ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:22, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

Маңызды қағидалардың инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық - жариялық негізде болуы. Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштері жене жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын-ала белгілі болуы шарт. Және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануы тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттік құпияны құрайтын нысандар туралы болып отырған жоқ. Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып,оладың қолайлысын таңдап алу қажет. Тікелей инвестициялау - шетел инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрі болып есептеледі. Ол адресітілігімен және өндірістік сфераға бағытталумен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді,біріккен кәсіпорындар құру негізінде екіжақты интелектуалдық потенциялын өзара байытады. Қабылдаушы елдер жаңа құрылыс,болмаса жекешелендіру негізінде шетелдік кәсіпорын құру – осы фирманың бір түрі. Бірақ,шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының аумақтық,салалық құрылымының тиімді өзгерту,оның шикізаттық бағытын жою және экономика мен өнеркәсіптің негізгі саласын техникалық қайта жарықтандыру үшін қолданылуы тиіс.

Соңғы кездері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингтік операциялар, жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуы. Бұндай лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік береді.

Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады,бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер,елдің өз несие қорымен салыстырғанда  2-3 есе  қымбатқа түсуі мүмкін [13.1б].

Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы- концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі,концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері,жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайларыжәне тағы басқа көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісім-шартын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қауіпі туындайды.

Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей,мемлекеттің инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды  тарту формаларын таңдауы да  стратегиялық мақсаттар мен  жоспарлардың шеңберінде жатыр.

Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану – ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары екенін көрсетеді. Осы стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша тартылатын шетел инвестициялары көбінесе төменгі екі бағытта пайдаланылуы тиіс:

1.      Алдымен-капиталды,содан кейін – еңбекті, содан соң ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту;

2.      Шетелдік инвесторлардың қаржыларын экономиканың жеке меншік секторына бағдарлау.

Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды тиімді пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси,институционалды жағдайлар жасағанда ғана мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге,осы жағдайлардың жетіспеушілігі, құқықтық негіздердің жиі өзгертіліуіне, инвестициялық қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына,экономикалық басқару органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертіліуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе бекітілген келісім шарттардан біржақты пайда көздеуіне мәжбүр.

Сол себептен, мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізігі бағыттары төмендегідей болғаны жөн:

      Шетел инвесторларына кепілдік беретін сақтандырушылық құқықтық,қаржылық механизмдердің жетілдірілуі;

      Олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттемелерін толық орындауын бақылау;

      Басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;

      Отандық және шетелдік инвесторлардың импортты алмастыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлеуетті жоғарлатуға қаржы жұмсауын ынталандыратын  механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде қолдану;

      Басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың дамуына қаржы жасайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;

      Экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық-техникалық, қаржы-бюджеттік, салықтық, несиелік қолдау [14. 3б].

Жоғарыда айтылған мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізгі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып,елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар   жаңа  жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды  және сонымен қатар капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады.

Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді,қуаттылығын көбейту,өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты,ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады. Сонымен қатар,бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру,яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың,оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

   Соңғы кездері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингтік операциялар, жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуы. Бұндай лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік береді.

Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес,себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Мемлекеттің әлеуетті нарықты сипаттайтын көрсеткіш –жалпы  ұлттық өнім. КСРО кезінде біртұтас нарықтың әләуетін көп уақыт өте қарастырды және ол инвесторларға негізгі түрткі болып отырды. КСРО ыдырағаннан  кейін әлеуетті инвестор жеке  мемлекеттердің  нарығында жаңа бағыт жасау керек болды. ЖҰӨ көлемі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Түркіменстан алды болды. Демек, әлеуетті инвестор үшін Қазақстан нарығы сипаты бойынша тартымды болды. Инвесторлардың көбі Қазақстанның азиаттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді

Шетелдік инвестицияларын тартудың бір негізгі қағидасы –ол  келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бір жақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақ та ұтылып қалуы мүмкін.  Шетел инвестицияларында жетекші орындарда Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға  ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйесіндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық  кедергі болды. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды,инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

Менің ойымша, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып, халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартуға өз әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында:Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»

2006 жыл 1-наурыз «Егемен Қазақстан»

2.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- Алматы: Атамұра,2005.

3.Назарбаев.Н.А.   Қазақстан-2030,11 қазан 1998 жыл.

4.Назарбаев.Н.Ә./Жаңа кезең-жаңа экономика/Г.Орталық Қазақстан,2005.4-қаңтар,2-5 бет.

5.Инвестиция туралы заң. /Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл.

6.Болтай.Е. «Жаман үйді»билемек ниеттегі «Жақсы»мейман.//Ақжол Қазақстан №23 (145),24 маусым,2005 жыл,10 бет.

7.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика,2002,136-172 бет.

8.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы:Білім,1999,148 бет.

9.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве.:Монография.-Алматы: экономика,2001.

10.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә   Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.

11.Оразалы.С.  Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы  //Егемен Қазақстан,18 сәуір,2006 жыл,2 бет.

12.Сейітказиева.А.М.Инвестиционная деятельность предприятия:Учебное пособие.-Алматы:Экономика,1998.

13.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет:статистикалық жинақ /ҚР статистика агенттігі.Ред.Қарағанды. Б.Тортаев.-Алматы,2005-316 бет.

14.Тоқсейітов Н.А. Еліміздегі инвестицияларды мемлекеттік тиімді қолдану жүйесі туралы//Қазақ елі №9.10,8 наурыз, 2006 жыл,5 бет

 

http://www.smskazakhstan.com/kurs/download.php?file=kurs_790.zip

24

 



Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз