Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................3

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4
1.1 Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін
ашатын алғышарттар................................................................4
1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты
Мүмкіндіктері...........................................................................7

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9
2.1 Аралас экономиканың қалыптасуының
Материалдық-техникалық негізі.............................................9
2.2 Аралас экономика жүйесі және оның басты
ерекшеліктері...........................................................................11

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................................................................................14
3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас
экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14
3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер.
Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18
3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары....................................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: «бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады». Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі аныңырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

Аралас экономиканың мәнді бір сипаты – микро-мақро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады. Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекелеген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы – бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып тек қана, ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

 

 

 

 

II Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету   заңдылықтары.

 

2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.

 

    

Ұжымдық өндіріс шаруашылықты жүргізу типі ретінде тарихи жағынан таза күйінде алғашқы қауым құрылысының бастапқы кездерінде де болған жоқ. Ол туралы натуралды, одан кейін тауарлық өндірістің оқшауланған кезінен ғана айтуға болады. Капитал феодалдық қоғамның даму барысында укладтың бірі ретінде тек еңбекті қамтып қоймай, ұсақ қолөнер өндірісін өзгертіп, оны жоғары , өндірістің түрі- кооперация. Кооперативтік еңбектегі барлық артықшылық капиталистік өндірістің ұсаққа қарағанда артықшылығы болып көрінеді. Кооперацияның өзі капиталистік шаруашылыұтың ерекше түрі.

        Кооперация қолөнершілердің жеке-дара еңбектерін капиталистік өндіріске біріктіріп, еңбек процестерінде төңкерістің негізі болады. Тек кооперацияның арқасында еңбектің қоғамдық өндіргіш күш ретіндегі өнімділігі артады. Еңбектің қоғамдық өндіргіш күшінің артуы еңбек процесінде бірінші өзгеріс болып, капиталға бағынады. Бұл өзгеріс-өндірістің технологиялық қайта өзгерістерінде төңкерістің алғашқы қадамы.

      Кооперациядан басталған еңбек процестеріндегі өзгерістер мануфактурада жалғасады. Мануфактура жұмысшысын жиынтық жұмысшы органның мүшесіне айналдырады. Жекелеген жұмысшыларда бір жақты шеберлік қабілеттері жетілген, ал жиынтық жұмысшыда ол көп жақты болады. Жеке жұмысшы жалпы қолөнерді білмейді, мануфактура істеу мүмкіндігінен айырылған, яғни техникалық жағынан еңбек құралдарына бекітілген, соңғысының қосалқы бөлшегі. Қол еңбек пен қолөнердің негізінде пайда болған мануфактура еңбек құралдарының мамандануын туғызады, «оларды өте шебер пйдаланады».

       ХIХ ғасырдың  екінші жартысында бастап техниканың дәрежесі  мен сипатында сапалық өзгерістер болады. Олардың ішіндегі-металлургия, химияда, машина жасауда, инфраструктура құрылымында- мануфактурадағы еңбек бөліністеріңнің одан әрі дамуын, демек, ұжымдық қатынастардың да алғы шарттарын жасайды. Іштен жанатын двигательдер электр және т.б. цехтардың, участоктердің, арнаулы кәсіпорындардың құрылуына , әртүрлі экономика саласында жұмыскерлердің пайда болуына негіз болды.

      «Машиналы өндірістің принциптері-өндіріс процестерін құрамды бөліктерге бөлу және мәселелерді машиналар, химия және т.б. арқылы шешу» өндірістің индустриализациялау дуәірінің талабына сай келеді. Машиналы өндіріс ірі өнеркәсіпті туғызды, мұнда өндіріс өндірісті өмірге келтірді, осылардың негізінде өндірістің артықша өсу заңын шығып, дамыды.

      Қарастырылып отырған экономикалық дәуір электр энергиясын өндіру, жаңа техниканы игерудің басты факторы еді. Халық шаруашылығына электрді еңгізу техникалық прогрестің негізі болып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, өндіргіш күштері мол істерге жол ашып, энергияны қолданатын өнеркәсіп салаларын дүниеге әкелді.

     Екінші бағыт-қоғамдық өндіріске жоғары өнімді өндіріс құрал-жабдықтары енгізіледі, олар жеке-дара еңбек бөлісін математикалық аппараты бар машиналар жүйесімен бірлікте дамытатын принциптерге негізделген.

    Жоғарыдағы бағыттан кейін үшінші бағыт туады. Ол- қоғамдық өндірістегі технологиялық буындар санының азаюынан көрінеді. Бұл тенденция енді байқалып келеді, оның болашағы техникалық проблемаларды шешуде жатыр. Мақсат-соңғы өнімге баратын табиғат зат өтетін техниклық буындар санын азайту. Әртүрлі материалдық өндіріс салалардағы технологиялық буындар санын қысқарту еңбек өнімділігн өсіреді, қоғамдық өндірістің материал сіңіргіштігін азайтады, шикізат пен еңбек ресурстарын үнемдейді, жоспарлауды жетілдіреді, табиғи ортаны сақтау, ең соңында еңбектің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі көбейеді.

     Машиналардың, ірі кәсіпорындардың бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, тауарлы қатынастардың индустриалдық дәуірдегі үстемдігі тұсында ұжымдық өндіріс дами келе, ұлғаяды.Сонымен қатар оның заңдылықтыры соншалық қайта өзгереді, ол  туралы енді былай айтуға болады: «...Капиталистік меншік, оның негізінде нақтылы өндірістің ұжымдық түрі жатыр..».Қоғамдық өндірістің мұндай жағдайы таза тауарлы немесе ұжымдық өндіріс деп атауға, жазуға да қарсы болады. Мұндай өзгерістер қоғамдық өндірістің түрі, меншіктің түрі дәрежесінде атап өтуге де, ерекшелеуге де болмайды.

       Өндіргіш күштердегі, өндірістегі өзгерістер меншіктің жаңа түрінің-ұжымдықтың пайда болуына әкеледі. Меншіктің жаңа түрінің өмірге келуі бұрынғылардың ішінде жаңа қатынастарды қалыптастырады. Бұрынғылардың негізінде жаңа құбылыстардың өзара байланыстарын қайта өзгерту жүйесі жетіспейтін түрлер мен тәсілдердің табысуы арқылы жүреді. Мұның бәрі жаңа құбылыстың қалыптасқандығын көрсетеді. Ол өз бойында қоғамдық өндіріс түрінің бұрынғы заңдылықтары (тауарлы ) және жаңасын ( ұжымдық) сіңіреді. Бұл жаңа құбылыс- аралас экономика.

 

 

 

         

              2.2  Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері

 

 

Экономика жүйелерінің осы замандағы түрлерінің бірі – аралас экономика жүйесі.

1. Аралас экономика жүйесінің басты ерекшелігіне келсек, мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-экономикалық даму негізін салады. Аралас экономика жүйесінің басты негізі – жартылай мемлекеттік, жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы, Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен ғасырлар бойы дамып келеді. Соның негізінде осы елдерде аса жоғары деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму қамтамасыз етіліп, нақтылы өмір жүзінде көрсетіліп отыр.

Аралас экономика жүйесінің нұсқасы, механизмі негізінде – тұрақты капиталдың, онда ең бірінші инвестициялық процесс арқылы, немесе өндіргіш күштерді толық пайдалану арқылы халық шаруашылығын өркендетуде, жалпы экономиканы өрлеу деңгейінде тұрақты өсіруде, күрделі қаржыны экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып, барлық халық шаруашылығының потенциалын, әлеуметтік сапасының салаларын құрып, іске қосып жұмыс істету - өндіріс пен экономиканы өркендету. Осындай негізде, осы кездегі нақтылы өмір жүзінде орын алып, ондағы жалпы өнім көлемінің өсімі ең жоғары деңгейге жетті.

2. Салыстырмалы қосымша құн өндіру әдісін қолдану ең маңызды шара. Оның негіздері:

а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру арқылы қажетті уақытын кемітіп, қосымша уақытын көбейту;

ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;

б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.

Аралас экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе – экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны болып келеді. Жоғарыда қаралған аралас экономика жүйесінің басты ерекшеліктері – осы экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер, нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең жоғары деңгейдегі даму – аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.

Қандай да болмасын экономикалық нұсқаны құрғаннан кейін, оның шынайы күнделікті өмірде экономикалық даму деңгейін салыстырмалы түрде айналуы, жалпы экономикада кіріс пен шығыстың деңгейін шығару, теңестіру болып келеді. Ондай теңестіру осы көрсеткіштердің жалпы техника экономикалық көрсеткіштердің экономикалық дамудағы барлық ресурстарды толық пайдалану негізінде жасалады. Экономикалық есептеу – талдауда экономикалық нұсқаны құрып, іске асыруда тұрақты әрбір кезеңде модульдерді қайта есептеп, түзетіп, жаңартып, өмір ағымымен байланыстырып отыру керек. Әсіресе, мынадай мәселелерге жауап беруге тиісті: қабылданған шешім бойынша; экономикалық нұсқа бойынша; өндірістік шаруашылық мекемелерде, ондағы еңбек өнімділігі жалпы табыс-кіріс, шығын, қорыта келгенде, жалпы пайда, таза пайда қаралады. Осындай мәселелерді шешу үшін және экономикалық нұсқаларды тұрақты экономикалық талдау – есептеу, тұжырымдау және шешім қабылдау қажет болады.

Мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтерін нарық экономикасы жүйесімен қатар қалыптастыратын нақты негізде, олардың аралас жүйесі қалыптасып, қандай да болмасын елде даму негізін салады. Мұндай елдер жайлы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

Жаңа заманда әлем елдеріндегі жүйелерді экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, макроэкономика, оның жалпы ел экономикасы деңгейінде болатындығын және методологиялық негіз және сол деңгейде экономикалық көрсеткіштер жүйесі болады. Теория бойынша саясаттың экономикаға тікелей әсерінен саяси экономика – объективтік ғылым болып табылады. Ал, аралас экономиканың нұсқалары макроэкономикалық теориясыз, ғылымға айналған теориясыз еркін бағалау негізінсіз нұсқалар құрып даму мүмкін емес.

Макроэкономика үш бөлімнен тұрады:

1. Қарапайым және фундаментальды, макроэкономиканың функционалдық нұсқасы;

2. Нарықты нұсқа жоспарлы және аралас нұсқасымен салыстырмалы түрде алғанда;

3. Әртүрлі нарықтарды экономикалық талдау, яғни микроэкономикалық теория.

Егер де аралас экономикалы жүйелерді алсақ, оның қарамағында конъюктуралық саясат, оны мемлекеттік сектормен қаржыландыру және макротеория негізінде макроэкономикалық талдау жасау. Қандай да экономикалық жүйе болмасын оны құруда, өндірістік қатынастар мәселесі, экономикалық теорияның негізін қамтамасыз ету қажет. Онда:

а) қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда – адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болып, олардың арқасында қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы;

ә) қоғамда өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда – адамдардың санасы мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда реттелетін экономикалық қатынастар.

Осы аталған өндірістік қатынас ең бірінші, өзгермелі капиталды пайдаланумен тікелей байланысты, оның басты нақты дәлелдері, біріншіден, бұл жұмыс күшін сатып алуға жұмсалатын, әр өндіріс процесінде өсіп ұлғаятын капитал. Сонымен қатар, ол айналымы капитал ретінде өз құнымен дамып, өнімге біртіндеп өткізетін заттар болуы және өндіріс құрал-жабдықтары түрінде болатын, өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін бөлігі, жұмыс күші – тауардың тұтынуын қамтамасыз ететін негізі болады. Өзгермелі немесе айналмалы капитал, өзі жұмыс күші құнынан артық жасаған, еңбек ақы төленбеген еңбегі арқылы жасалатын құн негізінде болуы. Осыған байланысты жұмысшының және оның жанұя мүшелерінің өмір сүруі үшін қажетті тіршілік заттарының құны. Өндірісте өінм өндіруде аталған капитал, еңбек процесінде жұмысшының өзінің жұмыс күші құны мөлшерінен артық қосымша құн өндіру қабілеті ретінде туындайды.

 

 

 

                                                   1 – шаруашылық жүргізудің дербес кіші

                                                         жүйесі ретіндегі нарық

 

                                                   2 – шаруашылық жүргізудің кіші

                                                         жүйесі ретіндегі нарық

 

                                                    3 – кіші жүйе ретіндегі табиғи

                                                          шаруашылық

Информация о работе Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар