Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21

3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой (1).docx

— 89.25 Кб (Скачать файл)

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыса алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету  сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты  тауар номенклатурасымен және көтерме  сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі  және екінші реттік шикізат өндірісінің  қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне  жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі [15].

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген  жұмыстың нәтижесінің максималды болуына  мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар  кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Сонымен, бірінші тараудың бұл бөлімінде шағын және орта бизнестің мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері, мәселелері және ғалымдардың айтқан пікірлері көрсетілді. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің қазақстан республикасындағы тиімділігі анықталды.

Курстық жұмыстың келесі бөлімінде Қазақстан  Республикасында шағын және орта бизнестің мән жайы көрсетіледі. Яғни қалай дамып жатыр және шағын және орта бизнестің дамуына кері септігін тигізетін жағдайлар қарастырылады.

 

1.2 Қазақстан Республикасының экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

 

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенің көрсетіп отыр. Ол мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның  және халықтың қажеттіліктерін  жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік  иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың  әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- арендаға  алу немесе сатып алу арқылы  төмен рентабельді және тоқыраудағы  кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің рөлін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі  экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы  жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше  мемлекеттік органдардың жиі  араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілмеуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды  мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта  қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды  сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру  үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары  қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті  қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын кеңейтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары  шағын және орта бизнесті дамыту мен  кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша  бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің  айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған  халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің  жалпы көлеміндегі үлес салмағы  артып келеді. Шағын және орта бизнестің рөлінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру [20].

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған  шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық  проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын  кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру  және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен  шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі  экономиканың даму тенденциясы шағын  бизнес саласына өтумен байланысты. Осы  салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ  қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің  дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі  ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі  жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

-жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);

-ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);

-мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);

-бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

        Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

        Бұл бөлімде  шағын және орта бизнестің экономикадағы алатын орны, шағын және орта бизнесті дамыту жолдары және де оның сандық жіне сапалық сипаттамалары қарастырылды.

        Ал курстық жұмыстык келесі бөлімшесінде шағын және орта бизнестің дамуына көптеген бағдарламалардың әсері, сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылатындығы жайлы т.б түсініктер айтылады.

 

1.3 Шағын  және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар

 

Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде  оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, әсер ететін нақты факторларды  анықтау қажет. Фактор деп экономикалық, өндірістік  және өзге де қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістердің қозғаушы күші. Басқаша айтсақ өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелестікті арттыруға ие болу және олар қаншалықты пайдалылығына байланысты болады.

        Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мынадай факторларға байланысты:

1.Кәсіпорынның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігі.

2.Өндірілген өнім түрі.

3.Нарықтың сыйымдылығы. (Жыл сайынғы сату көлемі)

4.Саланың бәсеке қабілеттілігі.

5.Аймақтың немесе елдің бәсеке қабілеттілігі.

Ресей ғалымдарының бір тобы негізгі факторларға  келесі көрсеткіштерді жатқызады:

1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

2.Кәсіпорынның өзінің ғылыми зерттеу конструкторлық әзірлемелерге арналған базаның дамуы және оларға жұмсалатын шығындар деңгейі.

3.Өнімді өткізу тораптарының болуы.

4.Техникалық қызмет көрсету жағдайы.

5.Өткізуді ынталандыру құралдары мен жарнама ықпалдығы.

6.Негізгі сатып алушылардың төлем қабілеттілігі және ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі.

       Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі  өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың  бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан  экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен  қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің  артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі  жылдары елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын  бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.  Экономиканың нақты секторын  және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне  олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық  сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика  агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

        Шағын бизнестің дамуы өзінде бірнеше ерекшеліктерді көрсетеді:

- Меншіктер санын ұлғайту, яғни орта класты қалыптастыру;

- Төмен шығынмен, жаңа жұмыс орнын құру;

- Жаңа технология, техника енгізу мен өндеу;

- Бәсекелес ортаны құру;

Әр  түрлі экономикалық секторлар арасында өзара байланысты бүгінгі таңда  капиталды жұмсау бәсекесінің артуы  көрініс табады. Отандық банктер  қарыз  алушылар үшін несиелерді алуды  жеңілдете бастады, несие беру процесі  ықшамдалып, пайыздық  ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен  қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді  несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына  бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің  ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік  жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін   анықтауда қолдануы қажет.

Информация о работе Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары