Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................3

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4
1.1 Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін
ашатын алғышарттар................................................................4
1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты
Мүмкіндіктері...........................................................................7

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9
2.1 Аралас экономиканың қалыптасуының
Материалдық-техникалық негізі.............................................9
2.2 Аралас экономика жүйесі және оның басты
ерекшеліктері...........................................................................11

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................................................................................14
3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас
экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14
3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер.
Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18
3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары....................................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)


                                             М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ.............................................................................................3

 

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4

1.1            Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін

         ашатын алғышарттар................................................................4

1.2            Аралас экономиканың типтері мен нақты

Мүмкіндіктері...........................................................................7

 

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ

ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ  ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9

2.1            Аралас экономиканың қалыптасуының

Материалдық-техникалық негізі.............................................9

2.2            Аралас экономика жүйесі және оның басты

ерекшеліктері...........................................................................11

 

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК        РЕТТЕУ.............................................................................................14

3.1      Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас

        экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14

3.2   Функционалдық экономикалық жүйелер.

        Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18

3.3   Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,

негізгі бағыттары....................................................................................22

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       К І Р І С П Е

 

 

       Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл  нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

       Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.

       Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.

      Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.

       Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.  Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      І Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық аспектісі

 

 

1.1  Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

 

 

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған». Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын – аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндіріс – аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды анықтайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайәды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің «ескертуімен» өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтардықалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Әр түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-ң немесе ГФР-ң экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-ң, ГФР-ң экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-ң немесе ГФР-ң қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гелбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч.Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: «Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі – бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірісті дамытудағы бірден-бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды, оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек». Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикада классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді. 

Тарихи алғы шарттарды анықтау мынандай сұрақтарды туғызады: пайда болған қоғамдық өндіріс түрінің әрекет ету негізіне не жатады? Мәнін сипаттайтын бұл заңдылықтар нақты қандай түрлерден шығады? Қоғамдық өндірістің өтпелі, басқадан енгізілген жолсерік түрлеріне ойша алшақтасақ, К.Маркстің байқағанын көруге болады. Ол былай деп жазды: «Көп операциядан тұратын дербес қолөнерінің жеке-дара өнімінен тауар қолөнершілер одағының өніміне айналады. Одақтың әр мүшесі операцияның белгілі бір бөлігін орындайды». Басқа бір жерде ол мынаны атап өтті: «Нюрнберг қолөнерінің жеке-дара өнімінен сағат көптеген жұмысшылардың қоғамдық өніміне айналды».

        Қазіргі өндірістің шыңдығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық өнім деген категория ретінде ұсынды. Мұны В.Н. Черковец былай жазды: «... егер...капитализмнің бастапқы түрі тауар дегенге ұқсастық іздесек, онда мұндай түр тікелей қоғамдық өнім болады...». Оның бойында қоғамдық өнімге тән  белгілері мен қасиеттері болғанымен, қазіргі өндіріс пен ондағы қатынастар еңбек өнімін тікелей қоғамдық өнім деп сипаттау дәрежесіне жеткен жоқ.

      Заттық күш қасиетерінен шығатын еңбек өнімнің факторын жоғарыдағы моментермен шатастырмау үшін дәл сипаттау керек- ол тұтыну пайдалылығы. Соңғы жағдай тікелей қоғамдық өнімнің қоғамның жекелеген мүшесі мен барлығының  жаппай тұтыну үшін өндіріледі және ол пайдаланылуына қарай болады. Тұтыну пайдалылығы- ұжымдық өндіріс жағдайында өндірілген өнімнің сапалық жағы. Демек, ол- қоғамдық өндірістің қасиеті.

        Қоғамда өндірілген өнімге белгілі қатынастар жолсерік жасайды. Бұл өндірушілердегі артық өнім және басқалардың оларға қажеттілігі айырбас түріндегі айналысты тудырады. Құн-еңбек өнімінің факторы ретінде тауар түрінде көрінеді, бірақ ол табиғатынан берілген қасиет емес, белгілі қатынастар нәтижесінде пайда болып, осы себепті тек ол тауар болады. Құн болмаған жерде тауар айырбасы тумайды, эквивалентті айырбас жоқ, құнсыз тауар, тауарлы қатынастар болмайды.

          Ұжымдық өндірістегі жоспарлы қатынастардың басты буыны – есеп пен бақылау. Ұжымдық өндіріс жағдайында өнімдерді жасау әртүрлі еңбек ресурстары арқылы жүреді, олардың сипаты мен күрделілігі түрлеше. Ұжымдық өндірістегі еңбек процесі-үздік процесс, ол жұмысшылардың қабілеттері мен шеберліктеріне , оларға әсер ететін машиналардың өнімділік техникалық параметрлеріне байланысты. Бұл құбылыстар объективті түрде келістүруды қалайды, бірақ өздері оны істей алмайды. Белгілі бір өнірістің ішінде жұмысшы топтарының немесе жекелеген адамдардың қызметтері айырбасын тепе-теңдестіруді қамтамасыз ететін үйлестіруді жүзеге асыру үшін есеп пен бақылау қажет.

      Есеп пен бақылау өндірістік процестерді айырбас және бөлу қатынастарын үйлестірудегі нышандардың қызметінен бастау алады. Шаруашылықты жүргізулердің қызметінің нәтижесі ретінде есеп пен бақылау үйлестіруде сыртқы нәрселер сияқты. Алайда бақылау және есеп ұжымдық өндіріске тән нәрсе. Тап осй күйінде олар ұжымдық өндірістің қажетті элементті. Есеп пен бақылаудың міндеттері туралы В.И.Ленин бірінші рет айтқан болатын. Ол былай деп жазды: «Есеп пен бақылау –міне бұл коммунистік қоғам формациясының дұрыс қызмет істеу ішін басты нәрсе», «Өнімдерді өндіру мен бөлудегі жалпы мемлекттік есеп жүргізу, жалпы мемлекттік есеп –бұлар сициалистік қоғамның қаңқасы».Сөйтіп, есеп пен бақылау жоспарлық құбылыстың табиғатына тән. Оларды пайдалану-әртүрлі тарихи формадағаы ұжымдық өндіріс үшін өмірлік қажеттілік.

 

 

 

                 1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері

 

 

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі – мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Олардың қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде «тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы».

Информация о работе Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар