ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:22, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

Жалпы инвестициялардың ішкі және сыртқы көздері болады. Инвестицияның ішкі көздерін жинақтар құрайды, яғни алынған табыстардың тұтынылмаған көздері жатады. Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп,ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық субъектілері жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.

Инвестицияның сыртқы көздері:

1.Шетелдік тікелей инвестициялар - ҚР-ның дербес кепілдіктеріне байланысты және ҚР-на берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.

Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны:

а)Халықаралық валюта қоры

б)Халықаралық қайта құру және даму банкі

2.Шетелдік портфельдік инвестициялар.Жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алу.

3.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.

4.Шетелдік несиелер мен қарыздар. Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды  5-7 жылға дейін береді. Олрдың қатарына Ислам даму банкін, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.


1.2 Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар

Біз Қазақстан табыстарының өл­шемі деп санауға дағ­дыланған экономикалық өсу, қа­­лай десек те, мак­ро­эконо­микалық есептеулерге жақсы болғанымен, нақты өмірді бейнелеуге келгенде біржақтылық танытады. Мәселен, оған қарап кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық қалай қысқарғанын, тұтыну себеті қаншалықты өскенін тіпті түсінуге болмайды.

Сондықтан да, соңғы жылдары Елбасы қазақстандықтарды бағалаудың жаңа терминіне – елдің бәсекеге қабілеттілігіне үйретуге баса назар аударып келеді. Ал Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев даму болашағына деген жүйелік көзқарасты – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жұрт назарына ұсынды.

Қазақстан әу бастан-ақ осы заманғы нарық экономикасын құруға күш салғаны белгілі. Мұның өзі халықаралық қоғамдастықтан лайық­ты бағасын алды. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып өзінің сипатына қарай нарықтық мемлекет деп танылды. Сонымен бірге сапалық серпілісті және әлемнің бә­се­кеге ең қабілетті елдерінің деңгейіне көтері­луді қамтамасыз ету үшін бәсекелі рыноктың базалық жағдайлары – бір медальдің екі жағы секілді бәсекелестік орта мен мөлдірлік әлде­қайда күшейтілуі тиіс. Президент Жолдауында да, іс жүзінде, экономикалық сипаттағы барлық шаралар да осынау өзекті екі арнаның төңірегіне топтастырылған.

Бірінші: Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Бәсекелестіктің жоқтығы нарықтық өрістің бұзылуына және бағалар мен тарифтерді бел­гілеуде монополистердің өктемдігіне соқтыра­тынын тәжірибе көрсетіп берді. Сонымен қатар бәсекелестік өрісін кеңейту рынокты әлдеқайда икемді әрі тұтынушының, яғни қатардағы азаматтың мүддесіне жұмыс істейтіндей етіп қалыптастырады.

Бұл тұрғыда мемлекет пен қатардағы азамат­тардың мүдделері үйлесетінін айтқан жөн. Ры­нок халықтың мұқтажы мен қажетін қанағат­тандыруға неғұрлым қабілетті болған сайын әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ соғұрлым аз түседі. Сайып келгенде, мұның өзі эконо­микалық өсу үшін негіз қалайды.

Бұл алдағы кезде Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына өтуімізге байланысты өте өзекті мәселе бо­лып табылады. Егер біз қазірден бастап өрке­ниетті бәсекелестіктің нормалары бойынша өмір сүруге үйренбесек, онда ертеңгі күні бәсеке­лестік өріс кеңейген жағдайда тиісінше тиімді іс-әрекет жасай алмаймыз.

Президент Қазақстан рыногында бәсекелес­тік өрісті айтарлықтай кеңейтуге тиісті тұтас шаралар кешенін белгіледі. Бұл шараларды ше­шуші үш нақтылы бағыттың төңірегіне топ­тастыруға болады.

1) Монополиясыздандыру мен шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру. Кә­сіп­керлік бәсекелестік ортаны кеңейтудің шешуші факторы болып табылады. 2006 жылғы 1 ақпан­дағы мәліметтер бойынша елімізде 582,8 мың адам жұмыс істейтін 158,7 мың шағын бизнес кәсіпорны және 186,3 мың шаруа қожалығы болды.

Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыратын тетіктердің әрекет арнасын кеңейтуді көздеп отыр, ол қазірдің өзінде елдің бүкіл ІЖӨ-сінің үштен біріне жуығын өндіреді. Бүкіл осы жұмысты Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры үйлестіретін болады.

Осымен қатарласа бәсекелестікті арттыру мақсатында монополияға қарсы заңнаманы реформалау жүргізіледі, бұл заңнама елдегі “жасырын” монополияны күйретіп, босаған экономикалық тауашаларды отандық және шетелдік компаниялар алуы үшін негіз қалайды деп күтілуде.

2) Салықтық ынталандыру және шетелдік инвестицияларды экономиканың жаңа салаларына тарту. Бәсекелестік ортаны арттыру рынокқа қатысушыларға салынатын салық ауыртпа­лығының деңгейіне тікелей байланысты. Бұл салмақ көп болған сайын бизнес субъектілерінің рынокта жұмыс істеуге қызығушылығы сондайлық аз болады.

Мемлекет бәсекелестік ортаны ынталандыру үшін салықтық және бюджеттік құралдарды белсенді пайдалану ниетінде. Осыған байланыс­ты қосымша құн салығын төмендету, әртарап­тандыруды салықтық және бюджеттік ынта­ландыру және экономиканың жаңа салаларын дамыту, бұл салаларға шетел капиталы мен жаңа технологияларды тарту қарастырылуда.

Мысалы, бүгінде “кельт жолбарысы” деп аталатын Ирландия салықтық ынталандырудың арқасында экономиканың қауырт өсуіне қол жеткізгендердің бірі болып табылады. Мұнда корпорацияға салынатын салық 65-тен 10 %-ға дейін елеулі түрде төмендетіліп, Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен болды. Мұның өзі экономикаға инвестиция тартып, бәсекелестік ортаны кеңейту үшін негіз қалады. Нәтиже көп күттіре қойған жоқ. Осы таяуға дейін шетелдік инвесторлар айналып өтетін “зүбәржат арал” жалпыұлттық өнімді жыл сайын 10 %-ға дейін ұлғайтып, оның өсу қарқыны бойынша бес жыл қатарынан Еуропада бірінші болып тұрды. Осылайша, баршаға бірдей жағдай туғызған және бәсекелестік ортаны күшейткен ирландиялықтар санаулы жылдарда жалпы экономикалық дамуда қауырт сілкініс жасады.

3) Еңбек рыногында бәсекелестік ортаны нығайту. Еңбек рыногына қатысушылардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлеуметтік көмек тетігін мақсатты негізде кадрларды оқыту мен қайта даярлауға бағыттау көзделеді. Мұнда негізгі міндет жұмыссыздар­дың жұмыс істеушілер қатарына кіруі болуы тиіс. Мемлекеттің жоғары кәсіби және білікті қызметкерлерді тартуға күш сала отырып, шетелдік жұмысшы күшінің келуін ынталандыру ниеті оның еңбек рыногының бәсекелестігін арттыруға деген ниетінің айқындығын көрсетеді. Бұл шаралардың бәрі жиналып келгенде нарықтық ортаның бәсекелестігін күшейту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде арттыруы тиіс.

Екінші. Экономиканың мөлдірлігін және экономикалық ортадағы әкімшілік ресімдерді арттыру

Экономиканың мөлдірлігі екі негізгі жәйтті қамтиды. Ең алдымен, бұл экономикалық құры­лымдық құпиясыздық, ол жария және көлеңкелі экономиканың арасындағы арақатынаспен айқындалады. Екінші жәйт – экономикалық қатынастарды реттейтін әкімшілік ресімдердің мөлдірлігі, қолжетімділігі және ашықтығы.

Бұл ретте соңғысы экономиканың жалпы мөлдірлігінің айқындаушы факторы ретінде көрінеді. Айқын да жолға қойылған ресімдердің жоқтығы бизнестің дамуы мен инвестициялар тартуға кедергі келтіреді, мұның өзі бүкіл жүйені тежейді. Басқаша айтқанда, мөлдірлігі жоқ жүйе өнімді болмайды, демек оның бәсекеге қабілеттілігі нашар келеді. Әкімшілік ресімдердің барынша мөлдір жағдайын жасаған елдер табысты дамып келеді.

Мәселен, мемлекеттік саясаттың мөлдірлік деңгейі бойынша әлемде көшбасшы болып табылатын Финляндияда мемлекеттік инфрақұрылым әлемдегі озық болып саналады және ол көптеген элементтерді қамтиды. Бұл, ең алдымен, заңның үстемдігі, меншік иесінің нақты айқындалған құқықтары, бюрократиялық аппарат қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың әлемдегі ең төмен деңгейі Финляндияда деп саналады, ал сот жүйесі мен қолданыстағы заңнама тиімді де әділ бола отырып, бизнесті және салық төлеуді заңды түрде жүргізуге ынталандырады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде Финляндия экономикасы әлемдегі бәсекеге ең қабілеттілердің бірі болып табылады.

Бұл тұрғыда ашық экономикалық саясатты іске асыруға байланысты Президент Жолдауын­дағы идеялар өте өзекті болып отыр. Мұнда жаңар­тудың жаңа кезеңіндегі мемлекеттік сая­саттың бес шешуші бағыты дараланып көрінеді. 

1) Қатаң бюджеттік және салық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Салық тәртібі және тұтастай алғанда салық мәдениеті мөлдірліктің және елдің бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы болып табылады. Егер шет елдердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, оларда салық заңнамасын бұзу қатаң әкімшілік, тіпті қылмыстық жазаға тарттырады. Бұл бұл ма, салықтан жалтару ұлттық қауіпсіздікке төнген ең елеулі қыр көрсетулердің бірі ретінде қарастырылады.

Мемлекет салық ауыртпалығын азайту түрінде салық режімін ырықтандыруға қадам жасай отырып, өз кезегінде рынок субъектілері тарапынан ойынның салық тәртібін сақтауды қатаң талап етпек.

2) Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру. Энергетикалық ресурс­тарды игеру және пайдалану Қазақстанның экономикалық өсуінің аса маңызды ынталан­дырғышы ретінде көрінеді. Энергетика секторында аса ірі трансұлттық компаниялар мен Қазақстан инвесторларының мүдделері шоғырланған.

Табиғат ресурстарын пайдалануға қатысты биліктің ашық саясаты қолайлы инвестициялық ахуалды сақтауға және нығайтуға негіз қалайды. Бұл тұрғыда үстіміздегі жылдың наурызында елімізде болған АҚШ энергетика министрі С.Бодманның Орталық Азия өңірінің энергетика секторындағы Қазақстанның көшбасшылығын атап көрсетуі кездейсоқ емес. Оның пікірінше, бұған мөлдірлік, тұрақтылық және біздің инвестициялық ахуалдың болжамдылығы негіз болып отыр.

3) Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру. Мемлекет рынокты дамыту қисынын негізге ала отырып, бүгінде нарықтық қатынастардың бір субъектісі ретінде әрекет етеді. Ол экономикалық үдерістерге басқа субъектілермен қатар тең құқылы ойыншы ретінде қатысады, мұның өзі тұтастай алғанда рыноктың мөлдір болуына жәрдемдеседі.

“Самұрық” холдинг компаниясының құрылуын нақ осы тұрғыдан қарастырған жөн, ол алғашқы кезеңде бес компанияның – “ҚазМұнайГаздың”, КЕГОК-тың, “Қазақстан темір жолының”, “Қазақтелекомның” және “Қазпоштаның” мемлекеттік үлестерін біріктіреді. Холдингтің басты міндеті – компанияларды басқару жүйесін жетілдіру, олардың бюджеттерінің мөлдірлігін арттыру. Қоғам күткен, ал бастысы – экономикалық қажеттілік талап еткен шара іске асты.

4) Көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту. Капиталға және мүлікке рақымшылық жөніндегі бастама экономиканың мөлдірлігін қамтамасыз етудің аса маңызды сәті болып табылады. Бұл ретте, көлеңкелі экономиканың көлемін ескере отырып, ал ол сарапшылардың бағалары бойынша ІЖӨ-нің 22-30%-ына жетеді, бұл мәселенің мемлекеттегі экономикалық саясаттың тақырыбы болудан гөрі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тақырыбына айналғанын түсіну қиын емес.

Рақымшылық шарасы көлеңкелі экономика­ның көлемін қысқартып, жинақталған ресурс­тарды экономикалық даму мақсатына толық­қанды пайдалануға негіз жасауы тиіс. Осы арқылы мемлекет қазақстандық бизнеске рыноктың рухы мен нормаларына сай келетін нақты да айқын ойын тәртібін ұсынды.

5) Жеке меншікті және келісім-шарттарды қорғау тетіктерін күшейту. Елдің нарықтық дамуының шешуші белгісі жеке меншікті және бизнес субъектілері қабылдаған келісім-шарттық міндеттемелерді қорғау болып табылады. Жолдауда жеке меншікті қорғауға жәрдемдесетін сот-құқықтық тетіктерді күшейтуге арналған арна нақты көрсетілген [1.2б].

Өз кезегінде мемлекет рынок субъектілері өздерінің келісім-шарттық міндеттемелерін сақтауы үшін экономикалық, әкімшілік, тіпті қылмыстық қудалау тетіктерін қоса алғанда барлық тетіктерді пайдалануды мақсат етіп отыр. Бұл тұрғыда мемлекеттің өзі нарықтық жағдайларда өзіңді қалай ұстау керектігінің үлгісін көрсетуде. Ол тәуелсіздіктің елең-алаңында шетелдік инвесторлармен жасасылған келісім-шарттар аясында өз мойнына алған міндеттемелерді орындауға кепілдік береді.

Әлемнің ең күшті деген елдерімен тең жағдайда сөйлесе алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жүйесінің мөлдірлігін қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу Президенттің биылғы Жолдауының басты мақсаттарының бірі болып табылады.


1.3 ҚР-ғы шетелдік инвестициялық саясаттың дамуы мен оны      жетілдіру жолдары

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі. Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсініп емес,керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт,бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық,өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз