Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 12:39, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның пәні және функциялары.
Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Экономикалық теория.docx

— 393.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Капитал айналы-

мының уақыты

өндіріс уақыты 

 

 

 

 

 

 

 

 

актив 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс кезеңі барысында еңбек заттары тікелей әсерге ұшырайды және қайта ұйымдастырылады (шикізат пен бөлшектерді өңдеу, конструкцияларды жинақтау және т.б.)

Технологиялық үзілістер - адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылатын өндірістік процестер уақыты

пассив 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық үзілістер - қайта ауысымдар, демалыс күндері, түскі ас демалыстары, жабдықтарды жөндеу мен басқа да бос тұрып қалулар

өндіріс құралдарының өндірістік қорларда болу уақыты – үздіксіз өндіріс үшін өте қажет, бірақ оны дәл ұйымдастырғанда жоққа шығуы мүмкін

 

Айна-   

лым уақыты

Сатып алу уақыты  - өндіріс құралдарын сатып алуға және жұмыс күшімен қамтамасыз етуге арналған уақыт.

Дайын өнімді сатуға арналған уақыт  - өнімді қоймаға тапсырған сәттен бастап тауарды сатудан түскен ақша кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі уақыт.


 

 

 

2.10 сурет - Капитал айналымының  уақыт құрылымы

 

 

Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.

 

    

2.8 Бүгінгі күнгі  өндірістің басқа факторлары

 

     2.8.1 Өндірістің  ұйымдық-технологиялық факторлары

Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы, автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер, бригадалар және т.б.)

Өндіріс технологиясы еңбек заттарын өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін білдіреді (мысалы, нан пісіру технологиясы операцияларының белгілі бір кезегі, қамырдың нақты құрамы, пештердің нақты жұмыс тәртіптері бар және т.б.). Қазіргі технологияларды білу – тиімді өндіріске апаратын жол, сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың өзіне тән белгісі - өндірісте ақпараттар мен компьютерлерді барынша көп пайдалану.  Осындай технологиялар ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік деп аталады. Осыдан ақпарат деп аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.

 

 

2.9 Өндірістің  ақпараттық факторы

Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2) өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау; 3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез тарату.

ҒТР даму шарқына қарай ақпараттар ағымы көбейе бастады. Ағым бүгінгі күні  ХІХ ғасырдағы 50 жылмен әрбір 20 ай сайын салыстырғанда екі есе көбеюде. Қоғамның барлық өміріндегі ақпараттың ролі жыл сайын өсуде. Сол себептен ғалымдар “ақпараттық революция” жөнінде  және дамыған елдердің “индустриалдықтан” “ақпараттық қоғамға” ауысуы туралы айта бастады. Соңғысының басты айырмашылығы: а) кең автоматтандыру және ақпараттық-компьютерлік технологияларды барлық салаларда қолдану; б) әлемдік байланыс жүйелерін дамыту (трансконтиненталдық телефон кабельдері, спутниктік теледидар, бүкіл әлемдік Интернет компьютер желісі және с.с.); в) ақпарат көлемінің шамадан тыс көбеюі, ақпараттың жеткізілу және өңдеу жылдамдығы; г) жаңа жаңалықтарды енгізуді жылдамдату; д) экономиканы ұйымдастырудағы әртүрлілік пен икемділікті арттыру; е) білімді және адамдардың барлық қоғамдық өмірін үздіксіз жаңарту.

 

 

2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде

 

     Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты бөліп алуға болады.

2.10.1 Фундаменталдық  ғылыми  зерттеулер –  жаңа  білім  алу  мен зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын анықтау мақсатындағы зерттеулер.

2.10.2 Қабысатын зерттеулер  дегеніміз практикалық міндеттерді  шешу үшін қолданылатын фундаменталдық  ғылымдарға қол жеткізу. Мысалы, атомдардың фундаменталдық физикалық  зерттеулеріне сүйеніп, “қабыспалы”-зерттеушілер  атомдық энергетиканы ойлап шығарды.

2.10.3 Ғылыми-зерттеулік және  тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ). Олар ғылым мен өндірісті  біріктіреді, сол арқылы жобаның  ғылыми және инженерлік өңделуін  қамтамасыз етеді. Айталық, өндірісте  жаңа құралды шығару үшін мына  кезеңдерден өту керек: фундаменталдық  зерттеулер; қабыспалы зерттеулер; жобалау; сынақ; тәжірибелік үлгілер  жасау.

 

 Ғылым даму үстінде және ертеден бері өндірісті “қоректендіріп” келе жатыр. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) барлық технологиялық кезеңдерге тән. Алайда қазіргі кезеңнің ерекшелігі ғылыми-техникалық революцияның “шабуылы”, ол баяу емес, жартылай прогрессті білдіреді, ал ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық секіріс және осы негіздегі қоғамдық өндірістік күштердің түбегейлі қайта құрылуы. Ғылым мен өндірістің интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістік тікелей факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.

 

          Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады, олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды  (2.12 сурет).

 

 

 

 

 

ҒТР

тудыратын негізгі

проблемалар мен 

кері әсерлер

- жалпылай және хроникалық  жұмыссыздық мүмкіндігі

-         адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру және көшіру проблемалары

-         еңбек ауыртпалығы, психикалық аурулардың көбеюі

-         ҒТР әскери пайдалану қаупі

-         Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік проблемалары және т.б.


 

 

 

2.11 сурет

 

 

 

          Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобияларды қолдады, олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты. Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен “минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.

 

 

2.11 Энергетикалық  фактор мен инфрақұрылым

 

         Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.

 

          Қазіргі экономикада инфрақұрылым деп аталатын фактор да ерекше рольге ие. Бұл өндірістің қызмет етуі үшін жалпы жағдайлар жасайтын барлық салалардың бірлесуі. Инфрақұрылым екі кіші жүйені өзіне қамтиды: 1) Өндірістік инфрақұрылым - өндіріске тікелей қызмет ететін көмекші салалар (транспорт, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, есептеу орталықтары, экологиялық қорғау құралдары және т.б.);         2) Әлеуметтік (немесе өндірістік емес) инфрақұрылым – адам өмірін қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайлармен қамтамасыз ететін сала (соның ішінде өндіріс қызметкерлері өз отбасыларымен). Оған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, сауда, тұрмыс қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. жатады.

 

 

 

          2.12 Өндірістің  экологиялық факторы

 

         Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың тұратын ортасы ретінде. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі бірінші функция - өндіріске “қызмет ету” маңыздырақ деп санайды. Бірақ табиғат бірыңғай және оған абайсыздан шаруашылық басып ену оның ресурстарын ғана кемітіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың тұрмыс жағдайларын, олардың денсаулықтарын әлсіретеді.

 

         Қазіргі өндіріс табиғатпен өте кең және терең әрекет етеді, сол себепті шаруашылық практикадағы экологиялық факторды ерекше есепке алу міндетті болып саналады. Бұл әсіресе мына жағдайларда айқындалады:

- кәсіпорындар ресурс  жинақтайтын және қалдықсыз өндіріс  үдерістеріне ауысады;

- өндірісте  бұдан да тиімдірек тазартқыш және қорғаныс құралдары пайдаланылады;

- жалпы мемлекеттік табиғат  қорғау шаралары мен тиісті  заңнама қабылданады;

- ғылыми зерттеулер мен  экология жөніндегі арнаулы кәсіби  дайындықтар жүргізіледі және  т.б.

 

 

 

 

 

                                                                                    

3 Қоғамдағы экономикалық  қатынастар

 

 

Өндіріс пен барлық шаруашылықтың өмір бойы дами қалыптасуында адамдар арасындағы әртүрлі экономикалық қатынастар байқалды. Олардың ең негізгілеріне: ақша-тауар және нарықтық қатынастары, жеке меншік қатынастары, қоғамдағы өндірісті ұйымдастыру, оны мамандандыру және интеграциялау кіреді.Осыларды қарастыра отырып тақырыпты бастайық.

 

 

3.1 Меншік  және кәсіпкерлік түрлерін  ұйымдастыру

3.1.1 Меншік  қатынастары жӘне олардың құрылымы

Адамдардың өмірінде меншік қатынастарының мағынасын бағалау қиын. Олар  қоғамда нақты билікті анықтайды : кім өндірісті басқарады және өндірілген өнім қалай реттелетінің қарастырады. Көбінде,  адамдардың заттық әл-ауқаттылығы оларға тәуелді болады. Меншік – бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория.

Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру керек. Бұл қатынастар өндіріс,айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де  аса маңызды. Меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. Бизнес үшін бастапқы мәнді меншіктің, өндіріс құрал жабдықтарына деген қатынасы игереді. Бұлар қатынастар күрделі және көп қырлы, бірақ оларды үш ерекшелеуге болады (сурет 3.1).

 

 

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.1 - Меншік қатынасының құрылымы

 

 

3.1.2 Өндіріс құралдарын  иелену қатынасы  арқылы, өндіріс құралдарының иесі болу үшін әртүрлі субъектілердің (жеке адамдардың, ұйымдардың, мемлекеттің ) құқығы заңмен  бекітіледі, яғни: а) оны иемденуі; б) пайдалануы және б) бұйрық беруі.

3.1.3 Өндіріс құралдарын  шаруашылықта қолдану  қатынасы дегеніміз, өндіріс құралдарын меншік иесі өзі  қолданбайды, ал оларды, мысалға, жалға береді,уақытша иелік етуге және пайдалануға.

3.1.3 Меншікті  экономикалық тұрғыдан өткізу  қатынасы, яғни өндіріс құралдары  өз иесіне табыс-пайда әкелген  жағдайда немесе салық, жалдық  төлемдерді төлеуде   көрініс табады.

 

 

3.2 Меншіктің  негізгі түрлері және формалары

Шаруашылық тәжірбиесінде  меншіктің әр түрлі  формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі    (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің). Қоғамдық меншік - а) мемлекеттік меншік;

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.2 -  Меншіктің негізгі түрлері және формалары

 

 

б) муниципалды меншік – қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады.

 

  Бизнесте жеке меншік ең тиімді болып келеді. Ол нағыз иелерлерінің қолдарында бола отырып, адамдардың еңбектегі  қуатты қызығушылығын және табысқа ынталылығын тудырады. Кәсіпорындардың негізгі түрлері

Меншіктің түрлері мен формаларына қатысты бизнесті ұйымдастырудың формалары анықталады. Осыдан кәсіпорындардың төрт  негізгі түрін көруге болады: жеке кәсіпорындар, жолдастықтың   (немесе серіктестік), акционерлік қоғам және унитарлы кәсіпорындар.

Информация о работе Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері