Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Содержание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ философиясы.docx

— 267.43 Кб (Скачать файл)

 Мәдениеттің негізгі  факторлары мыналар:

1. Дін: Әр ұлттың өзіне  тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне  тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне  тән сән, зауық және сезімдердің  бейнеленуі және жасалуы. 

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне  тән өмір сүру салтының, мәдени  байлығының замана ағымындағы  көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық  құжат еместігіне қарамастан, қоғам  тарапынан есепке алынатын, іске  асырылатын салт-дәстүрлер.

 Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің  жоғарыда көрсетілген тармақтарының  барлығында да ислам дінінің  мызғымас әсерін, үлесін ешкім  жоққа шығара алмайды. «Дініміз  өзгерсе өзгерсін» деген сөздің  қандай мақсатпен айтылғанын  түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың  дінін тұтастай өзгерту туралы  әңгіме күн тәртібінде тұрған  жоқ, яғни қазақ халқының күн  тәртібінде жоқ. Ал, енді халқымыздың  мәдениетімен, дінімен, тарихымен  қақтығыста жүрген бір-екі адам  айтты деп, ислам дінін тастап, басқа дінді қабылдайын деп  жатқан біздің халық та жоқ.  Халқымыздың, мәдениетіміздің толып  жатқан көкейкесті проблемалары  тұрғанда жазушы ағамыздың қажетсіз  әңгімені көтеруі көңілге күмән  келтіреді. Сол себепті, ислам  дініне қарсы айтылған сөздерді  қасақана айтылған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған  деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі  конференция өткізіліп жатқан  осы Орталық Мұражайды аралағанда  қазақ халқының мәдениетіндегі  исламияттың өшпес орнын тайға  таңба басқандай паш ететін  жәдігерлерді көруге болады. Тек  көретін көз болса болғаны...

 

Содержание

Махаббат философиясы

Махаббат метафизикасы. Ана  махаббаты. Әке махаббаты. Аға-іні  махаббаты. Еркек пен әйел махаббаты.

 

Смотрите также:

Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан  Республикасы Білім

Қазақстан республикасы білім  және ғылым министрлігі білім  және ғылым саласындағы бақылау

Қазақ шаруаларын отырықшылыққа  көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)

Диссертация ның

Қазақстан республикасы білім  және ғылым министрлігі

Қазақстан республикасы білім  және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

Қазақстан республикасы білім  және ғылым министрлігі

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ШОК! Смотрим 20 минут - худеем на 1,5 КГ! Не смотреть чаще 1 раза в день!

 

 

 

21-лекция

 

Мәдениет философиясы

 

Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Медениет және адам. Мәдениеттің негізгі салалары. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және этнос. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Жастар субмәдеииеті. Бұқаралық мәдениет феномендері.

 

Инвективаның мәні. «Көргенділік-көргенсіздік»  оппозициясының шығу тегі. Көргенсіздіктің  формалары. Бейнормативті лексика  мәдени-әлеуметтік феномен ретінде. Эротикалық өнер және пориография: ұқсастығы  және шығармашылығы.

 

Мәдениет және өркениет. Жаһандану  жағдайындағы мәдениет. Экологиялық  мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда  мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени=философиялық аспектілер.

 

 Әрбір адам ұлттық  әлеуметтік топтық таптық ортаның  өкілі, яғни нақты мәдениеттің  өкілі. В.М.Межуев: «Мәдениет дегеніміз  – адамның іс - әрекеті, оның  даму формасы» - деп анықтама береді. Адам табиғи заттар мен құбылыстарды  өзінің мүддесіне, талап –  тілегіне сай өзгертіп отырады.  Мәдениет адам мен табиғаттың  өзара тұтастығы, өзара қарым  – қатынасының тарихи дамып  өзгеруінің өлшемі. Адам табиғаттың  бел баласы, бірақ оның өмір  сүру қисыны басқа. Ол табиғаттан  тыс өзіне жайлы ортаны, яғни  өзінің болмысына имманентті  қоғамды жасауы керек. О баста  мәдениет деген сөз өзіндік  лексикалық ұғым мағынасында  «натура» /табиғат/ деген сөзге  қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан  шыққанның бәрі де мәдениет  айғағы бола алады. Мәдениет  әлемі – адамның өз әлемі,  өйткені ол адамның творчестволық,  жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы – мәдениет  тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп  отырған табиғи және әлеуметтік  ортаны өзгертеді, ол тарихи  нақты процесс. Ортаны өзгерту  арқылы өзі де өзгеріп, дамып  отырады. Осы даму процесінің  нақты мағынасы мәдениет болып  табылады. Мәдениет адамның өзіндік  дамуымен барабар процесс.

 

 Философия мәдениетті  қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға  сүйеніп зерттейді.

 

 Философиялық әдебиеттерде  мәдениет ұғымын саралаудың көпжақтылығын,  көпмәнділігін еске ала отырып, олардың бәрін бір жүйеге келтіруді  мақсат ететін болсақ, онда екі  үрдісті анықтауға болар еді.

 

 Біріншіден, мәдениет  дегеніміз табиғаттан өзгеше, одан  тыс адам қолымен жасалған  құбылыстар.

 

 Екіншіден, мәдениет  дегеніміз - өндірісте, ғылымда,  өнерде адам қол деткізген  жетістіктер. Мысалы, осы мағынада  технологиялық, мәдениет, көркем, өнер  мәдениеті, адамгершілік мәдениеті  деп атап жүрміз. Бұл мәдениеттің  нормативтік сипаты. Әрине, бұл  екі үрдіс те біржақтылықты  көрсетеді, ұғымның мәні ашылмайды.

 

 Мәдениеттің өзіндік  концептуалдық мәні оның адамның  өзін қоршаған ортаны жетілдіріп, көркейтуге тырысқан саналы рухының,  ізденістерінің көрсеткіші екендігін  еске алсақ, жоғарыда келтірілген  В.М.Межуев анықтамасының дұрыстығы  дәлелденеді.

 

 Адамның қоғамдық прогресс  жолындағы әрбір қадамы оның  мәдениет жолындағы қадамы болып  табылады.

 

 Адамның рухани мәдениеті  оның айналасындағы адамдармен  қарым – қатынасында көрініс  табатын қадір – қасиетінде, адамшылығында,  ұяттылығында, тәрбиелілігінде, интеллигенттігінде, қарапайымдылығында. Осы моральдік  сана ұғымы, осы адамгершілік  қасиеттер адамның руханилығының  негізін құрайды. Ал басқа - өнер, әдебиет, ғылым, білім дегендер  тәрбиелеу және еңбектену нәтижесінде  ұғып алуға болатын материалдар  болып табылады.

 

 Адам нағыз гуманды  бастаулардан нәр алатын қоғамда  ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани  мәдениет және өркениет бір  – біріне әруақытта сай бола  бермеуі де объективті құбылыс.

 

 Ғылыми – техникалық  жетістіктердің адамға ізгілік  әкелуімен қатар, бақытсыздық  әкелуі де өмірде орын алып  отырған жағдай. Хиросима және  Нагасаки, Семейдегі ядролық полигон  техникалық прогрестің жемісі. Бірақ  оны адамға қарсы қолданған  адамгершіліктен ада адамның  іс - әрекеті. Гуманизмнен, адамның  рухани мәдениетінен тыс шынайы  прогресс болуы мүмкін емес. Адамды  өнерге, рухани байлыққа баулып  отыру адамды гуманизм рухында,  гуманистік мақсат жолындағы  кесапаттарды жеңіп отыратын  іскерлік рухында тәрбиелейді.

 

 Ғылымның жоғары мақсаты  – адамдарға білім беру. Мәдениет  пен өнердің жоғарғы мақсаты  – тұлғаның жан жақты дамуы.

 

 Біздің өтпелі қоғамымызда  таным және өмір үшін, болашақ  тағдырымыз үшін ең маңызды  өзекті мәселе – мәдениет және  өркениет мәселесі, олардың өзара  қарым – қатынасы және бірлігі  мәселесі.

 

 Адамдарды әр уақытта  болашақ тағдыр ойландырады. Сондықтан  да осы мәселе өзінің өміршеңдігімен  алдыңғы қатарға шығып отыр.

 

 Тарих өткедерінде,  дағдарыстар мен күйреу дәуірінде  халықтар мен мәдениеттердің  тарихи тағдыры туралы да ойлануға  тура келеді. Дәл қазіргі уақытта  осындай ой толғақтары біздің  қоғамымызға керекті бірден –  бір қажеттілік.

 

 Мәдениет пен өркениет  бір – біріне өте жақын,  төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның  алтын қорына алғашқы рет цивилизация  - өркениет деген ұғымды енгізген  шотланд философы Адам Фергюссон  көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық  болмыстың өзіндік диалектикасының  қыры мен сырын терең зерттеу  мәселесіне кеңінен қолданып, оны  метолодогиялық қағида дәрежесіне  көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс  болып табылады. Өркениет туралы  мәселе философия тарихында әр  түрлі қырынан көрінеді.

 

 Біріншіден, өркениет  дегеніміз – адамзаттың даму  процесінде тығылықтан кейін  дүниеге келген ерекше тарихи  кезең. Бұл кезеңнің негізгі  ерекшеліктері – еңбек бөлісуі  арқасында пайда болған адамдар  арасындағы қарым – қатынастар  онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің  пайда болуы, таптардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.

 

 Өркениет – бүкіл  дүние жүзілік тарихи процестің  белгілі бір тиянақты даму  сатысы. Археологтар мен ежелгі  тарихты зерттеушілер бұл ұғымды  дәл осы мағынада пайдаланып  жүр.

 

 Өркениетті тарихи  дамудың нақты кезеңі деп қарастыруды  ең алғашқы рет Ш.Фурье ұсынған  еді, осы теориялық дәстүр Л.Морган, Ф.Энгельс еңбектерінде одан әрі  дамытылды.

 

 Екіншіден, өркениет  деп салыстырмалы тұйықталған,  өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты  атаған. Бұл дәстүр И.Я.Данилевский  еңбектерінде қалыптасқан. Кейінен  осы концепцияны О.Шпенглер, К.Н.Леонтьев  дамытқан.

 

 Үшіншіден, өркениет  адам баласының өмір сүру мүмкіндіктерін  кеңейіп, табиғаттың дайын байлықтарын  пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық  өндірістік технология арқылы  өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін  дәлелдейді. Еңбектің қалай іске  асатыны, адамның табиғатқа әсер  ету тәсілдері өндірісті қалай  және қандай құрал – жабдықтармен  жүзеге асыру мәселесі өте  маңызды болды. Өркениет жалпы  әлеуметтік прогрестің даму процестерімен  тығыз байланыста өрбиді. Оның  даму жолдарын өркениеттің төменгі  сатысы, өркениеттің жалпы деңгейі,  өркениеттің аралық сатылары  сияқты терминдер арқылы сипаттауға  болады.

 

 Өркениетті жалпы қоғамдық  дамудың жиынтық мәнездемесі  деп қарастыруға болады, оған  өзара диалектикалық қарым –  қатынаста болып отыратын қоғамдық  өмірдің объективті және субъективті  заңдылықтары кіреді.

 

 Мәдениеттің алғашқы  нышандары еңбек, іс - әрекетпен  бірге қалыптаса бастайды. Ал  өркениет кейінірек пайда болады. Оның қалыптасуының алғышарттары  қоғам дамуының әлеуметтік сипат  алуы болып табылады.

 

 Табиғатқа тәуелділіктен  босаған адамдардың арасында  шын мәнінде нағыз жалпы әлеуметтік  қарым – қатынастар пайда бола  бастады және адам өмірі күрделене  түсті. Өркениет дамуына кеңінен  жол ашатын маңызды фактор  – қоғамдық әлеуметтік қарым  – қатынастардың кеңейіп, нығаюы.

 

 Мәдениет ұғымы адамзат  дамуының барлық тарихи кезеңдерін  қамтиды, оның аясына өркениетті  даму да, одан бұрынғы даму  да кіреді. Ал өркениет ұғымы  қоғамдық прогресстің кейінгі  кезеңдерінде пайда болған дамуын  түсіндіреді.

 

 Өркениеттің дамуы  адамның табиғи шектілігін және  бастауымен тығыз байланыстығын  көрсетеді. Бір жағынан, адам  табиғат заңдылықтарын танып,  біліп, оған терең бойлау арқылы  оны өзіне бағындырды, оның тікелей  әсерінен бірте – бірте арыла  отырып, өзіндік заңдылығы, уақыттың  және әлеуметтік тарихи кеңістігі  бар қоғамдық болмысты жасай  алды. Екінші жағынан, адамның  қоғамдық мәнін меңгеру адамның  өзін - өзі басқарумен, басқаша айтсақ, өзінің жігері, еркі, темпераменті  т.б. сияқты биологиялық - әлеуметтік  қасиеттерін ұдайы тежеп, өзін - өзі ұйымдастыру дәрежесіне  көтерілді. 

 

 Мәдениет және өркениетті  зерттеу үшін олардың өзара  бірлігі мен айырмашылығын көрсетіп  отыратын тарихи өлшемді табуымыз  қажет. Сол өлшем арқылы қоғамдық  процестің осы екі жағын түсіндіріп  қана қоймай, олардың әрқайсысына  тән ерекше сипатты табуға  да болады.

 

 Осындай ерекше миссия  мәдениет пен өркениетті өзара  біріктіру және ажыратудың тарихи  өлшемі болу – адам ұғымына  тән болып табылады. Әрине, мәдениет  те, өркениет те адам өзі дүниеге  келтірген, өзі солар арқылы  өмір сүріп отырған қоғамдық  құбылыстар.

 

 Қоғамдық – экономикалық  формация, өркениет және мәдениет  ұғымдарының өзара байланыстары  мен ерекшеліктерін саралайтын  болсақ, мәдениет және өркениет  ұғымы қоғамдық дамудың іс - әрекеттік  гуманистік қырына жатады, олардың  арасында (жоғарыда біз көрсеткендей  – М.Н.) өзара иерархиялық корреляциялық  байланысы бар.

 

 Формация және өркениет  ұғымдарының өзара байланысы  олардың қоғамдық дамуды саралаудың  дербес екі түрлі жолының аясында  тұрғандықтан, олардың бірін –  бірі толықтыруымен түсіндіріледі.

 

 Формация ұғымы арқылы  қоғамдық дамудың әлеуметтік  – экономикалық тынысы сарапталса, ал өркениет ұғымы қоғамды  әлеуметтік мәдени тұрғыдан зерттеуге  мүмкіндік береді.

 

 Жалпы социологияда  өркениет ұғымын пайдалану қоғамдық  дамудың көп жақтылығын, тарихи  процестің субъектісі адамға  біртұтас бағытталуының жүйелілігін  анықтайды, өйткені, ол өзінің  мағынасында қоғамдық қарым –  қатынастардың даму деңгейінің  тереңдігі мен гуманистік сипатын  да көрсетіп отырады.

 

 Өркениет терминін  пайымдаудың қажеттігі кездейсоқтық  емес. Оның өзі осы ұғымның  даму тарихы таным контекстісі  мен мақсаттардың әр алуандылығы,  басқа да жақын ұғымдар мен  байланысының, сонымен қатар, осы  түсінікке сай келетін тарихи  болмыстың күрделілігімен түсіндіріледі.

Информация о работе Қазақ философиясы