Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21

3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой (1).docx

— 89.25 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе.................................................................................................................3

 

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

    1. Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
    2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
    3. Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

 

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау

2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16

2.2 Қазақстандағы орта бизнестің  дамуын талдау.............................................21

 

3. Қазақстандағы  шағын және орта бизнестің  дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24

3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

 

Қорытынды.....................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................35

Қосымшалар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнестің  Қазақстан Республикасының экономикасындағы  ролі  артып келе  жатыр.  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жанданып, кең қанат жайып келе жатқан кәсіпорындар күн санап артып келеді. 2011 жылы 884 жоба бекітілсе, бағдарлама өрісінің кеңеюінен өткен жылы 2,5 мыңнан астам жоба қабылданған. Яки, ел дамуы артып, халық ахуалы артқанының белгісі. Бағдарлама барысында «Даму» қорының орны ерекше. Мәселен, кәсібін дөңгелетемін, дегендерге субсидия бөліп отыр. Астана қаласы бойынша 2012 жылы 160-тан аса жоба қабылданып, 43 миллион теңге бөлінген.

       Бәрімізге мәлім, кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  мәселелеріне  байланысты.

Сондықтан   осы  курстық  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған әртүрлі аспектідегі мәселелерді   және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

      Курстық  жұмысының  мақсаты. Шағын  және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі  болып  тұрған  проблемаларды  қарастырып, оларды шешу  жолдары  арқылы  осы  секторды  дамыту  жолдарын  ұсыну  болып табылады. 

      Курстық   жұмысының пәні.  Таңдап алған курстық  жұмыстың  зерттеу пәні  Қазақстан Республикасындағы шағын  және  орта  бизнес  секторының  субъектілері мен  олардың  қызметтерінің  жағдайын (яғни кәсіпкерліктің  объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың  дамуындағы  проблемалар.

      Курстық  жұмыстың  міндеттері:

1.Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы ролін  қарастыру.

2.Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  мәселелеріне  терең талдау  жүргізу.

3.Талдау  негізіндегі  мәселелерді  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  Қазақстан Республикасындағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

      Курстық   жұмыстың  мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.

      Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

           Екінші бөлімі «Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау» деп аталады. Мұнда шағын және орта бизнестің даму жағдайы қарастырылып өтіледі. Бірінші сұрақта шағын бизнестің Қазақстандағы даму жағдайын көрсетіледі, ал екінші сұрағында шағын және орта бизнестің жыл барысындағы көрсеткішеріне талдау жасалады.

     Үшінші бөлімі  «Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму мәселелері және оларды шешу жолдары» деп аталады. Бұл жерде еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдары қарастырылады. Бірінші сұрақта шағын және орта  бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аударылады. Осыған орай, екінші сұрақ өрбиді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығы тереңірек зерттеледі. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

  1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

 

   1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі

    

         Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Кантельон (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «кәсіп» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Кейбіреулері  болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл  істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер  ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар  мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған  Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы  ғылыми-техника дамудың теоретигі  Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друкердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген И. Шумпеттер болып табылады [5].

Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі  сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына  тура келеді, бұл бір қатар экономистер  мен студенттерді дұрыс емес бағытта  талқылауды қорғайды.

Кәсіпкерліктің  анықтамасынан тоқталмас бұрын  кәсіпкерлікті қандай категорияға  жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.

Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық  шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта  нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын  өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың  үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар  болып табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып  тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру, өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар  және сату көлемі 20 млн доллардан  аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ  бұл көрсеткіштер шартты болып табылады [8].

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық  экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра  отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің  айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа  тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету  немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда  табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік»  және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) «кәсіпкерлік–азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бір – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Ол, келесідей себептерді бөліп көрсетеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

             Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар  кәсіпорындар ғана қол жеткізулері  мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде  шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал,  егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындар үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5–6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын  қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет.  Әсіресе,  бұл  елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені  ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

Информация о работе Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары