Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Пайымдауымызға жүгінсек, Тұманбай ақынның өлеңдері арқылы ұлттық болмысымызды барынша кең көлемде ашқан.       «Табиғатпен тамырластығымыз, жаратылыспен жандостығымызды жазатайым үзіп алмай, мынау урбанизация және жаһандау заманының заһарлы зардабынан сақтана біліп, ежелгі ұлттық ізгі дәстүрлерімізді дәріптей жалғастыра беруімізді өз өркениетіне өзекті тенденция етіп ұстануы - Ұлықбекті оның құрбы-құрдас, үзеңгілес қаламгерлердің көбінен ерекшелендіріп, озық көрсететінін көлегейлемей ашып айтқан абзал. Осы арманы жолында туған халқын таудай көтере отырып, ара-тұра ұлттың басындығы олқылықтарды, кемшіліктерді уытты тіл найзасымен түйреп-түйреп алады»,- деген М.Әлімбаевтің сөзіне шүбәсіз қосыларымыз анық [4,  Б.5].

Ақын жүрегінде мәңгілік махаббат мұнарасы орнаған, мөлдір сезімді адамдардың өзіне сезіндірудің шебері, махаббат жыршысы.

«Жаздағы жасыл терек сарғайыпты,

Сарғайған сағынышындай махаббаттың.

Жанарың жасқанды да жабырқанды,

Мұң айттың махаббаттың тіліндегі»

десе, енді бірде:

«Сен кеткен соң жүргеім от боп жанбады,

Сен кеткен соң албыртып жүрген жүрегім

Күздегі күңгірт бұлт басқан таудан аумады.

Жылайын деп көзімнен тамшы тамбады.

Жылайды жаным, жылайды менің жүрегім,

Жарқылдап жалған күлгенмен, - дейді.

Ақын адамды күйзелген сәтінен кең алады» [5, Б.7]..

Ендеше, ақын да өз айтпақ ойын бейне, образ арқылы жеткізуі шарт. Ақын лирикалық қаһарманын тек құоғақ баяндап қоймай, сол бейнені, образды берген жағдайда ғана туынды анағұрлым көркем шықпақ.

Т.Молдағалиев поэзиясындағы игерілген ұтымды эпитеттер көздеген өзекті идеяға бағындырылған. Көріктеуіштер белгілі бір нысанды әрлендіре түсіп, өзекті идеяға қызмет етумен ерекшеленеді. Өлеңдеріндегі «от болып жанған, шоқ болып жатқан күндер», «ақ боранды аяз қысқан түндер» лирикалық қаһарман күйзелісін ашуға бағытталған.

Т.Молдағалиев махаббатты жырлауды көбіне сезімді табиғат аясында суреттейді. Мәселен, «Көктем түні» өлеңінде:

«Қыз бен жігіт бейнесін

Құшағына орап ап,

Мәз болысып, сөйлесіп,

Кетті толқын домалап.

Бәрін көрдім дегендей

Ай барады тау асып.

Жұлдыздар тұр көгенде

Бір-біріне қарасып»[5, Б.78].

Үзіндіде автор қыз бен жігіт бейнесін табиғатпен байланысты суреттейді. Толқын кәдімгі адамша «мәз болып», «сөйлесіп» және де құшағына орап алады. Ақын шеберлігі сол – аз сөзбен көп сурет бере алған. Мәселен, қыз бен жігіттің қалай тұрғандығын, т.б. жіпке тізе бермей, оны «Ай барады тау асып», «Жұлдыздар тұр көгенде //Бір-біріне қарасып» қолданыстары арқылы табиғатты жандандырса, «Бәрін көрдім дегендей» теңеуі арқылы да жайып салады.

Т.Молдағалиев махаббатты жырлауда лирикалық қаһарманның ішкі сезімін де сәтті өріп береді:

«Ел көшіп кеткен ұқсаса кеудем далаға,

Сен кінәлі емессің, жаным, сен кінәлі емессің»[5, Б.71] яғни, «ел көшіп кеткенге» ұқсауы кеуденің «бос» екендігін танытумен бірге ақынның өзіндік сөз қолданысы. Келесі тармақтарға үңілсек, ақынның келісті сөз саптауларын байқаймыз:

«Шуақты күлкің, арманшыл қара көздерің

Кетті ғой, рас, бақытты болып өзгенің». [5, Б.71].

Ақын дәстүрлі эпитеттерді орынды жұмсайды. Лирикалық қаһарман өзі ұнатқан қыздың бейнесін бір-екі детальмен танытады, яғни, «шуақты күлкің» эпитеті арқылы оның айналасындағыларға жылу шашатын тартым, қылықты қыз екендігі, «арманшыл қара көздерің» қолданысынан қыздың тартымды сұлулығы аңғарылды. Сонымен қатар лирикалық қаһарман сезімі де, ішті өртеген өкініш болмаса да бір ауыз сөзбе беріледі. Осы өлеңдегі «Лаулап бір жанған махаббат оты неге өшсін» деген тармақта да жиі қолданылатын, әсіресе, махаббат тақырыбында орын алған «махаббат оты» метафоралық тіркесі кездеседі.

Осы тәріздес метафоралық тіркес мына өлеңде де бар. Мысалы:

«Жан сәулем, ынжықтықты кешесің бе,

Көз жасым тұр бақыттың кесесінде» [5, Б.74].

Осы үзіндідегі құбылтудың түрі ақынның өзіндік сөз саптауын да аңғартады. Қарапайым адамның бақыт пен кесе сөздерінің сөйлем құрауының өзі екіталай еді, ал ақын сезімге әсер ететін, бір-біріне қатысы жоқ сөздерді сәтті қиыстырған. Осындай сөз саптаулар басқа өлеңдерінде де бар. Мысалы,

«Жасым кіші болғанына өкінгем,

Өкініштің бұлты ұялап кеудеме. [5, Б.79].

Осындағы «өкініштің бұлты» метафоралық тіркесі–ақынның өз қолтаңбасының айғағы. Сол бұлттың «ұялауы» да ауыстырумен сәтті берілсе, оның кеудеге ұялауы да оқырманға әсер етпей қоймасы анық.

«Келесі бір өлеңінде:

Махаббат боп сен тұра бер, сәулешім,

Адалдықтың мен де жолын бұзбаймын»[5, Б.82]

Тармақтардағы «адалдықтың жолы» деген дәстүрлі болып кеткен метафоралық тіркесі де – Т.Молдағалиев қолданысының айнасы.

Әдетте, жиі кездесетін тіркестермен қатар, Т.Молдағалиевтің стиль ерекшелігін танытатын қолданыстары да мол. Келесі тармақтардағы

Тұрды ғой от сезімдер  жанарда көп,

Имендік біреу байқап қалар ма деп, [5,Б. 74] – «от сезімдер» тіркесі де көп ойды аңғартады. Әдетте сезім сөзі «нәзік сезім», «ыстық сезім», т.б. сөздермен тіркесіп жұмсалса, ақын екі адам арасындағы ынтықтықты «от сезім» метафоралық эпитеттер арқылы жеткізген.

Ғашықтық жырларды ақындар, көбінесе, сүйген, ұнатқан адамына арнап жазатындығы белгілі. Көп берілмесе де, сұлулығын танытатын жолдар, қолданыстар, шумақтар жиі кездеседі. Т.Молдағалиевте де ондай өлеңдер жоқ емес. Мәселен, бүгінде жастардың, халықтың арасында жиі айтылатын әнге айналған өлеңнің мына бір тармақтарына назар аударайық:

«Қара көзің, қара шашың төгілген

Қара көзің не жылаған, не күлген.

Қалтыратты менің тұла бойымды

Бала кезден соған ғашық едім мен»[5, Б.78].

Қыз да әсем, қыздың әсемдігін әйгілеген өлең де әдемі. Алдымен өлеңнің әуезділігі, құлаққа жағымды, көңілге қонымдылығы назар аудартады. Бірыңғай «қ» дыбысына құрылған дыбыс қайталаулар ғана емес, сонымен бірге көбінесе жағымсыздықты білдіретін «қара» сөзінің өзі бұл өлеңде сұлулықты паш етіп тұр. Бірі екіншісі сәуле түсіретін әрі оқырман назарын өзіне аударту үшін қолданылған «қара» сөзін қайталаулар сонымен бірге эпитет болып та табылады. Ақын қыз шашының төгіліп тұруы лирикалық қаһарманмен бірге оқырманды да сезімге бөлейді. Келесі шумақтарда лирикалық қаһарман ойы өрнектеледі:

«Жүргеімде жоқ алдамшы бөтен ой,

Алдай алсаң, сен-ақ алдап кете ғой.

Өлімді адам мойындаған секілді

Махаббатты мойыдайды екен ғой» [5, Б.78]

Көп өлеңдерде жиі кездесетін «ой» сөзі «алдамшы бөтен» эпитетімен берілген. Автор бұл қолданыс арқылы лирикалық қаһарман сезімнің таза екендігін, көңілінің ақ екендігін жайып салады. Ал соңғы тармақтардағы пәлсәпалық ойлар, өмірден түйгендері теңеу арқылы өріледі.

Ақынның ендігі бір «Сыр» өлеңінің де көркемдік ерекшеліктері назар аудартады:

«Жақсы көрдің, ғашық болдың бір қызға,

Қолың жетпес көкте тұрған жұлдызға.

Мен қоштадым тірлік ‒ қызғалдағыңды,

Дедім саған: ‒ Басқа адамға жұлғызба»[5, Б.79].

Үзіндідегі «жұлдызға» қолданысы арқылы ғашық болған қызын айтып ауыстыра қолданса, екінші жағынан символ ретінде қаруға болады. Келесі тармақтағы «тірлік – қызғалдақ» ауыстыруы да алдағы тірлігіне қызғалдақтай болсын деген тілектен туған ауыстыруға ұқсайды.

«Өткен сезімді қимай лирикалық қаһарман:

Аппақ еді, нәзік еді балғын ой,

Саған мәңгі тіледім мен абырой...

Махаббат – оқ бір-ақ рет атылған,

Махаббат – жау қан майданға шақырған.»[5, Б.80] – дейді.

Осындағы алғашқы тармақтағы ой сөзін аппақ, нәзік әрі балғын сөздерді тұтаса келе ой сөзін айқындап тұр. Келесі тармақтарда махаббатты ақын оқпен ауыстырады. Олай қолдануының белгісі ретінде «бір- рет атылған» қасиетіне қарай қолданылғандығы айтылады. Келесіде махаббатты жау сөзімен ауыстырады, мұндағы себебі де лирикалық қаһарманның жеке басындағы жағдайларға байланыстылығы өлеңді тұтас оқығанда байқалады.

Махаббат сөзін ауыстыра қолданған қолданыстар мына тармақтарда да кездеседі:

«Махаббат та дәл осылай – ерлік пен батырлық,

Сен өтесің бар қиыннан жүрегіңді көпір ғып»[5, Б.82].

Лирикалық қаһарман ғашық адамның көзімен қарайды. Оған айналының бәрі де шуақты, жайдары, әсем, себебі көңіл-күә мен сезімін ғашықтық кернеп тұр. Автор осы әсерді жеткізуде «таң баұшасы» метафоралық тіркесін сәтті құрып, өзіндік сөз қолданысын танытты.

Ақын Т.Молдағалиевтің махаббат лирикасында суреттіліктен гөрі баяндауға құрылған шумақтар да бар. Ол тармақтар арқылы автор лирикалық қаһарман сезімін танытқан:

«Сен түсіме кіресің күнде менің,

Саған деген махаббат бұл дегенің.

Сен ән шырқа деген соң ән шырқадым,

Сен үндеме деген соң үндемедім» [5, Б.101].

Шумақтың әр тармағы бірыңғай «с» әрпіне аллитерацияға құрылып, өлеңге әуезділік дарытып тұр. аллитерацияны қолданған ақын өлеңінің құлаққа жағымды естілуіне, әуезділігіне мән берген.

Т.Молдағалиевтің «Бала күнде сонау қалған» деп басталатын өлеңнің мына шумақтары оқырманды жылы сезімге бөлейді:

«Мен кетіппін басқа жанның

Жанарының шуағына жылынып.

Сол орамал – жастық жалын

Жүрегінде қап қойыпты тығылып.

Жылдар кейін қарар емес,

Өмір – тұлпар қаңтарылмас белдеуде.

Аузым, әттең, барар емес

Сол бір аппақорамалды бүгін маған бер деуге!»[5, Б.124].

Махаббат тақырыбы әлемінде өзіндік поэзия топтамасын қалдырған ақын Т.Молдағалиев поэзиясында идеяға жету мақсатында шарттылық, дерексізді жандандыру, дерексізді заттандыру, теңеу, эпитет сияқты басқа да көркемдегіш құралдарды өрілте пайдаланған.

Шығармада, нақтырақ айтсақ, поэзияда ақын өз ойын анағұрлым әсерлі  жеткізу жолында көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін дерексіз ұғымдарды заттандырып, сол арқылы жандандырып жырлау барысында туынды әсерлігін күшейтеді. Мұндай әсерлік Т.Молдағалиев шығармаларында да молынан кездесіп, өзіндік бір озық үлгісін береді.

Мен сені көрмесем де ғашық болыппын,

Жүріппін мұңға батып жасып көп күн,

Самалмен бірге кіріп көкірегіме,

Көңілімнің терезесін ашып кеттің[5, Б.125]..

Келтірілген үзіндіде «Жүріппін мұңға батып жасып көп күн» тармағындағы «мұңға бату» тіркесі лирикалық қаһарман сезімін ашуға мегзеліп, сол тұстағы оның махаббат сезімінің салмағын діттеуге арналған. Әдетте «бату» сөзінде жағымсыздық реңк бары белгілі, ал бұл жерде жай бату емес, «мұңға бату» лирикалық қаһарман бөленіп отырған қайғының қаншалықты екенін анықтауға қызмет етіп тұр. Әрі дерексіз мұңның пішін, қалыпқа ие болғаны соншалық, әсерлі кестелеудің нышанына айналған. Келесі тармақтарындағы лирикалық бейненің көкірекке самалмен кіруі. сөзбе-сөз түсіндіргенде адам көкірегіне кіру мүмкін емес. Бұл тек шарттылық нәтижесінде ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондай-ақ соңғы тамақтағы «көңіліңнің терезесін ашып кетуі» лирикалық қаһарманның сезім салмағын арттыра түседі. Осы жолдағы «көңіл терезесі» тіркесін ауыстыру тіркесі (метафоралық тіркес) деп аламыз.

Ақын тілінде дерексізді жандандырулар да өз шеберлігімен көрінген.

«Кейде тасып, кейде жасып,

Үнсіз мұңға берілем.

Кейде онымен қолтықтасып,

Жүрген жандай желігем» [5, Б.124].

Келтірге мысалдағы «қолтықтасып» сөзінің көмегімен дерексіз «мұңның» жандануы (адам ғана қолтықтасып жүре алады) жүзеге асқан. Т.Молдағалиев тілінде көздеген идеяға жету барысында осындай дерексіз ұғымдарды (мұң, көңіл, қайғы, т.б.) жандандыру, заттандыру молынан кездесіп, ақын шеберлігін анықтай түседі. Сондай-ақ ақын шығармаларында кейіптеуді ұтымды пайдаланудың да тамаша үлгілері кездеседі. Мәселен, «Сен кеткен соң албырт жүрген көңілім // Күздегі бұлт басқан таудан аумады» тармақтарындағы «жүру» сөзі кейіптеу екені сөзсіз. Жансыз көңілдің тірі жан иесіне тән әрекетке көшіп жүруі және оның шартты сөз қолданыс әсері екенін де айтқан жөн.

Т.Молдағалиев ақынның тіліндегі арманға шөлдеу, жастық шақты өңгеру сынды шарттылықтар да көздеген идеяны ашу жолындағы әсерлік белгілері болмақ.

«Жылайды жаным, жылайды менің жүрегім,

Жырқылдап жалған күлгенмен», - тармақтарынан шарттылық жемісін көреміз. Мұның бәрі оқырман аянышын, сол арқылы лирикалық қаһарман сезімін қорғау идеясын іздейді.

Талант дегеніміз де адамды өзі жүрген ортадан ажыратпай, жатырқатпай,  қайта табыстыра, туыстыра түсетін сиқыр қасиет болса керек. Ол кезде Ұлықбек-тума бұлақтай тұнып аққан тұмса ақын болатын. Одан бері қанша кітап шығарды. Әр кітабы шықан сайын айәдындана түсті. Әуелі тау арасындағы Үйденедей жып-жыйнақы, моп-момақан көрінді. Оның толқындары қанша өршіп, өркештене түскенімен тұмса бұлақ тұсындағы бірден таңдайына татып, аңсарыңды басатын шынайылығынан, тұнықтығы мен мөлдірлігінен айырылмағандай. Әр өлеңі –зәмзәм суы құйылған құтыдай, өртенген жаныңның бір  дертіне дәру боп дарып жатқандай.

Т.Молдағалиевтің махаббат лирикасындағы ауыстыруды ()метафора- қолдануында шеберлік айшықтарында куә боламыз. лирикалық қаһарманның сүйіктісімен болған шақтардағы көңіл-күйін көрсетуде балаларымды түйдек-түйдегімен пайдаланған. Жұпыны үйдегі жанның бейнесін нақты ашу барысында, ғашығы жоқ өзін «көн қақтаған тақырға», ал ол бар жерде өзін «найзағайға», «айдын көлге», «көгалға», «жанатын отынға» балайды. Мұны бәрі лирикалық қаһарман сезімін сәулелендіре түседі. Одан әрі ауыстырудың ұлғайған түрі де ұшырасады. ақын қызды мөлдір көзден үзіліп түскен жасқа, көңілдегі қырды кезген қиялға, көңілін күздегі күгірт бұл басқан тауға балайды. Жекелеп қарастыратын болсақ, қыздың пәк сезімінің символына айналған «мөлдір» сөзі лирикалық бейненің бейкүнә қалпын ашуда ерекше қызмет етіп тұр.

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)