Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................3

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4
1.1 Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін
ашатын алғышарттар................................................................4
1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты
Мүмкіндіктері...........................................................................7

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9
2.1 Аралас экономиканың қалыптасуының
Материалдық-техникалық негізі.............................................9
2.2 Аралас экономика жүйесі және оның басты
ерекшеліктері...........................................................................11

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................................................................................14
3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас
экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14
3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер.
Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18
3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары....................................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

Месмлекет экспорт жасаушыларды шикізат әкелу үшін төленетін баж салығынан босатып немесе экспорттық  несие жеңілдігін беріп, экспортқа тікелей реттеуші ықпал жасайды.

Мемлекет ұлттық нарыққа тікелей де әсер етеді. Мемлекеттік тапсырма арқылы, ол нарықтың даму бағыттарына, көлемі мен құрылымына әсер ете алмады. Мемлекеттік тапсырма белгіленген мерзімде және белгілі мөлшерде өнімнің көрсетілген түрін немесе бірегей, аса тапшы өнімді өндіру үшін мемлекеттің фирмаға берген тапсырмасы болып табылады.

Тұрақтандыру саясатын жүргізгенде көптеген үкіметтер ақша-несиелік, бюджеттік және фискалдық саясатепен қатар, әлеуметтік және сыртқы экономикалық реттеушілерді қолданады.

Сонымен, үкіметтің экономикалық саясаты – экономикалық инструментарий арқылы жүзеге асырылатын, шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеттер нормасы мен ережелерін тәртәпке келтіру болып табылады.

Мыналар инструментарийге жатады:

1.      Несие саясатында:

-         банк резервтерін нормалау;

-         банк проценттерінің есепке алу ставкасын өзгертіп тұру;

-         валюта нарығында операциялар жүргізу.

2.      Бюджеттік саясатта:

-         мемлекеттік шығындарды реттеу;

-         мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

-         мемлекеттік ішкі заем шығару;

-         мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және оны тәртіпеке келтіру.

3.      Фискалдық саясатта:

-         азаматтар мүлігіне салық салуды реттеу;

-         муниципалдық салық енгізу;

4.      Әлеуметтік саясатта:

-         Еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;

-         Зейнетақының, жұмыссыздық жәрдемақысының және т.б. көлемін белгілеу.

5.      Сыртқы экономикалық саясатта:

-         заң жүзінде баж салығының, валюталардың айырбас курстарын белгілеу;

-         шетел қарыздарын, инвестицияларды және валюталық шектеулерді қолдану.

Реттеудің әдістері және инструменттері 3.3. 1. суретте көрсетілген.

Мемлекеттік-үкіметтік реттеудің әдістері мен инструменттерін кешенді түрде қолдану ұлттық экономиканың макромаркетингін құрады. Бұл тікелей және жанама бағыттармен салыстырғанда кешендік әдіс болып табылады және бір мезгілде ұдайы өндіріс пен экономикалық өсудің барлық фазаларын, территорияларды, аймақтық екіншілік жүйелерді қамтиды. Мазмұны жағынан маркетинг икемді болады: экономикалық конъюнктура өзгерістері маркетингтік іс-әрекеттерді өзгертіп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеудің тәсілдері,

                              әдістері және инструменттері

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

                                              3.3. 1. сурет.

 

 

Мемлекеттік реттеу механизмі өзгеріп отырады. Оның эволюциясы технрологиялық дамудың, экономикалық өсудің, саяси күштердің қайта топталуының қажеттіліктерімен және осы жүргізетін экономикалық және  әлеуметтік саясаттың өзгерістерінің, шаруашылық жүргізудегі нарықтық қатынастардың, даму дәрежесінің және т.б. қажеттіліктерімен белгіленеді.

Қалай болмасын мемлекеттік реттеу тиімді болуға тиісті, ол партнерлікті тереңдетіп және бизнесті жандандыру үшін кәсіпкерліктің қуатын барынша толық пайдалануды ілейді.

Егер мемлекеттік реттеуу нарықтық механизмдермен реттелмейтін немесе шамалы реттелетін сфераларды – денсаулық сақтау, білім беру, макроэкономикалық тұрақтылық, кедейлерді қорғау – қолдаса, онда оның тиімді болғаны.

Дамыған нарықтық және транзитивтік экономикалы елдердегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін талдаудың нәтижесінде, экономикада орын алатын реттеулік тенденцияларды айқындауға болады.

Мемлекеттік реттеудің қызметтері, біріншіден ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылады. Бәсекелестіктің артықшылығына экономикалық факторлар арқылы, өндіріс факторларының пайдалану дәрежесін үздіксіз көтеруге қабілетті, бірегей институционалдық механизмдердің, ресурстардың, жұмысшы күшінің, капиталдың, кәсіпкерлердің осы елде бар болғанының арқасында жету мүмкін.

Ұлттық экономикаға пайдалы техниканы жетілдіруді ынталандыратын жаңалықтар енгізетін саясатты жасау, үкіметтің барша мойындаған міндетіне айналады. Бұл өндірістің тиімділігін өсіруге, жоғары сапаға байланысты бағаны көтеруге, жаңа ғылымсіңіргіш салаларды игеруге мүмкіндік береді.

       Екіншіден, сан алуан инструменттерді пайдалану, оның ішінде алдамен контракт жүйесін пайдалану – жеке бизнесті қоғамның приоритеттік мәселелерін шешу үшін мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатымен, мемлекеттік тапсырма және сатып алу жүйесін ұйымдастырудағы әр түрлі формалардың жиынтығын қолдану.

Үшіншіден, ұлттық экономиканың әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын қамту мақсатымен, мемлекеттің белсенділік әрекеттерінің мүмкіндігін ұлғайту. Осыны жүзеге асыру жолдары: ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттардың жасалуы, жеке бизнес үшін мемлекеттік емес қолдауды ынталандыру, ірі масштабты стратегиялық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін және жоғары қауіппен байланысты болатын немесе жетімді пайда әкелмейтін, жеке инвестицияларындағы фирмалардың бәсекелік қабілетіне ұнамды жағдай тудыру.

Төртіншіден, экономикалық процестерді жалпылама үйлесімділікке келтіру, экономиканың дамуын үкімет белгілеген бағыттарға сәйкес ынталандыру, мемлекеттік реттеудің мәндік мағынасы бар қызметіне айналып келеді. Жоспарлық-болжамдық институционалдық құрылымдар жүйесі арқылы өнеркәсіптік саясаттың ұзақмерзімді стратегиясы жасалып отыр (Франция, Жапония, ҚХР).

Бесіншіден, мемлекет конъюнтуралық артықшылыққа жетуді көздеп, елдің жеке және өндірістік сұранысының динамикасын жобалап отыр. Мемлекет, мемлекеттік шығындармен, салықтармен, несие құнымен, айналы әрекет жасайды, бәсекелікті тәртіпке келтіреді, мемлекеттік секторды дамытады.

Алтыншыдан, әлеуметтік стратегия және оны жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бағытынан келгенде, табыстар, бағалар, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау, тауарлар мен қызметтер сапасы мемлекеттік реттеу сферасына айналып отыр. Бұндағы мақсат - әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету, мүдделер балансын қолдау, жалпы  консенусқа жету, тұрғындардың әр түрлі топтарының экономикалық белсенділігін ынталандыру.

Жетіншіден, экономикалық реттеудің өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайларына үйлесуін мемлекет әрекеттерінің әр алуандылық болып дамуы айқындайды. Бүгінгі нарықтық құрылымдар, экономикалық және әлеуметтік саясаттың диверсификациялануын талап етеді. Осы күнгі дамыған индустриялық елдердің экономикасында қайта реттеу және децентрализация (мәселелердің шешімін микродәрежеге беру) процестері қатар жүріп келеді. Қайта реттеу – бұл қоғамдық ұдайцы өндіріс механизміне тікелей мемлекеттік кірісудің масштабының қысқаруы болып табылады. Мемлекеттік реттеу коорпоративтік реттеумен толықтырылып отыр, бұл комулятивтік және компенсациялық (өтемдік) эффект береді.

Децентрализация процесі – көп мәселелердің шешімін макродәрежеден жекелеген региондардың мегадәрежесіне және жекелеген фирмалардың  микродәрежесіне аудару болып табылады. Регионалдық, муниципалдық және коммуналдық басқару органдары мемлекеттік реттеудің субъектілеріне айналып отыр. Әкімшілдік реттеудің тікелей формаларының рөлі төмендеп, мемлекет әсерінің әр түрлі тетіктерінің маңызы өсіп келеді.

Территория дәрежесінде экономикалық реттеу аймақтардың дамуы бір қалыпты еместігін төмендетеді, тоқырауға ұшыраған аймақтардағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетеді, территорияның экономикалық потенциалын тиімді қолдануды ынталандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

 

 

        Қазақстан Республика қалыптасу мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика  болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра-өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

      Аралас экономикалық қалыптасу диалектикасы өндіргіш күштердің даму деңгейінің туындап, индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдеріндегі машиналардың, ірі өнеркәсіптен белгі беретін мануфактуралық еңбек бөлінісінің даму деңгейінен көрініс табады.

      Аралас экономиканы қалыптастыратын элементтерге талдау жасау оның көпқырлығы көрсетеді. Бұл еңбектегі кейбір мәселелер аралас экономиканың қалыптасу процесінде пайда болатын түйіндердің шешімі табуға болатындай мөлшерде ғана бірақ көзқарастарды негіздеумен шектелген .

       Қорыта айтқанда, мен осы курстық жұмысымда аралас экономиканың қалыптасу негізін заңдылықтарын, мәнін, мазмұнын, түрлерін ашып, сипаттадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1.

2.

3.

4.

5.

6.

 

3

 



Информация о работе Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар