдері — Никола Буалоның поэтикалық толғаулары, Пьер Корнельдің, Жан Расиннің трагедиялары, Жан Батист Мольердің комедиялары, т.б. кеңінен мәлім [34].

 Театр өнеріндегі классицизм XVII—XVIII ғғ.  Францияда кең өріс алды. Ол Н.Буалоның "Поэтика өнері" атты теориялық поэмасы негізінде қалыптасты. Классицизм трагедияға тән кейіпкердің көңіл күйі мен сезім дүниесін орынсыз әсерлеп кәрсететін тәсілден арылуға әрі драмалық шығармалардың идеясын тереңірек ашуға жол салып, театрды шынайы өнер биігіне көтерді. Рөл үстінде саналы оймен жұмыс істеу актерлершығармашылығының негізгі бір шартына айналды. Бірақ актер ойнайтын қаһарманының ішкі жан дүниесінен гөрі оның сыртқы бейнесіне,сахналық қимыл-әрекетіне көбірек көңіл аударды. Мысалы, трагедиялық актерден өлең жолдарын мәнеріне келтіріп, сезіммен әсерлеп оқу ғана талап етілді. Ал, жалпы, актерлік өнерде шартты сахналық кимыл-әрекет кең қанат жайды. Мұның өзі актерлік амплуаны туғызды. Актерлік өнерде классицизмге тән қайшылықтар да бой көрсетті. Табиғатқа, ақыл-ой мен шындыққа негізделген сахналық ұстанымдар, көбіне тоғышарақсүйектердің және сарай төңірегіндегілердің талғам-талабынан аса алмады. Актерлер — сахнада кімнің рөлін ойнаса да, оны сұлу, өмірдегіден әлдеқайда "биігірек" етіп көрсетуге тырысты. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі, театрдан алыстады. Трагедиялық актер өнерінде музыкалы-поэтикалық декломацияға негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты классикалық спектакль — аналитикалық психологизмге, характерлерді ашуда монологтік қағидаға негізделді. Пьер Корнель, Жан Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор каһармандық пафосқа, психологиялық шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды. Франциядағы классицизмнің көрнекті өкілдерінің бірі - Пьер Корнель. Қаһармандық трагедияның жаңа үлгісін жасаушы. Ол ғасырдың гуманистік идеяларын толық білдіріп, классикалық драматургия жанрының биік эстетикалық нормаларын іске асырды. Корнельдің 1936 жылы жазған “Сид” трагедиясы француз театр тарихының өте маңызды кезеңін бастады. Драматургия мен театр саласындағы XVIII ғасырдағы француз театрын өз ықпалына бағындырған классицизм, осыдан бастап ең басты стильдік бағыт болды және Еуропаның басқа елдерінің драмалық және сахналық шығармашылығының дамуына әсер етті [35].

       Классикалық  трагедия жанры дамуының екінші  кезеңі Жан Расиннің атымен байланысты. Ол бұл жанрды терең эстетикалық мәселелермен және каһармандарын психологиялық жағынан суреттеумен байытты. Салтанаттық дерексіздік пен монументтілікке құрылған сахналық безендірулер спектакль формасын айқындады. Әсем көріністі декорация аясындағы тар, үнсіз просцениумда қозғалыссыз, симметриялы мизансценалар  құрылды. Спектакльдер, негізінен, симметрияға құрылған мизансценаларымен, монументтік сән-салтанатымен ерекшеленеді, ал актерлер тарихи және тұрмыстық нақтылықтан жұрдай декорация аясында ойнады. Классицизмнің актерлік өнерде орнығып калыптасуы Г.Мондори, Ж.Флоридор, Т.Дюпарк, М.Шанмеле сияқты француз актерлерінің шығармашылығымен байланысты болды [36].

XVII ғасырдың ортасында  классикалық комедияның реалистік  реформасын жасаған Жан Батист  Мольер қызметінің нәтижесінде,  қарапайым халық өкілдерінің  сахналық бейнесі жасалды. 1680 жылы  Парижде "Комеди Франсез"  театрының негізі қаланды. Актерлік өнерде әлеуметтік типтендіру мен түрлену өнерінің алғашқы белгілері орын тебе бастады. Мұның өзі еуропалық театрдың кейінгі даму сатысында, әсіресе трагедиялық актерлер ойынынан айқын көрініс тапты. Шынайы толғаныс, қарапайым стильге деген ұмтылыс Мишель Бaрон мен Адриенна Лекуврёр және т.б. актерлер өнерінен байкалды. Реалистік драматургияның өркендеуіне негіз салған "жоғары комедия" жанрын туғызушы, буржуазиялыққоғамның әлеуметтік мерезін аяусыз әшкерелейтін комедиялық шығарманың жаңа типін жасаушы. Жан Батист Поклен патша сарайының үй жиһазын жасаушы Жан Поклен шебердің отбасында туған. 1639 жылы Клермон колледжін бітіргеннен кейін Жан Батист Поклен театр жұмысына беріліп, Мольер деген бүркеншік ат алып, 1643 жылы "Әшекейлі театрды" ұйымдастырушыларының бірі болады. Бірақ оның пьесалары орындаушылардың тәжірибесі аз, актерлік шеберліктері төмен болғандықтан, бұл ісінен оншалықты нәтиже шыға қоймайды. Бұдан кейін ол Парижді тастап, соңғы он үш жыл ішінде көшпелі театр труппасымен халық алдында өнер көрсетіп, шағын комедиялық пьесалар жазумен шұғылданды. Провинцияда өткен жылдарында Мольер халық өмірінің ащы шындығын көреді. Болашақ драматург қайыршылықпен катар халықтың ақылын, күшін, ерлігін бағалайды. Мольер және оның актерлері — Франция қалалары Нанта мен Тулуза, Нарбонне мен Лиможде, Лион мен Гренобльде, Безье мен Руанда, доп ойынына арналған залдарда, қонақ үйлерде және ашық аспан аясында өз өнерлерін көрсетті. Мольер алғашқы көлемді "Ерке”, "Махаббат өкініші" атты комедияларын италия драматургтеріне еліктеп жазып, қарапайым халық өкілдерінің өмірін суреттеп көрсеткен. Мольер есімі патша сарайында 1659 жылы қойылған "Сөлекет қылмысы" пьесасынан кейін кеңінен мәлім болды. XIV Людовик корольдің сеніміне ие болып, театр ұйымдастыру, пьеса жазу, спектакльдер көрсету жұмысымен қызу шұғылданды. Сарай маңындағы тоғышарлардың қудалауына қарамай, шығармашылық үлкен табысқа ие болды. Ол: "Әйелдер мектебі", “Версалъ экспромты” т.б. комедияларын жазды. Әйтсе де Мольердің даңқын шығарған, оның: "Тартюф", “Дон Жуан", "Мизантроп" атты комедиялары болды. Аталған шығармаларында Мольер әлеуметтік мәселелерді шынайы суреттеп, ақсүйектер әулетінің екіжүзділігін, діни ар-ұжданның жалғандығын, Сарай маңындағы жандайшаптардың тоғышарлық жұмысын аяусыз әшкерелеп көрсеткен. Бұдан кейінгі жылдары жазған: "Сараң" "Скапеннің айласы", “Жалған сырқат” т.б. драматургиялық шығармаларында буржуазиялық қоғамның сан алуан мерезді көрінісін терең бейнеледі. Мольер комедиялары XVIII ғасырдың басынан Ресейдің театрларында қойылып келеді. Қазақ театрларында Мольердің "Сараң" “Ақымақ болған басым-ай"  т.б. комедиялары қойылды. Кейіннен Мольер қайтыс болғанда, шіркеуліктер "Тартюф" комедиясы үшін сүйегін шіркеу қасындағы зиратқа қойғызбады. Тіпті корольдің сөзіне де бағынбады. Париж архиепископынан приходтық зиратқа жерлеуге әрең рұқсат сұрап алынады [37].

 

Әдебиеттер:

  1. Франс А. Пингвин аралы. Ауд. С. Ембергенов. Алматы.,1961, 304 б.Остров пингвинов.
  2. Федин К.Анатоь Франс. - Собр. Соч. Т-9. М., 1962, с98-100.
  3. Хрестоматия по зарубежной литературе ХІХ века. Сост. А.Аникст. М., 1955
  4. Елизарова М.С.  и др. История зарубежной литературы ХХ века. М., 1972
  5. История зарубежной литературы ХХ века. Учеб. для студентов.2-ч. Н.П.Михальская, В.А.Луков, А.А.Завьялова и др., под.ред. Н.П.Михальской. М., Просвещение,1991-256.

 

 

Гюстав Флобер

(1821-1880)

Франциядағы реализмнің жаңа кезеңі ең алдымен Флобер есімімен байланысады. Оның шығармашылығы Францияның 50-60-жылдарындағы тіршілігінің тенденциясын көрсетеді. Флобердің шығармашылығы ХІХ ғасырдағы Бальзак реализмімен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында  пайда болған жаңа кезең, Э.Золя мен оның мектебін байланыстырып тұрған аралық деп есептеуге болады.  Өзінің қатарластары іспетті Флоберге 1848 жылғы төңкеріс ойраны қатты әсер етті. Сол кездегі әміршілік жүйені жек көре отыра жазушы тарихи болашақтың мүмкіндіктеріне күмәнмен қарады. Осы кезеңде ол өзінің тамаша буржуаздық ойранға қызмет етуге наразылық білдіре отыра шығармашылық істерін дамытты.

Гюстав Флобер 1821 жылы 12 желтоқсанда Руана қаласындағы  дәрігердің отбасында дүниеге келген. Бұл қалада болашақ жазушының  балалық, бозбалалық шағы өтеді. 1840 жылы лицейді бітірген соң Флобер Парижде заң саласы бойынша оқиды, көп ұзамай қатты науқастанып оқуын тастайды. Әкесінің өлімінен соң Руана маңындағы Круастағы отбасылық  мекенге көшіп барады. Осы жерде өмірінің соңғы күндерін де өткізеді. Флобер Испания, Италия, Греция, Египет, Кіші Азия, Алжир мен Тунисте де болып осы шет жерлердегі көңілге түйгендерін шығармаларына арқау етеді. 

Жасөспірім кезінде-ақ Флобердің көзқарастары шығармалары  арқылы көрініс тауып отырды. Шығармаларында Флобер қоғамдағы кертартпа мәселелердің, сорақылықтың етек алып бара жатқанын бақылай отыра оны шынайы ауыздықтауға жан сала кіріседі.  1851 жылғы Луи Бонопарттың мемлекеттік төңкерісінен кейінгі ел ішіндегі іріп-шіру Флобердің қоғамның кемшін тұстарын ашына жазуының құралы болды. Флобердің пікірніше сол тұстағы әскер, саясат, әдебиет те жалған еді.

Флобер қоғамды жан-жақты  бақылады. Оның  шаш  етектен сорақылығына деген жеккөрініші қоғамның идеологиясы  мен психологиясын, санасын, әлеуметтік мәселесін шынайы және терең зерттеуіне жол салды. Флобердің негізгі мақсаты әдебиетті буржуазияның ықпалынан арашалау, рухани қызығушылықты қорғау. 

Флобердің алғашқы шығармалары (1835-1849) үш томға жетерлік. Бұл шығармалар жазушының  шығармашылық жолын ескі романтикалық мектеп үлгісінде бастағанын айғақтайды. Оның алғашқы шығармалары сол тұстағы әдеби ағымның әсерін байқатады. Қоғамдық санамен, оның заңдары да көрініс тапқан. «Маргарита Бургундскаяның өлімі», «Флоренциядағы оба», «Тәжге үміткер екеу» новеллалары соның айқын дәлелі. Флобердің кейінгі шығармашылық жақтан жетілген тұстағы шығармаларында жаңа өмір бастағанмен қоғамның келеңсіздіктерінен көңілі қалып, қол жетпес бірақ күмәнді идеалды арман еткен жігіттің ішкі толқынысы байқалады.  

Флобердің эстетикалық  принципі мен қоғамға деген көзқарасын танытқан шығарма 1856 жылы жазылған - «Бовари ханым» романы. Шығарманы жазуға жазушы өмірінің бес жылын сарп етті. Жас қыз Эмма өмірді әдебиеттен оқығанындай етіп елестететін кейбір ұғымдарға өресі жетіп ұғына алмай, байыбына бара бермейтін. Жазушы өзінің кейіпкері Бовари ханым  оқыған кітаптарға сынмен қарайтын.

Роман кейіпкері Эмма провинциалдық емші Шарль Боваридің  үйлену жөніндегі өтінішін тез арада  қабылдада. Шарль мейірбан еді, жаман  қылықтардан аулақ жүретін адам болған. Автор оның бар болмысын ашатындай нақты, қысқа ғана мінездеме береді. Романтикалық әдебиеттерге қаныққан Эмма алғашқыда болашақ жарымен романтикалық махаббатты басынан өткергісі келген. Айлы түнде, бақ ішінде ол сүйгеніне махаббат жайлы өзі жатқа білетін барлық өлеңдерді оқып берді, тебіреніс пен сезімге толы ән айтты. Осыдан соң Эмма күнделіктегідей өзін жайбарақат, бірқалыпты ұстады және Шарльдің де асып-тасып бара жатқан махаббаты соншалықты біліне қоймады.    Ақыры Эммаға мұндай жағдайдан әбден қалжырады.

Флобердің Эммасы үнемі жұрт алдына жақсы көрінгісі келетін жасандылыққа бойы үйір әйел еді. Автор оған мынадай баға береді: «Эмма шіркеуді - гүлі үшін, сазды романстардың сөзі үшін жақсы көретін», дейді.

Эмма үнемі пір іздеумен болды және оның бұл әрекеті қателікке  ұрындырып отырды. Ол өзінің күйеуінің күні-түні жұмыс істейтін еңбекқор болғанын қалады. Өзінің Бовари есімінің танымал болғандығын, кітап сөрелеріне қойылып, газеттерге үнемі есімі қайталанып отырғандығын қалады. Алайда оның бұл арманы үнемі күйреуге апарды. Эмма таңдаған адамдар оны бір емес бірнеше рет сан соқтырды. Рудольф «дөрекі  жыртқыш, қызу қанды және қысқа байлам жасайтын күмәнді адам, ал Леон, Флобердің пікірінше өзін ерекше қаблетті және ірі ерліктер жасай алатын, биік санаған адам. Роман кейіпкері Эмманың ішкі күйзелісі заңды еді. Өмірді қатыгез санады, өзінше азап шеккен  Эмма оның осы бір қатыгездігіне әп сәттте өзі де түсіп кетеді. Күйеуіне немқұрайлы қарап, кішкентай қызына аналық мейірім төгуді де ұмытады. Әр кезде еш себепсіз өтірік айтады. Сыртқы ортаның күйзелісі мен қайғысынан бойын аулақ салады. Флобер шығармада осы мәселелердің шынайы мысалын келтіреді. Балдан қайтқан Эмма күйеуіне қарсы шыға отырып, түкке тұрмайтын дүниеге бола үй қызметшісін жұмыстан қуады. Оның священникпен арадағы әңгімесі де оның мінезінің ашыла түсуіне мүмкіндік береді. Ол бақытсыз адамдар деген қысқы отыны жоқ, жеуге наны жоқ адамдар екенін мойындамай, дінбасымен сөз таластырады. Өзінің материалдық мүмкіндігін ұмытқан ол кедейліктің қасіретін ұғына алмайды. 

Эмманың өмірі трагедиялы. Бірақ Флобердің қаламымен Эмманың трагедиясы оқырманға өкініш тудырмайды. Бұл трагедияға Эмманың өзі себепші.

Жүрек түбінде Эмма қандайда болмасын бір оқиғаның боларын күтті. Арғы жағалаудан ақ желкенді кеменің  менмұнадалап көрінетіндігіне күмәні болмайтын.  

Эмманың өлімі француз  провинциясының суретін толық көрсете  алды. Эмманың трагедиясы реалистік  трагедияға қарама-қарсы қойылған. Оның романтикалық істері оның қызының  үлкен бақытсыздыққа  душар етуіне әкелді. Шарль Боваридің өлімінен соң баланы оның тәтесі қолына алады. Ол өте кедей еді, сол себепті  Берта тоқыма фабрикасында жұмыс істеп күн көреді. Мұндай сорақы тағдырлар Эмма оқыған романтикалық кітаптарда жазылмаған еді. Сондықтан мұндай сорақылық оның санасына жетпеген де еді.    

Флобер шығармашылығы  ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттегі  жаңа реалистік әдістің толық  келбетін бере алады.

 

Гюстав Флобердің  шығармашылығы:

 

Романдары мен  повестері: Қараша.  - Ессіздің жазбалары.  - Бовари ханым.  - 

Саламбо.  - Сезім тәрбиесі.  - Бувар мен Пекюше.

 

Әдебиеттер:        

  1. История зарубежной литературы ХІХ века. Учеб. для фил. спец. вузов /Богословский, А.С.Дмитриев, Н.А.Соловьева и др. Под. Ред, Н.А.Соловьевой – М., Высш. шк., 1991.-637с.
  2. Хрестоматия по зарубежной литературе ХІХ века. Сост. А.Аникст. М., 1955
  3. Зарубежная литература  ХІХ века. Романтизм. Критический реализм. Хрестоматия. Под.ред. Я.Засурского. М.,1976.
  4. Романтические традиций американской литературы ХІХ века и современность / под.ред Я.Н.Засурского. М.,1982

История зарубежной литературы конца ХІХ века начало ХХ века. Под, ред.М.С.Елизаровой и Н.П.Михальской. 

Виктор Гюго

(1802-1885)

Виктор Гюгоның француз  әдебиетінде алатын орны ерекше. ХІХ  ғасырдың ірі әдебиетші Виктор Гюго келер ғасыр ұрпақтарына мол  мұра қалдырды. Олар лирикалық поэзия, сатиралық, лирикалық драма. Роман әдеби сын мақалалар және де хаттар қалдырды. Жарты ғасырлық шығармашылық қызмет жасаған Гюго уақыт ағымына ілесіп өз ғасырының ұлы идеяларының жүзеге асуында көшбасшы болған адам. Гюго өз заманының саяси оқиғаларына қатысқан, шығармалары арқылы демократиялық, гуманистік идеяларын алға тартты. Оның прозалық шығармалары яғни көлемді романдары әлемге танымал болғанымен Францияда оны ең алдымен ақын ретінде жоғарғы бағалайды.

Оның шығармашылық жолы ерте басталды. Он үш жасынан бастап, әдеби шығармаларын жазып, он бес жасынан бастап Француз және Тулуз академиясының лауреаты атанады. Ал он жеті жасында, «Генрих ІV-шінің ескерткішінің орнатылуы»  деп аталатын одасы үшін корольден арнайы сый-ақы алады. Өзінің алғашқы «Одалар және әртүрлі өлеңдер» деп аталатын жинағын 1822 жылы жариялайды. Гюгоның алғашқы одалары классицистік канонда болғанымен, келесі шығармалары жинақтарында классицистік  дәстүрден алшақ сюжеттік одалар пайда болғанын көреміз. «Вандея», «Вердендік бикештер», «Киберон» т.б. шығармаларында нақтылық басым. Гюго одалары күннен күнге дамыды, өзгерді. Бұрынғы одалық дәстүр мен стиль жаңаруға ие болды. «Жаңа одалар» (1924) атты жинағында саяси сарын байқалмады. Ақын жаңа жинақтарында лирикалық шығармаларын жаңартып, кеңейтіп отырды. 1826 жыл «Одалар мен балладалар» атты жинағын шығарды. Осы шығармалары арқылы Гюго өзін романтик ретінде көрсетті. Гюго поэзиясындағы жаңа үлгі 1828 жылы жарияланған шығыстық сарындар» атты жинағында көрініс тапты. Бұл жинақ классицизм канондарынан арылған және шығармашылық еркіндікті нақ көрсеткен жинақ. Шығыстық тақырыптарды таңдауда Гюгоны тек аптап ыстығы мен көк теңізі емес, шығыстың қатал дәстүрі  мен қиындықты тағдыр кешсе де өзінің таза жүрегін сақтап қалған, таза бейбіт әлемін орнатуды армандаған адамдар тағдыры қызықтырды.   Гюгоның шығыстық дастандары оның аса шеберлігін дәлелдей түсті. Ақын күллі халыққа өзінің өмірге деген шексіз сүйіспеншілігі, махаббатын, бақытын, өзінің поэтикалық әлемін айтып жеткізгісі келеді. Гюгоның бұл поэтикалық шығармаларында батыс пен шығыстың мәдениеті тоғысады. Әдеби және реалистік тенденциялары, тарихи маңызы арқылы реттеледі. Онда құран мен библия, Эсхил мен Шекспир, Наполеон мен Али-Паша, Грецияны азат етушілер мен шығыстық ғашықтар қатар қойыла суреттеледі.

Информация о работе Француз әдебиеті