Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Тұманбай жырлары жаңа көзқарастың осы межесіне де жайғаспайды, өте алшақ жатыр. Оны тіпті жаңаша бағалау керек сияқты.

Ақын соңғы кезіндегі жырлары – өмір диалектикасын беруде, оның драмалық жағын жарқырата көрсетуде ерекше маңызға ие. Мысалға, Тұманбай үйде жатқан жарымжан ана бейнесін көрсете отырып, сол арқылы өмірдің диалектикалық суретін гуманистік тараптан аша түседі:

Әжем жатқан бөлме қайда дегендей,

Срлай қарай еңбектейді немере.

Кім ұғады нәрестенің жүрегін?

Жанын, ойын бағалапты кім оның?

Бір қолымен есікті кеп ашады,

Тіреуіш қып қояды да бір қолын.

Жылжиды ол, жылжиды ол бөгелмей,

Өзі бейне таң әкелген сәлемдей

Дыбыс беріп, әжесіне жетеді

Ұйықтап қалған жоқсың ба сен? – дегендей[15, Б.105].

Ақын жүрегін сезімтал, ойы ұшқыр, терең. Қарапайым ғана суретті классикалық картинаға апара алатын күш бар өлеңдерінде. Мынау – үлкен өмір симфониясы ғой. Адамзаттан талап етілетін алғашқы белгілер де осы. Осыны енді шеберлік емес деп те айта аламыз ба?! Адамдық махаббат, оның туындау дерегі – қарапайым ғана детальдар арқылы жайнап тұрған жоқ па?! Айталық, бір өлеңінде қасқыр қуған елік, қалып қойған жас лақ сөз болады. Елік лағын іздеп кейін қайтады. Оған енді қасқыр қорқынышты емес... Басқаша психология, басқа әрекет, ерекше күш. Осы деталь шебер берілген. Қараңыз:

Елік қашты. Елік қашып келеді,

Ермей қалды жас лағы әдемі.

...Ажал қуып, ажал қуып  келеді,

Дүние жаңа әсем еді, кең еді... [15, Б.116].

Әрине, ақын айтқан сүргін, кең далада әлі біте қойған жоқ. Табиғаттың тірі дүниесінің драмасы сол – ол бітпейді.

Оны ақын былай әдемі ойға орайды:

Шақыра ма, маңырайды лағы,

Бара-бара дауысы қатты шығады.

Солай қарай сорлы анасы жүгірді,

Таусылды да бойындағы шыдамы.

Аңдып тұрған қасқыр оны бас салды,

Қызыл гүлге дірдектетті жас қанды.

Лақ кетті, жылап кетті маңырап,

Дала сөйтіп, сұлулықтан бос қалды[15, Б.116].

Бұл, әрине, ақиқат реалистік көрініс! Сурет ‒ деталь... оны  тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Әрі қарай ақын былай дейді:

Дәл осылай сөнеді де жас арман.

...Өртенді-ау, ерте өледі-ау  көп ана

Балаларын қорғаймын деп ажалдан. [15, Б.117].

Тұманбайдың осылай өмір трагедияларын жүрек шошынтарлық жағдайда объектив сәулелендіретіні бар. Әйтеуір, ақыры қайыр, дұрыс қорытынды шығарады. [21, Б.99].

Шындық ашылып, жарқырап жатқан соң оқушы оқуға мәжбүр. Сөйтіп дұрыс қорытындыны көріп қуанады...

Мысалы, мынаған қараңыз! Бір шалда бала болмайды, қартайып, жалғыз қалады. Жалғыздықтан ақырында бір ит асырайды. Ал, осыдан Тұманбай үлкен ой түйген, қорытынды шығарған.

...Бала орнына ол бір  ит асырады,

Күшіктерден қумады ол бөлмесінен.

Ажал деген шіркінде жоқ қой қанағат,

Алып кетті көршімді оқтала қап.

Жетім қалған балалар сияқтанып,

Барлық иті шулады көкке қарап.

...Жылайтұғын итің де жақсы екен ғой,

Жыламайтын жақынның көптігінен [15, Б.107].

Өлім ‒ адамзаттың ақыры барар жері. Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Адам кейде осыны ойлап, көп қайғырады. Ал, негізінде өмірдің мазмұнын түсіне білу керек-ау...

Жүреді қариялар жалғыз-жалғыз,

Міне, біз ішімізден соған таңбыз.

Біз де олардай секілденіп азаярмыз.

Бітерміз, таусылармыз барып-барып,

Болмай-ақ өзімізді анық танып.

Қалады-ау жарқылдаған жақсы кештер,

Қалады-ау жыр жазған кез шабыттанып.

Кетерміз, құлар көктен сұңқармыз,

Сүрінер қатты шапқан тұлпарымыз [15, Б.109].

Осындай қайғылы кезді суреттеу бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде үрдіс емес еді...

Поэзияда Тұманбай жаңалыққа жаны құмар, көзге ұрып тұратын детальдар арқылы кішкене бір әрекеттен үлкен қорытынды шығарып қоймай, лирикалық қаһарманның ішкі қарама-қарсы бір ойдан дәл суреттеу арқылы мына өмірдің өркендеп өсуін объектив көрсетуге де ұрынып жүр:

Қуаныштың күтіп едім сәтін мен,

Сағат шіркін шабандатты жүрсін.

Жақсылықты жіберіп ап өкінем,

Өзімді өзім кінәлаймын бұл үшін.

...Жақсылықтың жаным ұққыш  әуезін,

Жамандыққа балта шабар қол қысқа [15, Б.114].

Әрбір түсінімпаз кісінің басындағы ой таласы емес пе бұл?! Ол табиғи құбылыс қой. Тұманбай ағынан жарылып, ақиқатты жазып отыр.

Тұманбайдың жырларында жеңіл юмор, әзіл-қалжың, сатира жатқандай әсер қалдырады. Бірақ оларды оқушыда дұрыс көзқарас, пікір туғызады деп ойлаймыз:

Қартаясың, тек қарттарды тыңдасаң,

Сол қарттықты мойындапты кім қашан?

Ажалыңнан он жыл бұрын бітесің,

Жастық шаққа барып-қайтып тұрмасаң.

Асықпашы, асықпашы күзге сен,

Табуды ойла, бір нәрсені іздесең [15, Б.102].

Немесе:

Желдетіп ал бөлмеңді

Терезеңді ашып бір.

Құлпырсыншы үйдегі

Күн нұрына ғашық гүл.

...Әйнекті ашсаң, үнемі

Мазалайды мың сан ой.

Адамның да жүрегін

(Біздің бөлме сияқты)

Бір тазартып тұрса ғой [15, Б.102].

Бұлардың, әрине, кімді болса да ойға қалдырмауы мүмкін емес. Поэзия еріккеннің ермегі емес, ой-сезім тұнығы, терең ой маржаны емес пе?! Тұманбай айтатын әрбір сөз айшықты ғана емес, ай нұрлы, терең ой ғой, шіркін!

Мына шумақтарға көңіл бөліп көріңізші...

Күтсін десең, қонаққа да кештеу бар,

Күтсін десең, кешігіп бар тойға да.

Лаулап жанып, кейде көрдік өшіп те,

Шаттық деген қатты шыққан күлкің ғой.

Тек бақытың шақырғанда кешікпе,

Екінші рет шақырмауы мүмкін ғой [15, Б.103].

Көріп оытрғанымыздай, өлеңде нақтылықтан гөрі ‒ жалпы адамдық, ақ тілек, гуманизм басым жатыр...

Тұманбай ‒ адам психологиясына өте сергек, сыншыл көзқарастағы ақын. Не айтса да, кісіні мойындата алады. Бұл ол кісінің қаламына ілесіп жүретін бірден-бір белгі, қасиет десек, артық айтқан болмаймыз:

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзатады әр күнін.

Сәл қуанса, шығарады сол естен

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын[15, Б.113].

деп жырлауы орынды емес пе?! Адамзат қазір осы айтқандай әрекет істеп жатқан жоқ па?! Баршаға белгілі жайт қой. Осыны ойлана отырып, дүниелік құбылысты, осы күнгі жайды алдыңа жайып салады. Не деген психологиялық контраст, өмір құбылыстары! Айтса, Тұманбай айтсын дегендей...

Сөз шебері Тұманбай Молдағалиев кей жерлерде тұтастай адам өмірін қысқа-қысқа, халық психологиясының жемісі, халық поэзиясының ежелгі тәсілінде жетілдіріп-жетілдіріп беруге де әуес:

Шанаға жекші аттарды,

Желдіртіп біраз келейік!

...Балалық шаққа тез  өткен,

Тағы бір барып қайтайық!

Қаймықпа қыстың желінен,

Даламыз кең ғой, бітпейді...

...Кезере берсін ерніміз,

Тек аман болсын шанамыз.

Баратын жерге енді біз

Жұлдыз боп ағып барамыз.

Қайтармыз, оған асықпа,

Төбеден кетті күн ауып.

Жеріміз барар қашық па?

Ойлайық соны бірауық [15, Б.149].

Мынау енді күнделікті өмірде ұшырасып тұратын нәрсе. Ал, бұл пікір ‒ қоғамдық пікірге айналған десек, орында болады.

Тұманбай осындай бүктеулі ойы бар пікірлерді жинайды, оған гуманизмін қосып, әп-әдемі ой жасайды. Әттең, адам өмірі қысқа. Әйтпесе, неше түрлі ой айтуға болатындай...

Арман қуып, асығып мен келемін,

Теңізінде тірліктің тербелемін.

Жүз өмірді жасауға құштар жанға,

Ұят-ақ қой, екі өмір бермегенің.

Ұят-ақ қой, табиғат, осының тіпті,

Миллион жыл теңізге жүрек беріп,

Жасатасың сен оған не сұмдықты.

Ал, адамның зияны бар ма тегі,

Сөнген өмір қойнында зар кетеді.

Бұл өмірмен қоштасып, ең аяулы,

Қасиетті қара көз жар кетеді [15, Б.113].

Әрине, өмір бар жерде қуанышпен бірге қайғы да, өмірмен бірге өлім де бар болғандықтан, осындай пікірлер болады әрине.

Ақынның ерекше бір қасиеті ‒ адам өміріндегі оның жеке қасиеттерін дөп басып, дәл тануы. Бір ғана мезеттегі көрініс арқылы мінез-құлық белгілерін ашып, тани білуі, оның қағаз бетіне де дәл салады. Мәселен, оның «Елегізу» деген өлеңі бар, сонда осы жай айна қатесіз елестейді:

Ұйқым қайда, құдай-ау, ұйқым қайда?

Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма?

Көк теректер неліктен шулай қалды?

Берілемін неліктен бір түрлі ойға?

Көзім алды көп елес қараңдаған,

Бір пәлекет келердей содан маған.

Әлдекіммен жолығып тұрғандаймын,

Дос болам деп кезінде бола алмаған [15, Б.151].

Шынында да, әрбір сезімтал адамның психологиясында мұндай жағдайлар болып жатады емес пе? Ол сезім кейде орындалып та жатады. Мұндай жағдаяттарды бақсы-балшылардан да, көзі ашық кісілерден де көруге болмай ма? Мұның барлығы адам толғанысы, кісі психологиясының белестері емес деп кім айта алар...

Сол үшін де Тұманбайды түсіну, оның «әлде маған жақын ба бір қуаныш, әлде менің өмірім аз қалды ма?» деген шын пейілімізбен түсінуіміз керек. Табиғи монолог. Оны ақынға табиғи күш айттырып отыр. Осыны дұрыс түсініп, сергектік, көрсетуге, әрекетшеңдікке ұмтылайық. Өйткені, мұндай күй қай адамға болса да кездесе береді.

Ақынның көптеген өлеңдері жеке адамның ішкі мінез-құлық белгілерін ашуға арналады. Қараңыз:

Отырады ол қашанда суық түсті,

Келмейді маңына ешкім жуытқысы.

Алыс жаққа қарайда көз талдырып,

Осындай-ақ болар-ау тұйық кісі.

Отырғанын көрмейсің көңілденіп,

Қарамайды іш тартып, өңін беріп.

Ол ешкімнің үйіне бас сұқпайды,

Қақпайды ешкім есігін оның келіп [15, Б.107].

Бұл мінезі тұйық, қатал және бір жақты ғана ашылған кісінің психологиясы екені байқалады.

Сондықтан ақынның мұндай «оқшаулықты сүйетін, оңашадан қуаныш табам ба деп»ойлаушы адамдардаң көпшілік арасында тез ұмтылатыны да рас. Мұнда ймінездің зиянды тараптары да көп.

Кейде ақын адам мінезіндегі ақ көкіректікті, қолы ашықтықты, жағымпаздықты,..., т.б. біріне-бірін қарсы қойып суреттесе, кейде өз қатесін көруге де құштар, шыншыл адамдарды ашып береді, кейде осыны өтірікшілікке, екіжүзділікке қарсы қояды. Күншілдікті көргісі жоқ. Адал ағасына былай демей ме?

Қайтесің,  аға, өзіңнен биік тұрғанды,

Мінекей, одан көңілің тағы бір қалды.

Онсыз-ақ барлық шарабың түгел ішілді,

Онсыз-ақ, міне, әдемі жырлар – жырланды.

...Айтпайды сырын, сыртымен ғана сылаңдап,

Ол үшін тіпті дастархан жайма, жүр аулақ.

Өтірік сөйлеп, доспыз деп іштей күледі,

Көзімен сені, сөзімен сені құр алдап.

Жағыну, жалбақ қалады қашан сол әдет?!

Құтылсаң содан көңілдірек болар ек... [15, Б.121].

деп жазады. Сонымен ол: «Бермейді ешкім, бермейді бөліп өз нанын», «қуларды сыйлап құлшылық қыла бергенше» дегендей шұмақтар арқылы өз күніңді өзің көр, еңбегіңмен күн көр, турашыл бол, ешкімге жалтақтама деп ақыл айтады. Шынында, өз күніңді өзің көрсең, біреуге жалтақтап, «құлшылық» етудің неге керегі бар? Лауазымға бас ұру да сондай. Қоғамдағы қажетсіз әрекеттер емес пе?!

Ал, мына жыр жолдары бұған кереғар. Күншіл, епшіл, жалатай адам ақын тілімен былай түйіріледі:

Жұлдызы жанса біреудің,

Биіктеп ұшса бақ құсы,

Өзіңнен өзің түнердің,

Кеткендей күннің жақсысы.

Кездесу сәтін шын тілеп,

Көзіңнен ешбір сыр бермей.

Қысасың қолын сіліклеп,

Қуанып соған жүргендей.

Тұрады бәрін түсініп,

Өмірдің өзі егес қой,

Жұлдызы жанған кісі де,

Онша аңқау емес қой.

...Дірілдеп тұрған қолың-ақ,

Ниетіңді айтып қояды [15, Б.125].

Ақынның «Шақырады жаз мені» өлеңдер цикілінде лирикалық қаһарман өзіне сын көзбен қарап, «көңілді шақтың жүрекке көлеңкесі де түседі» деп есептеп, ақыл-парасат көрсеткендей:

Көбірек күлсем, шаттансам,

Бал шарап жұтып кесемен.

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)