Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан курстық жұмыс тақырыбы Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалануда жақсарту жолдары таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев , С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.

Еліміздің Президенті елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 2 ақпанындағы жолдауында Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену, Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару , құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.

Жазылып отырған жұмыстың мақсаты жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі Жамбылгипс АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады.

Курстық  жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.

Курстық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

 

 

 

 

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ, БАҒАЛАУ МЕН МОРТИЗАЦИЯСЫ

1.1 Негізгі қорлардың экономикалық  мәні мен маңызы

 

          Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады.   Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі.

Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорларды. анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады.

 Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.   Негізгі  құралдардың  басты  белгісі  оның  өз  құнын дайын  өнімге  біртіндеп  көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне  байланысты.

Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады.

Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді.

Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:

  • Өнеркәсіп,

−Құрылыс,

−Ауыл  шаруашылығы,

−Автомобиль көлігі,

−Байланыс,

−Сауда, 

−Ғимараттар,

−Құрылыстар,

−Машиналар,

−Жабдықтар мен  басқа  да еңбек құралдары жатады.

 Олар  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады.

 

Өндірістік емес қорларға:

−Тұрғын-үй,

−Коммуналдық шаруашылық,

−Денсаулық сақтау,

−Білім беру,

−Мәдениет,

−Спорт салаларына бөлінеді.

Олар  өндірістік процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.

Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері  мен  сапасына  ықпал  етеді.

Пассив  бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай  жасайды.

 Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан  тұрады:

−Үйлер;

−Ғимараттар;

−Өткізбелік тетіктер;

−Күш машиналары;

−Жұмыс машиналары мен жабдықтар;

−Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;

−Тасымалдау құралдары;

−Құрал-саймандар мен жабдықтар;

−Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;

−Өнім және жұмыс малдары;

−Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;

−Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді.

 Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін  шаруашылық құралдары  және т.б. кіреді.

 Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін  көтеру маңызы әрқалай болады.  Негізгі қорлардың белсенді  бөлігі  өндірістегі  еңбектің  техникалық  қарулану  деңгейіне  тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және көлеміне үлкен  әсерін тигізеді,

 Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.

 Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.

 Кәсіпорын  негізгі  өндірістік  қорлар бойынша  шаруашылық айналымын  жүргізу үшін  мынадай  сатылардан  тұрады:

−Негізгі қордың тозуы;

−Амортизация;

−Негізгі қорды  толық  қалпына  келтіру  үшін  жинақталған қаражаттар;

−Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның  және басқа да  әр түрлі салалардың  негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен  анықталады:

−Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,

−Өндірістің техникалық деңгейі,

−Мамандыру және т.б.

 Амортизация – негізгі қорлардың  құнын  олардың көмегімен өндірілетін  тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі  қорлар  өндірістік  процесте:

−Натуралды;

−Ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды  нысандағы  құралдардың  есебі:

−Негізгі  қорлардың  техникалық  құрамын;

−Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттылығын;

−Құрал-жабдықтарды  пайдалану  дәрежесін;

−Басқа  да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі  қордың  ақшалай  нысандағы  есебі:

−Негізгі  қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;

−Амортизациялық  аударымдардың есебін;

−Дайын  өнімді  тасымалдау құнын;

 −Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін  анықтайтын  қажеттілік.

 Негізгі қорларға  жататын  негізгі  құралдар  пайдалану  дәрежесіне  қарай  келесі  негіздемелерге  бөлінеді:

−Пайдалану түріне;

−Запасты (резервті) құру түріне;

 −Құрастыру, құрылу  кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация  және  бөлшекті  ликвидация  кезеңдеріне  қарай  бөлінеді.

 Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:

−Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);

−Шаруашылық  жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;

−Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері.

 Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі – бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.

 Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады:

 Негізгі  капитал рентабелділігі:

* 100%        (1)

Мұнда:

 П – таза пайда;

Кн –  негізгі капитал.

Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор қайтарымы) жатады.

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы