Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.

Содержание

1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ философиясы.docx

— 267.43 Кб (Скачать файл)

 

 Гегель үшін діннің  қоғамдық сана формасы ретінде  де , таным процесінің сатысы ретінде  де маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін – бұл адамзаттың ойлап  шығарғаны емес, дін – бұл құдіретті  рухтың жемісі”[3]. Бұл пікір болмыс  пен шектік, шүбәсіз кемелдік  арасында жақындық бар екеніне  ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит  (V ғ.), А.Августин (V ғ.), Ф.Аквинский (ХІІІ  ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский  былай деген: “Сущее и благое  суть понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз  болып қала бермек, себебі оның  қайнар көзі – тарих (ғылымның  айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар  көзі – мәңгілік (теологияның  айтуынша).

 

 “Сындарлы он жыл”  кітабында Н.Ә.Назарбаев діни  экстремизмнің ықтимал қауіп-қатеріне, оның алдын алу шараларына, көпұлтты  және көпконфессиялы қоғамымызда  бұл мәселеге сергек қарау  керектігіне айрықша мән берілген. Қазақстанда үш мыңға жуық  діни ұйымдар мен қозғалыстардың  басын біріктіретін 40-қа тарта  конфессияның барын ескерсек, конфессиялық  тұрақсыздықтың да болуы мүмкін  екендігін ұмытпауымыздың қажеттігіне  назар аударады.

 

 Н.Ә.Назарбаев өзінің  кітабында Қазақстанда ислам  діні ханафиттік құқықтық мектеп  пен сопылық ағым негізінде  орныққанына, мұның өзі ислам  догмаларының қазақ даласын тез  жерсінуіне себепші болғанына  айрықша мән береді. Бұл түсінікті  де. Қай кезде де дәстүрлі мәдениет  пен діни наным-сенімнің арасындағы  қайшылық, ең алдымен халық өмірінің  қасіретіне ұласып отырған. Шүкір  деуге болады, бір жағынан, қандай  да болсын қоғамдық қатынастар  ахуалына ислам догмаларының  бейімделгіштігі, екінші жағынан,  салт-санасы көшпелі өмір жағдайында  қалыптасқан қазақтардың діни  наным-сенімге деген кеңшілігі  Қазақстанда ислам дінінің қоғамды  реттегіш тамаша қасиеттеріне  жол ашқан. Осы мәселеге айрықша  мән берген Нұрсұлтан Әбішұлы:  “Ислам дінін қабылдаған қазақтар  Құран ережелерінің негізінде  де, исламға дейінгі дәстүрлі  ырым-жораға да табиғи түрде  және бір мезгілде мінәжат  ете алатын болған. Осылайша, қазақтар  өздері үшін жаңа араб дінін  қабылдағанымен, өз бабалары –  түркінің көшпелі тайпаларының  рухани мұрасынан да көз жазған  жоқ”, - деп қазақ қоғамындағы  ақиқат-шындықты айта келіп: “Исламның  жан-жақты жорылуы ұдайы болып  отыратын үрдіс, мұның Құран  рұхы мен әріпіне де, Шариғатқа  да қайшы келетін немесе қайшы  келуі мүмкін ештеңесі жоқ.  Бұл тұрғыдан келгенде, менің  пайымдауымда Қазақстанда біржолата  орныққан исламдық дін таным  үлгісін одан әрі идеологиялық  тұрғыда дамытып, біздің теологтар  тарапынан исламдық мұраларды  жаңғыртуға, сөйтіп еліміздің мұсылман  қауымының қазіргі жағдайына  жаратуға жол бермеуге болмайды”, - деп қорытады[4]. Нұрсұлтан Әбішұлы  сөз етіп отырған мәселе қазақ  халқының ХХI ғасырдың басындағы  және алдағы ғұмыр жолындағы  діни-рухани бағдарына темірқазық  болары кәміл.

 

Әдебиеттер

 

1. Тойнби А.Дж. Постижение  истории. М., 1991. 349 б.

 

2. Әл-Фараби. Философиялық  трактаттар. А-ты, 1970. 271б.

 

3. Гегель Г.В.Ф. Философия  религии. В 2-х томах, Т.1. - М., 1976. 527 б.

 

4. Н.Ә.Назарбаев “Сындарлы  он жыл”. Алматы, “Атамұра”, 2003 ж. 142б.

 

 


Информация о работе Қазақ философиясы