Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11

2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21

3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27

Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой (1).docx

— 89.25 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы. Солардың бір көрінісі ретінде адамдардың шағын және орта бизнеспен шұғылдануы. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскеніне шамалы ғана болғандықтан, кәсіпкерліктің де өз кедергілері бар. Әсіресе, бизнесте бәсекелестік жетіспейді, олардың өз жұмысын жандандыруына жергілікті жерлерде әдейі қолдан жасалынып отырған кедергілер көп. Шетелдік сарапшылардың, экономист-ғалымдардың пікірінше қазақстандық компания, фирмалардың жұмысты үйлестіру, бизнестік ортамен байланыс жасау, бизнес жүргізудің тиімді әдістерін меңгеру жағынан іс-тәжірибесі аз. Қазақстандық бизнесмендерге салық тәртібі, бюрократия, сыбайлас жемқорлық та үлкен кедергілердің бірі.

Олардың барлығын бес ірі топқа бөле отырып, мүмкін жою жолдарын ұсынып отырмын.

  1. Қаржылық. Негізгі капиталдың (жұмыскерлік және өндірістік орындарының, машиналар және техниканың, жердің) жоқ болуы.

Жою жолдары:

    • мемлекеттік меншікті, ақшаны жекешелендірудің соңғы сатысына қатысуы;
    • шағын кәсіпкерлерге қолданбайтын жекешелендірілген орындарды сатуы (бөліп төлеу мүмкін);
    • кәсіпкердің ақпараты бойынша анықталған қолданылмайтын объектілерді жалға беруі;
    • Қазақстандағы лизингтің институционалдық негіздерін құру;
    • жалға берілген мүліктің пайдалануын қадағалау;
    • шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың және қоғамдық ұйымдардың гранттары мен жарналарын тарту. Мысалы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қаржылық корпорация, Қайта өрлеу және дамудың Еуропалық банкі, Азиялық даму банкі;
    • шағын және орта бизнесті несиелеу үшін екінші деңгейлік банкті ынталандыру;
    • шағын және орта бизнестің дамуы қорынан өзекті салалары бойынша несиелеуді жетілдіру;
    • шағын және орта бизнеске микронесиелеуді дамыту;
    • шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруын сақтандыру.
      1. Институционалдық. Кәсіпкерлік институтының нарық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

Жою жолдары:

  • Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу;
  • Қазақстандық кәсіпкерлік кодексін жасау;
  • Қазақстандық жылжымайтын мүлік кадастрын жасау;
  • заңды, кеңестік және аудиторлық фирмалар жүйесін құру үшін шарттар жасау;
  • шағын және орта бизнеске несие мен жарналарды ұсынатын коммерциялық банктер дамуын қолдау;
  • сауда үйлері және биржа жүйелерін дамыту  мен қолдау;
  • коммуникациялық қызметтерді, қонақ үй шаруашылықтарын дамыту мен қолдау;
  • бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторлар, аналитикалы-ақпаратты, көрмелі-ақпаратты, ғылыми зерттеу және кеңестік орталықтарды құру және қолдау.
    1. Білім алу. Бизнесті басқаруда тәжірибенің, білімнің аздығы.

Жою жолдары:

  • бизнес негіздерін үйрететін жаңа оқу бағдарламаларын құру мен енгізу;
  • мамандардың жыл сайынғы оқылымын жетілдіру;
  • донор-елдердің техникалық көмегін пайдаланудың сапасын арттыру;
  • инновациялық кластерлерді, бизнесті басқару мен ұйым тәжірибесі мен білімді дамытудың инкубациялық орталықтарын құру;
  • кәсіпкерлер үшін әрбір облыс және қала әкімшілігінде кезекшілік кеңестік пунктерді ашу.
    1. Мемлекеттік. Бюрократиялықтың, сыбайлас жемқорлықтың, ақша сұраудың бар болуы.

Жою жолдары:

  • мемлекеттік қызмет туралы реформаны әрі қарай енгізу;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіп кеңесінің жұмысын жетілдіру;
  • заңдардың толық сақталуын қамтамасыз ету; шағын бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік есеп, лицензиялауды, сақтандыруды, тіркеуді жеңілдететін түрін енгізу;
  • шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарының жұмысын толық дәрежеде мүлтіксіз болуын қадағалау;
  • шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдарда, банктерде, сақтандыру, нотариалды, заңды фирмаларжа қызмет алуын жеңілдету;
  • Бизнес және жеке меншікті қорғау үшін құрылымды іске қосу.
    1. Ақпараттық. БАҚ-да мәселелердің таралуының тәжірибелік деңгейінің жоқ болуы.

Жою жолдары:

      • интернет жүйесінде шағын бизнес беттерін құру, арнаулы буклеттерді, ақпарат парақшаларын, дайджестерді басылымға шығару;
      • радио және теледидар бойынша арнаулы бағдарлама циклдерін ұйымдастыру;
      • бизнестің өзекті мәселелері бойынша газет, журналдарда басылымдарды шығару [39]

Алайда «Елімізде шағын бизнестің  неге орта бизнес деңгейіне біртіндеп  эволюциялық өсулеріне мүмкіндіктер жоқ» деген сауал алдымызда тұр. «Даму» қоры және басқа да мемлекеттік  құрылымдар осы сауалдың түйінін  шешу мақсатында жұмыс істеп жатыр. 

«ДАМУ» қоры - бүгінде шағын және орта бизнес қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалардың операторы  және бастамашысы. Салыстырмалы түрде айтсақ, мысалы, біздің елімізде шағын және орта бизнес түрінде жемісі мол бау-бақша бар. Оны әркім әртүрлі ресурстармен - топырақ, тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, нәрлендіреді. Ал «Даму» қоры сол бақшаға жақсы қарайтын өзіндік мүмкіндігі бар бағбан бола білуі керек. Яғни өңдеу өнеркәсібіндегі несиелерді арзандату үшін ол субсидия бөлуі тиіс. Егер қайбір аймақта жақсы жоба үшін кепілзат жетпей жатса, ол бұған кепілдік беруі керек. Егер банк қаржы көзі бар екенін, бірақ ол аз деп тұрса, ол мұндай жобалар үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөлуі қажет. Осы сияқты шағын және орта бизнестің түрлі қажеттіктерін  түсініп, өзіміздің стратегиямызда түрлі құралдар қарастырылып отыр .  
Мұндағы негізгі түйіндердің бірі, ол шағын және орта бизнес - ресурс немесе ақша үшін күрес еместігі. Бұл - құзірет күресі. Кім өзінің білімі мен тәжірибесін ақшаға айналдыра алса, сол табысқа жетеді. Сондықтан да қазір шағын және орта бизнес құзіретін дамытатын бағдарламаларға бірінші маңыз беріліп отыр. Бүгінгі Кедендік одақ жағдайында бізге Ресей мен Белоруссиядан дайындық деңгейі жоғары кәсіпкерлер келеді

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында жанданып, кең  қанат жайып келе жатқан кәсіпорындар күн санап артып келеді. 2011 жылы 884 жоба бекітілсе, бағдарлама өрісінің кеңеюінен өткен жылы 2,5 мыңнан астам жоба қабылданған. Яғни, ел дамуы артып, халық ахуалы артқанының белгісі. Бағдарлама барысында «Даму» қорының орны ерекше. Мәселен, кәсібін дөңгелетемін, дегендерге субсидия бөліп отыр. Астана қаласы бойынша 2012 жылы 160-тан аса жоба қабылданып, 43 миллион теңге бөлінген [www.damu.kz].

       Негізі шағын және орта бизнестің дамуы еліміздің дамуына үлкен үлес әкеледі. Мысалы, Европа елдері мен АҚШ-ты алсақ, оларда орта және шағын кәсіпкерлік 90-80 пайыз үлесін алады. Ал, біздің елімізде ондай үлеске жеткен жоқпыз. Бірақ, соған ұмтылыс бар. Себебі, мемлекеттік бағдарламалар бізде өте көп.

       Бағдарлама шеңберінде 2010 жылдан бері 34 мың жұмыс орны ашылған. Ал, 2014 жылға дейін 8 мың жаңа жұмыс ошағы ашылмақ. Алдағы уақытта да еңбек етемін, ел дамуына үлес қосамын деушілерге қолдау көрсетіле бермек. Жалпы алғанда, Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын  дамыту үшін бизнесті әртараптандыру және барлық бизнес-үдерістерді жетілдіру қажет.

      Сонымен, бұл бөлімде Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын мәселер және оладың шешу жолдары қарастырылды, сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуына бірден бір септігін тигізетін «Даму»  қорының осы мәселерді шешу барысында қалай жумыс атқарып жатқандағы жайлы қарастырылды.

     Курстық жұмыстың келесі бөлімшесінде шағын және орта бизнестің дамуының шет елдердегі, атап айтсақ Германия, Ұлыбритания, Франция елдерінің тәжірибелері жайлы жазылады және сол тәжірибелерді қазақстанда қолданудың қаншалықты дәрежеде тиімді екендігі жайлы айтылады.

   

3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану

 

  Шетел тәжірибесінде шағын және ота бизнесті мемлекеттік қолдау тәжірибелері дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 процентке жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.

 Шағын  кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге  икемділігі − ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған. Германияда шағын жән басты орта бизнестің сипаттамасы – ең алдымен меншік құқығы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші – істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорында қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады. Елдегі шағын және орты бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден - барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 75 пайызын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлімен анықталады. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде: 1) Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру. Германияда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 Осыған  байланысты мынадай шараларды  атап өтуге болады. Германияның  федералды үкіметі қаржыландыру  шараларды іс жүзінде асырып  отыр. Олар – шағын фирмалар  үшін қалыпты бәсеке жағдайын  қамтамасыз етуге бағытталған.  Бұл жердегі басты бағыт –  1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың  позицияларын нығайтуға байланысты  бірнеше рет қайта қаралған  – картельдік құқық. Картель  қызметін қадағалаушы ведомство  (бізше монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне  қосылып кетуін қатаң бақылап  отырады; екіншіден, орынсыз тыйым  салуларды алып тастап, шағын  және орта кәсіпорындардың кооперациялануына  жеңілдік жасайды. Шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілетін болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады. Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар: 1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер. Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады.

Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептеп  шығарылады, бірінші жылы жұмсалған  капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды және үшінші жылы - 20 пайыз. Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін  салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана  отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік  тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып  табылады.

  Сондай-ақ өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «европалық калпына келтіру бағдарламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары, «Кредитанштальт фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады [41]

 

Ұлыбританиядағы шағын бизнес.

Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рөл ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын және орта бизнестің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет  шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік  қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді  қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу  жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының  фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл  көмектің болуы және орта және шағын  бизнестің даму стратегиясының болуы  бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

 

Франциядағы шағын бизнес

     Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын және орта бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

Информация о работе Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары