Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Содержание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ философиясы.docx

— 267.43 Кб (Скачать файл)

[өңдеу]

атомдық көзқарас

 

Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист  ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың  негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.

 

Атомдар бос кеңістікте бір  жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас  материяны құрайды: отты, суды, жерді  тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

 

Демокрит танымның материалистік  теориясын дамыта келіп, адамның  санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің  екі түрін көрсетеді:

Сезім арқылы танып-білу,

Ақылмен танып-білу.

 

Демокрит біздің сезім  мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм  білу, тән сезімдеріміз-заттар мен  қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.

 

Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол  көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі  туралы жалпы философиялық көзқарасы  ғылым мен филосогфияның тарихында  орасан зор маңызға ие. Демокриттің  көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.

[өңдеу]

Софистер

 

Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,»  «шешендіктің» кәсіби ұстаздары  ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері  зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы  болып табылады. Софистер екі топқа  бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты  материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау  кезіндегі кейіпке байланысты пайда  болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу  немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс  болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары  деп атады.

 

Антикалық философияның екінші-классикалық  кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі  философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.

[өңдеу]

Сократ

 

Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі  материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда  ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар  дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша  ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын  танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді  танып – біл» формуласы түрінде  өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті  теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол  берілуі керек, соның барысында  бірнеше сұрақтардың көмегімен  әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар  анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың  этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер  білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

 

Адам өзіне үңілген  сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім  ештеңе білмейтіндігім» қағидасының  мәні ашыла түспек.

[өңдеу]

Платон

 

Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан  астам философиялық диалогтар ретінде  жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге  идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

 

Платон

Платон объективті идеализмнің  жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін»  қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға  тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар  дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі  деп атады, өйткені заттар дегеніміз  идеялардың көшірмелері, көлеңкелері  ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың  мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

 

Адамның жаны, рухы тәнге  тәуелсіз о дүниеге идеяларда  өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп  аталады.

 

Сезімдік дүние «идеялар»  мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар»  мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді  емес. Платон ілімі философияның кейінгі  уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

[өңдеу]

Аристотель

 

Аристотель

 

Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) –  ежелгі грек философы, логика және басқада  көптеген ілімдердің негізін қалаған  энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша  бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы  Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз  форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм  мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша  рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде  жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың  кезеңдері, себептері мен түп  негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық  бөлім – адамдардың іс-әрекеті  жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі  жететін дүние.

 

Аристотель табиғатты  «материяның» «формаға», «форманың» «материяға»  біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың  түп төркіні мен мақсатқа келіп  тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының  түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай  деген тұжырым жасады.

 

Адамның ақыл-парасатының  қабілетін этикадағы ең жоғарғы  қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің  моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін  ойлайтын ой» - нағыз кемелденген  философ.

 

Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің  философияға енгізген орасан зор  еңбектері мен жаңалықтарынан кейін  философия айтарлықтай беделге  ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл  жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің  Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен  қоса, Александр Македонскийдің бірнеше  елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.

 

Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат  жая өркендеп өсуі- сол замандағы  адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй»  болуға тырысты. Соған орай философия  жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан  білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер  қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа  ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі  мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын  қалай жақсы өмір сүруге болады деген  мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген  стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді  ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.

 

Сіздің басыңыздан мынадай  жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз  осы жағдайларға салқынқандылықпен  қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік  етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте  алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.

 

Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған  мектептің негізін салған Китиондық  Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен  құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу  үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті  жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда  одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.

[өңдеу]

Эпикуршылдар мектебі

 

Эпикуршылдар мектебі  – негізін салған Эпикур. Ірі  өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы  деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында  орналасқан бақшамен байланысты. Осы  бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе  алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары  шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх  басқарады.

 

«Өмірдің мәні – бақытты  болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына  жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына  жетудің, саналы түрде қайғы –  қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.

 

Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне  араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың  көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген  ойға келеді. Әлем, адамзат баласын  не үшін жаратты деген сұраққа  жауап іздеу барысында Дүние  – атомнан құралған деп санаған  Демокритпен танысады.

[өңдеу]

Эпикур

 

Эпикур – Демокриттің  атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру  үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан  туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай  деп түсіндірді: дененің бойымен  өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.

[өңдеу]

Эллинизм

 

Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің  соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы  скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) –  ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің  негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге  сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы  және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан  олар туралы қандай да болмасын пікірлерден  бойымызды аулақ ұстағанымыз  жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған  орай скептиктер мынадай жағдайларға  байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп  жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма  – ақиқат, шын деп есептелетін  идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі  Секст Эмпирик.

 

Болмыс философиясы. Материя

Жоспар

 

1.Болмыс ұғымы

 

2.“Материя” категориясы,  оның атрибуттары мен модустары.  Әлемнiң философиялық моделдерi

 

3.Қозғалыс және қозғалыс  формалары

 

4.Кеңiстiк пен уақыт

 

 

 

1. “Болмыс” ұғымы- қоршаған  әлемдi философиялық тұрғыдан  танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың  бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде  “болу”, “бар болу” деген мағынаның  жатқаның аңғартуға болады. Бұл  түсiнiк адамның айнала қоршаған  ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар  да өз орының табады) әлем есебiнде  танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

 

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай  бар” деген қарапайым түiндермен  шектелмейдi. Себебi дәл осы арада  дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында  бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа  бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан  болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп  көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар  дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы  мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн  өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң  негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп  түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен  бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар  болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан  да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы  Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық  материалист, диалектиканың негiзiн  қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк  логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын  басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр  өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен  байланыстырады, оны заттардың басты  өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар  болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады. 

 

3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс  дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн,  өзгермейтiн сана тектес рухани  идеялар дүниесi. Идеялар- заттар  мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк  пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар  сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр  сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы,  моделi. Ал заттар өткiншi, пайда  болады, тозады, өледi, яғни шынайы  болмыс емес, бар болғаны идеялар  дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

Информация о работе Қазақ философиясы