Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................3

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4
1.1 Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін
ашатын алғышарттар................................................................4
1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты
Мүмкіндіктері...........................................................................7

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9
2.1 Аралас экономиканың қалыптасуының
Материалдық-техникалық негізі.............................................9
2.2 Аралас экономика жүйесі және оның басты
ерекшеліктері...........................................................................11

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................................................................................14
3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас
экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14
3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер.
Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18
3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары....................................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

2.      Мемлекеттік реттеудің белсенді үлгісі арқылы (Жапония) нарық механизмінде мүмкін болатын ұнамсыз жағдайларды алдын ала ескеруге болады – мемлекеттік кірісудің шамасын, көлемін тура белгілейотырып болжауды қолданып, мемлекет және кәсіпкерлердің келіссөздерінің нәтижесіндегі ұсыныстармен есептесіп отыру.

 

 

 

3.2. Функционалдық экономикалық жүйелер.

Үкіметтің экономикалық қызметтері

 

 

Ұлттық құрылымның қандайында болмасын, нарықтық экономика, қалыптасқан сандық және сапалық сипаттамалары бар, белгілі функционалдық экономикалық жүйе (ФЭЖ) болып дамиды. Осыларды қолдаумен немесе сәйкестікке келтірумен, өзін-өзі реттеумен қатар, мемлекет (үкімет) айналысады.

Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша, осы заманда дамыған нарықтық экономикасы бар елдер Кейнстік принциптерді де, монетаризм принциптерін де ұтымды қолданады. Осылардың негізінде, жоғары дамыған елдерде, өзін-өзі реттейтін механизмдердің дамыған жүйесі қалыптасқан. Бұдан артық жүйенің қандайының болмасын тұрақтылығы, осында өзін-өзі реттейтін механизмдердің болуымен белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта осындай механизмдер функционалдық экономикалық жүйелер болып тізбектеледі. Бұлар өзін-өзі реттеу механизмі мен мемлекеттік реттеудің біртұтас бейнесін алып, Кейнстіктік және монитаризмнің элементтерінің ерекше симбиозы болып табылады.

Функционалдық экономикалық жүйе деп, біртұтас экономика шеңберінде, барлық құрылымдық элементтердің іс-әрекеттері ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған және информациямен, тауарлармен, қызметтермен, технологиямен,  ноу-хаумен, капиталмен жұмысшы күшінің әр түрлі формаларымен айырбас жүргізу үшін оптималдық шарттар жасауға бағытталған, динамикалық өзін-өзі реттейтін қосалқы жүйелер түсінеледі.

ФЭЖ-дің мақсаты бағытталған жүйелерден (банктік, салықтық, сақтандыру, әлеуметтік қорғау және басқалардан) айырмашылығы оның алдымен өзін-өзі реттейтін жүйе болуы. Бұларда тұрақтылықтың белгіленген тапсырмадан ауытқуының қандайы болмасын, макро немесе микродәрежеде тепе-теңдікті қайта орнататын, мемлекеттің өте көп механизмдерін қолма-қол жұмылдыруға түрткі болады.

ФЭЖ белгілі берілген макроэкономикалық параметрлер маңайында тепе-теңдікті ұстап қолдап тұрады. Міне, мысалы, тапшылықтың деңгейі ЖҰӨ-нің 5%-нен аспау керек; алтынвалюталық резервтер көлемі кем дегенде үш ай бойы импорт шығындарын өтеуге жетімді болуы керек; сыртқы борышқа қызмет ететін ағымдағы төлемдердің болмауы керек; жұмыссыздықтың сын дәрежесі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы санының 15-20%-нен артық болмауы керек және т.с.

Жоғарыда келтірілген параметрлердің салыстырмалы екеніне қарамастан, ФЭЖ-де мемлекеттік реттеудің көмегімен оларды белгілі деңгейде ұстап тұру ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамизімін қамтамасыз етеді.

ФЭЖ үлгілік мысалы ретінде мына жүйелерді атап өтуге болады: бәсекелік ортаның қалыптасу жүйесі, айналыстағы ақшамассасының деңгейін реттейтін жүйе; жиынтық сұранысты ынталандыратын жүйе; төлем және сыртқы сауда балансын қолдайтын және басқа жүйелер. Осылардың барлығының жиынтығы мемлекеттік нарықтық экономиканы реттеуге тұрақты өсуді қолдауға бағытталған қызметтері болып табылады.

Нарықтық экономиканың ФЭЖ-ің негізгілерінің біреуіне бәсекелік ортаны қалыптастыру жүйесі жатады. Осы жүйе жеке кәсіпкерлік пен адал бәсеке үшін оптималдық шарттарды қолдапотырады. Ұсақ және оррташа компанияларды ірі монополиялар жүргізетін бейнетті бәсекеден қолдауды және табиғи монополиялардың қызметтерін реттеуді осы жүйе қамтамасыз етеді.

Осы жүйенің даму дәрежесін және қызмет етуінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге әлемдік нарықта елдің бәсекелік қабілеттерінің көрсеткіштері, экономикалық еркіндік дәрежесі, қаржылық қауіп-қатер дәрежесі және шетелдік инвестицияларға қауіп дәрежесі жатады. ФЭЖ-ің реттеушілерінің ұтымды қызмет етуінен инвестициялық климат көбінесе тәуелді болады.

Осы функционалдық жүйенің көмегімен елдің ішкі нарығына басқа елдерден болжамдалып отыратын өнімдер келеді. Осы жағдай тауар өндірушілерді сәйкес сапа мен тауар бағасының дәрежелерін қатал бақылаудан жіберіп алмауға мәжбүр етеді.

Нарықтық экономикада тұтынулық және инвестициялық сұранысты ынталандыратын негізгі реттеу механизмдердің біреуіне, айналыстағы ақша массасының көлемін реттеп отыратын функционалдық қосалқы жүйе жатады. Бұның құрылымдық элементтері: Орталық банктің несиелік-ақша саясаты, коммерциялық банктердің қайта қаржыландыруларының көлемдерін реттеу, ашық нарықтық операциялар.

Өнеркәсіптік дамуы жоғары елдердің көбінде ішкі баға дәрежесін қолдауға бағытталған функционалдық жүйе белсенді қызмет етеді.

ФЭЖ-ді ұйымдастырудың күрделі архитектоникасы болады, соңғыға шешім қабылдаудың афференттік синтезі, түпкі нәтижесінің болашағын болжап білу (іс-қимылдың нәтижесінің акцепторы), көп компоненттік әрекеттер жатады. Керісінше афферентацияның көмегімен әрекеттердің нәтижесіне баға беру ФЭЖ-ің маңызды ерекшелік сипаттамасы.

Функционалдық реттеудің құрамына әр түрлі институционалдық ұйымдар жатады: заң қабылдаушы және атқарушы үкімет органдары, мемлекеттік ұйымдар, тауар өндірушілер ассоциациялары, аналитикалық және информациялық орталықтар, жекеменшік коммерциялық құрылымдар және т.б.

Реттеуші экономикалық жүйелердің қалыптасуының мүмкін болуы байланыс құралдарының, телекоммуникацияның, есептеу техникасының жоғары дамуымен байланысты. Осының көмегімен ішкі және сыртқы нарықтардың жағдайы туралы оперативтік информация алуға болады, оларды талдап және осы немесе басқа шешімдердің вариантын дайындауға болады. Сондықтан әр түрлі ФЭЖ-дің қызметтері біртұтас информациялық жүйе болып біріктірілген, меншікті локалдық мәліметтер базасына негізделеді.

Уақытында Дж. М.Кейнс макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін еркін нарық жүйесінде ішкі механизм болмайды деген. Бірақ осы заманда, функционалдық институционалдық жүйелердің кең желісінің жасалуымен байланысты, бүгінгі нарықтық шаруашылық, өзін-өзі реттеуші мүмкіндігіне ие болған, ашық өзі дамитын жүйеге айналып отыр. Нарық экономикасында ФЭЖ-ің болуы оған тұрақтылық және динамизм береді.

Қазақстандық экономикада осындай  жүйе мәселесі енді ғана күн тәртібіне қойылып отыр. Өнеркәсіптік дамуы жоғары елдерде өздігінен реттеушілік механизмі, капиталистік елдердің көбін мезгіл-мезгіл ойсыратып тұратын экономикалық дағдарыстың бірте-бірте сөнуіне жол ашады.

Өзімен-өзі дамитын жүйенің қандайына болмасынтән объективтік қайшылықтар белгілі кезкңде сыни межеге жетеді – олар экономикалық, циклдік, құрылымдық, қаржылық, биржалық немесе экономикалық дамудың дағдарысының басқа түріне айналады. Дағдарыс дамудың өткен кезеңіндегі энтропиясының негізгі элементтерін айқындайды, ол шаруашылық механизмнің жекелеген буындарының қызмет етуінің тиімді еместігін, материалдық өндіріс құрылымының диспропорцияларын, алыпсатарлық несиенің салтаңын, валюта қаржы жүйесінің кемшіліктерін, тұтынушылық сураныстың өзгеруінің – осылардың барлығының тиімді еместігін көрсетеді. Экономикада реттеушілердің кең желісінің болуы ауытқулардың ауқымын және циклдік фазалардың тереңдігін елеулі төмендетеді.

Сонымен, өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйеде мемлекеттің рөлі өте зор өзгереді, ол ФЭЖ-ің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, олардың желісін кеңейтуге және құрылымы жетілдіруге ат салысатын, барлық шаруашылық жүйенің басты үйлестіруші орталығына айналады.

Мемлекет нарықтың өміріне тек макроэкономикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын қолдау үшін ұстап тұруға қажет деңгей жұмысын қамтамасыз ету үшін немесе еркін бәсекеліктің шарттарын орындамайтын нарықтарға бақылау жүргізу үшін кіріседі.

Нарық эеономикасында мемлекеттің рөлі оның әрекеттерінің әр қилы түрлері арқылы жүзеге асырылады. Осылардың маңыздыларына экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіз жасау, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды әлеуметтік мақсаттарға сәйкес бөлу, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жатады.

Осы замандағы мемлекеттердің экономикалық қызметтері өте күрделі және көп түрлі болады. Мемлекет атқаратын негізгі экономикалық қызметтерді мынадай топтарға бөлуге болады:

1.            Құқықтық база және бәсекелестік орта құру арқылы нарық жүйесінің қызметін қолдау, монополияға қарсы заңдар арқылы бәсекелікті қолдау.

2.            Табыс пен байлықты қайта бөлу, ұлттық өнімнің құрылымын өзгерту және экономиканы тұрақтандыру мақсатымен жұмыспен қамту және инфляцияның дәрежесіне бақылау жүргізу арқылы ресурстардың бөлінуіне түзету енгізу.

3.            Нарық механизмінің кейбір элементтерінің әрекеттеріне тежеу қою. Демек, жиынтық муниципалдық тұтыну сферасы көлемінде әңгіме қоғамдық тәртәптә қолдап, қорғау туралы, ұлттық қорғаныс, инфрақұрылымдық кешендер туралы және сумен қамтамасыз, көлік жүйесі туралы болғанда, нарықтық элементтерді пайдаланудың шектелгені байқалады.

Шектеу жиынтық тұтыну сферасында және өмірдің қоғамдық орташа шартын қамтамасыз етуде, білім беруде, медициналық қызмет көрсетуде қолданылады. Мемлекеттік және муниципалдық органдар нарықтық және қоғамдық мүдделермен есептесе отырып білім, денсаулық сақтау, экологиялық бақылау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің осы қызметтері әлемдік нарықтық жаңа және дәстүрлі қалыптасқан салаларында фирмалардаң бәсекелестік қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет өзінің қызметтерін үкімет арқылы орындайды, шынында мемлекет дегеніміз – бұл бірлесіп өмір сүру үшін және іс-әрекеттер атқару үшін ұйымдастырылған қатынастар жүйесі. Ал үкімет көмегімен нақты ережелердің, заңдардың, нормативтердің орындалуына басқару және бақылау жүргізілетін Министрліктер, Комитеттер, ұлттық банк және басқа үкіметтік органдар түріндегі, билік ететін құрылымдар.

Мемлекет - өзін-өзі ұйымдастырған қоғам, үкімет – осы ұйымның атқарушы органы. Үкіметпен және оның шаруашылық субъектерінің жиынтығы, заңдардың негізінде қызмет ететін, ұйымдастырылған нарықтық экономиканың институционалдық құрылымына жатады.

Соңғы кездері үкіметтік шешімдер қабылдауда қоғамдық талғау теориясы кең қолданып отыр. Осы теория арқылы үкімет не сатып алу керек, тауарларды қалай өндіру керек, кімдер үшін мемлекет шығынданады, жеңілдіктер кімдер үшн жасалады деген мәселелер анықталады. Қоғамдық талғау теориясы жекелеген тұтынушылардың ұнатуларының, нарық механизмі арқылы ұжымдық іс-әрекеттерге айналуын зерттейді. Өзінің экономикалық мәні жағынан қоғамдық талғау теориясы мемлекеттің басты экономикалық, саяси қызметтеріне негізделеді.

 

 

 

3.3. Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,

негізгі бағыттары

 

 

Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процестерге реттеу жүргізуде, экономикалық міндеттерге, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеу туралы жинақталған тәжірибеге байланысты өзгеріп отыратын әдістер мен инструменттер жүйесін қолданады.

Мемлекеттік реттеу әдістері құқықтық, әкімшілік, экономикалық – тікелей, жанама болып бөлінеді.

Құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші-фирмалар мен тьұтынушылар үшін «экономикалық ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, меншік формалары мен меншік құқықтарын, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарына байланысты өзара міндеттемелерін және т.б. белгілейді.

Әкімшілік реттеуге – реттеу, контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Әкімшілік шаралардың көмегімен (бекіту, рұқсат ету түрлерінде) бағаларға, табыстарға, есепке алу ставкасына, валюта курсына мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Осы заманда әкімшілдік шаралардың әрекет ететін сферасы, көп елдерде қоршаған ортаны қорғаумен, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен шектеледі.

Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық құрамның шеңберінде нарықтық ортаға ықпал етуді талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер теу арқылы экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын қолдану арқылы жүріп отырады. Осы мақсатпен қолданылады:

      Бюджеттік және фискалдық саясат;

      Ақша-несие саясаты;

      Жоспарлау;*Болжау және жоспарлау.

Мемлекеттік реттеудің келтірілген әдістері мен инструментарилері оларды кешенді қолдануды талап етеді. Тепе-теңдік экономикалық өсуге ықпал етуде, өзара байланысты инструментариді пайдалануды, нарықтардың өзара байланысы және шарттасқандығы тудырады.

Нарықтық жүйенің мемлекеттің кірісуінсіз мүмкін  еместігін барлық экономикалық даму айқындайды. Бірақ бұның шегі бар, одан шығып кеткен болса нарық процестері деформацияға ұшырайды, өндірістің тиімділігі түседі. Реттеудің маңызды шектелуі болады.

Тағы есте болатын жағдай экономикалық реттеушілердің ішінде бірде-бір идеалдығы жоқ.

Реттеудің тікелей әдістері үкіметтік үстемдік қатынастарға негізделеді. Олар шаруашылық субъектілерінің қызметіне және оның нәтижесіне әкімшілдік түрде әсер ету арқылы жүргізіледі. ЭМР-дің тікелей әдістерінде экономиканың секторларын, аймақтарын, фирмаларды қайтарылмайтын, мақсатты қаржыландырудың әр түрлі формалары басым болады. Бұлар субвенция немесе субсидиялар және жеңілдеткен несиелер түрнін алады.

Мемлекет экономикаға тікелей ықпалын шаруашылықтың белгілі салаларына инвестиция жасау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту арқылы немесе мемлекеттік емес кәсіпорындарына субсидия беру арқылы.

Мемлекет реттеуді меншіктің бірлескен немесе индивидуалдық-жеке формасындағы кәсіпорындарын қолдау арқылы да жүргізеді. Бұл оларға төмен бағамен тауарлар, қызметтер, немесе, субсидия  беру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сфераларын қолдау бағдарламасын орындайды. Бұлар мемлекеттік қолдаусыз баяу дамыған болар еді, немесе олардың қызметтерінің бағасы өте жоғары болып, көпшіліктің қолы жетпес еді. Осы салалар, аграрлық өндіріспен, шығаратын өнеркәсіппен, көлікпен қатар, көп мемлекеттердің субсидия жасауының тұрақты объектісі болып табылады.

Информация о работе Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар