Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21

3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой (1).docx

— 89.25 Кб (Скачать файл)

Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың  жалпы саны 16 500 000 адам. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді [43]

Жоғарыда  аталып өткен шағын және орта бизнесті дамытудағы шетел тәжірибелерін  қазақ елінде қолданудың маңызы өте  зор.  Себебі, қазақстанда шағын  және орта бизнес жай дамуда. Ал жай дамуға бірден бір себеп көп жағдайда қаржының жетіспеуі сонымен қатар біріккен кәсіпорындардағы қызметкерлер арасындағы өзара қарым – қатынастың дұрыс болмауы. Осы мәселелерге Франция еліндегідей  шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындау,жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсыну керек. Сонымен қатар мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрса, оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б.тәжірибесін қолдану керек. Сонымен қатар жоғарыда Германия елінің қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіретін, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудыратындығы, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы, ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысатындығы және істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтануы жайлы айтылған тәжірибесін қазақстанда қолдану керек.

      Сонымен,  қорытындылай  кететін болсақ курстық жұмыстың  ушәншә тарауының алғашқы бөлімінде  Қазақстан Республикасында шағын  және орта бизнестің дамуына  кедергі болатын мәселер және  оладың шешу жолдары қарастырылды, сонымен қатар шағын және орта  бизнестің дамуына бірден бір  септігін тигізетін «Даму»  қорының  осы мәселерді шешу барысында  қалай жумыс атқарып жатқандағы  жайлы қарастырылды. Келесі бөлімшесінде шағын және орта бизнестің дамуының шет елдердегі, атап айтсақ Германия, Ұлыбритания, Франция елдерінің тәжірибелері жайлы жазылады  және сол тәжірибелерді қазақстанда қолданудың қаншалықты дәрежеде тиімді екендігі жайлы айтылды.

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ.

 

 Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

 Сонымен кәсіпорындардың  3 түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар-нарыққа  негізгі өнім шығарушылар болып  табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика  «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың  базисы.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен  және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар  жағдайында елеусіз материалдар  мен шикізатты қолдану қажет  болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды  есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен  қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің  барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып  табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың  капиталымен тәуекел, іріге қарағанда  қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан  мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі  бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда  қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар  жүзеге асыратын, барлық негізгі старатегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің  ерекшелігі қызмет ету сферасы болып  табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар  номенклатурасымен және көтерме  сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтың арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің  келесі бір тиімді ерекшелігі каллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының  артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын  кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің рөлінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10%-тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің құрылуы, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Соңғы 10 жылдықта дамыған елдердегі эконмиканың даму тенденциясы шағын және орта бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

         Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды роль ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты-қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Кәсіпорындарды шағын  фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі - ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, 10 адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар - шағын, 50-499 орташа, 500- ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі-шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тараған. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықттық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде- аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар.1980-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%-зы кепілдеуді қамтамасыз етеді.

     Қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1.Абдирасилова З.С.Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптасу және даму тарихы:Автореферат.Қарағанды,2008ж.

2. А. Н. Токсанова. Развитие  малого предпринимательства: концептуальный  подход. Алматы, 1999 г.

3. Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Егемен Қазақстан.-28 ақпан.-2007ж

4. Николас  К. Сирополис управление малым  бизнесом. Москва,  1999 г.

5. Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности.-Астана-2007.

6. Бижан Н., Қансейов Ш.Ж. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері. //Қазақстанның ғылыми әлемі.№5-6.2011ж.

7. Малый бизнес: проблемы и причины их возникновения //Материалы международной научной конференции «Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы». Часть 2, Алматы, 2011 г.

8. Сәбден О, Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – Алматы: «Білім» 2002ж

9. Гончаров Б.М. Руководство для  высшегоуправленческого персонала.  Москва, 1998 г.

10. Курсы предпринимательства. Учебник. // П од ред. проф.  Горфникеля В.Я,  Швандера В.А - М.: ЮНИТИ, 1997г.

11.К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын  басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

12. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу  құралы, Алматы 2005 ж.

13. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

14. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

15. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».

16. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

17. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»

18. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

19. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

20. Бисенғазин М.Б., А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» 2006ж.

21. www.googl.kz

22. www.Damu.kz

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары