Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 21:38, курсовая работа

Краткое описание

Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері..........................................................................................................................................5
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.................................5
1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы..........................................................................................................................................13

2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері...............................................................................................................................18
2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары……………………………………………....................................................................18
2.2 Озат мұғалімдердің тәжірибесі……………………………….................................21

Қорытынды………………………………………………………...............................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..........................................28
Қосымшалар............................................................................................................................29-35

Вложенные файлы: 1 файл

КР-Бастауыш оқыту проц.ұлттық ойынд. қолдан.педагог.негіздері.docx

— 99.26 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

Кіріспе.............................................................................................................................................3

 

1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері..........................................................................................................................................5

1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.................................5

1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы..........................................................................................................................................13

 

2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері...............................................................................................................................18

2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары……………………………………………....................................................................18

2.2 Озат мұғалімдердің тәжірибесі……………………………….................................21

 

Қорытынды………………………………………………………...............................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..........................................28

Қосымшалар............................................................................................................................29-35

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады [1].

Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А. Венгер, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, Н.Н. Подьяков, А.П. Усова, Д.Б. Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын  игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.

Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.

Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.

Сондықтан, бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады: бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.

Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу курстық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
  2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
  3. Ұлттық ойын элементтерін ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;
  4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері

 

 

    1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы

 

 

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне  қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жәй емес.

Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.

Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін  шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» – деп тегіннен айтпаса керек [2].

Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.

Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған  және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.

Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған  кезімен яғни таптық қатнастан бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе – келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды [3].

Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан  істеген ат, түйе, қой, ит т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен “Қой бағу” ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан “қой” қой құмалағынан “ қозы” жайып қораға қашап, “қоздатып”, “көшіп-қонып” күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің қалыптасқандығын аңғартады.

Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті  ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түсініп аңғарады,  тәжірибе жинақтайды.

Қазақ халқы – ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған.  Сондықан көпшілігі бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен [4].

Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай – қайсысы  болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтегендіктерін сөз етеді.

ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материялынан “Монғолия тарихы”  атты еңбегін жазды. Мұнда ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын – сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.

Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға  жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлт шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.

ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын–баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі» Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады [5].

«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін дамыту үшін «Санамақ» ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілітін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:

Бір дегеніміз-білеу,

Екі дегеніміз-егеу,

Үш дегеніміз үкі,

Төрт денегіміз төсек, т.б.

«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тағылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады [6].

Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2) рөлдік ойындар [7].

Информация о работе Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері