Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Туған Отаны, елі, жерінің тағдыры – Тұманбай ақын жырларының өзекті тақырыбы. Ол өзіне біткен бүкіл дарынымен, шығармашылық өмірімен, адамдық болмысымен туған еліне, жеріне қарыздар сезінеді.

Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,

Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.

Саған ғана арқамды мен сүйедім,

Саған ғана аяғымды тіредім, -[15, Б.20].

дейді ақын.

Тұманбай ақын үшін Отан абстракты ұғым емес, ол - оның елі, адамдары, табиғаты. Осылар арқылы ақын Отанымен туысады. Оның жырларында отаншылдық сезімінің биіктігі, елдің ерлік рухы айқын танылып отырады. Сол арқылы ол өмірге, еліне аяғын нық тіреп, еркін өмір сүреді.

Мен тудым кең далада, еркін өстім,

Кеудемді желге тостым, күнге тостым.

Жаз бойы таң атқанша жұлдыз санап,

Ақ бұлтпен жел айдаған бірге көштім. -[15, Б.58].

Жетісудың бұлақтары шешен-ақ.

Тау арманын ен далаға көшеді ап.

Қыз біткенді қызықтырсам деп едім,

Жетісудың  қайыңы боп өсе ғап. -[15, Б.68].

Көкшіл аспан, анау көшкен ақ бұлттар

Менің ғана үлесіме тигендей.

Дүниедегі асыл армаи, шаттық бар,

Мені ғана құшағына ап сүйгендей. 

Көзімді жұмып, төсегіме жатып ап,

Ойлансам бір туғаң ауыл, атырап.

Алдыма кеп тұра-тұра қалады

Бәрі соның жүрегіме жақын-ақ.  [15, Б.69].

Міне, ақын тағдыры осы. Ол елімен ғана емес, жерімен, туған даланың табиғатымен туысып кеткен. Кейде қайың бой түзеп жел болып еркін өседі. Отаншылдық деген де осы. Туған елі мен Отанының патриоты болу сезімі оған ана сүтімен, даласымен дарыған.   Келген   көктем   де   көркімен   оны   туған   өлкесімен жақындатып кетеді. Сондықтан да ақын рухы табиғаттай биік. Оның Алатауды, Көкшені, Абай елі мен жерін сүюінде де ақындық рухтың асқақтығы көрінеді.

Тұманбай Молдағалиевтің табиғат жырларының негізінде өмірге, оның әсем көріністеріне ғашықтық сезімі жатады. Ол өмірді табиғаттай таза, нәзік көңілімен сүйеді. Сол табиғаттың әр қилы көріністерін образбен танып бейнелейді. Жылдың әр мезгіліне тән суреттерді көре біледі.

Жасыл от көкте жарқылдап,

Жылата берді күз күнін, - [15, Б.17].

дейді ол «Күзгі жаңбыр» атты өлеңінде. Күз күнін жылата беру көкте жарқылдаған найзағайдың күші сияқты елестейді. Немесе:

Алма ағаштар жырлады

Ақшыл көйлек киіп ап - [15, Б.21].

деген жолдарында, көктемде гүлдеген алма ағаштарының бүршіктері көйлек түріпде бейнеленіп, көктемнің көңілді шағын жырға қосқан. Көктемді күткен жастар да, олардың «тау асып бара жатқан ай мен көгенделген жұлдыздар» астында бірігіп, қос көлеңке боп ұзап бара жатқаны да ақын назарына ілігеді.

Ұясына күн кіре алмай тұрады,

Жапыраққа ілініп қап шапағы, [15, Б.29].

депті ақын бір өлеңінде. Алматының көшесін жаяу аралап келе жатқанда көзіне түскен бір суретті осылай еске алады.

Келе жатам көше бойлап аяңдап,

Күні бойғы қызметімді тамамдап.

Ойым бұлттың арасында жүреді,

Бір жаңбырдың жауатынын хабарлап. [15, Б.63].

Бұл - табиғат жаңбыры ма, ақын шабытының төгілуі ме - бәрі бір ақын ойы сурет боп елестейді. Табиғаттың әр күйін өзінше көрген ақынның оны қабылдауы да қызықты. Ол оған да қызыға қарайды.

Аяулым-ау, күзгі бақты неге аңғармай жүргенбіз,

Көктем, көктем, - деп лапылдап жанушы едік бірден біз.

Күзгі баққа көз толтырып қарап кетші асықпай,

Көп жапырақ сарғайыпты арманы көп ғашықтай.

Дірілдейді барлығы да күн көзіне жалтылдап,

Біреу мұнда шашып кеткен сияқты бір алтынды ап.

Қызыл бояу - күн нұрының бір тамшысы кәдімгі,

Жапыраққа көрік берді, сымбат берді сабырлы.

Сары бояу - сарғайған сен, мені күтіп талай жыл,

Біз де күзге ұқсап әлде қалдық па осы, қалай бұл.

Жасыл бояу - жапымыздың жамыраған шағындай,

Ерекше бұл көз тартады басқа түске бағынбай.

Көк бояулар, көп бояулар бір бірімен ауысқан,

Бір бұтақта барлығы  да айырылмастай табысқан.

Құйын тұрды, жапырақтар сау етті де төгілді,

Бір топ торғай ұшты бақтан, ұшып кетті, не білді?

Біз де солай жапырақты тонатамыз дегенді,

Мен де айтқам жоқ, аяулы жан, сен де айтпай-ақ қой енді[15, Б.64-65].

Осы өлеңдегі суреттер күзгі бақтың көрінісіп түгелдей көз алдыңнан өткізеді. Жапырақтағы әр бояудың өзіндік сыры бар. Бәрі де күзгі табиғатқа жарасып тұр. Кенет құйын тұрып жапырақтардың сау етіп төгілуі де занды. Ақын өлеңді өмірдің өзгеруі туралы оймен түйіндейді. «Алматыда қар жауды түніменен», «Көктемдей бейне айрылған ерте көріктен», «Шақырды дала, шақырды кел деп Алатау», т.б. өлеңдерде де осыған ұқсас суреттер мол. Осылардың ішінде ақынға ең жақыны - көктем. Көктем – ақынның туған мезгілі, өмірінің көктемі, жастық шағы мөлдір таза сезімі, ғашығын іздеуі, көрісуі. Көктемде қайтқан құстары келеді. Ақын поэзиясы табиғатпен туысқан десек, ең алдымен, ол көктем суреттерінен танылады. Алғашқы бәйшешекті ақын көктеміне асыққан ғашықтай көреді,  оны «Сұлу күннің бір тамшысын иемдеп, ақ қардай көйлек киген, кеудесінен көктем иісі шыққан» бейнеде таниды[20, Б.48].  .

Тырна даусын жатырқамай, жатсынбай,

Тыңдайды ұйып биік құздар, ақ шыңдар.

Көктем келді, көкірегімнің құстары

Қиқуламай неғып ұйықтап жатырсыңдар,  [15, Б.17].

деп жар салады.

Көктемге арналған өлеңдер Тұманбай ақында көп. Көктемнің келуі де, оның соңғы күні де («Ертең көктем келеді Алмтыға», «Бізді көктем соңына тастамасын», «Көктемнің соңғы күні – бүгінгі күн», «Тағы да көктем келді», «Көңілімде менің бір көктем», т.б.) ақын үшін бәрі - өлең. Соның  бәрі қабаттасып өмірге құштарлықты бейнелейді.

Сағындым, сағындым, маған сәулеңді шашшы,

Өзіңе ілесейін де жөнейін, ақ таң.

О көктем, бір рет мені сен алып қашшы,

Ар жағын, ар жағын өзім көрейін бақтан, -

деген өлең жолдары мұны анық аңғартады. [15, Б.195].

Ақынның   махаббат   жырларының   негізі   де осымен тамырлас. Ақын табиғат арқылы да, махаббат арқылы да өмірді сүю сарынын тереңдете ашады. Оның қыз бейнесінде алған, өзінің ғашық сезінген өмірі - ол да әсемдіктің, нәзік сезімнің бейнесі. Сүйгенінің  мөлдір көзінен үзіліп түскен жасын ол мөлдір сезімге балайды.  «Мен осы әйел үшін ақын болып, өмірді әйел үшіп жақсы көрем» дейді. Сүйгеніне қосылғанын айта отырып, «Мен әлі де ғашықпын,  жолықпаған бір қызға» деген ойын қосады. Осының бәрі өмірге құштарлықтың шексіздігін танытады. Бүкіл ел сүйіп тыңдайтын әнге айналған «Куә бол», «Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың», «Бақыт құшағында», «Екі жұлдыз», «Қайран менің жүрегім» сияқты өлеңдерінде    Тұманбай Молдағалиевтың өлеңдерінің    лирикалық кейіпкері жастық сезімін іркілмей айтатын, бойын құштарлық билеген адам болып көрінеді. Оларда махаббатқа мас болған, ен далаға сыймай алқынған, талпынған, күзгі жапырақтай қалтыраған, тоңған, жабырқаған, күрсініп ауыр ойға шомған, белгісіздікке бой алдырған жас адамның психологиясы терең ашылады. Ғашық жүрек қайда апарып соғарын білмей дағдарады. Ол ылғи ғашығын күтіп жүреді  («Көптен бері ат ізін салмай кеттің, білмедің-ау сағынып жүргенімді»).  Осы сағыныш өмірге деген махаббаттың белгісі. Сағыныш сырлары - адам сырын ашудың жолы.

Ақын  жырларының   адам   сүйгіш   рухы   оның   Анасы туралы өлеңдерінде   айрықша   көрінеді.   Олардан   біз   жастай жарынан айырылып, жалғыз ұлын арқалап өсірген, соғыс кезінің ауыртпашылығын, жоқшылық пен еңбек бейнетін қабат көрген, жүрегі мейірімге толы ер Ананың бейнесін танимыз. Ол жырларда жесір ана мен жетім бала тағдыры қатар өріліп отырады. Ана қасында арқасын Алатауға тірегендей сезінетін баланың көңілі мен үлкен, ойлы Ана махаббаты баласына рух беріп, қандай қиындықтан да сүйреп алып шығатынын ақын «Қалайын деп бара жатам құлдырап» деген өлеңінде әдемі айтқан. Ана рухы оған бірде ән боп естілсе,  «біттім-ау» деп қапа болған тұсында «біткен жоқсың» деп дауыс береді. «Сөндім-ау» десе, «сөнген жоқсың» деп үн қатады.

Ойнап шығам содан кейін құр аттай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін, Ана махаббаты шығар бұл

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай, -  [15, Б.175].

дейді ақын. Ол анасы тігіп кигізген тері тоннан жылы киім көрмегенін суреттей келіп:

Анам бірге тікті ме екен ол кезде,

Тері тонмен өз жанының ыстығын, -  [15, Б.145].

деп толғайды.

Ақынның Ана рухын құрмет тұтуы жалпы әйел қауымына деген зор ықыласын, ілтипатын бейнелейді. Әйелді ардақтау - ананы құрметтегенің, қызыңды сыйлағаның дейді ол. Осы тұрғыдағы ақын ойлары «Әйел - сенің ақылшың да серігін» өлеңінде айрықша шабытпен жырланған.

Әйел - сенің ақылшың да айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел - сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел - сенің мерекең де мейрамың.

Барлық гүлден жұпар жинап бойына

Әйел күннің шуағын ап жаралған, - [15, Б.135].

Ана атымен байланысты дүниенің барлығына ақын құрметі ерекше. «Ана тілі» өлеңінде ана сөзін ұғынғанына мақтанып жырын білгенін, сол арқылы үлкен Анасы - Отанын сүйгенін мақтан  тұтады.   «Өз   анасын   сыйламаған   пақырлар Отанын да сыйлай алмайды» дейді. Ұрпағына айтар ақылы да ойлы мазмұнды.

Ұлым менің, бұл сөзіме бағарсың,

Жанар көзде өзің де от боп жанарсың.

Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,

Ал, басқасын өзің тауып аларсың. [15, Б.175].

Тұманбай Молдағалиев жөніндегі бір мақаласында Әбділда Тәжібаев шумақты келтіреді де, «Мен аздап сасқалақтап қаламын. Апырмау осы шын Тұманбай ма? - деймін өзіме-өзім күбірлеп. – Мынау ел қамын ойлар егденің сөзі ғой. Ақылы толған, ой-сезімі жеттіккен жандар ғана осылай сөйлей алады.

. Інісін әлі бала, жас ақын көріп жүрген аға ақынның оның толысып қалғанын өлеңдерінен көріп тануы нанымды, әрі дәлелді[20, Б.48].

Ана туралы өлеңдер кешегі Тұманбай Молдағалиевың балалық шағын,  әкесі туралы ойларын, соғыс туралы естеліктерін еске салады. «Апамменен  кейде  оңаша  қалсам  мен»  деген  өлеңде оның балалығын, есеюі, әке рухымен тілдесуі әдемі суреттелген. Ана тәрбиесін көріп ақын болғанын, Ана алдында «Күн көтерген атау» боп көтеріліп, өмірден алған сыбағасын шабыттана жырлайды. «Әкелер бізге үй салып беріп кетпеді», - дейді ол - бірақ ел үшін жауына кек боп атылды. Біз үшін құрбан болды. Өзі жығылса да қолдағы туын жықпады, қалдырған үйі сол болар». «Соғыс бітті», «Әкем әлі тірі жүрген сияқты», «Туған жерге оралмаған солдаттың», т.б. өлеңдерде соғыс біткен соң да елге оралмаған әкесі мен ағаларын екі көзі төрт болып күткен, жол күзеткен бала сезімін айқын танимыз. Ол өзін ылғи әкесімен бірге сезінеді.

Маған артқан тіршіліктің бар жүгін

Көтеріп келе жатқандаймыз екеулеп.

Өмір деген - жан әкеңді күні-түн

Ойлап қалам күте беру екен деп. [15, Б.66].

Ол   солардың   мұңын   арқалап,   туын   құлатпай   жүргеніне мақтанады.

«Өрттен қалған емендер» өлеңінде соғыстың ауырлығын көтеріп, жетімдік пен жесірлік жағдайында «отыздың ортасына жетпей жатып шашына ақ түскен», «жиырмасында жесір қап тағдырмен жекпе-жекке шыққан» жеңгелерін еске алады.

Әке аманатын арқалап, Ана махаббатына бөленіп өскен жастық азаматтық рухының биіктігі - ақынның көп өлеңдерінің арқауы. Ол өзі көрген қиыншылық арқылы өмірдің қызық екенін, тек ауыртпалыққа төзіп, оны сүйе білудің керектігін ұқты. Өмірге ғашықтық сезімі оған осылай келді. Ақынның:

Ғашықтықтан туды менің бар жырым,

Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен, -

Ғашық күнім - ашық күнім ол менің,

Ғашық емес күндерімнен шошындар,

Мен тіріде махаббатты өлді деп,

Ойламаңдар, ойлауға орын бермеңдер.

Өлеңде екен шипам да, менің дауам да.

Өлеңде екен жұғатын таза ауам да[15, Б.96]..

деуі де шындықтан алыс емес. Егде тартып қалған кездің өзінде ол «азайған жоқ отым менен күшім де, сені, сәулем, көп көремін түсімде» дейді.

Ақындық аруақ құпиясын, поэзияның биік күшін Молдағалиев көптеген өлеңдерінде сыр ғып шертеді. Мысалы, «Керек десең өлеңнен от өремін» атты өлеңінде ол былай дейді:

Керек десең, өлеңнен от өремін,

Еркелігін өйткені көтеремін.

Керек десең, өлеңнен тау тұрғызам

Өлең берген еншіме әкем менің.

...Өлең үшін ұйқыдан  таңда оянам,

Күтім керек десеңші қандай оған.

Бүтін керек десеңші бұл Тұманбай

Барды аяман, мен одан жанды аяман.

Қанды аяман, мен одан жанды аяман.

Разымын шашқа да ол бояған.

Тәкаппарын сұлудың менсінбеген

Мен өлеңнің күшімен арбай алам.

Ғашық болдым туғалы неге соған

Жыр жылайды, мен өлсем, о жасаған.

Тұманбайдан биікпін дегендермен

Мен өлеңім арқылы теңесе алам.

Әкетпейді қай жаққа бұл қанатты ой,

Жасар дейсің бақытқа кім балап той...

Мен өлеңім арқылы жұлдыздардың

Арасында жүремін, бір қарап қой.

Ақындықтың өр күшін қандай әдемі айтқан! [15, Б.173].

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)