Қазақстанда электр энергиясын жеткізу және пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 20:34, реферат

Краткое описание

Электр станциясы-электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы.Ең бірінші Электростанциясы 1882ж. Нью-Йоркте салынған.
Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының мынадай түрлері бар:
Жылу электр энергиясы: Жылу-қуат қондырғылары немесе жылу электрстанциялары, бұлар органикалық отынның химялық байланысқан энергиясын пайдаланады. Отынды жаққанда түтіннің қызуын және жылуын пайдаланады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстанда электр энергиясын жеткізу және пайдалану.docx

— 21.14 Кб (Скачать файл)

        Қазақстанда электр энергиясын  жеткізу және пайдалану

Электр станциясы-электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы.Ең бірінші Электростанциясы 1882ж. Нью-Йоркте салынған.

Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының мынадай түрлері бар:

Жылу электр энергиясы: Жылу-қуат қондырғылары немесе жылу электрстанциялары, бұлар органикалық отынның химялық байланысқан энергиясын пайдаланады. Отынды жаққанда түтіннің қызуын және жылуын пайдаланады.

Атом электр станциялары:Кейбір ауыр элементтер ядросын нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарып ыдыратқанда туатын энергияны немесе термоядролық реакциалар энергиясын пайдаланады. Қазіргі АЭС-да табиғи энергия көзі ретінде уранды пайдаланады.

Су электр станциялары:Көбінесе төменге қарай құлап аққан су күшін пайдалану арқылы жумыс жасайды. Яғни сарқыраманы пайдалану аркылы.

Жел электр станциялары: Атмосферадағы ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.

Күн электр станциясы:Гелио қондырғылар тура түсіп тұрған күн сәулелерінен энергия шығарады.

Геотермиялық электр станциялар:Жер астындағы энергия көздерін пайдаланады.

Толқынды электр станциялар:Теңіз бен мұхит толқындарының тасқын энергиясын қуат көзінде жаратады.Электростанциялар электр тогын алу үшін қажет.Электр қуатын өнеркәсіпте, күнделікті тұрмыста, медицинада, бәрлық ғылым-білім саласында қажет етеді.

Адамдар ең алғаш пайдаланған энергия түрлерінің бірі жылу энергиясы болды. Алғашында оны үйлерді жылытуға, тағамдар дайындауға пайдаланса,кейіннен оны әр  түрлі технологиялық процестерге пайдаланды.Жылуды қоғамдық өндірісте алғаш XVIII ғасырдың екінші жартысында,бу машиналары, одан кейін жылу двигетельдері ойлап табылды.Механизмдер мен двигетельдер  адамға көп көмегін тигізді.Ал XVIII ғасырдың аяғында дүние жүзінде тұңғыш рет өндірістік электр тоғы алынып, оны тұрмыста  пайдаланудың мүмкіндігі туды.

Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.Біздің заманымызда қоғамдық өндірістік күштер дамуының ең басты көрсеткіші – өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергияны тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл - энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процесстар саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.

Электр энергиясын жеткізу

Электр энергиясының тұтынылатын орны көп.Ал оның өндірілетін орны көп емес, отын жіне гидроресурс көзіне жақын орындар.Электр энергиясын көп мөлшерін жинап сақтау (консервілеу) қолдан келмейді.Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.Электр энергиясын алысқа жеткізу едәуір шығынмен байланысты. Мәселе мынада: электр тогы электр жеткізу желісінің (линиясының) сымдарын қыздырады. Желі сымдарын қыздыруға шығындалатын энергия Джоуль-Ленц заңына сәйкес мына формуламен анықталады:Q = I2Rt.Мұндағы R- желінің кедергісі. Желі тым ұзын болғанда, энергия жеткізу үнемділік жағынанпайдасыз болуы мүмкін. Желі кедергісін едәуір азайту іс жүзінде өте қиын. Сондықтан ток күші мен кедергінің көбейтіндісіне пропорционал болғандықтан, жеткізілетін қуатты сақтау үшін жеткізу желісіндегі кернеуді жоғарылату керек. Мұнда жеткізу желісі ұзынырақ болса, жоғарырақ кернеуді пайдалану соғұрлым ұтымдырақ болады.Сондықтан ірі электр станцияларында жоғарылатқыш трансформаторлар қойылады. Трансформациялар желідегі ток күшін неше есе кемітсе, кернеуді сонша есе арттырады.

Электр энергиясын пайдалану

Өнеркәсіп электр энергиясының негізігі тұтынушысы болып табылады, оның үлесіне өндірілетін электр энергиясының 70%-ға жуығы тиеді. Сондай-ақ транспортТа ірі тұтынушы болып табылады.Темір жолдардың көпшілігі электрмен тарату жүйесіне көшіріліп отыр.Ұжымшарлар мен кеншарлардың барлығы дерлік өндірістік және тұрмыстық қажеттер үшін электр энергиясын электр станцияларынан алады.Электр энергиясын тұрғын үйлерді жарықтандыруда және тұрмыстық электр аспаптарында пайдаланатынын әркім-ақ біледі.

Пайдаланылатын электр энергиясының басым көпшілігі қазір механикалық энергияға Тайналдырылады.Өнеркәсіптегі механизмдердің түгелін дерлік электр қозғалтқыштары қозғалысқа келтіреді.Олар ыңғайлы,шағын,өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік бередіӨнеркәсіптің тұтынылатын электр энергиясының үштен бірі технологиялық мақсаттар(электрмен пісіру, электрмен жылыту және металдарды балқыту, электролиз,т.с.с.)үшін пайдаланылады.

Қазіргі заманғы цивилизацияны электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Электр энергиясына мұқтаждық өндірісте де,транспортта да,ғылыми мекемелерде де,сонымен қатар, тұрмыста да үнеміартып отырады.Бір қарағанда табиғи және бірден-бір тәсіл – жаңа қуатты жылу,гидравликалық және атом электр станцияларын салу.Алайда жаңа ірі электр станцияларын салу үшін бірнеше жыл уақыт және көп қаражат керек.Осы кезде жылу электр станциялары қалпына келтірмейтін табиғат ресурстарын көмір, мұнай және газды пайдаланады. Сонымен қатар, бұл бір мезгілде біздің планетамыздың экологиялық тепе-теңдігіне үлкен кесел келтіреді.Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алдыңғы шепке шығуы тиіс.Электр энергиясын тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар және олар аз емес. Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-ына жуығы кетеді.Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде ықшам люминесценттік шамдар жасалынған, олар қыздыру шамдарына қарағанда энергияны 80%-ға дерлік аз пайдаланады.Мұндай шамдарадың құны жай шамдарға қарағанда қымбаттырақ, бірақ олар тез есесін қайтарады.Мұнымен қатар, үйлерді және өндірістік орындарды жарықтандыруды үнемді жүргізу бойынша жүргізілген қарапайым шаралардың өзі бірталай эффект(тиімді)береді.Қажетсіз кезде шамдарды жағып қалдырмау керек,жұмыс орындары және т.б. жерлер ғана жарықтандырылатындай етуге тырысу керек.Электр энергиясын тұрмыста мұздатқыш қондырғыларды, теледидарда, компьютерлерде және т,б, пайдаланудың тиімділігін арттырудың көптеген басқа да мүмкіншіліктері бар. 

ЭС-ның түрлері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

СЭС

Алдын ала дұрыс есептеулер, жобалаулар жүргізілсе ешқандай экологиялық зияны жоқ. Арзан электр энергиясын береді.

Егер дұрыс есептеулер, жобалаулар жүргізілмесе, онда жақын маңдағы елді мекендерді су алып кетеді.

Үлкен жылдамдықты ағысы бар өзендерді қажет етеді. Қазақстанда мұндай өзендер аз. Дүние жүзі бойынша электр энергиясының 7% ғана береді.

ЖЭС

Отын болып табылатын мұнай, газ, көмір Қазақстанда көптеп табылады. Дүние жүзі бойынша электр энергиясының 85% береді.

Қоршаған ортаның жылулық балансын бұзады, «Көктеме эффектісін» туғызушылардың бірі. Ауаны ластайды (көмірқышқыл газы, күкірт оксиді, ауыр металл молекулалары).

АЭС

Дүние жүзі бойынша уран қоры ең ұзаққа жететін (820 жыл) отын болып табылады. 3 кг уран 1 вагон көмір жанғанда шығаратын энергияны шығарады. Сондықтан қазір АЭС салуға үлкен көңіл бөлініп жүр.

Радиоактивті сәулелер туғызады. Радиациядан қорғану проблемасы туындайды. Чернобыль АЭС болған апаттай апаттын болу қауіпі бар. Радиациялық қалдықтарды жерлеу проблемасы. Радиациялық қалдықтар да радиация шығарады.


 

 

 


Информация о работе Қазақстанда электр энергиясын жеткізу және пайдалану