Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

«Кішкентай  ханзада» кездейсоқ жазылған шығарма  емес. Автор бұған үлкен дайындықпен келді және оның жек көретін және ұнататын дүниелері шығармада айқын көрініс тапқан. «Кішкентай ханзада» оптимизмге, адамзат баласына деген сенімге,  оның мейірбандығына, пәктігіне үлкен сеніммен қарайтын шығарма. Шығарма оқырмандар жүрегіне жол тапқан уақытта жазушы Алжирде еді.

Ертегінің сюжеті  тым нәзік. Кішкентай ханзада  тек қана раушан гүлі мен  Баобаб өсетін  кішкентай астероидта өмір сүреді. Ертегі кейіпкері шындық іздеуге  құмар; «Сен білесің бе, шөл не себептен  керемет,- дейді ол , - оның кейбір жерінде тұмалар жасырынған...» Шынымен автор  сол жерден тұманы іздеп табады. Сенім мен үміт адамды қанаттандырады. Оны келешек істерге жетелейді, тылсым сұлулықты айқара ашуға көмектеседі – шығарманың негізгі мағынасы да осы.  Жарық жұлдыздар астында серуендеген кішкентай ханзада түрлі планеталарда түрлі адамдармен кездеседі. Арманынан айырылған саудагермен жолығады, ал ол тек санауды ғана біледі.

«Кішкентай ханзаданың»  авторы  1944 жылдың 31 шілдесінде Корсики  аралдарына әскери тапсырмамен барып сол жерден қайтпады.  Майор Сент Экзюпери еш хабарсыз жоғалып кеткенмен  жазушы  есімі  бүкіл әлемді шарлады.

 

Орта ғасырлық мәдениеттің  басты элементі — 
Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те 
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да 
XII—XIII ғ. француз поэзиясының тағы бір 
XIII ғ. ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес 
Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, 
Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса 
Францияда қала мәдениеті ХІ-ХІІ ғ. туындады. 
Театр өнері Англияда да қанат жайды. 
Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін 
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті  
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, шамамен 1000 ж. 
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи 
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — 
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып 
Шіркеулер үлкен қалаларда ғана емес, қалашықтарда 
Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция 
Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде 
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің 
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік 
Шамамен 1000 ж. бастап готикалық стиль 
Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі 
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған 
XIII ғ. аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық 
Германия Франция мен Англияға қарағанда готикалық 
Француз бен неміс халықтарының мәдени дәстүрлер 
Дүниежүзілік мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан 
Готикалық стиль XIV ғ. Англияда кең 
Орта ғасырлар дәуірінде готикалық стильде салынған 
Готикалық өнер өкілдері адамзат баласының арман-мұңын 
Алайда, XIII ғ. гүлденудің шарықтау шегіне 
Қорытынды  
Қорыта келгенде айтарымыз, орта ғасырлық мәдениет 

 
Баллада[1] ({{lang-la| ballo, прованс. balada — билеймін; нем. allade, фр. ballade, итал. ballata — би әні) — өнер жанры;

1) әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;

2) музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңге негізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты.

Алғашында, роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтардың би әнін, кейінірек Батыс Еуропа халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Ал, 13 — 15 ғасырларда Францияда полифониялық рефренді әндер (Гильом де Машо), Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды. “Робин Гуд және монах”, “Робин Гудтің Вилли мен Статлиді азат етуі”, т.б. балладалар осыны айғақтайды. Балладаның классикалық үлгісі Францияда қалыптасты. 28 жолдан тұратын француз классикалық Балладасы үш сегіз жолдық, бір төрт жолдық шумақтардан тұрады және сюжеті жеңіл не сюжетсіз лирикалық сазды өлең түрінде келеді. Франция балладаның ірі өкілдері: Э. Дешан, К. Маро, Ф. Вийон, П. Ронсар, К. Орманский, Х. Пизанский және т.б. Италия әдебиетіндегі баллада француз балладасынан құрылымы жағынан еркіндеу, стилі жағынан да өзгешерек болады, италиялық балладаның классикалық үлгілері Данте мен Петрарке шығармаларында көрініс тапты. Кейіннен, ағылшын және шотланд әдебиетінде баллада қарқынды дамыды. Және ол сюжетті лиро-эпикалық поэма түрінде жазылды. Англия балладасының ірі өкілдері: Р. Бернс, С. Коллидрж, У. Блейк, Р. Киплинг, Р. Соути, Р. Стивенсон. Германияда баллада алғашында хор әні түрінде қалыптасып, кейіннен антикалық миф пен аңыздарға негізделген лирикалық-эпикалық сюжетті өлең сипатындағы түрлері қалыптасты. Германияда балладаның өкілдері — И. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Л. Уланд,А. Брентано және т.б. 18 — 19 ғасырларда орыс поэзиясында романтизм мен сентиментализм ағымдары айқын көріне бастаған кезеңде балладаның қалыптасуына В. Жуковский, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Козлов, А.К. Толстой, В. Брюсов, т.б. ақындар ерекше ықпал етті. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын Ерубаев әкелсе, оның дамып, қалыптасуына Қ. Жармағамбетов ерекше үлес қосты.С. Ерубаевтың “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, т.б. балладалары болса, Жармағамбетовтың балладалары “Адам туралы аңыз” (1951), “Мұғалима туралы баллада” (1957), “Балладалар” (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Сәрсенбаев, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, К. Мырзабеков,М. Шахановтың балладалары қазақ әдебиетінде оның жанр ретінде қалыптасып, орныға бастағанын көрсетеді. Музыкадағы баллада жанры 18 ғасырда Германияда пайда болды. Оның гүлденуі австр.-неміс музыкасындағы романтизм ағымымен үндес келді (Шуберттің “Орман патшасы”, К. Лев, Р. Шуман, Х.Фольф, т.б.). Неміс мәдениеті ықпалымен баллада жанрыРесейге тарады (А.Н. Верстовский, А.Е. Варламова, М.И. Глинка, П.И. Чайковский, т.б.). Музыкадағы баллада қазірде кең тараған жанр ретінде танылады. Верстовскийдің “Қара шәлісі”, Глинканың “Түнгі байқауы”, А.Г. Рубенштейннің “Балладасы”, Бородиннің “Теңізі”, Мусогорскийдің “Ұмытылғаны”, т.б. осыны айғақтайды. Музыкада Ф.Шопен фортепьянолық балладалар жанрын дүниеге әкелді, бұл жанр кейіннен Э. Григ, А.К. Лядов, т.б. шығармаларында жалғасын тапты. Романтикалық баллада (ария) опералық шығармада да кездеседі (Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б.). Қазақ музыкасында да баллада жанры туып, өріс ала бастады. Ж.Жабаевтың өлеңіне арнап М.Төлебаев “Туған елім”, Е. Брусиловский менҚ.Қожамияров фортепьяно үшін, Ғ.Жұбанова баритон дауыс пен симфония үшін балладалар, Қ.Мусин “Сәкен Сейфуллин туралы поэма-баллада” жазды.

[өңдеу]Қазақ Әдебиетінде

Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев ("Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа", т.б.) окелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды ("Бидай туралы баллада", "Мұғалима", "Күзетші", "Кекті бала", т.б.). Жармағамбетовтың балладалары "Адам туралы аңыз" (1951), "Мұғалима туралы баллада" (1957), "Балладалар" (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қ.Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған

 

Франсуа-мари Аруэ де Вольтер - француз философы

Франсуа-мари Аруэ де Вольтер - француз философы, романист, тарихшы, драматург, Ағартушылық дәуірінің ұлы ақыны. 1694 ж. 21 қарашада Парижде дүниеге келді. Жас кезінен сатиралық өлеңдер жаза бастады. Оның сатиралық шығармалары герцог Орлеанскийге бағытталған болатын. Соның салдарынан, 11 айға Бастилияның абақтысына жабылды. Түрмеде отырып, ол «Генриада» поэмасын жазып шығарды. Ал оның 24 жасында жазған «Эдип» атты трагедиясы (1718ж) «Комеди-франсез» сахнасында үлкен табысқа жетіп, автор Софокл, Корнель мен Расин сияқты жазушылардың лайықты бәсекелесі деп танылды. Ол өзінің туындыларында ақсүйектерді сынға алғаны үшін Парижден қудаланды. Осылайша Вольтер Англияға барып, бір жылдай сол елдің әдебиетін, өмір салтын, қоғамдық ойларын зерттеді. Францияға оралған соң, өмірінің 20 жылын мадам дю Шатлемен бірге өткізді. 1745 ж. Француз Академиясына қабылданды. Вольтердің ең әйгілі трагедиялары – Заира (1732), Альзира (1736), Магомет (1741), Меропа (1743).Ол өзінің шығармаларында тарихи болған оқиғаларды жазды, саяси және діни тақырыптарды қозғады.Солардың қатарына: «Лиссабонның құрдымға кетуі» поэмасы, «Швеция королі Карл ХІІ-ң тарихы", «Людовик ХІҮ ғасыры», «Адам жайлы ойтолғаулар», «Уранияға жолдау» т.б. Ал оны философ ретінде танытқан «Философиялық хаттары» болды. мұнда ағылшындықтар жайлы жазылғандықтан, кейде «ағылшындықтар туралы хаттар» деп те атайды.Ал оның ең әйгілі философиялық повесі - «Кандид». 

Шоқайтанушы белгілі  ғалым Әбдіуақап Қараның Мұстафа  Шоқай туралы 2002 жылы түрік, 2004 жылы қазақ тілдерінде басылып шыққан еңбегі 2013 жылы 21 қантар күні француз тілінде жарық көрді. Париждегі “Ларматтан” баспасынан жарық көрген еңбекті түрік тілінен Айлин Тапиа, аударманы ғылыми тұрғыдан қарап баспаға дайындаған профессор Стефан де Тапиа. Кітаптың артқы мұқаба бетінде мына сөздерге орын берілген:

“Қазақстанның тәуелсіздік тарихында Францияның ерекше орны бар. Мұның себебі Қазақстанның Кеңес Одағынан тәуелсіз болуына өмірін арнаған Мұстафа Шоқайдың осы орайдағы күресін 1921-1941 жылдары Париж қаласында жүргізген болуы.

1917 жылы Ақпан Төңкерісінен  кейін тоталитарлық патшалық жүйе құлап Ресейде демократиялық жаңа саяси жүйе орнату мүмкіншілігі пайда болған уақытта ондағы башқырт, қазақ, қырғыз, өзбек, татар және түркімен сынды халықтар өздерінің ұлттық мемлекеттерін құруға ұмтылды. Бұлардан қазақтар Орынборда Алаш Орда ұлттық үкіметін сондай-ақ өзбектермен тізе қоса отырып Қоқан қаласында Түркістан үкіметін жариялады. Мұстафа Шоқай Түркістан үкіметінің басминистрі қызметін атқарды. Осы үкіметті Большевиктердің құлатуынан кейін, Шоқай А.Керенский, П.Милюков сыяқты орыс демократтарымен бірге Еуропаға шығып Францияда саяси күресін жалғастырды.

1939 жылы Дүниежүзілік  екінші соғыс басталғанда Шоқай  үшін кезінде өзін құшақ жайып  қарсы алып отанының тәуелсіздігі  жөнінде күресіне мүмкінлік берген  Франция екінші отан сипатында еді. Сондықтан Франция үшін Нацистик Германияның басып алу қаупі төнгенде, Шоқай Ресейден келген өзге саяси эмигранттар секілді АҚШ-қа жан сауғалап қашуды қаламады. Французлар сыяқты соғыстың ауыртпалықтарына төзуге тәуекел етті. Алайда Францияны жаулап алған немістер 1941 жылы маусым айында Шоқайды үйінен тұтқындап әкетті. Содан Шоқай 1941 жылы, 27 желтоқсанда Берлин қаласында дүние салды. Шоқайдың есімі 1923-1941 жылдары арасында өмір сүрген Париждің Ножан сүр марн қалашығындағы бір саябаққа берілген.

Француз саяхатшысы әрі ғалымы Г.Мозердiң қазақ жерiне алғашқы саяхаты туралы өз қолжазбаларында жазған болатын.

1885 жылы Парижде француз  тiлiнде Генрих Мозердiң «Орталық Азия мен Қазақ даласына саяхаты туралы қолжазбалары» деген кiтабы жарияланған. 
Бұл кiтапта саяхатшының аталған елдерге қашан барғаны, қалай барғаны туралы қызықты деректер баяндалады. 
Сол сапары туралы жазған кiтабында: «Орынбордың айналасындағы қазақтар (қырғыздар) жылдың төрт мезгiлiнде үлкен территорияда көшiп-қонып жүредi. Отандарын өлеңге қосып, мадақтайды, шексiз, жазық далада өздерiн бақытты санайды, әрi еркiндiкте өмiр сүредi» деп жазыпты. 
Рас, бұл өлкенiң қысы суық болады; кейде боран соққанда күллi керуен ақ қардың астында қалады, бiрақ қазақтай төзiмдi халық – дүние жүзiнде жоқ! – деп жазады автор. Содан соң, Г.Мозер қазақтардың әдет-ғұрыптарын суреттейдi: «Қазақтар сәндi киiнедi, әсiресе, қыздары мен әйелдерiнiң киiмдерi өте көркем болып келедi, жазғы киiмдерi жiбектен, барқыттан, ал қысқы киiмдерi төрт түлiк малдың жұқалап иленген терiсiнен жасалады. 
Ыстық күнде бастарына тақия, қыста түлкi тұмақ немесе қойдың терiсiнен бөрiк киедi.Қыздары үкi қадап, шолпы тағады, шаштары ұзын болады, оны өрiп қояды. Күйеуге шыққан соң, жас әйелдер шашын көрсетпейдi; басына ақ орамал жамылады. Әйелдерi үй шаруасымен айналысады, ер адамдары мал бағады. Бай адамдардың бiрнеше әйелдерi болады; олар бiр-бiрiнен оқшау ауылдарда тұрады. Егер ер адам бiр әйелiмен ренжiсiп қалса, ол екiншi не үшiншi әйелiне кетiп қалады. Дүниеге жас нәресте келсе, оны 40 күн шомылдырады. Ұл-қыздарын үкiдей мәпелеп, тазалыққа баулиды. Он жасқа келгенше қыз балалар да, ұл балалар да бiр түстi киiнедi; ұл баланы қыз баладан айырып тану үшiн, ұл баланың шашын тып-тақыр ғып, ұстарамен алып тастайды. 
Үлкендерi шаш қоймайды».

Саяхатшы Г.Мозер аталған  кiтабында қазақтардың дiни көзқарастарына да тоқталады: «Қазақтар мұсылман дiнiне iлтипатпен қарайды, алайда, дiннiң кейбiр наным-сенiмдерi мен ырымдарын қабылдамайды, соқыр сенiмге (фанатизм) бас имейдi. Өте адал, зерек халық», – дейдi. 
Кiтаптың бiрiншi бөлiмi, саяхатшының Шымкенттен шығып, Ташкентке баруымен бiтедi. Генрих Мозердiң «Орталық Азия мен Қазақ даласына саяхаты туралы жолжазбаларының» екi түрлi ерекше құндылығы бар: бiрiншi, көшпелi дәуiрдегi қазақтардың жақсы қасиеттерi жөнiнде және олардың этнографиясы туралы жан-жақты мағлұмат бередi; екiншi, Қазақстан мен Францияның арасындағы достық қарым-қатынастың әрiден басталғанын бiлдiредi.

 
 

 


Пайдаланған әдебиет


  1. Әуезов М. энциклопедиясы - Алматы, Атамұра баспасы, 2011 ж.
  2. Әуезов М. Индия очерктері. Алматы. 1958 ж.
  3. Сейфуллин С. Қазақ  әдебиеті хрестоматиясы. Қызылорда, 1931 ж.
  4. Қабдолов З. Өмір ұшқыны. Алматы, 1956 ж.
  5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 1998 ж.
  6. Сүйіншіәлиев Х. XIXғасыр әдебиеті. Алматы,1985
  7. Әуезов М. Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар. 1937 жылы
  8. Жұртбай Т. М.Әуезов аудармалары. Алматы, 2009 ж.
  9. Нұрқатов А. Әуезов творчествосы. Алматы, 1965 ж.
  10. Әуезов М. Шығармалар жинағы. 6 – том. Алматы, 1988 ж.
  11. Әуезов М. Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері.
  12. Әуезов М. Қорқыныш. Қазақстан, 1934 ж.
  13. Әуезов М. Ревизор аудармасы туралы. \\Қазақ әдебиеті\\ 1976 ж.
  14. Әуезов М. Аударма пьесаларының маңызы. \\Қазақ әдебиеті\\ 1984 ж.
  15. Жұртбай Т. М.Әуезов сарыны. Алматы, 1989 ж.
  16. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991 ж.
  17. Әуезов М. Шығармалар жинағы. X том. 1998
  18. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. Алматы 1968
  19. Жұртбай Т. Еңлік-Кебек пьесасының тарихи негіздері. Алматы,1997 ж.
  20. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1963 ж.
  21. Ғабитов Т. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы, 1987 ж.
  22. Сәтбаев Қ. Әдеби байланыстар. Алматы, 1988
  23. Кеннан Д. Трагедия жанрының тарихы. Алматы, 1890 ж.
  24. Мұхамедқанов Қ. Әуезов белестері. Алматы, 1993 ж.
  25. Кеннан Д. Сібір және Сүргін. 
  26. Зарубежная литература  ХІХ века. Романтизм. Критический реализм. Хрестоматия. Под.ред. Я.Засурского. М.,1976.
  27. Ранний французский романтизм. Н.П.Козлова // Кітапта: История зарубежной литературы ХІХ века. Под ред. Н.А.Соловьевой. Москва, Высшая школа, 2000, 316-стр. 
  28. Гюго В.  Күзгі жапырақтар. 1831 ж.
  29. История зарубежной литературы ХІХ века. Учеб. для фил. спец. вузов /Богословский, А.С.Дмитриев, Н.А.Соловьева и др. Под. Ред, Н.А.Соловьевой – М., Высш. шк., 1991.-637с.
  30. Гюго В. Әдеби консерватор.             
  31. Гюго В. Вальтер Скотт туралы, 1823
  32.   Гаврош.  Мюссе, Готье, Гюгоның кемелденген лирикасы.
  33. Гюго В. Ауд.М.Саттаров. Алматы, 1953, 48б. Наврош.
  34. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1965 ж.
  35. Корнель П. Сид. 1965 ж.
  36. Мырзахметов М. Классикалық трагедия. Алматы, 1982
  37. Данден Ж. Мольер коммедиялары. Париж, 1965 ж.

Информация о работе Француз әдебиеті