Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 12:39, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның пәні және функциялары.
Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Экономикалық теория.docx

— 393.50 Кб (Скачать файл)

Үзақ мерзімде осы аталған факторлардын өзі қоғамдық еңбек өнімділігі динамикасына, қоғамдық өндірістің тиімділігіне, экономиканың жалпы алғанда пропорционал-дық дәрежесіне, жеке түтыну қүрамындағы өзгерістерге байланысты;

2) рынок инфрақүрылымына  халық шаруашылығының ерекше  саласы сауда  (кетерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорыңдары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржала-ры)  жатады;

3) рынок институттары  — коммерциялық банктер, қор биржалары,  сақтавдыру компаниялары,  аудиторлық фир-малар, еңбек биржалары, заң кеңселері, информациялық орталықтар,   жарнама   бюросы.   Рыноктың  дамыған  инф-рақүрылымы экономикалық үрдіс. Оның қалыптасуы рынок экономикасына   қатысушылардың   бірнеше   буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

 

 

5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі

5.1 Рынок  ұғымы

Рынок – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де, т. б. кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының,бағалы қағаздардың, валюталық рынок және басқалары. Алайда қандай рынок болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. Рыноктық механизмнің осы негізгі элементтерін талдап көрейік.

Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау қызметін атқарады. Бағалардыңөзгеруі өндіріс технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатынын да алдын ала анықтайды.

Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегөніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының

өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.

Бәсеке   рынок   механизмінің   қажетті   элементі,   бірақ бәсекенің  сипаты  әр  түрлі  болуы  мүмкін,   ол  рыноктық тепе-теңдікке  жету  әдісіне елеулі  әсер  етеді.  Рыноктық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни рыноктағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың рынокқа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді.

5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс

Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға ЖОҒАРЫ болған сайын, оны сатып алушылардың саны АЗАЯДЫ, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға ТӨМЕН болған сайынсатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны КӨП болады.

Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауар саны, ал ординатада баға қозғалысын белгілесек, онда мынадай нәтиже болады. 

 

 

 

 

5.1- сурет

 

 

Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, баға Р2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және  с. с.

Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай деп тұжырымдауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті басқаша да тұжырымдауға болады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.

Сұраныстың біртіндеп азаю заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғанасатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық жағдайды сатушылар немесе ұсынысжағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика түрінде 5.2-суретте бейнеленген (абциссада рынокқа жеткізілгентауарлар саны Q; ординатада бағаның қозғалысы Р).

 

                    

5.2 сурет

 

 

Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты кебейту тенденциясы туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді. Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ, оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығының жылжуы мүмкін.

Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1, қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (5.3 сурет а).


 

а

 

 

 

 

5.3 сурет

 

 

Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы d1, оңға жоғары ойысады (5.3 сурет а) бағаның сол деңгейіне P1  сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.

Ұсынысқа әсер ететін басты фактор — өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады (5.3 сурет б).

Ұсыныстың көлемі тұрақты Р1, бағадан Q1 ден Q2 дейін өседі. Қаралған қисықтар, (өздерін ғана алсақ) баға өзгергенде сатып алу және сатумен не болатынын көрсетеді. Бірақ баға қай деңгейде орнығу керек деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін сұраныс пен ұсыныс қисықтарын бірге алып салыстыру керек. Егер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты белгілейтін екі графикті бір-біріне беттестірсек, онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір  нүктеде  екі  қисық  қиылысады.   Қиылысу  нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның төмендеуіне әсер етеді. Теңдестірілетін бағадан төмен бағада сұраныс ұсыныстан артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары кетереді. Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдерінің санына сәйкес келеді. Тек осындай бағада ғана бағаның өсу және кему теңденциялары жоқ болады.

Сонынен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың   арасында   бөлінеді.   Бірақ,   бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе-теңдік.  Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты

ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың  бағаларының  өзгеруіне  әкеледі.   Белгілі  бір мезгілде   және   бір   уақытта   жинақтап   қарағанда   тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктың жалпы тепе-теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық    жүйе    идеалды    тыныштық    күйде    болатын жағдайды   іздеуді   қажет   етеді.   Тепе-теңдік   жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық   тепе-теңдік   жағдайында   шаруашылық   жүргізуші субъект  жеке  өндіруші,   фирма  немесе  сатып  алушы — өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды.  Тепе-теңдік нүктесінде     экономикалық     қозғалыс тоқтайды.

Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгеруі керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда нақ осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық  механизмнің  қарапайым   қызмет  етуін  жалпы тепе-теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін сипаттайды. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден, ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік рынокқа езгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

5.3  Сұраныс пен ұсысыс икемділігі  

Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық (5.4-сурет). Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлықуақытта бағаны сатылған тауарлардың санына кебейткенге немесе Р х 0 көбейтіндісіне тең. 5.4 а-суретте бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. 5.4 б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет кана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 5.4 в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.

Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.

5.4 сурет

 

 

Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті (Ed), сұраныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.

 

 

Ed = ∆Q1/Q : ∆P/P

 

 

Икемділік коэффициенті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін

көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде (5.4 а-сурет), сұраныстың бірлік икемділігі туралы әңгіме болады.(Ed=1). Ал бағанын кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса (5.4 б-сурет), сұраныс икемділігі (Ed<1) Бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса (5.4 в-сурет), онда сұраныстың икемділігі туралы айтамыз: Ed >1.

Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың иілімділілігі ол рынокқа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстыңикемділік коэффициенті (Es) ұсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын көрсетеді.

 

 

Es = ∆Q4/Q : ∆P/P

 

 

5.5 суретте әр  түрлі икемділіктегі ұсыныстың  үш сызығы көрсетілген. Тауар ұсынысының икемділігі көп факторларға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген шығындардың жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен, еркін жұмыс күшінің болуынан, капиталдың бір саладан екінші салаға тез ауысуынан және т. б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.5 сурет

Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі туралы айтқанда, яғни баға өзгергенде сұраныс пен ұсыныстың қанша өзгеретіні туралы айтқанда, біз бұл өзгерістер бір уақытта болатынын, сондықтан уақыт икемділіктің бір факторына айналатынын еске сақтауымыз керек. Осыған байланысты рынок тепе-теңдігі түсінігін сұраныс пен ұсыныстың келісуін уақытты есепке ала отырып талдауымыз керек.

Сонымен, ұсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт кезеңі ұлғайған сайын өседі, ал ол қарапайым бағалардың қалыптасуына жәрдемдеседі. Сұраныс пен ұсыныстың илікпелікке керісінше мән ретінде анықталуы бағаның икемділігі ұғымына байланысты. Ол сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің бағаға әсерін білдіреді. Сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы болады. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсерететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болады.

Информация о работе Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері