Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;
- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде
белгілеу.

Содержание

КІРІСПЕ

3

І.

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1.1
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
4-8
1.2
Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

9-10
1.3
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
11-13
ІІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

2.1
Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
14-17
2.2
Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
18-24
2.3
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
25-28


ҚОРЫТЫНДЫ

29-30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 827.00 Кб (Скачать файл)

Шиелі ауданы. Шиелі ауданы облыстың оңтүстігіндегі қарт Қаратау мен Сырдария өзенінің аралығында орналасқан. Аудан байтағының көлемі – 18,2 мың шаршы шақырым. Ол Қызылорда қаласынан 128 шақырым жерде орналасқан. Аудан жерінің солтүтік шығысын Қаратау жотасы алып жатыр, ал қалған бөлігі жазық болып келеді. Пайдалы қазбалардан құрылыс материалдары: құм, саз кездеседі және уран кені бар.

Жаңақорған ауданы. Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік аудан. Батысында аудан шекарасы Қызылқұм арқылы Өзбекстанмен шектеседі. Облыс орталығынан 178 шақырым жерде ораналасқан.

Қызылорда облысында өндірістің дамуы және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі. Кез келген аймақтағы өндірістің дамуы мен жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын сипаттайды.

Қызылорда облысының орналасқан орны экономикасына біршама қолайлы. Солтүстік батысында - Ақтөбе экономикалық облысы, солтүстігінде - Қарағанды, шығысында - Оңтүстік Қазақстан, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыстың экономикалық жағдайы деп - оның экономикасы мен әлеуметтік ахуалының даму факторларына қатысты жағдайы. Оған мыналар жатады: экономикасы дамыған көршілес облыс, оларға алыс-жақын орналасуы, облыс арқылы транзиттік жүк және жолаушылар тасымалдау трассасының өсуі және мүмкіндігі. Осыларға қарай облыс экономикасы өз дәрежесінде дамиды, бірде тиімді болса кейде тиімсіз, нашар немесе жақсы жаққа қарай өзгеріп отырады.

Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады. Өңірде мырыштың - 15,1 %, қорғасынның - 9,6 %, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның - 13,7 %, жер асты суларының - 3,4 %  қорлары бар.

Облыстың маңызды қазба байлықтары ретінде түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий, ас тұзы және жер асты сулары қарастырылады. Өңір шегінде ванадий  қорлары бойынша бірегей саналатын Баласауысқандық және

1996 жылы 8 қазанда  ҚР Президентінің Жарлығымен  «Қызылорда арнайы экономикалық  аймағы» құрылды. Өңірдің индустриальды-инновациялық  даму бағдарламасына сәйкес өндіріс орындары мен мұнай компаниялары жұмыс жасауда. «Казгермұнай», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «ҚуатАмлон Мұнай», «Торғай Петролеум», «АЖБ» мұнай компаниялары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Ал, кәсіпкерлік сипаттағы «Жайна», «Айдан-мұнай», «Аңсар», «Қуат», «Асар Холдинг», «РМЗ Шапағат», «Ағжан», «Бастау и К», «Альянс» т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қалада 50-ден астам жалпы орта білім беретін мектеп, 17 колледж, 4 кәсіптік техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, «Болашақ» университеті, Қазақ-Қытай академиясы, Н.Бекеженов атындағы драма театры, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы, т.б. мәдени орындар жұртшылықтың рухани байлығын көтеру жолында қызмет етіп келеді.

Арал ауданында Жақсықылыш, Қамыстыбас, Аралтұз сияқты тұзды көлдер бар. Табиғи ас тұзы өндіріледі. Кварц құмдары мен құрылыстық тастары бар. Ауданның негізгі шаруашылығы, халқының маманданған саласы – балық аулау, өңдеу, тұз өңдеу және түйе шаруашылығы. Мұнда облыстағы үлкен, жалғыз вагон жөндеу зауыты, электротехникалық зауыттар бар. Аудан жерінен соңғы жылдары мұнай мен газдың мол қоры табылып отыр.

Қазалы ауданында кірпіш, балық зауыттары, 2 тұрмыс қажетін өтеу комбинаты жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мүйізді ірі қара, қой, жылқы, түйе ерекше орын алады. Аудан жерінен Республикалық маңызы бар көлік жолы, темір жол тораптары өтеді.

Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығының басты бағыты – күріш егу және қаракөл қой шаруашылығы. Аудан 1997 жылы 11,338 га егін екті. Оның ішінде негізгі жерді күріштік алып жатыр, яғни 9575 га, қалғаны картоп, жеміс-жидек.

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығының басты бағыты – егін, оның ішінде – күріш егу, мал өсіру. Өнеркәсіп орындарынан халыққа күнделікті қажет нан пісіретін зауыт және май зауыты бар. Облыстағы ең үлкен күріш элеваторының бірі осында. Одан басқа аудандық баспахана, автокөлік, құрылыс мекемелері жұмыс істейді. 1997 жылы 255 адам көшіп келсе, 310 адам көшіп кеткен, сөйтіп 55 адамға айырма жасады.

Сырдария ауданында егіншілік, соның ішінде күріш өсіру басты маманданған саласы. Сонымен бірге қосымша сала қаракөл қойы, жылқы, түйе өсірілді. Халықтың қажетін өтеуде нан, май, шайқау зауыттары жұмыс істейді. Облыстағы бірден бір үлкен астық қабылдау пункті бар.

Шиелі ауданы шаруашылығының басты саласы – егін және мал шаруашылығы. Аудан күріштің жаңа сорттарын өсіреді. Өнеркәсіп орталығынан облыстағы ғана емес Республикалық маңызы бар №6 кен басқармасының болашағы зор. Теміржол бекетіне қарасты тепловоз депосы бар, нан зауыты жұмыс істейді. Аудан орталығында күріш ақтау зауыты бар.

Жаңақорған ауданының орталығында Республикадағы маңызы бар балшықпен емдеу «Жаңақорған» санаторийі, екі автокөлік акционерлік қоғамы, 2 нан зауыты, тәулігіне 40 тонна ұн тартатын диірмен жұмыс істейді.      

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін облыстың шаруашылығы экономикалық және техникалық базасы жағынан нығая түсті. Күріш пен бақша өнімдерінен облыс республикада бірінші орынға ие болды.

Қызылорда облысының әлеуметтік-экологиялық жағдайы

Табиғат жағдайларының қолайлы, қолайсыз болуы адам тіршілігіне көп әсер етеді. Облыстағы қыстың қатаңдығы нәтижесіндегі ерте көктемдегі үсіктер тіршілік үшін қолайсыздық туғызады, ал күзгі ашық күндер егіс жинауға аса қолайлы көрінеді. Табиғат жағдайларынан басқа адамзаттың іс-әрекетінен болатын өзгерістер өз алдына келеңсіздік туғызады. Мысалы, Сырдария суын ретсіз пайдалану Арал проблемасын туғызды, Байқоңыр ғарыш айлағы радиациялық фонды жоғарылатып отыр. Облыста топырақтың екінші ретті тұздануы жүруде, тұрғындар арасында ауру деңгейі жоғары болып тұр.

Облыс аумағы үш экологиялық ауданға бөлінеді:

1. Апатты аудан.

2. Апат алды  немесе экологиялық жағдайы орташа  аудан.

3. Салыстырмалы  жақсы аудан.

Облыстың негізгі су көзі болып табылатын Сырдария өзеніне жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер мен облыстар 54 қашыртқы-коллектор суларын ағызады. Соған байланысты дария суының сапасы өте төмен, стандартқа сай келмейді. Өзен суының минералдану мөлшері литріне 2 грамнан асып отыр. Химиялық құрамы мүлде өзгеріп кеткен. Мысалы, сульфаттардың ШРК-сы 100 мг болса, ол Сырдарияда 500-600 мг, ал жылдың жылы мезгілінде (жаз-күз айларында) нитриттер мөлшерден 6-8 есеге дейін асып түседі. Облыстың 37 елді мекені жарамсыз құбыр суын ішіп отыр. 18 елді мекен суды тасып ішеді. Ал шалғайдағы алыс елді мекендерде өзен суын ауыз суға пайдаланады. Қазалы, Арал аудандарында осындай көріністер бар.

Ауыз судың сапасыз болуы облыстағы ауру-сырқаудың көбеюіне әкеліп отыр. Оның үстіне медициналық қызмет көрсету дәрежесі төмен, мамандар жетіспеушілігі басым. Қызылорда аймақтық экология, гидрометеорология және халықтың денсаулығын қорғау біріккен орталығының мәліметтері бойынша облыс тұрғындары ауруының ішінде тыныс алу мүшелерінің ауруы бірінші орында тұрғанын көрсетіп отыр.

 

 

 

 

 

1-сурет. Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіші (2009 ж.. 2010 ж.)

 

Атмосфералық ауаның ластануы Қызылорда қаласында жоғары. Аудандарда салыстырмалы түрде ластану өте төмен. Қаладан кейінгі ластану Жаңақорған, Шиелі аудандарында анықталған. Қызылорда қаласында тұрақты ластаушы көздерден ҚЖЭО мен жылжымалы ластаушы көздерден автокөліктердің үлкен үлесі бар. Оған қоса Самара-Ташкент трассасынан, кейде қала ішінен де ауыр жүк машиналары көп жүреді. Ауа ағыны жоғары болғанымен ластаушы көздердің санына және Жаңақорған мен Шиелі ауданында өнеркәсіптік өндіріс орындарының болуынан мұндағы ластану салыстырмалы түрде басқа аудандарға қарағанда жоғары.

 

 

2.2 Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.

 

Қызылорда облысының демографиялық ахуалы  

Демографиялық саясат – бұл мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітім мен көші-қонның және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін біртұтас жүйе. Демографиялық саясат әртүрлі, атап айтқанда әлеуметтік, экономикалық, денсаулық, экологиялық құқықтық, білім мен мәдениет сияқты саясаттармен жүйелі түрде тығыз байланысты.

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерінің әлеуметтік-экологиялық жағдайлармен байланысы

Қызылорда облысы халқының денсаулық жағдайы ерекше толғандырады. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Республика халқы бойынша ішек ауруларына шалдығушылардың 40 %-ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл өз кезегінде ауыз су мәселесінің әлі шешілмегенімен түсіндіріледі. Ішек инфекцияларымен 18 және одан жоғары жастағылар көп ауырады.

Ішек инфекцияларымен  2009 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы – 8631, 15-17 жас аралығындағылар – 549, 18 жас және одан жоғары – 6897; 2010 жылы   14 жасқа дейінгілердің ауруы – 9037, 15-17 жас аралығындағылар – 620, 18 жас және одан жоғары – 5443; 2011 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы – 7238, 15-17 жас аралығындағылар – 734, 18 жас және одан жоғары – 5518. Бұл көрсеткіштер диаграмма түрінде 7 суретте көрсетілген.

7 суреттен инфекциялық  аурулармен, әсіресе 14 жасқа дейінгі  балалардың анағұрлым көп науқастанатыны  көрінеді, ал 18 және одан үлкен  жастағылардың ауруы салыстырмалы  түрде, сәйкесінше 1734 (2009 ж.), 3594 (2010 ж.), 1720 (2011 ж.) адамға кем екені тіркелген. 15-17 жастағы жасөспірімдердің аурулары 9-15 есе аз тіркелген, дегенмен бұл көрсеткіштің жыл сайынғы мәні аса қуанарлық емес. 2009-2011 жылдар аралығында бұл аурудың деңгейі артып отырған.

 

 

2-сурет. Қызылорда облысы тұрғындарының инфекциялық аурулармен науқастану деңгейі

 

Бүгінгі күні облыстағы халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Мұнда республика бойынша ішек ауруларына шалдығушы халықтың 40 %-ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл аз көрсеткіш емес. Ішек инфекцияларымен 14 жасқа дейінгілер және  одан жоғары 15-17 жастағы жасөспірімдердің көп ауыратыны анықталған.

Әдетте, инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы ауыз су сапасының нашарлығынан болып жатады. Бірақ мына көрсеткіштер жас айырмашылығы бойынша ауру деңгейлерінің қатты өзгешеленуімен сипатталады. 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштің жоғары болуы негізінен олардың тамақтануының өз дәрежесінде емес екендігінен деп қарастырған дұрыс сияқты. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары көбінесе экономикалық белсенді халықты құрайды.

Рактың табиғатын, оның пайда болу көзін жіктеп айту қиын. Бірақ бір нәрсе айқын - рак сау жерден шықпайды. Мәселен, ұзаққа созылған, толығымен айықпаған, асқынған науқаспен ауырғанда ағзадағы иммунитетті сақтау мүмкіндіктері нашарлағанда, сондай-ақ, ішкі-сыртқы әсерлердің дендеп, бәрінің қосылып бірігуінен қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Қатерлі ісік клеткалары – қан тамыры, лимфа жолдары арқылы бүкіл денеге тарайды. Ал қатерсіз ісік - қатерлі ісіктің баспалдағы болуы мүмкін. Әрине, бәрі емес. Мысалы, сүйектің саркомасы кейбір жарақаттан, ал әйелдердің сүт безі, жатыр рагы олардың көбінесе түйін тастап, гармондардың өзара тепе-теңдік байланыстарының бұзылуынан, ұзақ созылмалы қабынуы әсерлерінен болады.

Қызылорда облысы тұрғындарында болатын ісік ауруларының түрлері мен 2009-2011 жылдар аралығындағы өзгергіштігі 3 суретте келтірілген.

 

3 сурет. 2009-2011 ж.ж. Қызылорда облысы тұрғындарының ісік ауруларымен ауру көрсеткіші

 

Жасы үлкен адамдар арасында демікпенің (бронхиалды астма), вазомоторлық аллергиялық рениттің сандық көрсеткіштерінің артуы, балалар мен жасөспірімдер арасында мұндай аурулардың өсімінің артуы жергілікті халық ағзасының аллергиясы жайында дәлеледейді. Қоршаған ортаның ластануы мен халықтың денсаулық жағдайының төмендеуі арасында байланыстың бары анық байқалады. Алғашқы мүгедектіктің неғұрлым үлкен көрсеткіштері Арал маңында белгіленген, оның себептері – өкпенің құрт ауруы (туберкулез), түрлі ісіктер және қан айналымы мүшелерінің аурулары көп ұшырасады.

 Облыс көлемінде  жұқпалы аурулармен аурушандық  бойынша эпидемиологиялық ахуалын  жақсарту, аурушандық деңгейін одан әрі төмендету мақсатында облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасы мамандары тарапынан біршама жұмыстар ұйымдастырып, жүргізу нәтижесінде 2011 жылдың 6 айында  жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша эпидемиологиялық ахуал «қолайлы» болып қалыптасты. Бүгінгі күні аса қауіпті және жұқпалы аурулардың 12 назологиялық түрлері тіркелмесе, 4-назологиялық  түрлері, яғни жедел ішек аурулары - 65, бруцеллез - 42, вирустық гепатит тобы - 17,3, туберкулез - 21,5 %-ға төмендесе, дизентерия – 25 %, қызамық - 88 %-ға жоғарылаған.  

3 суретте (а, ә, б) Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері келтірілген.

Суретте бірінші бағанда - 14 жасқа дейінгі балалардың, екінші бағанда – 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің, үшінші бағанда – 18 жас және одан жоғары жастағы ересектердің науқастануы көрсетілген. Эндокринді аурулардың түрлері 18 жастан жоғары, сонан соң 14 жасқа дейінгі балаларда көп кездесетіні анықталып отыр. Аурушаңдық деңгейін 2009-2011 ж.ж. салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің науқастануы азайған, ал 18 жастан жоғары ересектерде ауытқушылық байқалады.  

 

4 суретте (а). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері

 

 

4 суретте (ә). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері

 

 

4 суретте (б). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері

 

Барлық жас аралығында ең алдымен инсулинді қант диабеті мен зоб ауруы көп кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша облыс аймағында бұл аурудың көп тіркелуінің негізгі себебі азық-түлік құрамында йодтың жетіспеушілігі және күйзеліс. Ата-аналардың күйзелісте жүруі туылған балалардың зоб ауруымен дүниеге келуі немесе өсе келе пайда болуына көп әсер етеді.

Информация о работе Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау