Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Содержание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ философиясы.docx

— 267.43 Кб (Скачать файл)

 

4) Жаңа заман ф-да болмыс  категориясың “субстанция” категориясымен  тенiстiрген, болмыстың бiртектiлiгiн  бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн  субстрат, болмыстың негiзi. Бiр ф-да  ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды,  ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да.  Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп  болған, дiн дi дәйектеп, материализм  дi терiстеуге тырысты, тек рухани  болмысты мойындап, универсалилердiн  реалды өмiр сүредi деген және  абстракциялық ұғымдар идеясына  қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани  субстанция дедi, рух- бәрi оған  тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық  табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.

 

Ал, Спиноза шы (1632-1677, нидерланд  ф-фы, Амстердамда туып өскен, мат-ка мен жаратылыстану ғылымдарына  қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы  бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды  интуиция деп, субстанцияның атрибуттары  мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк ф-да еркiндiктi саналы қажеттiлiк  ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”)  нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде  өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады.

 

Болмыс (философия)

 Мында өту: шарлау, іздеу 

 

Болмыс – тарихи қалыптасқан  кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп  қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін  сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі  орын алатынын ұғыну қажет.

 

Болмыстың негізгі түрлері:

Заттар (денелер), процестер  болмысы:

А) бірінші табиғат;

Б) екінші табиғат.

Адам болмысы:

А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

Б) адамның өзіндік болмысы.

Рухани болмыс:

А) жеке адамның рухани болмысы;

Б) қоғамның рухани болмысы.

Әлеуметтік болмыс:

А) қоғамдағы және тарих  процесіндегі жекеленген адам болмысы;

Б) қоғам болмысы.Мазмұны  [жасыру]

1 Заттар (денелер), процестер  болмысы

2 Адам болмысы

3 Рухани болмыс

4 Әлеуметтік болмыс

 

[өңдеу]

Заттар (денелер), процестер  болмысы

 

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа  дейін пайда болған, адамдардың санасынан  тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын  табиғатта өмір сүрмеген, адамдар  өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің  тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп  атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап  шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды  табиғат. Қазіргі заманда «екінші  табиғат», өзі «бірінші табиғаттың»  туындысы болса да, басымды болды.

[өңдеу]

Адам болмысы

 

Адам болмысы екіге  бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты  кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат  бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің  ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының  айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар  тұқым қуалаушылық заңдарына  бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі  іздестіреді.

[өңдеу]

Рухани болмыс

 

Рухани болмыс сана мен  санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен  топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден  тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

 

Бірінші жағдайда адам сананың  көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың  байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

 

[өңдеу]

Әлеуметтік болмыс

 

Әлеуметтік болмыс та екіге  бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге  қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар  туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған  сайын ондағы алуан саладағы прогресті  жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын  байқаймыз.

 

 

Дін және мәдениет

 

Дін және мәдениеттің арақатынасы  жөнінде қыруар пікірлер айтылуда.

 

Соңғы кездері діни экспансия  алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.)дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды  жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін  мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.

 

Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды  құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға  Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав  Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы  ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын  ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар  діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм  экономикалық уақиғалардың негізінде  діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы  салаларға бағыт-бағдар беретін  күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам  құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа  қоғамдардан ажырататын ең негізгі  қасиеттің бірі осы діннің өзі  болып табылады.

 

Заманауи әлеуметтану  ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді  зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге  әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет  ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен  ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш  екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі  өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі  танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы  және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың  өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.

 Маркс еңбектерінде  идеология мәселесіне өзін жетектеген  күштің дін болғанын жазған. Мұндай  жағдайды Людвиг Фейербахтың  (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де  табуға болады. Мысалы, Фейербахтың  ой жүйесі сезім арқылы білінетін  нәрселердің ғана бар екендігіне  негізделуші еді. Сол себепті  Құдайдың барлығын растайтын  нақтылы дәлел болмайынша Оның  барлығын дәлелдеуге болмайды  деген философ. Фейербах дін  әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға  жатқызбай, жай қараңғы сенім  қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл  Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған.  Осы материалист-атеист Фейербах  философиясының әсеріне шалдыққан  адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына»  теңеуі және Гегельдің «құқық  философиясына сын» атты мақаласы  осы сарында жазылғаны белгілі.  Маркстің пікірінше дін адамды  белгілі қағидалардың құлына  айналдырады, діннен ада болған  адам осы алданыштан да азат  болады. Мұнымен, Маркс дін мен  идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей)  және христиан қоғамда өскенін  және оның пікірлеріндегі дін  туралы ойлардың осы екі дін  төңірегінде шоғырланғанын айта  кеткеніміз жөн.

 Әлеуметтану ғылымдары  ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың  бірі мәдениеттану. Мәдениет дегенде  кейбіреулердің есіне тек Пабло  Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг  Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына  келгенде мәдениет ұғымы өте  кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның  қоғамдық қасиеттерінің материалдық  және рухани тамырлары бар.  Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи  және рухани қатынастардың ғасырлар  бойы етене араласуы нәтижесінде  қалыптасатын нәрсе. Сондықтан,  заман өзгеріп мәдениеттің кейбір  тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен  оның өзегін сақтап қалуға  тырысады.

 Ислам дінінің көшпелі  һәм руларға бөлінген араб  қоғамында пайда болғаны белгілі.  Дегенмен, ислам діні негізінен  отырықшылықты, қалалық мәдениетті  уағыздайды. Қазақ халқының тарихына  қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар  мен тайпалардың басын қосқан  күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған  түркі тайпалары болса мүлдем  басқа мәдениет тобына қосылып,  мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды,  мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын  т.т. айтуға болады. Америкада  зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың,  Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің  де тағдыры ұқсас. Демек, әр  халықтың мәдени ортасын анықтайтын  басты фактор – дін. Мұсылман  халқымыздың басты қасиеттерінен  меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза айт пен Құрбан айт  кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам дінінің мұсылман  үмметіне уағыздаған қасиеттері.

 Әлеуметтік тұрғыдан  алғанда ислам діні:

1) Қоғамға бағыт-бағдар  береді,

2) Қоғамды біріктіреді,

3) Идеологиялық және мәдени  ұғымдарды күллі қоғамға телиді,

4) Жеке тұлғаның және  қоғамның мүдделерін қорғайды,

5) Этникалық негізден  гөрі адами, рухани құндылықтарға  мән береді.

 Діннің мәдениеттің  құрамдас бөлігі екені туралы  тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер:

1) Діннің жеке тұлға  және қоғам өміріндегі нақты  функциялары бар.

2) Дін әр адамға сол  адам бағынышты болуға міндетті  құдіреттің алдында жеке басының  сенімділігі сезімін береді.

3) Дін адамға өзінің  төңірегіндегі әлемді түсіну  тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.

4) Дін қоғам қатынастарының  қалыптасуында басты міндет атқарады.

 Мәдениеттің күштілігі  соншалық, мәдениеттер арасындағы  қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің  өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің  белгілі элементтерін сіңіріп  алуға мәжбүр болады. Нәтижеде  аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениеттердің арасындағы  парықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер  мен тілдердің, тіпті діндердің  әртүрлілігін ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің  діні өзіне екені туралы айтылған  және Құран мұны Жаратушының  шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар  арасындағы парықтар адамдардың  бірін-бірі танып-білуі және қарым-қатынас  орнатуы жағынан жағымды рөл  атқаруы да мүмкін. Бұл біздің  қолымыздағы нәрсе. Сондықтан,  ислам дініндегі жүйені толеранттылықтан  да жоғары қойған жөн. Тарихқа  қарағанымызда сан жағынан аз  мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді  басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар  басқа дін уәкілдерін де қорғаумен  шұғылданған. Мұсылмандар негізінен  бір мемлекеттің туының астында  біріккен басқа тілдегі және  діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне  хошкөрушілікпен қараған.

 Адамзат тарихында  дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы  қоғамдық құрылымнан бері қарайғы  уақытта пайда болған мәдениеттердің  барлығы да діни сенім негізінде  қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі  ең жоғары деңгейдегі имани,  фәлсәфи негіздерді қамтитын  ислам діні осы дінге қосылған  халықтардың мәдениетіне орасан  зор ықпал жасаған, түбегейлі  өзіндік қалыпқа салған...

 Дін адамдардың іс-әрекеттеріне  бірінші дәрежеде ықпал жасайтын  құдірет. Ислам діні мәдениеттің  негізгі салаларымен шұғылданады  да егжей-тегжейде адамға таңдау  еркі береді. Мәселен, исламият  адамдардың киінуі мәселесінде  негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін  киюге араласпайды. Ислам діні  адамдардың халал тағамдарды  жеуін сұрайды, бірақ тамақты  дайындау және қабылдау салтына  араласпайды. Мәселен, Қытайдағы  мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы  мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі  мұсылмандар қолымен тамақ іше  алады. Негізгі мәселе, халал,  яғни рұқсат етілген таза тағамдарды  жеу.

 Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи  Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-1914) «Ислам мәдениеті  тарихы» атты еңбегінде мәдениет  былайша сипатталған: «Мәдениет  дегеніміз бір қоғамды қоғам,  жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт  жасайтын, оны өзге ұлттардан  ажырататын өмірлік көріністердің  топтамасы. Осы өмірлік көріністер  әр ұлттың өзіне тән болып  келеді». Қысқаша қайырып айтқанда  мәдениет «әр ұлттың өзіне  тән ойлау және өмір сүру  салтының жүйесі» болып табылады.

 Мәдениеттің негізгі  қасиеттері мыналар:

1.Ұлттық сипатқа ие

2.Табиғилық және тірілік

3.Жалғастылық және тарихилық

4.Ұлттың ортақ мұрасы  болып табылады

5.Өзегі өзгермейді

6.Үйлесімді тұтастық болып  табылады

7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

 Міне, осы қасиеттердің  барлығын зер сала зерттегенімізде  ислам дінінің қазақ халқының  мәдениетіндегі ең маңызды бөлік  екенін көреміз. Ендеше, Қазақстан  мемлекетінің сыйлығын алған  жазушы Дулат Исабеков (1942- ) ағамыздың  «дін мәдениеттің құрамдас бөлігі  емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін...» деген  сөздерінің ғылыммен үш қайнаса  сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен өркениеттің  парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта  болғанымен, өркениет дегеніміз  халықаралық, ғалами сипаттағы  нәрсе. Бір мәдениетті екінші  мәдениетке тұтастай аударудың  мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз.  Өркениет болса жалпы адамзатқа  тән байлық.

Информация о работе Қазақ философиясы