Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Бір-екі жерде мақталсам,

Беймаза тірлік кешем мен деп жазады. Қандай ой, нала жатыр осы шумақтарды?!

Ал, ерекше талант иесінің гуманизммен айтқан мына өлеңдері ешкімді де бей-жай қалдырмайды:

  Жарқылдап жүрер шағында,

         Жылатып қойып біреуді.

Отырады-ау қулар бабында,

Пышақпен кесіп тілеуді.

Білгендей мәңгі тозбасын,

Шірене шіркін түседі.

Біреудің мөлдір көз жасын

Кесеге құйып ішеді.

Біреулер бар-ау осындай

Зұлымдығына мас болар.

Оған да шөлі басылмай,

Қан ішсем дейді қасқырлар [15, Б.157].

Осындай жауыз, қанішер мінездегі кісілердің біздің заманымызда қатар жасауы – ақынды бей-жай қалдырмаған. Ондайды ол көріп отыр. Сол үшін де жазған. Арманы – солар құрыса...

Ақынның лирикалық қаһарманы, керісінше, ұшқан құсқа да әсер еткісі келмей, тәуелсіз сайранына үн қосады. Не деген гуманизм, не деген көрегендік! Дәл тауып, дөп басып отырған жоқ па?! («Баққа қонған торғайды үркітпеуші ек тас атып, ұстап алсақ біреуін, жіберуші ек босатып», «Еркін ұша берсінші деп аяушы ек, сорлыны», «Еркіндігін, шаттығын, шырқап айтқан әлемге, Дүниеде ешбір ән, жетер ме екен, сол әнге»), «Балалар, гүлдерді сатпаңдар», «Ел күрескен батырға, гүлдерді тегін-ақ беріңдер» деп ұран тастамай ма?»! міне, Тұманбай – осындай ақын. Оны түсініп, сырласып оқиық. Сонда Тұмекеңнің терең сыры ашыла түседі:

Соларға сыйлаңдар гүлдерді,

Мезгілді сәтінен құр қалмай.

Қуансын азамат жүрегі

Көктемді құшақтап тұрғандай!

...Тек сонда батырға  жоқ өлім,

Күні де ешқашан батпайды.

Сатпаңдар көктемнің бөбегін,

Бөбекті ақшаға сатпайды [15, Б.129].

Мынау – гуманист ақынның, лирикалық қаһарманның жан сыры ғой! Міне, гуманизм осылай шарықтауы керек. Сонда ғана гүлді жұлуға, бөбектьі шырылдатып, перзентханаға тастап кету деген атымен жоғалар еді... ол үшін, әрине, Тұманбайды оқитын оқушы керек! Ақын екі жақты ұтып отыр. Екеуі де дұрыс. Тұтасымен гуманизмге құрылған өлең! Тұрмыстың өзі емес пе?! Баршаға үлгі-өнеге. Әдемі өлең.

Ақын өз анасына, әпке-қарындастарына да жыр арнайды. Оларында да ойы шашырамай, анық, нақ айтылады. Бұларда да гуманизм жарқырайды. Япырмай, ақындық талантпен дөп басып, дәл айтылған жыр жолдары қаншама мол. Детальдарын айтпайсыз ба? Әсерлілігін сөзбен жеткізу қиын. Айтайық, анасына деген махаббаты, сағынышы кісіні бей-жай қалдырмайды:

Сүйеуші ең, сүрінсем де, жығылсам да,

Мәңгілік қоштастық па бүгін сонда?

Қасымда сен барыңда бала едім мен,

Мұртымды күнде ертемен қырынсам да...

...Мен сені ащы жаспен  шомылдырам,

Қара жер шақырғанда мұнда кел деп

...Есікті өзің ашар  ма екенсің деп,

Жұмыстан бүгін тағы ерте келдім.

«Құлар ем құшағыңа сен ашқанда,

Амал не, маған есік балам ашты».

«Бетімнен ешкім менің иіскеген жоқ,

Баламды мен иіскедім есік ашқан» [15, Б.132]. ( дегендей, терең мағыналы детальдардың өзі әр түрлі тіркестермен түрленіп суреттеу тәсілдерінің өрнегін бойына барынша сіңірген. Апаға арнауындағы мына шумақтар да жүрегіңді толғандырады.

Тау құлайды, тартылды теңіз де,

Естігенбіз өлгенін де қаланың.

Тірлігімде, әпке, бірақ сені іздеп

Туған жерге қайта-қайта барамын.

Енді қайтып жолықпайсың, сен маған...

...Ойланбайсың інім жаурап  қалар деп.

Түс көріп те, шошымайсың ұйқыңнан.

Отырмайсың, мен оқуға барар деп,

Жамау салып көйлегіме жыртылған » [15, Б.136]. 

Бұл шумақтар өмірден алынған көркем детальдар ғой. Ол ақынның асқақ ойы, биік талантты, тапқырлығы бойынша осылай жинақталып, біртұтас болып тұрған жоқ па? Поэтикалық шеберлік деген осы, міне!

Әрине, мұны жылаймандық қой мынау деп кінәлау, немесе пессимизмге берілген екен деуге де болмайды. Мұнда күшті патриотизм, күрескерлік бар. Оқушысын жігерлендіріп жіберетін, оған қайрат сыйлайтын шумақтар бұл:

Тулайды теңіз ақ ала толқын сапырып,

Тулайды теңіз сұрапыл дауыл шақырып,

Ұйықтағандарды оятам дейді ақырып,

Көрінсем дейді Күнге де кейде атылып.

Теңіздің осы тебіренген кезін көр, ұлым,

Осылай өтер сенің де мүмкін өмірің.

Сенің де солай жетпесе қолың Күнге егер,

Жетемін деген бар болсын бірақ сенімің[15, Б.120].

Осындағы кейбір қайталаулар, пейзаж-сурет ыңғайында берілмегенімен, шеберлік шыңын көрсетіп тұр. Мұнда терең патриотизм, күрескер әдеби қаһарман, шаршамайтын мәрт тұлға байқалмай ма? Ақынның ұлын жігерлендіруінің өзі неге тұрады?! Ол ұлына айтып отырған жоқ, еліне, халқына, келешек ұрпаққа қарата айтып отыр ғой мұны деп түсінген дұрыс.

Лирикалық қаһарман: «Жер үсімен желге қарсы жүгірумен келмен мен, мен сүрінсем, ойламашы, жан екен деп тек өлген» деуі де оқушыға бірдеңе айтпай ма? Айтады. Көп нәрсе айтады... Қаһарман – қайтпас, қайсар күрескер ғой, ақынның айтуынша...

Ақын өз қаһарманының ішкі дүниесіндегі осындай патриотизмді, мәрттікті, күрескерлікті сыртқы бояу арқылы емес, ішкі сыр арқылы, бүркеп, оқушы ойланатындай түс беріп, жазады. Мұнда күшті динамизм, айтарлықтай күшті драматизм бар. Ақын осынысымен ғана өміршең реализмге (шындыққа) жақындаса түседі. Әдісі әдіс-а. Өте қонымды:

Әр нәрсеге өкпелеймін, сол нәрсеге күдіктенем,

Жете алмаған бір арманды жетемін деп қуып келем.

Ол бақытқа жету қиын, оны өзім де ұғам жақсы,

Жолда тұрып қалсам бірақ, кейбіреулер қуанбақшы.

Жо-жо-жоқ, өзім тірі жүріп, қуантпаймын оларды мен,

Өзім тасып, өзім шалқып, өзім күлем ең алдымен! [15, Б.122].

Көріп отырғанымыздай, мұнда жалаң айғай, лиризмнен де гөрі шыншыл психология жатыр! Толғаныс жатыр. Жеке адамның күрескер бейнесі бар. Әйтпесе, өмір сүріп не керегі бар? Ақын осыны айтып, оқушыға ой салып отыр... Кімге де болса да, осындай күрескелікке толы өмір, патриотизм, мәрттік керек-ақ! Ақын арпалысқан ойын жүргендеп, тізгіндеп, енді күшке мінгендей... осыны оқушыға айтудың өзі не деген ерлік? Поэтикалық бояуларын айтпайсың ба? Жақсы! [20, Б.99].

Ақынның «тыныштықпен өмірімді өлшемен, толқыны жоқ көлді де мен көл демен», «Я жанып отырғанда үйімде, я ағып бара жатып өлем мен» [15, Б.137]. деген шумақтары да осыдан құрқол емес! Романтизм бе осы? Қайта реализм мен патриотизм иісі басым емес пе?! Осылай жазу керек ақын деген.

«шығайын деген тауым бар,

Жан досым, мені содан күт!

Жығайын деген жауым бар,

Жүретін ылғи мені аңдап!» деп ақын кейде өз тұлғасына да сомдайтын сияқты. Япырмай, мына кісі қартайған сайын қанаттанып барады ғой дейсің. Демеске лажың жоқ. Тұманбай құлшылыққа, аңқылдақ надандыққа, Айтматов айтатын мәңгүрттікке қарсы! Оны осы жыр жолдары қатарласа дәлелдейді.

Қаламгердің поэтикалық пікір дүниесі кең, барынша динамизмге толы, өмірді тұтас қамтып алып, оны адамгершілікке жүгіндіреді де, оқушысын осыны дұрыс түсінуге баурайды. Айтып-айтпай не керек, Тұмекең соңғы кезде осылай ғарыштап барады...

Ақынның:

«Қуанышты тау биіктеп кетпейді,

Аласарып көрген емес және де.

Қуаныштан күлгенді ешкім сөкпейді

Жарқылдай бер шын қуансаң сен егер.

...Қуаныңдар, қуанбаңдар тек қана,

Өздеріңдей біреулерді жылатып [15, Б.139]. », - деген шумақтары терең дидактикалық-философиялық реңк алып, ойымызды одан әрі жалғайтындай... Бұл жалаң насихат емес! Мұны олай түсінбей, заман, хал-ахуал жағдайында бағалау керек сияқты. Заманның  иірімді ағысына қарай терең ойланып қана пікір айтсақ болды. Ішкі рухани дүниеге әсер ету жағына баса назар аударғаны дұрыс. Талантсыз ақындар болса, соңғы екі шумаққа күш салып, соны созбалап, біраз құрғақ философия айтып, оқушысын мезі етер еді. Бұл кісі екі шумақпен ғана шектеліп отыр. Сонысымен де бұл поэзия бағалы. Әсерлі. Әрі қарай ақынның поэтикалық әсерлілікке бару әдісін көрістейік:

Атыңды сенің құрметтеп

Атайды кейде көп адам.

Ол-дағы, білсең, бір мектеп,

Мастана көрме сен оған.

Мақтауын жұрттың малданып,

Масайрай берме үнемі!

Көтере білген сол халық

Көме де сені біледі[15, Б.146].

Міне, мұнда да айтылар нәрсеге – біраз айтылған деуге болады. Құр бос дидактика емес, әрине! Жарасымды пікір. Насихат деуге келе ме? Келмейді. Құрғақ насихат та емес!

Шығыс поэзиясындағы дидактиканың ғажайып ұсталары Ә.Науаи, Мақтымқұлы, Әжінияздар осылай айтып па ед? Қазақ дидактикасы жайында айтпайа0 қоялық. Жоқ, олар бұлай айтпайтын. Өйткені заманы басқа еді, оқушысы басқа еді, т.с.

Қазіргі ақындар насихатты, әуелі, осылай кішкене ғана юмормен тұздықтап, орнымен айтқаны дұрыс. Әйтпесе, құрғақ насихатты есіте-есіте оқушының есі кетті ғой. Кітабыңызды жауып, қоя салады. Тұмекең осы жағын да ойласа керек, насихатын, жоғарыда айтқанымыздай, юмормен тұздықтап, нәрлеп, әрлеп жеткізеді. Оның насихат екенін оқушы байқамай-ақ қалады... Керемет тәсіл!

Өте талантты ақын өзінің поэтикалық ойларын көбіне халықтың ұлттық көркемдеу тәсілі арқылы өрнектеп, символдық-метафоралық суреттеу әдісін еркін қолданады, мұнысы оқушыларға күшті эстетикалық күш береді. Оның мұндай суреттеулерінде ақындық романтика мен ақиқат, эстетикалық талғам жатады, сонымен жалпы өлеңде рухани ашылу, ішкі дүние пәктігі, табиғатқа ынтықтық, т.б. байқалады. Біздің осы ойларымызды ақынның мына өлеңінен сезінуге болады:

Көңіліңді бұлт торласа, жолға шық,

Табиғаттың құдіретіне бол ғашық.

Көлге шомыл көк аспанның астында,

Гүл тер, досым, қырға шығып, жонды асып.

...Ақ қайыңның арасында  жүре бер,

Көктемнің бір құйып өтсе жаңбыры.

Жаңбырдан соң дала қандай жайдары,

Бұлаққа да күш бітеді сайдағы.

Күн көзіне кептіріп ал да асықпай

Шалбарыңды, көйлегіңді жай-дағы [15, Б.103].

Бұлар – лирикалық қаһарманның ішкі рухани жан сұлулығын көрсететін жыр жолдары. Осындай ой қазіргі оқушыдан (базаршы, сүтқор, өсімқор, т.б.) шығар ма еді?! Ол басқа нәрсе ойлайды (өсім, алмасу, өткізу).

Белгілі ақын табиғат лирикасын көзден таса ете елды ма? Жоқ, ете алмады. Адамның ішкі дүниесін параллелизммен беру күші деген осы жерде керек емес пе? Табиғат лирикасы осындайда үлкен рөл ойнамай ма?

Алматыға қар жауды түніменен,

Аппақ тонға оранды сұлу емен.

...Ақ қайыңның бұтағы  сынып жатты

Өкінішін, қайғысын бүгіп әрең.

Алматыға қар жауды жапалақтап,

Үңілдім мен әйнекке жазды жоқтап.

Жаздың жырын мен айтып бітпесем де,

Тұрмады ғой табиғат аз күн тоқтап[15, Б.111].

Оқушыға соңғы шумақтар әдемі ой айтады, оны тереңге тартады. Адамның бірер мезетін еске салады. Оқушы бірақ мұны түсіне алды ма? Әй, қайдам, түсіне алмаса керек...

Ал, мына шумақтар оқушысын эстетикалық ләзатқа бөлейді:

...Оянып бөпем ақ таңнан

Сақылдап қатты күлгендей,

Көктем жүр әйнек алдында.

...Жанымның оты лапылдап,

Лапылдап барып сөнгендей.

Көктем жүр әйнек алдында

Келгенін бүгіп жасырмай,

Кететін қысты қысымға ап

Қуанған күннің жасындай.

Жауып тұр жаңбыр тысырлап,

Көктем жүр әйнек алдында[15, Б.123].

Мұнда да пейзаж және табиғат құбылыстары өз әрекетшеңдігі, адам өміріне әсері, астарлы символикалық сипаты арқылы сәулеленген. Онда да лирикалық қаһарманның рухани ашылуы бар. Ақын лирикалық қаһарманын табиғатпен сырластырып, қызғалдақтармсен тілдестіріп, үндесіп отыруы орынды берілген. Сонымен ақын:

«Бәрі асығыс, асқпауға жол бар ма?

Қырға шығып, қияларға кетем бір.

Меніменен қоштасуға асыққан

Жастық шағым ба екен бұл?» [15, Б.142]. деп ойларға толы, толғанысты пікір айтады. Осы пікірді әрі қарай жалғастырып:

...Алыстан таулар айбатты,

Қасына келсең түк те емес.

Құртып та жүр ғой бұл бізді,

Бұл ойға кейде сенбейсің.

Қасыңнан жанған жұлдызды

Қасында тұрып көрмейсің [15, Б.147], - деп жазған.

Ол да өмір толғаныстарына құрылған, ол тек қана табиғаттың сыртқы көрінісі емес, әрине!

Біз айтып отырған поэзияда символдық-метафоралық суреттер шеберлікті арттыруға қызмет етеді. Айталық,»Бәйге» деген өлеңде жігіт намысы, озуға деген тілек, осындай жүрек лүпілі, оның ат тұяғының дауысымен үндесуі –бәрі шебер берілген. Мұндағы «Намысқа шапқан, алысқа шапқан тұлпарлар, даланың шаңын ертеден кешке созатын», «Ұшатын еді, ұшатын еді бақ құсы» ... деген жыр жолдары қандай?!

Мейлі, сен, кім бол, жарлы бол қашқан берекең,

Тек атың озсын, таниды халқың сені ертең.

Ат келер сөре, ат шығар төбе қашан да

Қазағым үшін шындықтың жеңген жері екен.

...Бармағын тістеп амалсыз  қазақ тоқтапты,

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)