ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:22, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

- Капиталды құрылыс сферасы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;

- Инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуал- дық потенциялдың жүзеге асырылуы;

- Қаржылық капиталды айналдыру сферасы.

Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

1.      Экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету,өзінің ішкі ресурстарының жеткіліксіздігінен;

2.      Үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;

3.      Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;

4.      Серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

                                                                                                                                                                                         экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;

                                                                                                                                                                                         өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;

                                                                                                                                                                                         экспорттық потенциялдың өсуі мен дамуы, шикізат бағытын жеңу, экспорттық экспасияны күшейту, өз позициясын ішкі нарықта нығайту;

                                                                                                                                                                                         ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;

                                                                                                                                                                                         өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;

                                                                                                                                                                                         депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;

                                                                                                                                                                                         жаңа жұмыс орындарын жасау.

Қойылған мәселелерді шешу келесі шарттарды қажет етеді:

                                                                                                                                                                                         Алдағы 10 жылдағы Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының қажеттілігінің болжамын жасау және нақты құйылуын жүзеге асыру;

                                                                                                                                                                                         Шетел инвесторлары үшін инвестициялық тәуеклдің минимизациясына бағытталған тұрақты режимді құру және заң арқылы бекіту;

                                                                                                                                                                                         Тікелей және қоржындық инвестициялардың құйылуына тиімді стимул жасау;

                                                                                                                                                                                         Шетел инвестицияларын реттеуге бағытталған қажетті және тұрақты құқық негіздерін жасау;

                                                                                                                                                                                         Жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизімін жасау, бағдарламалық іс-шараларды іздеу және жетілдіру [5. 1б].

Осы мәселелерді шешу, менің ойымша, елімізде тартымды инвестициялық климатты жасауға және шетел инвесторларының инвестициялық қызметін күтуге мүмкіндік береді. Егер де инфляцияның төмендеуі, макроэкономикалық тұрақтылық жүзеге асырылса ғана бұл нақты факт болады. 2007 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі – қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд.теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2005 жылғымен салыстырғанда 10,6% -ке (2005 жылы- 44,7%-ке, 2004 жылы – 48,5%;2003 ж -33%-ке) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0%-ды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9,6 проценттік пунктке артық.Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік пунктке өсіп, 408% құрады. Машиналарға, жабдыққа,құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 проценттік пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд теңгені құрады, оның 89,7 проценті геологиялық барлауға жұмсалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың  үлесінің 0,6 проценттік пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік – коммуналдық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық – өнеркәсіптік кешенді қолдау және инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты [6.5б].

 

2.2 Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.

Инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып,елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

                                                                                                                                                                                         Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

                                                                                                                                                                                         Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

                                                                                                                                                                                         Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизімі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету-мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды,мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды.Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды,инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы,қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы. Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген [7. 3б].

Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды.1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Шетелдік инвестициялар негізінен өнеркәсіптің өндіруші саласына көңіл бөлуде,ол республика халық шаруашылығы құрылымының бір жақты дамуын сақтайды,әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан,шетелдік инвестициялардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде,елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде,республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.

Қорыта келе мемлекеттегі инвестициялық саясатты жүргізудегі мәні өте жоғары екеніне көзіміз жетті. Әсіресе біздің елде,себебі осы инвестициялық саясатты жүргізе отырып,біз өз мемлекетіміздің экономикасын әрі қарай дамытып,тиімді пайдалана білдік. Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ,біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет,ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет,себебі:

                                                                                                                                                                                         Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

                                                                                                                                                                                         Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;

                                                                                                                                                                                         Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;

                                                                                                                                                                                         Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;

                                                                                                                                                                                         Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз