Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Үмітпен күткен келмесе аты бәйгеден.

Мықтының талай түбіне намыс жететін,

Озбаған сорлы күңіреніп үнсіз өтетін.

Бүгінде сондай бәйгелер болып тұрады.

Тұлпардан кейде тұғырлар озып кететін[15, Б.115].

Ақынның асқан поэтикалық шабыты, терең ойы арқылы жарыққа шыққан бұл жыр жолдарының астарында адам өмірінің көптеген мәселелері жатса да, мұнда шындық, әділдік тұғыр етіп алынған. Сол шындық пен әділдік болмаған жерде ешқандай да жеңіс жүлделі болмайды. Мұны ақын осылай түсінеді және түсіндіруге талпынады. Ақындықтың өзі осы ипподромда әлсіз күйге түседі деген түсінікті пайда ете отырып, оқушысын терең ойға тартады;

Т.Молдағалиевтің толысқан поэзиясы өзінің бай көркемдік құралдары, шеберлікке баулитын детальдарды, картиналық суреттерді, т.б. өмірдің өзіндегі әрекеттен байқалады. Айталық, «Тай үйрету» деген өлеңде жанды әрекет, өмір штрихтары, көркем детальдар – бәрі синтезделіп, бірге көрінеді:

Атам ұстап, асау тайды тізгіндеп,

Әкем берді мінісін бала біздің деп.

Қарғып міндім қыр көрсетіп достарға,

Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.

Тай тулады, тулап бақты есіріп,

Шапты бір кез сар жазықта көсіліп.

Қаршығадай қатып қалдым үсінде, әлденеге ыза болып, өшігіп

Мұнда не деген жанды әрекет, мүмкін, астарлы символдық мән-мағына бар?! Себебі, бірінші шумақтың кейінгі екі жолы соны меңзеп тұр. Осыны біз жас талант Тұмекеңнің бір кездегі шабытты шағы деп түсінсек те болатындай... О бұрыннан бар, ерекше әсерлі нәрсе. Осындай шабытты шақты дөп басу – бұрыннан бар, ерекше әсерлі нәрсе. Оны әдебиет тарихынан көптеп кездестіруге болады. Осыны Тұмекең дұрыс түсініп, дұрыс беріп отыр. Сонымен ол нақты өмір табиғатына бас иіп, өмірдегі құбылыстарды жандырып сурет салады. Онысы жанды суретке айналып, алдыда асыр салғандай болады:

Көзі терлеп, екі езуі қанады,

Бостандықтан көп үміті бар әлі.

...Асау бейбақ шауып-шауып  тоқтады,

Мойындады басқа түскен ноқтаны.

Екі аяқпен тік тұрды да кісінеп,

Ең соңғы рет еркіндігін жоқтады (143).

Осы жанды суреттің өзінде ақын поэзиясына тән гуманизмнің ерекше белгілері көрінеді. Себебі мұнда бостандық туы жоғары көтерілген. Бостандықты, аңсау бар. Ал «Қыран құс» деген өлеңде бұл пікірлер тағы да ерекше шабытпен берілгендей. Немесе «бақыттысың, қыран құс» дей отырып, жанды сурет береді.

Сәл қамықсаң, түнеріп,

Аспан бар деп ойлайсың.

Қанатыңды қағып-қағып жіберіп,

Шарықтайсың, ойнайсың.

Бақыт міне, күш міне,

Шаұырады жел күнде.

Қайсы бұлттың шығам десең үстіне,

Ол өзіңнің еркіңде.

...Түсем десең, тура келіп  түсесің

Өз жауыңның үстіне.

Шырқау көкте ойнаған

Дауылдан да сен мықты.

Сенен ғана үйренсем деп ойланам

Еркіндік пен ерлікті! (143-144).

Шынында, бұл – жазық даланың қыраны, оның әрекеті. Еркіндік, бостандық идеялары анық, өте өткір айтылған! Оны сезімтал оқырман анық аңғарады.

Ақынның бұдан кейінгі «Жалғыз қайың» деген өлеңі де өз поэтикасы, композициялық құрлысы осы өлеңнің көркем-эстетикалық өзгешеліктеріне үйлесіп, бізге Тұмекеңді мойындата түседі.

Ал, «Бауырсақ» өлеңі осындай әсер қалдырады. Көркем деталь мұнда негізгі ой иесі болып тұр. Ол тіпті сюжет-композициялық тұғыр болып тұрғанын байқауға болады.

Жыл өтсе де бұзылмайды екен бауырсақ,

Егер азық бопты түскенде елге ауыр шақ.

Қаужалайды екен окопта жатып жас қазақ

Ананың қолын, елінің дәмін сағынса...

Пәсәрәптә оны аналар байғұс жанын сап,

Ішіне оның көңілін, арын, бәрін сап.

Махамбет деген ақынның қоржынында да

Жүріпті қызыл отқа ұқсаған бауырсақ (150).

Негізінде көркем деталь, картиналық суреттеулер ақындарды поэтикалық шеберлікке бастаушы белгілер деп білсек, Тұмекеңде мұндай жыр жолдары жиі кездеседі. Мәселен, «Жалғыз үй» деген өлеңінде:

Жалғыз үй. Жалғыз түтін ирек-ирек,

Шығады тар мұржадан мүлде сиреп.

Қарсы ап жолаушыны қария аддам,

Қолқалап кіргізеді үйге сүйреп (155), -

деп суреттейді. Осындай ең жақсы өлеңдерде детальдар, қаһармандар әрекетімен ұштасып, толқынданып кетеді. Мына өлеңде осы әрекет әрі қарай жандана түседі:

Шешініп, төрге шығып жайланғасын,

Сұрайсың қарияның мал мен басын.

Айтады ақтарылып атай саған

Өмірде атайтыны сол болғасын.

Өз ұлым – анау тұрған төрімдегі,

Жалғызым, жан жұлдызым көгімдегі.

Соғыстан оралмады, жол тосамын,

Қарасы әлі күнге көрінбеді (155).

Міне, жанды өмірдің суреті! Ақын бізід ойға сүйреп, кейде қуантса, кейде қайғыға батырады. Кейде махаббат отына күйдіреді. Бұл ақын шеберлігіне байланысты.

Осыны айтқан ақын бір өлеңінде өзінің алдына үлкен міндет қояды, ойын ашық айтады. «Өлеңде кіші болу, жолды беру өліммен бірдей болып көрінеді» дейді ақын (128). Сол арқылы ол үздіксіз биікке өрлеп, шыңға ұмтылатынын көрсетеді. «Шыңға шарықтау аұқынға ғана лайық, төменге қарап күйбеңдеген ақынға жараспайды» деген көзқарас айтып, шығармашылық психологиясына тиісті ойларын өрбіле түседі. Ақынның психологиясына көркем-эстетикалық баға береді[20, Б.99].

Ақын: «Көңілімде базар бар, жиылады, тарайды. Албырт арман азанда маған күліп қарайды», «Көңілімде жұлдыз бар мәңгі жанып тұратын, қолын созып шың құзға, мұңаяды бір ақын» дейді де, тағы биіккеталпынады. Жетуді армандайды, жететініне сенеді...

Демек, нағыз ақынның психологиясын ақын ғана анық айта алады демекшіміз:

Өзіммен-өзім оңаша, жалғыз қалғанда,

Аралап шығам, әлемнің барлық түкпірін,

Ләззатын мейлі, ұқпасын тегі жұрт мұның.

Теңіз бн таулар құдіретіне құлайды

Тұманбай деген мықтының...

Балалық күнге барамын бірде құйғытып,

Бақытты болам, басқаша маған мибатты.

Алдымнан күліп, құшағын жайып тұрады.

Анашым күтіп, үй күтіп.

Сол кезде, балам, оянып осы түсімнен,

Өзімді-өзім бір сыбап алам ішімнен,

Анама,

Саған гүлдерін сыйлап көктемнің,

Орнымнан тұрам кінәлі болған пішінмен [15, Б.146].

Міне, бұл – барлық «Ақын» деген адамның ішкі толғанысы. Тұмекең тіпті оған да сыни көзқараспен қарайды:

Ұқпайды кейде жарым да,

Ұқсын деп жүрген мен де жоқ.

Оранып өзім жалынға, отырам жырға пенде боп.

Шақырып жырдың дауылын,

Қалжырап барып ұйықтаймын.

Сен тұрмақ, кейде, бауырым,

Өзімді-өзім ұқпаймын[15, Б.109].

Салыстыруларды, контрастық сөз қолданыстарды араңыз! Әдемі әрі әсерлі емес пе?! Шығармашылық адамның бір белгісі осы. Ал осыны әлі күнге біреу неге айтпаған?

Әрі қарай оқи түссек, ақынның шығармашылық психологиясын жете ашқанын байқайсыз:

Арманның атын байлап, сылаңдап,

Қиялға ақын жаны тұрар батып.

Ақындар шарап құмар дейтіндер бар,

Өздері сол шараптан құлап жатып.

Ақынды әйел құмар дейтіндер бар,

Өздері әйел сүйіп көрмегендей.. [15, Б.124].

Нағыз өмір осы емес пе? Мына риторикалық ойларне айтпақшы?! Контраст осы жерде жарқырап түспей ме? Шеберлік деген осы, әрине!

Әрі қарай ақын:

Ақын тек ажалмен тату емес,

Жасайды оған қарсы батыл егес.

Басқаның бәрінен ол дос іздейді,

Досы жоқтың бәрі де ақын емес [15, Б.124].

Тұмекеңнің Жолмұқан деген досына арнаған мына өлеңіне қараңыз. Бұл шумақтар жоғарыдағы пікірлердің жалғасы сияқты. Адамгершілік, махаббаттан тұрады.

Ақын жаны сынға түскен кезде де,

Өз жарқылын сатқан емес өзгеге.

Ол өтірік күлуді де білген жоқ,

Жанған жалын өше қалсын тез неге?

Кейбіреулер жүрегімді қанатып,

Абайсызда жығар мүмкін мені атып,

Қатты шығып менің даусым сонда бір.

         Кетсе болды, достарымды оятып [15, Б.126].

Міне, нағыз ақындар психологиясы! Мұны Тұмекең айтпаса, қазір кім айта алар еді?

  Ақынның жастық шағы сөз етуге тұрарлық, алғашқы махаббатты еске алу және т.с.с. жоғарыдағы деталь, картиналық суреттер молынан кездесетін болып жазылған. Онда Тұмекеңнің қаламы төселіп қалғаны көрінеді:

Бар қызыққа айырбастап ұйқыны

Жүруші едік, соның өзі күлкілі.

Ақ көйлекті, бұраң белді құрбы қыз

Маған ұзақ қараушы еді түрлі.

Өзіне арнап қызыл гүлді жұлғызды,

Менің тыныш өмірімді ол бұзды.

Қолтығымнан алды-дағы оңаша,

Ақ қайыңның саясында тұрғызды[15, Б.112].

Міне, бұл ақындық поэтикалық конйепйиядағы берілген детальдың жалғасы, әрі қарай оқи түссек ше, Тұмекеңнің шыншылдығын, шындықты айтуға талпынысын байқауға болады. Лирикалық қаһарман әрі қарай былай дейді:

Сүйем деген сөзді де айтқам дірілдеп,

Айтып ем-ау адал аппақ көңілден,

Ай нұрына балқып тұрып төгілген.

Содан кейін көп айтыппын сол сөзді,

Кімдерге айттым, ұмытыппын көбін мен

Шыныда, бұл –нағыз жастың сөзі, рас сөз, адал сөз. Осы адал сөз ақын поэзиясының бағасын көтеріп тұр. Тауып айтылған нәрсе. Бұл пішін іздеу емес, не техника табу да емес. Дегенмен, әсерлі әдемі ой.

Құрдасымды неге іздеймін осы мен,

Кездескенде кеңес құрам, көсілем.

Күлкім менің қатты-қатты шығады,

Жүрегіме табылғандай тосын ем[15, Б.126].

Демек, бұл жерде ақын лирикалық қаһарманның психологиялық жағдайын сәулелендіріп қана қоймай, шеберлікті «поэтикамен» араластырып, шыңға шығарып отыр...

Ақын елуге келсе де, жастықты, балалықты, жігіттікті еске алады, соны сағынады:

«Елуге келген ұлын ел

Елжіреп күтті ерім деп

Армандай қыздыңқолымен.

Иыққа шапан жабылды

Атаның ескі жолымен.

Кәрілік деген құрғырдың»

Кеткені ме енді басталып ,- деп мойындауы – шындыққа бір адым жақын. Бұл – поэзиядағы терең ойлылық.

Тұманбай Молдағалиевтің поэзиясының толысқан кезінде ұстанған негізгі жолы – өлеңдерінде кейбір сөздердің, кейде бірер шумақтың , кейде тіпті толық ойдың тіркес түрінде қайталанып келуі дер едік. Мұны қазір «поэтикадық қайталаулар» дейді. Бұл әдіс жақсы нәтиже беріп жүр. Әдеби орталықтың бар екенін сездіру қасиеті тарапынан үлкен маңызға ие болып отыр.

Айталық, мысалға бір сөздің қайтаануы: жылайды жүрек, шыдайды жүрек, жылайды ән, жылайды бір шал жақыслық күтіп құдайдан. Немесе: Тоқтапты сол көш, Түргенге жетіп құлапты, қарсы алған елден бір жайлы қоныс сұрапты. Ел деген ел ғой, елдігін істеп бағыпты, сол ауыл сөйтіп бір жайлы қоныс тауыпты .

Әне, осы қайталаулар пікірге ерекше күш, ішкі резонанс берген. Бүкіл қатарды қайталауды.., т.б. жағдайлар Тұманбай шығармашылығында бір поэтикалық ағыс деп түсінген орынды сияқты. Дегенмен, осыны біз дәуір поэзиясының бір көрінісі дегіміз келеді. Кейде толық шумақ та қайталанып келеді:

«Неге керек еске ап әрнені,

Өткеннің бәрі өтті ғой.

Шашыңнан сипап таң желі

Қайырылмай о да кетті ғой

Тәтті ғой алма піскенде,

Піскенде бәрі тәтті ғой.

Біз үшін шарап ішкендер

Ұмытып бізді кетті ғой».

20-сыншы ғасырдың екінші  жартысындағы қазақ поэзиясының  ең талантты өкілінің бірі  – Тұманбай Молдағалиев өзінің  шығармашылық толысқан дәуірінде[21, Б.122].

Тұманбай Молдағалиев таланты ерте танылған ақындардың бірі. Тұманбай өлеңдерінің адам сезімін, оның көңіл - күйін, жастықтың құпия сырын шынайы бейнелеуімен байланысты еді. Бір кездерде, жеке адамға табыну тұсында, өлеңді тек саясатқа құрып, науқандық істерге үгіт есебінде көбірек пайдаланғанымыз бүгін жасырын емес. Адамның ішкі сезім күйіне, махаббат тақырыбына аракідік болса да барған ақындарымыздың төбесінен жұдырық кетпеді. Осыдан барып шын лирика, адамның рухани тіршілігін, жеке басының қуаныш сүйінішін, сүйіспеншілік сезімдерін, туған табиғатымен сырластығын жан- жақты бейнелейтін туындылар тым азайып кетті.Тұманбай осы бір тұста әдебиетке келді де,өзінен бұрығы ұрпақтың бойына сіңген тежеуге ілікпей, адамырқына тән еркін ойды, ашық, бүкпесіз сөзді айтты. Жастығын, махаббатын, туған елінің табиғатын, көктемін жырлады. Осындайда жағдайда шын сезімді, адамның көкейін жарып өтетін сүйіспеншілік сырын аңсап отырған қауым, әсіресе ақынның өзі сияқты еркін ойлап, еркін сөйлеуге ұмтылған оның құрбы буыны  Тұманбай өлеңдерін ду көтеріп әкеттті.Ол әдебиетке осылай жастықтың, махаббаттың, көктемнің жыршысы болып өтіпті.

Барлық жақсы ақындар сияқты Тұманбай өмірі де оның өлеңдерінде. Оның туған ауылы, өскен ортасы, көрген өмірі, Отан, ел, адам сүю сезімдерінің қалыптасуы жайлы мәліметтерді ақын шығармалары бізе толығырақ береді.  жанына ұмтылмас жара түскен ( әке өлімі, жоқшылық, жетімдік сезімдер) жас адамның көңіл күйін бейнелейді.Өмір сүйгіш ақ көңіл жастың бойындағы жұмсақ  мұң да, ойлы сезімталдық та содан туады. Жаны жайсаң адамдар алақанынд, мейірімді ана бауырында, Алатаудың  сұлу табиғаты құшағында өскен жастың әсемдікке , сұлулыққа табыну сезімдері де қалай туғанын аңғару қиын емес.Осының бәрі кейін  ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбына айналады.

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)