Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 09:17, лекция
Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да , жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
СОӨЖ №2
Құқықтың қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздерінің
түсінігі және түрлері.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма , міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер
– бұлар , әсіресе мұсылмандық құқыққа
тән. Ең алдымен , бұл Құран мен Сүннет.
Құран – бұл Алланың сөздері , өсиеттері
және ақылдарының жиынтығы түріндегі
қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед
Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
СОӨЖ №3
Құқық нормалары және олардың жіктелуі
Құқық нормалары
Құқық жалпы ұғым болып
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің « Коммунистік партияның монифистері» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады , жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз – мемлекет бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез – құлықтың үлгісі.
Құқық нормаларының жіктелуі
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік , банк , сайлау , инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық – құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық - құқықтық , және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
2) Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
3) Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.
4) Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.
Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен : « Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс- әрекет немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады»
«Неке және отбасы туралы заңның» 1-бабында некенің ұғымын , «неке ерлі- зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын , отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ», - деген дефинициямен берілген .
5) Декларативтік норма – негізігі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері былай деп жарияланған : « Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту , әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану болып табылады .
6) Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік , императивтік , мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі:
а) Диспозитивтік норма – субъектілерге өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез – құлқы қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа жатады.
ә) Импиративтік норма – қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормаларыимперативтік болып саналады.
б) Мадақтайтын норма – құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез – құлықтары қызметінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы , бекітілген норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынадай марапаттайтын норманы бекітеді: « Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу прценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы».
в) Ұсыныстық нормалар – мемлекет және құқық теориясында жиі пайдаланылады. Мысалы , Қазақстан Республикасы Президенті қабылдаған жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .
7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді:
а) Реттейтін нормалар – бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен міндеттерін олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру , мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.
б) Құқық қорғайтын норма – құқық бұзушылыққа барған субектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған , бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функцияларын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік , қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағына бекітілген.
СОӨЖ №4
Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы түсінік
Азамат дегеніміз – мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға.
Азамат өзі тән мемлекеттің
Азаматтық дегеніміз – адам мен мемлекет арасындағы біріншісінің екіншісіне тәнділігін айғақтайтын құқықтық байланысты айтамыз.
Басқарудың монархиялық формасындағы
мемлекеттерде азаматтық
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси – құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болу , азаматтықты алу , азаматтығына қабылдау, азаматтықты тоқтату , азаматтықтан шығу , азаматтықтан айырылудың негіздерін және тәртібін белгілейді.
Қосарлы азаматтық.
Қазақстан мемлекетінің
Екінші азаматтық жұрттың
бәріне бірдей беріле бермейді,
Қосарлы азаматтығы бар адамдар Парламент немесе
жергілікті билік органдарының депутаттарын сайлауға
немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екіұшты ахуалға
Қосарлы азаматтыққа қатысты
тағы бір күрделі мәселе әскери қызмет атқаруға
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері.