ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:22, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

-         қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізлетін бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);

-         кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.

   Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жоблармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды. Компания үшін жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:

-         жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін (әрбір кезең, әр саты бойынша);

-         жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін (әрбір кезең, әр саты бойынша);

-         жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін [12, 32-34 бб].

   Айта кететін жайт, жобалық циклдің үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар болуы мүмкін. Мысалы, ХКДБ мамандарының сарапталуы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

1.жобаларды таңдау;

2.жобаларды дайындау;

3.жобаларды бағалау;

4.келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;

5.жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;

6.жобаның нәтижелерін бағалау.

   Инвестцииялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер, жобалық құжататр, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындалды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.Әлемдік банктің міндеттеріне сүйенсек, инвестициялау алдыңғы кезең шығындарын былайша топтауға болады (жоба құнынан):

-         жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы (инвестициялық ұсыныс) – 0,2-1%;

-         инвестициялық зерттеулер – 0,25-1,5%;

   Жобаның техникалық-экономикалық міндеттемелерге, нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің өсуін қамтамасыз етуі, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларын бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрлері болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бірден-бір шарт жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық таладуларға байланысты емес, сапалы таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек. Ол үшін алдын-ала мынандай мәселелер талданды:

-         нарық сұранысына байланысты өндіріс көлемі;

-         қажетті қаржы көлемі;

-         материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліктілігі;

-         саяси-ұйымдық және басқарудағы кедергілердің мүмкін болуы, т.б.

    Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде, оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы , яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданды. Жобалық таладудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелілігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.

    Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына міндеттер белгіленеді:

1.іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру.

2.жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

3.жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаның қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.

4.жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және инвесторлар арасында бөлу.

    Жобаны талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

    Компанияның жағдайын талдаудағы 3 мәселелері айқындалады:

1.қаржы ресуртарының тапшылығы. Төлеу мүмкіндігінің төмендігі. Бұл, яғни компанияның өз міндеттерін орындай алмауы. Компанияның кредитролар алдында өз міндеттерін өтеу үшін, мүмкіндігінше көп несиелерді беруге тырысады. Осының есебінен өз жағдайын жақсартады.

2.өзіндік капиталды толық өтей алмауы. Бұл мәселені теорияда «Өзіндік капиталдың рентабельділігінің төменділігі» деп аталады. Тәжірибе жүзінде анықталмаған тауар өзіндік түсетін табыс, өзінің салымымен өтеледі. Ал бұл, компаниядағы салынған капитал есебінен рентабельділігінің төмендеуін көрсетеді.

3.қаржылық тәуелсіздіктің төмендеуі немесе қаржылық тұрақтылықтың төменділігі. Тәжірибе жүзінде болашақтағы кәсіпорынның міндеттерді өтеудегі қаржылық тұрақтандырудың төмендеу мәселесімен анықталады.

   Таладушылар көбінесе кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттауда ең алдымен әр түрлі қаржылық коэффиценттерді есептейді және осы коэффиценттердің динамикасын келтіреді. Мысалға, анықтама бергенде келесі түсініктемелерді кездестіруге болады: «Жалпы өтімділік коэффиценттерді 1,2 құрайды. Яғни бұл, айналмалы активтердің ағымдағы міндеттемелерін 1,2 есе жабады.» Бұндағы ең маңызды көрсеткіш жалпы өтімділік коэффициенті болап табылады.

   Жалпы өтімділік коэффициенті – бұл кәсіпорынның иелігіндегі айнымалы активтерінің есебінен ағымдағы міндеттемелерін төлеудегі потенциалды мүмкіндігін бағалау.

   Жалпы өтімділік коэффициенті = ТМҚ, сатып алушылардың қарыздары, делдалдарға аванстарды ақша және т.б. делдалдарға қарыз, сатып алушылардан аванстарды, несиелерді тарту, жұмысшылар алдында қарыздану және т.б.

   Көптеген талдаушылар өтімділік коэффициентінің төмендеуін былай түсіндіреді: «өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі айнымалы активтердің төмендеуі мен ағымдағы қарыздардың үлкеюімен байланысты. Кәсіпорынның өзінің ағымдағы міндеттемелерін қысқарту қажет». Ал бұл пікірді кәсіпорынның директорына айтатын болса, ол осы ұсынысты сатып алушылардың авансынан бас тарту, кредиторларға мүмкіндігінше төлеу, жалақылар мен салықтарды төлеу немесе бірнеше жылға қор дайындау, қойманы дайын өнімдермен толтыру, сонымен қатар делдалдарға мүмкіндігінше көп аванстарды төлеу деп түсінеді. Бұл пікір таңдаушы үшін жауапкершілігі жоқ директор деген ой туындайды.

   Кәсіпорынның өтімділігінің өзгеру себебін қарастырайық. Ең басты кәсіпорынның несиелік қарыздарының айналым активтерінен тез өсуінде деп айтуға болады. Бұл мәселені шешу үшін, біріншіден, өндірістік қызметті енгізу бұл – айналым капиталын құру мен айналмалы емес активтерді қолдану деп түсіну керек.

   Жалпы өтімділік коэффициенттерінің қатынас мәселесі.

   Жалпы өтімділік коэффициентінің төмендеуі:

1.Қызмет қорытындысының жетіспеушілік шығындары.

2.Капиталдық салымдар кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін жоғарылату.

3.Қысқа мерзімдік несиелер, қатысты капиталды қаржыландыру салымдары.

4.Несиелік қарыздар және сатып алушы жоқтың кәсіпорындағы өзіндік есеп айырысу жақтарының өзгерісі. Осы негізде ақша құралдарының жоғарылауы өзгереді.

   Айналмалы активтердің ағымдағы міндеттемелерден өсетін болса, ол не кәсіпорын қызметіне табыс әкеледі, не айналмалы активтердің өсірілуіне емес ұзақ мерзімді активтердің қолданылуына ағымдағы міндеттемелерді шығындалады.

   Ағымдағы міндеттемелерден ұзақ мерзімді активтерді қолдануға құралдарға шығындалуы, кәсіпорынның мүмкіндігі жоқ міндеттемелерді орындайды.

   Қаржылық менеджменттің заңдары қарапайым және логикалық: ұзақ мерзімді несиелер – капиталды шығындарды қаржыландыруға тарту керек, ал қысқа мерзімді несиелер – айналмалы капиталды қаржыландыруға тарту керек.

   Кәсісорын негізінде ұзақм ерзімді несиелерді тарту көп жағдайда мүмкін емес болғандықтан, көбінесе капиталдық шығындар қаржыландыратын қысқа мерзімді несиелерді тартады. Осы негізде кәсіпорынның өтімділік коэффициентінің көрсеткіштерінің төмендеуін күтуге болады. Бірақ та өтімділік коэффициенті белгілі бір деңгейде болу керек.

   Жалпы өтімділік коэффициенті=айналмалы активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер=жалпы активтер – айналмалы емес активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер.

   Жалпы активтер=өзіндік құраладр (жиынты табыс)+ұзақ мерзімді несиелер+қысқа мерзімді міндеттемелер=1+өзіндік құраладр (жиынтық табыс)+ұзақ мерзімді несиелер – айналмалы емес активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер.

   Барлық капитал рентабельділігінің коэффициенті – таза табыстың белгілі кезеңде атқарылған қызметтің қорытынды балансқа қатынасы – кәсіпорынның қосымша ақшаны иелену өз капиталын өсіру мүмкіндігін көрсетеді. Қаржылық активтердің негізінде кәсіпорынның атқаратын қызметтің табыстылығы мен активтердің айналмалы кәсіпорынның рентабельділігін анықтайды.

   Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін автономиялық коэффициенті - өзіндік капиталдың заемдық құралдарға қатынасымен анықталады. Көрсеткіштердің төмендеуі заемдық құралдардың алдын-ала өсімінің компанияның өзіндік капиталдың қатынасымен анықтамасын білдіреді.

   Кәсіпорынның тиесілі қаржылық жағдайын сақтау мүмкіндігінің болмауы қаржылық тұрақтылыққа жеткіліксіз табыс табу және кәсіпорынның атқаратын қызметінің нәтижесімен рационалды басқара алмауы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, қаржылық тәуелсіздігі, рентабельділігі негізінде мәселелердің біркелкі түбірлер болап табылады.

   2010 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 трлн. теңге инвестиция салынды.

    Бұл туралы бүгін өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттеріне арналған селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

    «2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2010 жылдың соңында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінде өсу үрдісі байқалды. Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 трлн. теңге инвестиция салынды»,-деді министр.

    Оның сөзіне қарағанда, инвестиция құрылымындағы кәсіпорындар мен халықтың қаражаты 2009 жылы 32,6 пайыз болса, өткен жылы 45,9 пайызға дейін өсіп отыр. «Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің ең жоғары өсімі Қызылорда облысында (40,6 пайыз), Ақтөбе облысында (12,1 пайыз), сондай-ақ Маңғыстау облысында (11,4 пайыз) байқалды [13, 36-37 бб].

 

Кесте – 1 Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі

 

Жыл

Инвестициялар көлемі

2008 жыл

33,0

2009 жыл

48,5

2010 жыл

44,7

Қайнар көзі: //www.inform.kz ресми сайтынан

 

Кесте – 2 Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымындағы кәсіпорындар

 

Қала

Саны

1.Қызылорда облысы

40,6

2.Батыс Қазақстан

18,0

3.Ақтөбе

12,1

 

 

4.Маңғыстау

11,4

5.Алматы

13,9

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз