ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:22, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

     

1 кесте - Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Фактор атауы

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)

әсер ету белгісі.

1.Бюрократия.

2.Елдегіқаржы-салық режимі.

3.Құқықтық инфрақұрылым.

4.Қаржы нарығы.

5.Бөлу арнасының етіспеушілігі.

6.Саяси тұрақсыздық.

7.Айырбастау бағамын реттеу.

8.Заң шығару тұрақсыздығы.

9.Бұқаралық ақпарт құралдары.

10.Коррупция.

6,7

3,6

3,1

4,6

1,3

3

2,8

3,9

2,9

6,1

-

+

+

+

-

-

-

-

+

-

Қайнар көзі: Ихданов.Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы: Экономика, 2002,153б.

 

Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

1.Мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

   2.Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

   3.Экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

   4.Инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

   5.Нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

   6.Банктік жүйенің тұрақтылығы;

   7.Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Шетелдің инвесторлары көбінесе жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды. Инвестициялық климат пен инвестициялық тәуекел бір бірімен тығыз байланысты. Егер инвестициялық жағдай қолайлы болса,онда инвестициялық тәуекел аз болады. Ал егер инвестициялық жағдайы нашар болса, онда инвестициялық тәуекел жоғары болады. Мемлекеттің әлеуетті нарықты сипаттайтын көрсеткіш-жалпы ұлттық өнім. КСРО кезінде біртұтас нарықтың әләуетін көп уақыт өте қарастырды және ол инвесторларға негізгі түрткі болып отырды. КСРО ыдырағаннан  кейін әлеуетті инвестор жеке  мемлекеттердің  нарығында жаңа бағыт жасау керек болды. ЖҰӨ көлемі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Түркіменстан алды болды. Демек, әлеуетті инвестор үшін Қазақстан нарығы сипаты бойынша тартымды болды. Инвесторлардың көбі Қазақстанның азиаттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді [2.5б].

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн.кв.км) ЕЭО (2,3 млн.кв.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Қазақстан әлемдегі шикі мұнай мен газдың ең ірі өндірушілердің бірі, бірақ үлкен иеленбеген территориялар бар және керекті инвестициялар болған кезде оның барлығы қолданылуы мүмкін. Біздің мемлекетіміз дүниежүзінде қоңыр көмір шығару бойынша екінші, тас көмір шығару бойынша үшінші болып тұр.

Асыл түсті және қара металдардың кен орны алдыңғы 15-20 жылда шығарылатынның потенциалды бағасы 245,7 млрд. АҚШ доллар немесе жылына 2,4 млрд.АҚШ доллар. Ал, эксплутациондық шығындар 160-180 млрд.доллар болып табылады. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы:көмір бойынша-685,5 млрд.,мұнай-222,5 млрд.АҚШ доллар. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4%-і өңдеуге, 11,1%-і көлік және байланысқа, 56,6%-і тау-кен өндірісіне жұмсалды. Мұның ішінде шетел инвестициясы 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 25,1% болып,  299,5 млрд.теңгені құрап отыр.

Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына,жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформалауды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. ҚР-да 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді.Ол ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден бір құқықтық-экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан,кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы»Заң 1997 жылы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да өзге төлемдер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық бағасын жетілдіре түсуде.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз»кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды  қаржыландыру  көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп,қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мекетеп салынды. Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының басты элементі бола отырып, оның мақсаттарымен, міндеттерімен сиптталады. Шетел инвестицияларын тарту мынандай мақсаттарға жетудің негізгі шарты болып табылады:

- Мұнай саласын жабдықтаудың базасымен қамту,оны өңдеу мен өндіруді алдыңғы қатарлы технологины қолдану;

- Мұнай-газ кешенінің мекемелерінің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асуы;

- Мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан валюталық түсімдерді дамытуды қамтамасыз ету.

1998-2008 жылдар бойынша шетелдік инвестицияның үлестік салмағының артуы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында әсіресе байқалып отыр. Негізгі капиталға инвестиция салу мұнай-газ секторының объектілері шоғырланған облыстарда байқалады: Қызылорда-69%, Маңғыстау-64%, Павлодар-64%. Бес жыл ішіндегі қаржы-экономикалық аймақтар шетелдік инвестициялардың негізіне Маңғыстау (82%) мен Ақтөбе (94%) облыстарындағы шикі мұнай мен табиғи газды өндіру бойынша объектілердің  құрылымына шығындалғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен

Ал Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру мәселесіне тоқталар болсақ, жалпы шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы  орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі. Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді [3.3б].

Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады:мынадай жағдай қалыптасқан,инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатқанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде. Инвестиция салу туралы шешім қабылдануының негізгі шарты инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау.Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де,жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

              - Республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

- Халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

- Инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

- Үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

- Әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

- Инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

- Есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

- Аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы  инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес,сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны  түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды  нарықтық   деңгейден  төмен  ұстау [4. 2б].


2 ҚР-ғы ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

2.1 ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы практикалық түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық сферада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық сфера құрамына қосылады:

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негіз