Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

«Ақын өлеңдеріне қарап отырсақ, мұңаю, уайымға салыну да кезігіп қалып жатады алайда мұңаю, жабығудың бәрі зиянды, мәні аз деуге болмайды. Күйзелу арқылы да адамдардың өсу мүмкіндігі бар, адамды жамандық арқылы сынап иексеру, оның егілген тұстарындағы адамгершілігіне үңіле білу, адам өмірін жан-жақты, терең зерттеуге бағыттайтын бір жол осында. Т.Молдағалиевтің жетістігі де осы – ол адамды шаттану ғана емес, қапаланған сәтінен де кең алып, жан-жақты қарастырады.»[6,16 б.].

М.М. Әуезов айтқандай: «Халықтың тілі мен психологиясында дүниені қабылдауы мен оны көркем бейнелеуінде әрқашан ұлттық сипат, нышан басым болады» .

Академик З.Қабдолов «Сөз өнері» деп аталатын монографиясында әдеби туындының көркемдік кестесіне, суреткер шеберлігіне, сөзбен сомдалған тұлғаның табиғатына қатысты құнды пікірлер қозғайды. «Жазушы, -  деп жазады ол, өзінің сөз қорын молықтыру үшін жалпы  халықтық  тілдің телегей теңіз бай қазынасын мүмкіндігінше молырақ игереді, оның қилы-қилы, қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі,әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер мен өңдеулерден, құбылтулар  мен  құлпыруларды дәл аңғара білуі қажет», - деп жазушының  шеберлік әлеміне  барлау жасайды. [7,Б.52].

Сол секілді С.Негимов: «Ақын міндеті – сөзге қанат бітіруінде, сөз бен сөзді жалғастырып, кару қайратын қосып, ойды тербейтін, бойды билейтін поэзиялық образ жасауында. Ақын дыбыстардың үніне зейін зейін салмаса, бояу-суреттер тағдырын жіті үңілмесе, өлең өрімдей сұлу болып шықпақ емес.  Халықтың ұшан-теңіз бай тілін, рухани өмірі мен  қазынасын, тұрмыс- алатындай көркемдік қабылеті мен эстетикалық өткір талғамы болуы қажет», - деп жазады [8,Б. 44].

Ақынның жеке басының сезім күйлері тек бір адамның тіршілігін күйттемей, жалпы адамға тән сипаттарды кеңінен бейнелей алғанда ғана қоғамдық мәнге ие болады.  Ақынды жеке адам деп қарау аз, ол қоғам өкілі, адамзат өкілі.Ол өзін, өзінің басынан кешкенін, қуаныш сүйініін көрсте отырып, халықтық сезімді бейнелейді. Оның өлеңдерін оқи отырып, сен де суреттелген жайларды бірге сезінесің, бірге қуанып, қайғырасың.

Тұманбай өлеңдерінің баршаға ортақ сипаты да осында. Ол среттеген сезімдер біздің бәріміз басымыздан өткізген, өткізетін дүниелер. Ең бастысы Тұманбай өлеңдерінде осының бәрі қарапайым көрініс табады, төгіліп тұрған өлеңге айналады.

Тұманбай творчествосының сабақтастығы тек оның бұрыңғы соңғы жазғандарының өзара іштей байланысынан ғана емес, ұрпақтар жалғастығын бейнелеуінен де анық көрінеді. Ол өзін екі ұрпақтың жалғастырушысы  сезінеді.  «Мөлт еткен көздің жасымен, Арманның ауылдасымен, кейінгілердің басымын, бұрынғылардың жасымын» дейді.

Ақынның жаңа өлеңдерінің лирикалық қаһарманы баяғыдай бақ ішінде сайрандаушы, құштар сезімнің адамы емес, сол бақта ойға батып жалғыз қыдырып жүрген ой дүниесінің иесі. Көңілі сергек, жүрегі адал, жаны ақ қалпында.

Ақындықтың құпия сыры да осы тектес оқыс мінездермен ерекшеленеді. «Бойыма ас батпайды, ауырамын. Егерде жазбай кетсем үш күн өлең» дейді Тұманбай. Бұл шындық. Ол шындықты творчество адамдары ғана түсінеді. Ақындық сөз буып, мезгілінде жазылмаса, сыртқа шықпаса, ауыртатыны да нанымды. Сондықтан ақын үшін өлеңнен биік нәрсе жоқ, ол әкімдікке құмартпайды. Өзін биік тұрғыда отырмын деп ұғынады, кіммен де болса, биіктікке таласады.

Осы тұрғыдан алғанда, Т.Молдағалиев нағыз көркемдік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы биік қаламгер. Т.Молдағалиевттің  поэзиядағы кейіпкердің  санасында жеке бастық, тұлғалық, эпикалық, лирикалық, романтикалық таным элементтері бір арнаға тоғысады. Сонымен қатар ақын өлеңдерінде фольклорлық таным элементтері, фольклорлық мифологиялық әуендер де айқын айқын көрініс тауып отырады.

Сондай-ақ, ақын көненің көзінен бастау алған жырларында өткеннің өнегелі сабақтарын бүгінге жеткізуді басты мақсат тұтады.

Ақынның жан сарайы, болмыс-бітімі, философиялық, эстетикалық көзқарасы, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктері поэзия тіліне айнымай көшеді. Оның өлеңдеріне үңілсек, ақын жасаған образдар мен тіл кестесінде сөз еткен өмірлік мәселелерде қаламгердің танымы мен білім дәрежесі, сусындаған поэзия мектептері аңғарылады.

Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыты, стилі, жанрдың сипатын ашуы жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар .

Лирикалық туындыларды зерттеу жағынан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымы ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының дамуы көкжиегі лирикалық шығармаларды зерттеуде, оның «су астындағы бөлігін» талқылап тануда, туындылардың тереңіне бойлап көркемдік ерекшелігін ашуда табыстарға жетті

Ол елімен ғана емес, жерімең туған даланың табиғатымен туысып кеткен. Кейде қайың бой түзеп жел болып еркін өседі. Отаншылдық деген де осы. Туған елі мен Отанының патриоты болу сезімі оған ана сүтімен, даласымен дарыған.   Келген   көктем   де   көркімен   оны   туған   өлкесімен жақындатып кетеді. Сондықтан да ақын рухы табиғаттай биік. Оның Алатауды, Көкшені, Абай елі мен жерін сүюінде де ақындық рухтың асқақтығы көрінеді. Қорыта келгенде, махаббат әлемінде өзіндік орны бар ақын. Т.Молдағалиев лирикалық қаһарман мен лирикалық бейне арасындағы сезім қылын шертуде жоғарыда келтірілген мысалдар әрі көркемдігімен, әрі бір-бірімен жымдаса келіп, махаббат тақырыбына назар аударуға, оны қорғау идеясын ашуға қызмет еткен.

Бұл – қазақ поэзиясында ақынның өзіндік шоқтығы бар тұлға екендігінің дәлелі. Ойды жай жеткізудің арасындағы ара салмақты өлшеп жатудың өзі артық. Бейнелі сөз жағымды, әсерлі естілумен қатар, сөйлеушінің көңіл-күйін, көзқарасын, талғамын, бағасын байқататындығы анық. Белгілі ғалым

Т.Қоңыров өте орынды аңғартады: «Ол– әдебиет өсіп-өнетін топырақ, ол – әдебиет тыныстайтын ауа» . ендеше, махаббат лирикасы тақырыбын қарастырғанда да тіл бейнелілігі мәселесіне көңіл бөлген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ЛИРИКАСЫ

 

2.1 Өлең - сөздің анасы  (лирика туралы)

 

Әдеби процесс күн сайын дамып, күн өткен сайын толығып уақыттың талабына жауап беріп отыруы тиіс. Ол қоршаған ортаның, қоғамдық үрдістің, уақыт үнінің, замана ағымының ауанымен бірге өзінің сан қырлы сипатын танытып отырады.  Дүние жаратылғаннан бері эволюцияны бастан кешіріп келе жатқан адамзат өнерінің сан алуан қыры күннен-күнге өрлеп өрістеп келеді. Соның ішінде көркемөнер өзінің даму позициясын нығайтып келеді. Өнер қай заманда да болсын өзінің рухани ләзатқа бөлейтін сипатымен құны жоғарылап келеді.

Поэзия сол аталған көркемөнердің ішіндегі маңыздысы екенін жоғары тарауларда айтып өттік. Ондағы мінез мәселесімен бірге лирикалық шығармалардағы тартыс мәселесінің де өзіндік орны ерекше. Тартыс ең бірінші қандай да бір шығармаға жан бітіріп, оның композияциялық құрылымына серпін беріп, сюжетін өріп тұратынын ұмытпауымыз керек. Ол әсіресе драмалық және прозалық шығармаларда айқын байқалады. Драмалық шығарманың негізгі жаны болып табылатын тартыс, прозалық шығармалардың да негізгі жұлын-өзегі болады.  Поэзиялық туындылар үшін тартыстың қаншалықты алатын орны бар, жалпы тартыстың проза мен драмаға тән түрін лирикалық туындыларға қолданыла аламыз ба осы мәселе төңірегінде сөз қозғайтын боламыз.

Тартыс дегеніміз ең алдымен дарамалық шығармаларда кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас, олардың өзара байланысуы мен күресі тұрғысында көрінеді. Алайда, мұндай тартыстың ашық түрі лирикалық шығармаларда жоқ. Онда жалпы лирикалық кейіпкердің өзінің көрінуі де аса нақты емес, абстракті тұрғы да болатынын бәріміз де білеміз. Оның сезім күйі лирикалық кейіпкердің  тұлғасынан гөрі, нақтылы физикалық келбетінен гөрі біздерге жақынырақ байқалады. Тартыс драма мен прозадағы секілді нақтылы кейіпкерлердің, көзге айқын түсетін желі-сюжеттің  бойымен бізге көріне бермейді. Ондағы тартыс сезім шарпылуына тәуелді.

Жалпы психология ғылымында конфликтті екі тұлғаның арасында болатын шиеленіс, байланыс деп көрсетеді. Яғни, қимыл-қозғалыстық ұғымды білдіретін тартыстың өзі жанды екі құбылыстың өзара байланысты қозғалысқа түсуінен  туындайды екен. Қозғалыстың әсерінен тартыс туындайды [9, Б.176].

Сол тартыс арқылы тұлғалардың белсенділігі артатынын, олардың жетілу, өсу процесі басталатынын психология тағы да атап көрсетеді. Ал лирикалық шығармаларда ондай көзге айқын түсетін, өзара қимыл-қозғалысы айқын нақтылы физикалық денелер (психологиялық термин) жоқ. Керісінше онда өзара байланысты сезімдердің шарпысы мен «майданы» бар. Олардың арасындағы тартыстың нәзік пернелері лирикалық шығарманың түрленуіне, көз алдымызға жанды бейне ретінде келуіне көмектеседі. Яғни, Белинскийше айтсақ: «Өмір сүру дегеніміз – сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану: басқа өмірдің бәрі де өлім» [10, Б.163]. Өйткені ақын өмірі - өлең, ал өлең -өмірі сезіну мен ойлау, қуану мен қайғыру. Адам бойындағы осы қаситеттерді ақын бірінші көреді.

Поэзиядағы ең оқушысы  көп жанр — лирика.  Оған таңырқайтын рет жоқ секілді. Өйткені лирика атам заманнан поэзия атаулының солқылдаған күре тамыры емес пе?!

Орта буын ақындарымыз аға буынның ізін баса, өлеңнің біраз жүгін көтеріп келеді. Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Сабырхан Асанов, Жұмекен Нәжімеденов, Сәкен Иманасов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев  секілді ақындарды қазір бір-бірімен шатыстыру қиын. Бұлар бүгінгі өскен поэзиямыздың әр шалғайын ұстап жатыр. Әрқайсысы әр тілде сөйлейді, әрине, ақындық тілді айтамыз.

Бүгінгі лириканы сөз еткенде ертеден келе жатқан, ғұмыры             ұзақ бұл жанрдың өміршеңдік сыры, ұрпақтан-ұрпақққа жетіп, дәстүр жалғап келе жатқан негізгі қасиетін, көркемдік критерийлерін көздеуге тиіспіз. Осы биіктен барып көркемдеу құралдарына, образ даму эволюциясына, амал-тәсілдеріне бойлап тартыс пен мінез мәселесіне көшеміз. Әрине, мұның бәрі жанды процесс күйінде көрініс беруге тиіс. Сондықтан да алдымен лириканың негізгі тамырына, табиғи ерекшелігіне назар аударалық [11,Б.182.].

«Лирикада субъект затты өзінің аясына алып қана қоймайды, оны ерітіп, іші-бауырына тартып алады, сөйтіп затпен соқтығысудан туған түйсіктердің бәрінде де өзінің ішкі шыңырауынан сыртқа шығарады» . Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық тар кеуденің, көркем өнердің әуесіне шығарып, өзгеше өмір береді. Лирика белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі. Сол уақытпен ортаның перзентінің көңіл-күйі, жан тебіренісі. Оның бойындағы барша қасиет-қадірді нақтылы мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. «Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді» [7,Б.133], - дейді белгілі ғалым, академик З.Ахметов. Яғни, лирикада ой мен сезім бірлесіп терең қабысады.  Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең ой мен  суарылған, нәрленген жалынды  сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лирикаға жан беретін сезімнің отты нәзіктігі.

Лириканың басқа жанрлардан, мысалы, кең көлемді шығармалардан бірден-бір ерекшелігі де осында жатыр. Біз драмалық, эпикалық, лирикалық шығармалардың арасындағы өзгешеліктерді ықылым заманнан бері айтып келе жатқан ойшылдар мен ғалымдардың пікірінен білеміз . Олардың арасындағы жанрлық, түрлік, образдық жалпы поэтикалық ерекшелік бұл күнде жеріне  жете талданған және өзінің ғылыми-теориялық тұжырымын тапқан. Олардың арасындағы сол айырмашылықтардан туындайтын қасиет олардағы өзіндік тартыс пен мінез мәселесіне келгенде де көрініп, оқшауланып жатады. Прозалық туындылардағы характер мәселесіне байланысты «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» кітабында былай  деп көрсетілген: «Характер (әдеби характер) – көркем шығармадағы кейіпкердің мінез-бітімі,  ой-сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет, өзгелшеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп сомдап бейнелеу арқылы жасалады» [7,Б221].

Яғни шығармадағы мінезді жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-тұтастығы, синтезі деп қараған жөн. Прозалық шығармадағы тартыстың да поэзиялық туындыларға қарағанда жолы мен жөні бөлек. Прозада тартыс кейіпкерлердің арасында, образдың даму тенденциялары арқылы өрбиді. Шығарма сюжетінің өріліуіне өзіндік үлесін қосады. Әрине, тартыссыз шығарма болмақ емес. Ал тартыс болған жерде прозада мінездің даралануы да ерекше байқалады. Поэзияда барлық поэтикалық түйін сезімге келіп тіреледі. Сезім шарпысы арқылы лирикалық сюжет өріледі, сезім дамуы арқылы тартыстың да белдеуі білінеді. Отты сезімнің өзегінде қайнап жататын тартыстың баршамызға айқын болмауының да басты мәселесі осы. 

Ал драмалық шығармаларға келетін болсақ, атақты ойшыл Аристотельдің айтуы бойынша характер драмалық шығармаларға аса қажетті компоненттердің бірегейі. Яғни, характер толыққанды образдың, сүйекті шығарманың негізгі өзегі, алтын желісі болып қала бермек.

Реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп-өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды. Оған қоса оның ішкі диалектикасы болатынын да ескеру қажет. Образ даралануы үшін оның характер дәрежесіне көтерілуі қажет екенін қазіргі таңдағы әдебиет зерттеушілер айтып жүр.

Лириканы түсіне білу керек. Лирика, көбіне, педанттың көкаяз ой жүйесіне бас ұрмайды. Оған тіпті дилетанттың дайын ережелері де кәр етпейді. Лирика қашаннан қатып-семген әдеби «ережелерге» көнбейді. Ол тым ерке, тым еркін - тек жүректің «ережесіне» бағынады.

Ол - ең алдымен көңілдің серігі. Ал:

Кейде есер көңіл құрғырың,

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)