Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Содержание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ философиясы.docx

— 267.43 Кб (Скачать файл)

 

 Локаята – Веда ілімдеріін  жоққа шығарады. Чарвака негізін  салған лкояттардың пікірінше,  брлық денелер махабхут деп  аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер  (кшита). Махабхуттар белсенді және  әрекетшіл келеді. Ола өзіне тән  күштің, белсенділіктің арқасында  зара байланысқа түсіп, бірігіп,  ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде  жоқ қасие – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта  бөлшектеніп, махабхуттармен бірге  сана да жойылады.

 

 Локаяттар өмірдің  мәні бақытта, ал бақыт –  ләззат деп түсінген. Табиғатты  әлеуметтік құбылыстарды танып  білуде ақылдан сырт, сырт күш  туралы ілімдерден, белсенділіктен  еш пайда жоқ, білімді тек  сезім мүшелері арқылы ғана  ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар  суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп  кетеді.

 

 Миманса- Прабхакара  және Кумарила. Веда беделіне  оралуға шақырады. Олардың ойынша  Ведалар- жоғары сезімдік субстанция, танымның көзі.

 

 Санкхья - негізін салған  Ишваракришна. Дүние- материалды  бастама (пракрити) мен абсолютті  рух (пурушни) байланысынан әлем  пайда блды деген көзқарасты  ұстанушылар. 

 

 Ньяя - негізін салушы  Акшапада Готама. Ньяя ілімінде  логика мен гнесология өте  үлкен роль атқарады. Ньяя ілімінің  тұжырымдауынша атомдардан тұратын,  олардың үйлесімі барлық нәрселерді  құрайтын материалдық әлем бар.

 

Ежелгі Үнді философиясы 

 

Бұдан үш мыңдай жыл бұрын  көне Шығыста алғашқы қауымдық  құрылыс ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орнай бастады. Еңбек өлісінің өркендеуі, өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі  бұрынғы дәстүрлі мифологиялық сананы тоқырауға ұшыратты, ғылымның, философиясының дамуына жол ашты. Көне Шығыста, атап айтқанда Үнді елінде, алғашқы философиялық дүниетанымның түрлері қалыптаса  бастады. Өкінішке орай, бұрышы кеңестер Одағындағы Еуропаға бой ұрушылық тың  бел алуына айланысты Шығыс мәдениетіне  салғырт қараудың нәтижесінде көне Шығыс философиясы туралы материалдарға  ресми оқулықтардың өзінде мардымсыз  орын беріліп келді. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы  мәселеге кеңірек тоқталуды жөн  көрдік.

 

Көне Үнді жерінде құл  иеленуші мемлекеттер пайда бала бастаған езде, негізінен, төрт таптық құрылымдар өмір сүрді. Олар – абыздар  брахмандар), әскербасылар, сардарлар (кшатрийлер), ауқатты шаруалар вайшьлер) және ең төменгі каста (таптық құрылым) шудралар. Шудралар мен құлдар барлық хұқтан мақұрым болды да, абыздардың, сардарлардың, ауқатты шаруалардың  езгісіне түсті.

 

Көне Үнді әдебиетінің  ескерткіші Ведаларда ("веданың" түпкі (мағынасы "жиектеу" деген  сөз, кейіннен - білімдер жиынтығы деген  мағынаға ие болады) мифологиялық, діни көзқарастармен қатар философиялық дүниетаным да өрістеді. Торт бөлімнен тұратын Ведалардың соңғысы "Упанишада" деп аталды. Біздің жыл санауымыздан оның жыл бұрын жазылған бұл бөлімде  әлемнің жаратылысы, ондағы адамның  алатын орны туралы діни философиялық пайымдаулар алғаш ет хатқа түсті. Ведалық мәтіндер тоғыз ғасыр  бойына жасақталған, яғни іздің жыл  санауымыздан бұрынғы XV ғасыр мен VI ғасыр аралығын ,қамтиды.

 

Бұл мәтіндерде тұжырымдалған  негізгі қағида - ғарыштық тәртіп. Cоған адамдар түгілі құдайлар да бағынады. Жаратылыс сумен байланыстырылады, ал тіршіліктің пайда болуы дем  алу процесіне телінеді.

 

 

Ежелгі шығыс философиясы 

 

Кіріспе

Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде  қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға  бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда  өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға-эскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер кэсібі, саудагерлік тисе, шудраларға- қара жүмыс ғана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мэдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б. д. д. 1500ж) жиынтықталған. Ведалар 4 бөлімнен түрады: 1) самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы; 2) брахман- самхитті түсіндіретін эр түрлі мифологиялық эңгімелер,, ритуалдар т. б; 3) араньякта-(орман  кітабы) брахманға тэн ритуалдардың орнына қүдайларды іштей сыйлап қүрметтеу, олар туралы ойланып - толғану сияқты көзқарас; 4) Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дэстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың  арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы  білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың  басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік- Брахман  жатыр. Ал одан заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардың  соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі-қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі-жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жэне ақиқат. Бірінші брахман  көп түрлі болса, екіншісі-жалқы. Кейбір жағдайларда брахмандармен  қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы  да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір  жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан  рух сияқты. Рухты атман- тіршіліктің  негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Амен тек бастама ғана емес, ол- саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман  жэне атманмен қатар тұрған үғымдаодың бірі-пуруша жэне "мен". Пуруша - ол әлем, адам түріндегі элем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде  болып, "мен әлемді жаратамын",-деп: аспан суын, сэуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" Брахманмен, Атманмен тең деп түсінген де ғана, адам өзін қүдаймен, бүкіл элеммен  теңмін деп, түсінеді. Ал "мен" - бір  бөлек, брахман, атман-бір бөлек деп  түсінетін болсақ ол-білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей  қүрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық  шалу туралы білім өте қүндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты-тірі кезінде  атман-брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, қү-марлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап- арбаусыз ой кешіп, атманды үсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, элемдік қүрылымға айналады.

 

 

 

Антикалық философиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет 

 Мында өту: шарлау, іздеу 

 

Антикалық пәлсапа алғашқы  қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік  құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

 

Ертедегі Грекияның алғашқы  философтары стихиялы материалистік  бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы  бастамасын табуға тырысты. Антикалық  философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын  табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

 

Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда  болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

 

Ертегірек (антикалық) философиясы  өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде  натурфилософиялық көзқарас басым  болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар  атомдық көзқарастың негізі қаланады.

Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.Мазмұны  [жасыру]

1 Милет мектебі 

1.1 Фалес

1.2 Анаксимандр

1.3 Анаксимен

2 Пифагоршылдар

3 Элей мектебі 

3.1 Ксенофан

3.2 Зенон

4 атомдық көзқарас

5 Софистер

6 Сократ

7 Платон

8 Аристотель

9 Эпикуршылдар мектебі

10 Эпикур

11 Эллинизм

 

[өңдеу]

Милет мектебі

 

Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр  және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

[өңдеу]

Фалес

 

Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет  қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның  бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет  бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін  анықтайды.

 

Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші  ретінде және стихиялы-материалистік  Милет мектебінің негізін қалаушы  ретінде танымал.

 

Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны  материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген  пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан  пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

[өңдеу]

Анаксимандр

 

Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист  – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы»  атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы  ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық  пен суықтың қарама-қарсылығы  туады; олардың күресі космосты дүниеге  әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс  тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу  және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер  төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар  айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет  эволюция идеясын ұсынды: адам –  балықтан пайда болған.

[өңдеу]

Анаксимен

 

Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист –  философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда  болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа  шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен  тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың  өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар  – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан  денесі деп үйретті.

 

Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің  бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол  заманның өзінде атақты еңбектердің  бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген  заттар, тіпті адам жаны да оттан  жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан  былайда мәңгі жанып тұратын  от, тұтанып және өлеусіреп сөніп  бара жатқан оттың өлшемі» Зат  атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан  пайда болады, оны Гераклит «логос»  деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы  қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың  қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы  жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы  қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара  түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан  адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен  бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің  қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның  ұлы қасиеті болып табылатын  ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

[өңдеу]

Пифагоршылдар

 

Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар  бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді  тіркестерге тән ерекшеліктермен  қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды  жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі  сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған.

 

Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ  сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты  және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі  сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым  қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан  механикасының математикалық негіздері  баяндалған. Пифагоршылдар философия  мен ғылымның әрмен қарай дамуына  орасан зор әсер етті.

[өңдеу]

Элей мектебі

 

Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда  болған философиялық мектеп. Басты  өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

[өңдеу]

Ксенофан

 

Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны  алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып  жасайды, егер жануарлар Құдайға  сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер  еді»,- дейді. Дүние жер мен судан  пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп  санады.

 

Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш  рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық  және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау  Парменид іліміндегі рационализмнің басым  екендіген аңғартады. «Болмыс-бар  нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

[өңдеу]

Зенон

 

Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада  қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде  пайда болады. Зенонның қозғалыстың  мүмкін еместігі туралы пайымдауларын  апория деп атайды. Зенон апорияларының  мәні мынадай: белгілі қашықтықтан  өту үшін оның жартысын жүріп өту  керек; жартысын жүріп өту үшін осы  жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын  қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

Информация о работе Қазақ философиясы