Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 22:45, курсовая работа

Краткое описание

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін ашып, қалыптасуына , яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне, құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................3

І АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ...............................................................4
1.1 Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін
ашатын алғышарттар................................................................4
1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты
Мүмкіндіктері...........................................................................7

ІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ...................................9
2.1 Аралас экономиканың қалыптасуының
Материалдық-техникалық негізі.............................................9
2.2 Аралас экономика жүйесі және оның басты
ерекшеліктері...........................................................................11

ІІІ АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................................................................................14
3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас
экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері................14
3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер.
Үкіметтің экономикалық қызметтері....................................................18
3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары....................................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

        2.2. 1.  сурет Аралас экономиканың экономикалық жүйесінің

                                               құрылымы

 

 

 

Куба

 

Албания

 

 

Ресей

Қазақстан

Швеция

Нидерланды

Франция

Германия

Англия

Жапония

АҚШ

 

Гонконг

 

 

 

Басқару -               Нарықтық

шылық

 

       

 

 

                             2.2. 2. сурет Елдердің экономикалық жүйелер

                                           типтері бойынша жіктелімі

 

 

 

                    ІІІ Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу

 

 

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеу. Аралас экономика мен мемлекеттің арақатынастарының үлгілері

 

 

Мемлекеттің өте үлкен рөлі және оның экономикалық процестердіреттей алатын қабілеті экономика мен саясаттың байланыстарынан, экономикалық саясаттың жасалуынан тәуелді болады.

Мемлекет қоғамдық жүйенің жемісі болып табылады, биліктің барлығына ие болады, мемлекеттік емес институттардың барлығының болуын (болмауын) болжап отырады.

Сондықтан мемлекеттің жаратылып, қызмет етуі тарихи қажеттілік болумен бірге, бұл дамудың қоғамдық прогрессивтік және өте маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттің жаратылуымен бірге, оның экономикалық қызмет ететін сферасын қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарық жүйесінің құрамында буынына және қажетті элементіне айналады. Үкіметтің «көрінетін қолы» бәсекенің «көрінбейтін қолын» реттеп отыруға тиісті, бұл туралы А. Смит айтқан болатын.

Осындай жағдайларға байланысты, мемлекет экономикалық теорияның зерттеуінің қызметіне (пәніне) айналады. Бұнда мынадай жағдайды естен шығармау керек. Көп уақыт бойы мемлекеттің экономикалық рөлі ғылымның өзімен – саяси экономиканомиямен бірдей деп есептелген. Сондықтан бүгінге дейін экономикалық теорияны экономикалық саясатпен алмастыруды өкситіндер әлі таусылған жоқ. Үкіметтің қандайында болмасын, мемлекеттің экономикаға кірісуі объективтік қажеттік болып табылады. Бұл экономиканың нарықтық немесе әміршіл-үлестірмелі болуымен байланысты емес, үлестіруші экономикада мемлекет тауарлар мен қызметтерді өндіру және бөлу туралы барлық құқықтар мен міндеттерді өзіне артады. Бұнда реттеуге жататын ештеме жоқ. Бірақ осындай жүйе өзінің тиімді еместігін және дәрменсіздігін іс жүзінде көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарлар өндіріс пен ресурстарды бөлудің тікелей ұйымдастыру міндеті болмайды. Ол ресурстармен, капиталмен және өндірілген тауарлармен еркін жарлық «өкім» ете алмайды (бұнымен тек әміршіл-ілестірмелі экономика айналыса алады).

Нарықтық жүйе дегеніміз – бұл алдымен шешім қабылдаудағы өндірушілермен тұтынушылардың прерогативасы (айрықша құқығы, құзыреті). Сонда да мемлекеттің реттеушілік қызметтері осында да ерекше маңызға ие болады.

Нарық механизмі экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешпейді. Еркін бәсекелік кезеңінің өзінде өндіргіш күштердің елеулі бөлшегі үшін классикалық жеке меншік шеңбері жетімсіз бола бастайды, сондықтан мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын: теміржолды, поштаны, телеграфты және т.б. өз қарамағына алуға мәжбүр болады. Еңбек бөлінісінің дамуы мемлекетаралық интеграцияның күшеюіне, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан асуна әкеліп соғады, қорғаныспен, ғылыммен әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуіне, экологиямен және т.б. байланысты, жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеліп соғады. Мемлекеттік құрылымдарды реттеумен байланысты шешімдер шығаратын механизмді жаңартуға шұғыл кірісу қажеттігі туады.

Белгілі жағдай, монополиянбаған жоғары дамыған нарықтық экономиканың қозғаушы механизмдерінде экономикалық дамуға стагнация әкелетін элементтер болады. Өндіріс факторларының, алдымен жұмысшы күшінің толық қамтылмағанында экономикада жүйелілік тепе-теңдіктің болуы осыны байқатады. Стагнацияның қайшылықтарын шешу үшін мемлекеттің потенциалын пайдалану қажет. Мемлекет тиімді сұраныс пен толық жұмыспен қамтуды бір-бірімен үйлестіру қызметін мойнына алады.

Қазақстан экономикалық құрылымдарды реформалау жолының бастапқы кезеңінде келеді. Оның нарықтық экономиканы құру және оны пайдалану туралы тәжірибесі жетімді емес, сондықтан дамыған елдердің мемлекеттік реттеу тәжірибесін зерттеп білудің арқасында, экономикалық дамудағы қателіктерді қайталамауға мүмкіндік туады.

Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу туралы екі методологиялық бағыт қалыптасқан: Кейнстік мектеп (шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу теориясы) және мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне кіріспеуі туралы неокейнстік, кейде консервативтік доктриналардың синтезі. Осы екі теориялық ағымдардың ортақ негіздері бар. Олардың екеуі де мемлекетті, қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншікпен және шаруашылық функцияларымен қамтамасыз етілген, экономикалық субъект деп тұжырымдайды.

Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы мемлекеттік ықпал етудің бірдей емес әдістерін қолдануынан айқындалады. Біреулер мемлекеттің экономикалық процестерге мүлде кіріспеуін жақтайды. Австриялық экономист Хайек мемлекет экономикалық процестерге кіріспей, тек «түнгі күзетші» қызметін атқарғаны жөн деп есептейді.

Дж.М. Кейнс және посткейнстік өкілдер, нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жүргізуді мемлекеттің басты қызметтерінің біреуіне жатқызады. Тепе-теңдікті бұзатын ықпалдың қандайы болмасын есепке алынып, және ішкі тұрақтанушылар көмегімен, тепе-теңдіктік баланстанған өсу траекториясына бағытталуы қажет. Осылай үкімет нарықтың осы немесе, басқа сегментіне әсер етеді.

Кейнсианствоның өзін экономиканы реттеу мәселелері жөнінде біркелкі теория деп санауға болмайды. Осы теорияның негізінде үш ағым бар: солшыл (либералдық), консервативтік және неоклассикалық.

Солшыл кейнстік бүгінгі экономиканың қайшылықтарынан құтылуды қоғамдық мақсат үшін мемлекеттің шығындарын тұрғын үй құрылысына, денсаулық сақтауға, әлеуметтік сақтандыркға, жол салуға, сонымен қатар, фермерлердің, ұсақ кәсіпкерлердің табыстарын, жұмыскерлердің жалақысын өсіруге жұмсалатын шығындарды өсірумен байланыстырады.

Консерватвтікбағыт бар үмітті экономикаға мемлекеттік реттеудің, пайданы барынша жоғарлату арқылы және экономиканың консервативтік құрылымын сақтау арқылы, жүрілуінің қажеттігіне артады.

Неоклассикалық мектеп және оның өкілдері бойынша, тиімді несиелік-ақша және фискалдық саясат арқылы халықтың әр түрлі топтар табыстарының дәрежесін белгілеу, инвестициялық саясатты үйлесімге келтіру, прогрессивтік салалық құрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттік экономикалық процестерге микро және макро дәрежеде кірісулеріне интеграция жүргізу қажет дейді.

Қандай объективтік жағдайлар экономикалық өсуге мелекеттік реттеудің қажеттігін болжайды?

Нарық механизміне тән  кемістіктерді мемлекет түзетіп отыруға тиісті. Баршаға мәлім, нарықта негативті жағдайлар аз емес: ұдайы өндірілмейтін ресурстарды сақтауға  және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік тудырмайды; барлық адамзат қарамағындағы,мысалы, мұхиттардағы балық байлықтарын, ресурстардың пайдалануын реттемейді. Нарық жағдайында қабылданған шешімдердің негативтік салдары кейде есепке алынбайды және ұжымдық пайдалану үшін қажет тауарлар мен қызметтер өндірісі ынталандырылмайды; табыстар мен еңбек құқықтарына кепілдік болмайды, ғылым саласында фундаменталдық зерттеулерді мақсатты дамыту қамтамасыз етілмейді. Нарық көбінесе әлеуметтік-қажетті тауарлар өндіруге еиес, ақшалылардың талабын орындауға бағытталады. Ол рециссиялық және инфляциялық процестерге бай болатын тұрақсыздығы күмәнді даму  бағытына бейімді келеді. Мемлекет кәсіпкерлік фирмалардың өзара сайысына ортақ жағдай жасап отыруға, тиімді бәсекелік болдырмауға, монополияланған өндіріске шек қоюға өзіне жауапкершілік артады. Мемлекет экономикалық ресурстардың  адамдардың ұжымдық қажеттерін қанағаттандыруға жұмсалуын, қоғамдық сипаты бар тауарлар мен қызметтер өндірісінің құрылуын талап етеді. Мемлекет экономикалық өмірге қатынасып мүгедектерді, балаларды, кәрі адамдарды, тұрмыс жағдайлары төмендерді өзінің қамқорлығына алады, еңбек нарығына реттеу жүргізеді, жұмыссыздықты төмендету үшін шаралар қолданылады. Сыртқы саясатты, төлем балансы мен валюта курстарын реттеуді де ұмытпау керек.

Қорытып айтқанда, мемлекет азаматтар қоғамдастығының саяси және әлеуметтік- экономикалық принциптерін жүзеге асырады.

Нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) әлеуметтік- экономикалық жүйені өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайын сәйкестікке келтіру мақсатымен, құқықты мемлекттік мекемелер жүзеге асырып отыратын заңдылық, атқарушылық  және бақылау сипаты бар шаралардың жүйесі болып табылады. Көп экономистер мойындады: ЭМР жалпы экономикалық жүйенің тепе- теңдікте өсуіне жету мақсатымен, микро- және макроэкономикалық реттеушілер көмегімен, ішкі және сыртқы нарықтардың жеке сигменттеріне, үкіметтің мақсатты сәйкестікке келтірушілік,басқарушылық әсері болып табылады.

Мемлкеттік реттеудің мақсаттары бір- бірімен тығыз байланыста болады, олардың маңызы, ықпалының масштабы және салдары бірдей болмайды.ЭМР- дің мақсаттарын бастыларға және нақтыларға бөлуге болады. Басты мақсаттар: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету; ұлттық бәсекелестікті, артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті, нарық механизімінің әрқилы жағдайларға тез арада үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Нақты мақсаттар, мемлекеттік реттеудің объектіне байланысты, әр түрлі болады. Бірақ қашан болмасын қоғамдық және жеке ынталарды бір-бірімен үйлестіріп отыру қажет.

Реттеудің объектіне ұлттық экономиканың ұлттық дәрежеден жоғары мемлекетаралық одақтары, сонымен қатар ұлттық экономиканың реттеушілер арқылы шешілмейтін жекелеген секторлары мен аймақтарында туып отыратын мәселелері жатады. ЭМР- дің субъектілеріне басқарудың орталық (федералдық), аймақтық, муниципалдық немесе коммуналдық органдары жатады.

Мемлекеттік реттеудің мынадай типтері болады:

      Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО-ға  және социалистік елдердің достығына тән болған, қазір кейбір постокоммунистік елдерде сақталып отыр;

      Нарықтық және мемлекеттік реттеушілердің ұштасуының әртүрлі варианьы. Осылар «жапондық», «шведтік» үлгідерде орын алады. ФРГ мен Австриядағы әлеуметтік- бағытталған нарықтық шаруашылық үлгісінде, дамуыдың «қытайлық» вариантыда көрінеді;

      Шекті либерализм. Бұл тек шектелмеген жеке кәсіпкерлік жағдайларды тиімді деп мойындайды. Бұл жағдай көбінесе АҚШ- қа тән.

Мемлекеттік реттеу тиімділігінің кепілдігі мықты заң шығарушы, атқарушы және сот үкіметі болуымен белгіленеді.

Мемлекеттік реттеудің институционалдық құрылымына әкімшілік органдар кіреді.

Осы басқару органдардың, олардың экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігін және шешім қабылдаудағы дәйектілігін белгілейтін, оқшаулану дәрежесі елдегі басқарудың орталықтану деңгейінен тәуелді болады. Демек, Ұлыбританияда, Франциямен салыстырғанда бюрократияның саясатқа жүргізетін бақылауының орталықтану деңгейі төмен.АҚШ-тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында салыстырып қарағанда автономды органдардың саны  елеулі шамада артық. ФРГ-да басқарудың көбінесе жоғары интеграцияланғаны тән- делдалдылық механизмі мен мүдделердің агрегаттануының және осылардың үлгілерінің. Осылай корпоативтік үлгі, мүдделердің тепе- теңдігіне жету үшін, арнаулы институттар құрылуын талап етеді. Бұл  Швецияның және Жаңа Зеландияның либералдық корпоративизмі, Жапониядағы жеке капитализм, Швецариядағы «соиетарлық».

              Плюралистік үлгіде Италияда, Ұлыбританияда мүдделерді келісімге келтіретін ерекше механизм көрсетілмеген. Бұлар саяси процестер шеңберінде, парламенттің, үкіметтің кәсіподақтардың және партиялардың қатынасуымен орындалады.

              Сөйтіп, белгілі мемлекеттік органдары арқылы жүріп отыратын мемлекеттік реттеудің екі басты үлгісі болады.

1.      Реактивтік (адаптациялық) үлгі. Бұл үлгі АҚШ-қа тән. Осы үлгі арқылы нарықтың болмашы «қателіктерінің» өзімен есептесу мүмкін болады. Мемлекет пен жеке бизнестің бірлескен қызметтерінің қажетті формулаларын пайдалана отырып, реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің икемділілік дәрежесі жоғары болғандықтан, макро және микродәрежеде тікелей және жанама реттеу құралдарын ұтымды қолдану.

Информация о работе Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар