Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21

3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой (1).docx

— 89.25 Кб (Скачать файл)

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің  өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік  нұсқауларын  құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының  тиімділігін арттыру, ынталылығын  көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін  жетілдіру бүгінгі  күннің талабы.

Шағын және орта бизнес әлеуметтік мәселелерді шешудегі негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Елбасының жолдауында атап өтілгеніндегі, тәуелсіздіктің 19 жыл ішінде елімізде атқарылған реформалардың бәрі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі Қазақстан экономикасы әлемдік дағдырыстан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау арқылы шыға алатынымызды елбасының жолдауында атап өтілген. Бұл біздің экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Атап айтқанда, ақшалай несие және салық жүйесін  реформалаумен байланыстылығы. Бюджетке салық төлеу жағынан шағын  бизнес өкілдерінің үлесі артып  келеді. Сондықтанда қазіргі таңда  үкіметіміз индустрияны дамыту бағдарламасында  негізгі бағыт шағын бизнесті дамытуға арналған, соның ішінде жаңа инновациялық бизнесті дамытуға қолда  бар кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға көңіл бөлінуде. Ал халықтың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті жеңуде кәсіпкерліктің рөлі зор.

Шағын және орта бизнесті дамыту жəне қолдау  кəсіпкерлік саласындағы жұмыстарға халықтың əлеуметтік -  кедей тобын тарту жолымен кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін аймақтық саясат бағыттарының бірден-бір жолы болып табылады.

Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі  бір  мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін  арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы  экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең  тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне  тарих пен орта ғасыр  ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай  аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде әрбiр  азаматтың  кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам  мүшелерiнiң кез- келгенiнiң қолынан  келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң  шын, нақты субъектiсi – бұған  деген алғышарттары бар, ең бастысы  капитал иемдену құқығы бар субъектілер  жатады. Шағын және орта  кәсіпорындар  экономиканың  құрылымдық  қайта  құруын  жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына  жедел әрекет етеді. Республикада  шағын  және орта бизнестің  дамуы мен  қызмет  жасауына  қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық  шарттарды қалыптастырудың алғашқы  қадамдары  жасалуда.

Шаруашылық          жүргізу    тәсілі     ретіндегі кәсіпкерлік үшін басты  шарт - шаруашылық тұлғалардың тәуелсіздігі, дербестігі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік  қызмет түрін таңдау; бизнес-жоспар құру, қаржыландыру және оны жүзеге асыру; өнім өндіру, оған баға белгілеу және оны өткізу; пайданы қолдану  тәрізді еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтығының болғаны дұрыс [26]

Экономиканың  аталмыш секторын қолдау барысында  біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны  баршаға аян. Атап айтқанда, олардың  іс-әрекет барысына ықпал ететін нормативтік  құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда. Жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылықка ала отырып, жұмыс жасауымыз керек. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады.  Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі -инфляция қарқынын төмен деңгейде ұстау. Инфляцияға      қарсы      саясатты            бюджет тапшылығын неғұрлым төменгі деңгейге жеткізбейінше жүзеге асыру қиын мәселе.

Қазақстанның  танымал экономист-ғалымдары шағын  және орта бизнестің мәселелерін терең  қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.

Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті  Қазақстанда дамытудың бірден-бір  жолы  – бұл сала аралық шағын  кәсіпорындар құру, аймақтық салалық  құрылымды жетілдіруде шағын  кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын  ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы  тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті  дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.

Шағын және орта бизнесті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау  жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында  анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің  басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру  қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін  жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті  тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын  табуы керек.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік  шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері,  туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

Импорт  алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес  кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде  ұсыныстар кәсіпорын  бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

Мемлекеттің экономикалық қызметі - шағын және орта бизнес өкілдерінің іс-әрекетіне  араласпай, экономика саласындағы  әрекетін ретке келтіріп отыру.

Республикамызда  нарықтық  қатынастарды  қалыптастырудағы  маңызды   міндеттердің  бірі –  шағын және орта бизнесті дамыту. Шағын және орта  кәсіпорындар  экономиканың  құрылымдық  қайта құруын  жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына  жедел әрекет етеді. Республикада  шағын және орта бизнестің дамуы мен қызмет  жасауына  қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық  шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда.

Шағын және орта бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты  жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар өз  кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға  мүмкіншілік береді.

Қорытындылай  келетін болсақ курстық жұмыстың бірінші тарауының алғашқы бөлімінде шағын және орта бизнестің мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері, мәселелері және ғалымдардың айтқан пікірлері көрсетілді.

    Сонымен қатар шағын және орта  бизнестің қазақстан республикасындағы  тиімділігі анықталды. Екінші  бөлімінде шағын және орта  бизнестің экономикадағы алатын  орны, шағын және орта бизнесті  дамыту жолдары және де оның  сандық және сапалық сипаттамалары  қарастырылды. Үшінші бөлімінде  шағын және орта бизнестің  дамуына  көптеген бағдарламалардың  әсері, сонымен қатар шағын  және орта бизнестің дамуының  бірден бір көзі банктік несие  болып  табылатындығы жайлы  түсініктер айтылды. 

       Курстық жұмыстың келесі тарауында шағын және орта бизнестің дамуына талдау жасалады. Бұл тарауда  шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралардың қалай жүргізіліп жатқандығы және де Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің деректері бойынша алынған 2010-2011 жылғы қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйі қарастырылады.

 

 

 

  1. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау

 

    1.  Қазақстандағы шағын бизнестің дамуының жағдайы

 

       Бизнестің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.

       Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді [www.akorda.kz].

Шағын бизнес базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын бизнес, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын бизнестің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.

Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру  әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың  басында Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар  қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы  қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық  ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты  белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына  осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.

Бизнеске  қатысына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен  бірінші белгі ескеріледі: шағын  бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.

Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып  табылатын өндіріс түрлері аз емес. Шағын бизнес тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын бизнес мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада  шағын бизнес рөлінің әдістемелік өзгергені байқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді. Бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын  кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен  экономикалық қатынастардың үзілуінен  болып отыр. Сонымен бірге, шағын  кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын бизнеске мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын бизнес фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді [34]

Информация о работе Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары