Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 21:38, курсовая работа

Краткое описание

Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері..........................................................................................................................................5
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.................................5
1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы..........................................................................................................................................13

2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері...............................................................................................................................18
2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары……………………………………………....................................................................18
2.2 Озат мұғалімдердің тәжірибесі……………………………….................................21

Қорытынды………………………………………………………...............................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..........................................28
Қосымшалар............................................................................................................................29-35

Вложенные файлы: 1 файл

КР-Бастауыш оқыту проц.ұлттық ойынд. қолдан.педагог.негіздері.docx

— 99.26 Кб (Скачать файл)

Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады. Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.

Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: дидактикалық ойындар-бұл ойындық және танымдық  негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады, дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын алады. Мұндай пікірлерді Т.Е.Конникова, Ф.И.Фрадкина және т.б. көптеген ғалымдар қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге ойынның өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік үлгіде дами беретіндігін айқындайды [8].

Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту, білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға әрекет жасады [9].

К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен ынтызарлықты дамытуды ұсынды [10].

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия дипломаты С.Герберштейннің 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Москвада болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан  жазып алғандары 1549 жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет-ғұрпы, орыс халқымен қарым-қатынасы, ойын – сауықтары жайында жазған. Сондай-ақ италия ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов пен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін жарыққа шығарады. П.И. Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де сақталған.

XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С. Паллос болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында жиналған материалдардан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям Россиской империй” атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің “Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.

Қазақ халқының қонақ жайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко Поллодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші ғалым, Венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Кортуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған. Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар - поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский болды. А.Янушкевич “Дневники и письмо из путешествия по казакским степям” атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп, қонған күнін “бұл күн бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні” дей келіп, сол күнгі ойын сауықта, әсіресе “Қыз қуу” ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды. Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын „Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын, айтыс үстінде олимпиадаға күрескерлердей бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант, не деген жыр. Менің жанымды тебірентіп, жүрегімнен орын алуда”, -деп табиғи дарын құдіретіне бас ие суреттей келіп, „мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр”, -дейді [11].

Г.В. Плеханов “Письмо без адреса” атты еңбегінде “ойын еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді”, -дей келіп материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен адам өмірінде ойын да қажетті екендігін дәлелдеді. Мұндай пікірді орыс ғалымы, дәрігері, педагог К.А.Пакровский қостаған. Ол “ойын-күнделікті бала еңбегі болашақ өмірдің бастамасы ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеттілігі байқалады”,- дей келіп “Физическое воспитание детей и разных народов преимушественно Россий” атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене шынықтыруының халық тәрбиесіндегі алатын орнын зерттеп, өзінше баға берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамуын, қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған.

ХІХ ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықарын, ұлт ойындарын зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі-жарым адамдар шыққан. Солардың бірі-Ешмұхаммед Букин болды. Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы Е.Букин “физическое и умственное воспитание у киргиз” атты еңбегінде жергілікті мамандар арасынан бірінші болып “гимнастика” деген терминге ғылыми түсініктеме берді. Демек адам баласы үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай роль атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.

Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының өзіндік тарихи, дамуы, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады.  “Бес тас”, “асық”, “садақ ату”, “қарагие” сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойнағалдығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды,-дейді [12].

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп өзгерісе ұшырап отырады. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан “аң аулау”, “таяқ жүгірту”, “садақ ату”, “қақпа тас”, “қарагие” ойындары келесі дәуірде қайталау-толығу процесінде “аң-аулау”, “бүркіт салу” немесе “құс салу”, “садақ ату”, “жамбы ату”, “қақпа тас”, “бес тас”, “қарагие”, “найза лақтыру” болып аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын айтқанда күні бүгінгі бәрімізге әйгілі “Ақ сүйек” ойынының бірнеше аттары бар екендігі анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым, этнограф Э.Диваевтың еңбегінде “орда”, орыс дәрігері Е.Покровскийдің еңбегінде “тоқтымақ”, делінсе А.Алектровтың еңбегінде “Ақ сүйек”деп аталған.

Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-VІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді, себебі: ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өнлдірістік қатарға негізделген. Өз кезіндегі өндіріс құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарына да қолданылды. Мәселен күні бүгінге дейін мәнін жоймаған “асық” ойындарына кез-келген сүйек емес, малдың асықтарын алған. “Бес тас” ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, “қарагие” ойнына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы [13].

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың “көк бөрі” сияқты спорттық ойындары мен жалғастырылып отырады. Бұл ойындар ерте замандағы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын, қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды жазушы, С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды: “Жүн сабайтындар көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тулаққа үйеді де, айнала отыра қалып, екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі: жүн сабақ үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-ысқаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады”, -дейді [14].

ХІV ғасырдың екінші жартысында және XV ғасырдың бас кезінде қазақ халқының күнделікті тұрмысы мен этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуде екі ағымның пайда болғаны белгілі. Оның бірі-реакцияшыл-монархиялық ағым, екіншісі-прогрессивтік ағым. Реаксияшыл монархиялық ағым үстем тап өкілдерінің саяси әлеуметтік құрылыс ерекшеліктерін “ғылымсымақ” негізде зерттеу мен болды. Олар: Тронов, Мейер, Кроссовский, тағы басқалар еді. Прогрессивтік ағымда ғылыми демократиялық бағытта көпшілік қауымның этнографиялық ерекшеліктерін зерттеген ғалым, этногрфтар В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б. болды. Осы ғалымдардың ішінде қазақ халқының өмірін жан-жақты терең зерттегендердің бірі- Э.А.Диваев. Ұлты башқұрт, ол орыс, қазақ, араб Орта Азия халықтарының тілдерін жақсы білген. Орынбордағы Некиюев кадет корпусының Азия бөлімін бітіргеннен кейін, Ташкенттегі Сырдария соғыс губернаторына кіші чиновник болып тағайындалған. Содан өмірінің 55 жылын қазақ халқының арасында өткізген ғалым.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелерінің бірі халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.Диваев ерекше мән беріп зерттеген. Ә.Диваев бірінші рет ғылыми прогрестік идеяда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай,

“Бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он беске дейін бозбала, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт”деп төрт топқа бөледі. Бірінші топтағы нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ санау”, “Тұсау кесу” жырларын жатқызады.

Ә.А. Диваев екінші топқа сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындарын жатқызады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой т.б. жануарлар бейнесі ғана болады.

Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра қоймайды,   сонда да антрапологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды [15].

Мәселен, “қой бағу ”ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан қой қойдың құмалағынан қозы жайып, қораға қамап, қоздатып, көшіп-қонып, күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Келесі топтағы бозбалалардың ойындарын төрт топқа бөледі. Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар : бес тас, лек жалау, сиқырлы табақ, жылмақ, т.б. Екінші, Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыртеке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр, т.б. Бұлардың көп тарағандарының бірі “Ақ байпақ ”ойыны.

Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан халық жануарлар бейнесін өлең айтса, ертегі айтса, бос кейіпкер етіп сарқылмас халық қазынасының негізгі түйіні еткен.Сондықтан да халық өмірінде жануарлар дүниесін қолданбаған, елестетпеген, не мәдениеті , не әдебиеті, не бала тәрбиесі, не әр алуан этнографиялық ерекшеліктері болмаған. Алайда бұл ойындар жас өспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп ерекшелігі мол ен дүние.

Үшінші топқа материялдық денелерді қолданып ойнайтын ойындарды жатқызады. Олар: ”шалма” , ”бөрік” , ”жасырмақ” , ”түйілген шыт” , ”тақия телпек” т.б. ойындар. Бұл ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы-«түйілген шыт» ойыны. Ойын жүргізуші ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алады да, бір,екі,үш, деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырап кетеді. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалмен бар ойыншыны қуалайды. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші орамалды біреудің қолынан алғанша ойын жалғаса береді. Ал орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Содан соң жүргізуші ауысып ойын жалғаса береді.

Келесі топқа жататыны - жас өспірім , жігіттер ойындары. Бұл ойындар белгілі бір ортада жастардың мінез-құлықтарының, өмірге, дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына бағыт істейді, жігіттердің қоғамның саяси құрылысына араласуына әсер етеді.

Ә.А.Диваев осы топқа жататын жігіттер ойынының өзін үш топқа бөледі. Бірінші топ соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына деген көзқарастарын бейнелейтін белгілер, әсіресе асық ойындарында көбірек көрінген.

Информация о работе Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері