Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 12:39, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның пәні және функциялары.
Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Экономикалық теория.docx

— 393.50 Кб (Скачать файл)

Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады  (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).

1.8 Экономикалық  ой-пікірлердің қалыптасуы

Кең көлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес.

Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгідүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель, т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.

Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI-XVII ғасырларда қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастар 1861 жылғы

 

 реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок,еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — Меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған.

Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғүрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген үғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі кеп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі.

Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға еткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демекмеркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығынфизиократтар байқады да, қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады.

Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді. Ф.   Кенэнің   "Экономикалық  кестесі"  қоғамдық  өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар  қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы   экономикалық   ой-пікірдегі   күрделі   жаңалық,   алға басу.  Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы  жалпы  өндіріс салаларында  пайда болатындығы     дәлелденді.     Ауыл     шаруашылығымен     қатар  өнеркәсіптің  материалдық игіліктерді өндіру,  өңдеу  процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты. 

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші,  өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын    экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады.

Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар.

Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция  басталып,  социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.

Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ.

Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын.

Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлыеңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түcipгeн пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкеpici экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.

Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.

Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіруаса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

 

 

 

 

2 Қазіргі өндірістің  факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер

 

 

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады.  Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына  жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .

Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып  жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 2.1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.

Бөлудің  арқасында  әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады.

 

 Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана  шикізатқа  мұқтаж  болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады.

 

 Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану арқылы, адамдардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.

 

    Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ қарастырайық.

 
 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 сурет - Қазіргі өндірістің  басты элементтері

 

 

2.1  Өндірістің адамдық факторы

 

          2.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі

 

         Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (2.2 сурет).

 

 

Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар

- қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі

- өндірушілердің өз еңбегінің  нәтижесіне қызығушылық дәрежесі

- ғылым мен техниканың  даму деңгейі және оларды өндірісте  қолдану

- өндіріс ресурстарын  пайдалану тиімділігінің дәрежесі

- еңбек жиілігі, яғни кернеуі  немесе еңбек жылдамдығы

табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)


 

 

 

 

 

2.2 сурет

 

                                                                                                            

Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері (ТІРІ еңбегі),  машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды. Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.

 

 

 

          2.2 Ғылыми-техникалық  революция жағдайындағы адамдық  фактор

 

         Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (2.3 сурет).

Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)

 

 

 

 

 

         Жаңа сұрыптағы        ■    жоғарғы және жан-жақты білімді

 

       жұмысшы                    ■    кәсіби құзыретті және іскер

 

                                                 ■   белсенді және жауапкершілікпен

 

                                                               әрекет ететін

 

 

 

 

2.3 сурет -  Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың  айырықша белгілері

 

 

 
 

Информация о работе Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері