Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 10:11, реферат

Краткое описание

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

Содержание

1.Кіріспе

2.Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

3.Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

4.Қорытынды

5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

философия.doc

— 53.50 Кб (Скачать файл)

                                        Атырау политехникалық колледжі

 

 

    

      Тақырыбы: "Қазақ философиясы"

 

                                                                           Орындаған: УиАб-11 тобының студенті

                                                                                                     Қарағұлова Айгул.                                                                                           

                                                                            Тексерген: Қарамырза Болат

 

 

 

 

 

 

                                                                                 

 

 

                                                       Атырау 2012ж

                                        

 ЖОСПАР : 

1.Кіріспе

 
2.Қазақ философиясы қалыптасуының  тарихи ерекшеліктері

 
3.Көне түрік жазбаларындағы  алғы философиялық ойлар

 
4.Қорытынды

 
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

    Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

   Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, ақындар мен сезімге негізделген ойлары баршылық.

  

Қазақ философиясы  қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

    Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

    Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады. Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.

    Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар – азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер.

   

 

  

 Көне  түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

 

    Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.

      Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығымен атағы шыққан».

    Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис  скфиский дегеніміз осы-Анарыс бабамыз.  «Майқы бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис Сақ патшасы Кадуйдің інісі. Ол Афиныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский – ел басқару жүйесінде реформа жасаған әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды.Анахарсисті де тарихқа түсірген көне авторлардың бірі Геродот.

     Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өмір-білімге құмар, Элладаның тілін үйреніп өсен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам» - деп жазды.Көптеген жазбаларда сақ – скиф философы Анахарсисті көне дүниенің «жеті ғұламасымен» байланысты сөз етеді.Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың арасында Секст Эмперик анахарсисті «жеті ғұламаның» бірі деп санайды.

  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болған-ды. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс пен алғы түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Алтаев Ж.  Философия және мәдениеттану: оқу  құралы – 2-ші басылымы 

2.Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой кешу   үрдістері 

3. Интернет сайттары

4 . Қысқаша философия тарихы 2005ж. 124б.

5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы

6. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ философиясы