Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:52, реферат

Краткое описание

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.

Вложенные файлы: 1 файл

философия.docx

— 442.46 Кб (Скачать файл)

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. 
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді. 
Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. 

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды. 
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.

 
мақсаты:  Қазақ философиясының қалыптасу мен даму ерекшеліктерімен таныстыру 

 

Негізгі сұрақтар:

1. Қазақ философиялық  ойының қалыптасуының ерекшеліктері  мен дамуының тарихи кезеңдері

2. Көне түріктердің  дүниетанымдары мен көне түрік  ойшылдары

3. Ш. Уәлиханов философиялық  ойларының ағартушылық, саяси реформациялық  сипаты

4. Абай мен Шәкәрімнің  философиялық ойлары 

 

1.  Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:

·        Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсітесе көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады.

·        Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы борлды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.      

·        Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде  синкретизмді («синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. бұл дүниегекөзқарастық принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипаталады. Ол ауздан ауызға тараған ауыз әдебиетінен көрінді.

·        Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырымдап отырды. 

Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп  болады:

-     қарапайым диалектика;

-         ерлік пен батырлық мәселесі;

-         еріктілік пен бостандық мәселесі;

-         адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру;

-         әлеуметтік әділетілік мәселе;

-         аксиологиялық мәселелер.

-          дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;

-         адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық    ізденістер;

-     адамгершілік және мораль мәселелері;

-     ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б. 

Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:

  1. алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін):

-         қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;

-         Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойлар

  1. Ұлттық философия (XIғ. –  XIXғ.):

-         ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауи;

-         ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Жыраулар дүниетанымы: Сыпыра жырау (ХІҮ ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ.), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ.), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ.)

-         ХІХ ғ. ағартушылық философия: Шоқан уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев

-         ХХ ғ. философиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы;

-         ХХғ ағартушылық-демократиялық философия: Жүсіпбек Аймаутов, ахмет Байтұрсынов, Әлиххан Бөкейханов, Мыржақып дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев. Ұлттық демократиялық қозғалыстың жетекшілері, „Алаш" партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға тырысқан.

-         Кеңестік дәуірдегі отандық философия: Ж.Әбдилдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, М.Сәбитов,З.Мұқашев, А.Балғанбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б. 

 

  1. Қазіргі заман философиясы: қазақ халқының мыңжылдарды қамтыған рухани дүниесі қайта қаралып зерттелуде, сол сияқты әлемдік философияның соңғы тыныс-тіршілігін талдап зерттеулер жүргізілуде: Ә. Нысанбаев, М.Орынбеков, С. Ақатай, Б. Нұржанов, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Қ. Нұрланова, Т. Аитқазин, Т. Бұрабаев, Ғ. Есім т.б.

 

                 

Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни сенімдер мен табиғатқа  деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірнеше наным сенімдері (шаманизм, тотемизм, Тәңіршілдік, анимизм, фетишизм)  болған. Соның ішінде ежелгі қазақтардың дүниетанымын толықтай ашатын Тәңіршілідік діні еді. Тәңіршілдікте басты құдай – Тәңірі, ол аспан әлемнің жалпы сипатын беруші, жердегі өмір образын қадағалаушы. Тәңіршілдіктегі Құдай өзімен-өзі пайда болған немесе батыстық тілмен айтсақ, өзіне-өзі себеп абсолюттілік емес, ол  табиғат құбылысы. Оның барлық әрекеті табиғаттың тылсым күштері арқылы адамға танылып отырады.       

Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінде „Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаратылған ..." – деп жазылған.       

Көне Түркілердің нанымында ерекше орынға ие болған Ұмай ана – үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түркі ескерткішінде Ұмай анаға арналған қоштасу сөздері жазылған). Қазақтардың дүниетанымындағы екі құдай да табиғаттың бір бөлшегі ретінде болса, өзі сол табиғат бөлшегіне тәуелді жан ретінде айқындалған.      

Ертедегі ата-баалардың тотемі ретінді қасқырды есептеген. Түрік қағандарының патшалық рәміздерінде қасқыр бейнесі болған.       

Көне түркілер үшін қайырымды рухтар – ата-баба рухтары болған.оларға арнап құрбандық шалынған. Бұл жөнінде батырлар жырларда сәбиге зар болғандар жөнінде: „Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып" деп, олардың тілеуін де сол әулелер қабыл еткен.       

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойдың бастааушысы Анахарсис (Анарыс). Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққанын айтады. Гректер оны жеті дананың бірі деп есептеген, оған арналған ескерткіште Анахарсистің „Тілің мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай біл" – деген сөзі жазылған.         

Орта ғасырдағы қазақ философичясынң өкілдері: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауиді жатқыза аламыз.        

Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады. 

 

3.   Шоқан   Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға,  18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.         

Шоқан қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты-материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. Әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарасында географиялық детерменизм бағытында болған.        

«Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.        

Информация о работе Қазақ философиясы