Француз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Содержание

КІРІСПЕ
I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті
1.1 Алғашқы көркем прозасы
1.2Әдеби шығармашылық үндестік
II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің алар орны.
2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.
2.2.Француз әдебиетіндегі класицизм жанрының алатын орны және оның белді өкілдері.
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

француз адебиети ПОЛЬНЫЙ.doc

— 614.50 Кб (Скачать файл)

 

I. М.О.Әуезов шығармашылығы және Француз әдебиеті

 1.1 Алғашқы көркем прозасы

 1.2Әдеби шығармашылық үндестік

          II. М.Әуезов прозасының кемелденуіндегі француз әдебиеті жәдігерлерінің   алар орны.

   2.1. Француз әдебиетіндегі роман жанры, кемелденуі.

   2.2.Француз әдебиетіндегі  класицизм  жанрының алатын  орны және оның   белді өкілдері.

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің көркем мұрасы – біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Мұхтар Әуезов — өзінің энциклопедиялық құлашты білімімен, асқар талантымен рухани өмірдің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл қазақ мәдениетіне ықпал жасады. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы қойған талаптар оны сол кезеңдегі басқа да аса көрнекті қазақ зиялылары сияқты әрі жазушы, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері болуға ұмтылдырды. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің сан қырлы таланты оның өнердің қазақтар үшін бұрын белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын тұңғыш қалыптастырушылардың қатарынан көрінуіне айқын жол ашты. Әуезов — тұңғыш кәсіби драматург, ұлттық театрдың тұңғыш режиссері әрі ұйымдастырушысы, тіпті тұңғыш кәсіби әдебиеттанушы да. М.Әуезов сонымен бірге тұңғыш әдеби киносценарийлер мен опера либреттоларының алғашқы авторы болды.

Егерде, ұлылықтың  өзін сол адам өмір сүрген қоғамның даму заңдылығы мен қайшылықтарының  арасындағы қақтығыстарға деген көзқарасы арқылы бағалар болсақ, онда жиырмасыншы ғасырда әлем таныған суреткерге қолданылатын өлшемдердің бірде-біреуі Мұхтардың таным-тағдырын таразылап бере алмас еді. Бұл ретте ол: «Данышпандар ешқандай ережеге бағынбайды, керісінше, өзгелерді өз ырқына бағындырып, өзіне еліктіретін бейнені дүниеге әкеледі» деген ағылшын ғалымы Эдуард Юнгоның пікірін еске түсіреді.  Демек, Мұхтар Әуезовтің тұлғасы өзіне өзі ғана өлшем болады. Басқа тұлғаның көлеңкесімен кесіп-пішуге келмейді, ондай үлгі жоқ.

Кешегі кеңестік идеологияның тұсында үнемі қазақ әдебиетін басқа ұлттар әдебиетінің көлеңкесінде қарау немесе сол әдебиетке теңгере салу белгілі дәрежеде орын алып келді. Кезінде әлемдік деңгейге көтерілген М.Әуезовтің жазушылық шеберлігінен басқа халықтар әдебиетінің өкілдері де үлкен өнеге алып отыр. Қазіргі уақытта әдебиеттің тарихы саласында «Әлем әдебиетіндегі М.Әуезов дәстүрі» тақырыбы өзекті және мазмұнды болып саналады. Себебі М.Әуезовтің сан қырлы дәстүрін басқа ұлт әдебиетінің өкілдері өздеріне әдеби дәстүр тұрғысынан игеруде.  

М.Әуезовтің  өмірі мен шығармашылығы бүгінгі  таңда Әуезовтану ғылымының нысанына айналып отыр. Сондықтан да оның өмірі мен шығармашылық жолына және көркемдік әлеміне арналған әр саладағы ғалымдар мен сыншылардың, әдебиет  зерттеушілерінің 3350-ден астам монографиялары мен мақалаларының жарық көруі заңды.

Бүгінгі таңда дарқан дарын, ғұлама ғалым, тарлан суреткерлер арасындағы достық қарым-қатынастар мен шығармашылық байланыстардың алуан  сырларын жан-жақты аша түсіп, олардың  бір-біріне тигізген игі ықпалдары мен өзара әсерлеріне көңіл аудара отырып, күн өткен сайын кемелдене, дами түскен мәдени, әдеби байланыстардың негізгі ерекшеліктері мен оның мәнін ашу – әдебиеттану ғылымының алдында тұрған келелі де, соны мәселелердің бірі. Өйткені белгілі суреткер Г.Марков: « ... әдебиеттердің өзара әсері мен бірін-бірі байытуы, әрқашанда келелі әңгімені керек етеді» деген болатын. Міне, солай екен,  халықтар әдебиеттерінің бір-бірінің дамуына тигізген игі әсерлері мен ықпалдарына ой көзін тігіп, барлай назар аударғанда, онда қаламгерлердегі бір-бірінде болған тікелей еліктеуден іздемей, әрбір  суреткердің  өмірге көзқарасынан, жазушылық позициясы мен концепциясынан, асқар арман, ізгі мұраттарынан іздеу керек.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алатын, қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің әлем әдебиетіндегі тұғырын айқындау. Осыдан келіп зерттеу жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

  • Мұхтар Әуезов сусындаған арналарды айқындап, ол нәр алған

тамырларды  саралау;

  • Жазушының шығармашылық әлеміне Шығыс әдебиетінің

тигізген  әсерін айшықтау;

  • Мұхтар Әуезовтің Орта Азия халықтарының әдебиетіне

тигізген  әсерін талдау;

  • Жазушының танымына орыс әдебиеті классиктерінің  әсерін

көрсету;

  • Мұхтар Әуезов шығармашылығына Еуропаның ой-пікірлерінің,

тарихи танымының, қоғамдық құрылымдарының, көркемдік  әлемінің ықпалын айқындау;

  • Қазақ әдебиетін дүниежүзілік деңгейде дамытудағы Мұхтар Әуезовтің

атқарған жетекшілік қызметін  анықтау;

- М.Әуезовтің  әлемдік туындыларын саралау.

Зерттеудің  нысаны. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Көксерек» повесі, «Абай жолы» роман-эпопеясы зерттеудің нысаны ретінде алынды.

Зерттеудің  дереккөздері. Аталған мәселелердің шешімін табу үшін көптеген ғалымдардың, әсіресе М.Әуезовті әлемдік тұлға ретінде қарастыру мәселелеріне арналған бірқыдыру еңбектерді басшылыққа алынды. М.Әуезовтің шығармашылығын зерттеген әдебиеттанушы ғалымдар, сыншылар А.Нұрқатов, М.Қаратаев, Ы.Дүйсенбаев, Е.Лизунова, Л.М.Әуезова, З.Қабдолов, З.Ахметов, Б.Сахариев, Қ.Мұхаметханов, Р.Нұрғалиев, С.Қирабаев, М.Мырзахметов, К.Сыздықов, Т.Жұртбай, Ж.Дәдебаевтардың еңбектері негізге алынды.

Жұмыстың  ғылыми жаңашылдығы. Абай өз заманының «жұмбақ жаны» болғандығы баршамызға белгілі. Ал Әуезов болса өзінің көркем романдары мен ғылыми зерттеулері арқылы осы бір жұмбақты тарқатып оның тереңіне бойлай енуге күш салды. Енді «баяғы жартас бір жартас болған, соқтықпалы соқпақсыз» жердің жұмбағын шешкен Мұхтар Әуезовтің өзі әдебиетшілер үшін терең де жан-жақты зерттеудің сарқылмас қазынасына айналды. Қазіргі егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алған шақта, дініміз бен ділімізді түгелдеп, өз болмысымызды, дәстүрімізді саясаттың салқынынсыз жаңаша зерделей бастаған тұста М.Әуезовтің  әлемдік тұғырын және әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасындағы тарихи сабақтастықтың, ықпалдастықтың болғанын тереңірек, жаңа қырынан зерттеу қажет деп есептейміз.

Мұхтар Әуезовті Бальзакпен, Толстоймен, Гетемен, Достоевскиймен, Тургеневпен, Шолоховпен салыстыру жиі кездеседі. Әлем әдебиеті алыптарымен қатар қою жағынан алғанда, бұл дұрыс та. Алайда әр классик – қайталанбас дара тұлға. Мұхтар Әуезов – қазақ халқының ұлы перзенті, қазақтың Әуезові, сонан кейін барша адамзаттың Әуезові. Мұхтар Әуезов – таланты бірден жарқырап көрініп, көзі тірісінде аты әлемге әйгілі болған қаламгер. Осыны еске сақтай отырып, жұмыста екі бағытта зерттеу жүргізілді. Біріншісі М.Әуезовтің әлем әдебиетінен нәр алған көздерін қарастыру болса, екінші бағытта әлем әдебиетіндегі Әуезов дәстүрін саралау тұрғысынан  ізденістер жасалды.  

Зерттеудің  әдістері. Жұмысты орындау мақсатына қарай, баяндау, саралау, талдау әдістерін пайдаландық. 

Жұмыстың теориялық  және практикалық маңызы. Диплом жұмысының

 барысында  алынған нәтижелер мен тұжырымдардың, қорытындылардың теориялық және практикалық мәні зор. Зерттеу нәтижелері жоғары және арнаулы оқу орындарының филология бөлімінде қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетін өту барысында, арнайы курс, арнайы семинарларда, сондай-ақ,  педагогикалық колледждердің, орта мектептердің әдебиет пәнінде М.Әуезовтің әлемдік әдебиеттегі орны туралы сөз қозғағанда пайдалануға болады. Әсіресе, М.Әуезов  шығармашылығы туралы ғылыми жоба қорғау, реферат жазу, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін атқара алады.  

     Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тарауды қамтиды.

 

 

 

 

І  Әлем классиктері шығармашылығы  Мұхтар Әуезов аудармасында

2.1 Алғашқы  көркем прозасы

 

(Әдеби шығармашылық  үндестік)

М.Әуезов мұраларының  рухани өзегі

және мұхтартану мұраттары

 

Таңдамастан жастай жолдың дұрысын,

Жас болып та, көрген күнің  құрысын

Ә.Жәми

Қазақ әдебиетінің арналы кең саласы абайтанудың бағыт-бағдарын айқындап, Абай мұрасын жинау, насихаттау, жариялау, Абай мұрасының ғылыми негізін салу, Абайдың көркем бейнесін талдау, әдебиет тарихына абайтану курсын еңгізу сынды абайтануға қатысты ғылыми-шығармашылық еңбектерінде М.О.Әуезов Абайдың кемеңгерлік ғұмырбаянын оның рухани бұлақ көздерінен өрістете саралап жазуы тегін емес. Өйткені, дала ұстазы Абайдың: «Адамның адамдығы жақсы ата,жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (1,124),- деген сөзін жадына берік түйген ғұламаның бүкіл шығармашылық өмір жолы да осындай үш тағаннан, яки халық мұрасынан, Абай тағлымынан, Алаш арыстары мен замандас зиялылардың ұлтжандылық, күрескерлік рухани ортасынан үлгі алды.

Сондықтан, М.О.Әуезовтің  жан сарайын, күллі әдеби, ғылыми, қайраткерлік еңбектерінің ішкі терең  сырларын түсініп, тану-кемеңгердің нәр алған рухани өзегін айқындаудан басталмақ.

Әлем мәдениеті тарихына туған халқының парасат болмысын танытқан М.О.Әуезов даналығы ең алдымен  туған шаңырақтан нәр алды. Өйткені, даналық өз жұртының ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық рухани қазыналарының інжу-маржандарын өз бойына сіңіріп барып, оны заман талаптарына сай еліне жаңғыртып, түлетіп жеткізуден тумақ. Туған М.Әуезовтің Ж.Аймауытовпен бірге Ташкентте шыққан «Алаш» газетінің 1917 жылғы 30-наурыздағы 16-санында жарияланған ең алғашқы баспа бетін көрген еңбегі «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласындағы ой сілемдерінен бастап, «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Барымта», «Бүркітші», т.б. әңгімелері мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы фольклорлық, этнографиялық, этнопедагогикалық мол суреттемелері айқын дәлел. Алғашқы публицистикалық еңбектерінің өзінде-ақ: «Бәр адамның туып, өскен елі, жасынан жаттап өскен ғадеті, нанымы, тұрмыс қалпы сол адамның ақыл, мінезіне із қалдырмай тұрмайды. Бұл қалдырған із көңілге кіріп, ерікті билеп бәр адамға өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді» (2),-деп,халық мұрасының тағлымдық мәнін ашып айтумен шектелмей,өзінің осы өзгеше қайсар өлшем, таймас берік танымынан айнымады. Бұл орайда М.Әуезов еңбектерінің екі арнада өрістегені белгілі. Оның бірі-ғалымның халық мұрасын ғылыми зерттеу нысанына алуы болса, екіншісі-оларды суреткердің көркем туындыларына өзек етуі болатын. Мұның алғашқысына 1922 жылы «Шолпан» журналының 3,4-сандарында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты мақаласынан бастап, диссертацияларында, монографияларында, ғылыми-зерттеу мақалаларында, түрлі жинақтар мен оқулықтарды басылған еңбектерін, ал екінші арнасына «Еңлік-Кебектен» бастап, «Абай жолы» роман-эпопеясына дейінгі көркем туындыларын жатқызамыз. Мұның сыртында халық көпшілікті халық мұрасын жинауға ат салысуға шақырып, 1975 жылы 23-көкекте «Қазақ тілі» газетінде «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» атты мақала жазып, онда ұлт мәдениетін дамыту үшін оқу саласындағы тіл, әдебиет, тарих, салт-дәстүрді өркендету керектігін, ал бұлардың өркендеп, өсуі ел епсілігін халық ішінен жинап, бастыруға байлаулы екендігін айтып қана қоймай, өзі бас болып 1924-25 жылдары «Таң» журналына, кейін өмірінің соңына дейін түрлі басылымдар мен жинақтарға фольклор мұраларын үзбей бастырып отыруының  өзі зор ғибратты тағлым екені аян. Мұның қай-қайсысы болмасын ұлтжанды кемеңгерге оңайлықпен келген жоқ. Мәселен, 1927 жылы М.Әуезовтың «Әдебиет тарихы» атты қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш оқулығы Қызылордада жарыққа шығып, ондағы ғалымның жазба әдебиеті балаң қазақ жазушылары үшін халық мұрасын игеріп, одан үйрену керек деген пікіріне қарсы Ғ.Тоғжановтың 1929 жылы басылған «Әдебиет және сын мәселелері» атты кітабындағы сол кездің тұрмысты социологиялық сынына салып, қазақ фольклоры байлар мұрасы, сондықтан жас кеңес жазушыларына одан үйрену керек деу саяси қате пікір деген мәндегі  проеткульттік сын семсері оқулықтың ғылыми айналымнан алынып тасталғанынын көп кейін шықса да, М.Әуезовтің осы саладағы еңбегін тануды көп жылдарға кейін шегерді 1971 жылғы А.Марченко «Абай жолы» роман-эпопеясын сынап, «Вопросы литературы» журналының 9-санындағы «Еркін романның мүмкіндігі» атты мақаласында: «М.Әуэзовтің», «Абай жолы»- роман-эпопея емес, бастан-аяқ аңыздар. Шығармада өмір шындығынан гөрі, фольклорлық мұра басым (3)- деп жазды. Соған орай «Қазақ әдебиеті» газетінің 1971 жылғы 10-желтоқсандағы санында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында өткен А.Марченко мақаласын талқылаған ғылыми жиынның есебі «Алтынды тат баспайды» деген атпен жарияланды.

Міне осы жай түптен келгенде М.Әуезов мұрасының фольклорлық  сипаттарын жоққа шығаруға емес, қайта  зерттеу нысанасына алуға түрткі болды. Сөйтіп Р.Бердібаевтің «М.Әуезов және Шығыс әдебиеті, З.Ахметовтің «Поэтика эпопей», «Путь Абая» в свете  историй ее создания», Ә.Молдахановтың «М.Әуезов-фльклортанушы», т.б. да бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан зерттеулердің тууына жол ашты.

         Әдебиет халық өмірінің көркем  шежіресі десек, М.О.Әуезовтің  халық мұрасын әдеби, ғылыми  тұрғыда өз шығармашылығына өзек етуін терең талдап, таныту-бүгінгі Мұхтартану ғылымының өзекті мұраттарының бірі болмақ.

         М.Әуезовтің ұлт кемеңгері болып  қалыптасуына өзінің зор рухани  ықпалын тигізген ұстазы Абайдың  тағлымы болды. Сәби шағынан  атасы Әуездің үйретуіменАбай өлеңдерін жаттап өскен, алты жасында Абай атасының алдын көріп, батасын алған, Абай жолын өз ғұмырына үлгі тұтқан М.Әуезов 17 жасында Абайға арналған әдеби кешті өткізуге ат салысып, тұңғыш «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»(«Абай» журналының 1918 жылғы 2,5 сандары) атты мақалаларынын бастап, «Абай Құнанбаев» монографиясы мен «абай жолы» роман-эпопеясын жазып аяқтағанға дейінгі жарты ғасырға жуық өмірін рухани ұстазының даналық келбетін туған халқына ғана емес, әлем жұртына танысуға арнады. Әрине, абайтану саласындағы тұңғыш ғылыми пікірдің иесі-Әлихан Бөкейханұлы екені аян. Ол 1903 жылы шыққан «Киргизский край» атты жинақтың ХХ111 томының «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты тарауында Абайдың өмірі мен өнеріне: «Қазақ поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты айтуға болады». Ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы. «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің тамаша аудармаларын жасаған да сол (4,204)-деп, жоғары баға берген. Алайда, абайтану ғылымын әдебиет тарихына еңгізіп, Абай мұрасын жеке ғылым арнасыны айналдырған тұлға-М.О.Әуезов. Абай мұрасын танытуда М.Әуезов өз еңбектерін Абай мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, Абайдаң көркем бейнесін сомдау, абайтануды ғылыми жүйеге енгізу бағыттарына топтастырды. Осы жолдағы өз ізденістерін сан-салалы бағыттарда жүргізді. Олардың кейбірі мыналар:

1. Абайдың ғылыми ғұмырбаянын  жазу. Жалпы Абайдың тұңғыш библиографы-  Кәкітай. Ол 12 жасынан Абай тәрбиесінде  өсіп, ақын ғұмырын жетік білген. Ал М.О.Әуезов Абайдың өмірбаянын жазуды 1922 жылы бастап, 1925 жылы ақынның толық тұңғыш жинағын даярлаумен қатар аяқтаған. Алайда Абай жинағы С.Мұқановтың, А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына орай жазған мақаласынан басталған сынның кесірінен 1933 жылы ғана жарыққа шықты. Осы жинаққа енген Абай ғұмырбаяны М.Әуезов қаламынан туды. М.Әуезовтің Абай өміріне арнап жазған төрт ғұмырбаян нұсқаларының ішіндегі қоғамдық-саяси, идеологиялық ықпалдардан таза, шынайысы осы нұсқа

Информация о работе Француз әдебиеті