Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;
- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде
белгілеу.

Содержание

КІРІСПЕ

3

І.

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1.1
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
4-8
1.2
Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

9-10
1.3
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
11-13
ІІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

2.1
Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
14-17
2.2
Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
18-24
2.3
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
25-28


ҚОРЫТЫНДЫ

29-30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 827.00 Кб (Скачать файл)

 

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ШРК-ға көтерілуі балалар ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20 %-ға жоғарылауы - 1,4 есеге артуына әкеледі.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған әр мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда - 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.

Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетіні байқалған. Мысалы, өкпе ауруына қарсы алдын ала вакцина еккенде, оның тиімді әсері болмайтыны жөнінде фактілер бар. Сол сияқты сүзек, қызылша және басқа жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың бойында иммунитет пайда болмайтыны байқалып жүр. Адам ағзасындағы иммундық қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті екені белгілі. Дәрігерлер оны «Экологиялық СПИД» деп атайды.

Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады:

1. Канцерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  - рак, генезис  -шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500 канцерогенді заттардың түрлері белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бенз(а)пирен  және  т.б. полициклді  ароматтық     көмірсулар,  ультракүлгін сәулелер,  радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2. Мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio - өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады;

3. Тератогендер (грек  тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке дамуда кемістіктерге,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

 

1.2 Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

       

Қызылорда облысының медицина саласы айтарлықтай оң өзгерістерге түсіп, өркендеудің жолына бет бұрды. Бұл ретте елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілгені жақсы жаңалықтарға серпін беріп отыр. Осының арқасында науқас кісілердің күрделі оталар жасай алатын дәрігрлер мен емдеу орындарын өзі таңдауына мүмкіндік туды. Салада емдеудің жаңа тәсілдері пайда бола бастады. 2011 жылы Сыр өңірінің денсаулық сақтау саласында да көптеген оң өзгерістер орын алды. Бүгінгі таңда облыстық кардиологиялық орталық ауруларға коронация жасап қоймайды, сонымен бірге күрделі қан – тамырлар оталарын да орындай беретін болды. Біздің облысымызда халыққа медициналық қызмет көрсетуде 216 емдеу алдын алу ұйымдары жұмыс атқарса, 13 жеке медицина ұйымдары бар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, облыстың денсаулық сақтау саласы да өз межелеріне жете білді. 2011 жылы саланы қаржыландыруға 23,9 млрд теңге қаралып, 30,7 пайызға өсті. Тұрғындарды жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 84,9 млн теңге бөлініп, 34,4 пайыз артты.  Емдеудің алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын толықтыру, халыққа көрсетілген медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 500 келуші қабылдайтын қалалық емхана, 200 төсектік перинатальдық орталықтың құрылыстары аяқталып, 2012 жылдың алғашқы айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Былтыр облыстық бюджеттің есебінен облыстың 4 елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт, Қармақшы ауданындағы Төретам кентінде ауылдық емханасын салуға және Қармақшы ауданындағы емханаға ғимарат сатып алуға қаржы бөлініп, толығымен іске асырылды. 

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады. 
        Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады. 
       2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi. 
      Халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011 - 2015 жылдарға арналған  «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.

Бағдарламаны iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.

Соңғы жылдардағы қоғам дамуының түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістері жеке тұлғаға ғана емес, тұтас қоғамға ықпалын тигізуде. Сол себепті, қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізін жақсарту үшін мемлекет тарапынан реттеу әдістерін пайдалана білудің маңызы үлкен.

 Денсаулық сақтауда мемлекеттік  емес сектордың қалыптасып келе  жатуына байланысты нарықтық  қатынастар жүйесіндегі денсаулық  қорғаудың мәнін анықтаудың маңызы  зор.

Денсаулық сақтау саласын реформалаудағы мақсатпен міндеттерді нақтылаудың экономикалық тетіктерін қалыптастыру - қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселесі. Қазіргі уақытқа дейін денсаулық көрсеткіштеріне ықпал жасайтын негізгі факторлардың ауқымды мәселелері шешілмей келеді.

         Тұрғындардың  материалдық және мәдени қажеттіліктерінің деңгейі жоғары болған сайын денсаулықтың жақсаруына деген талаптары да артады. Сонымен қатар, мәдәниетті адамның қажеттілігі медициналық көмектің сапасына да дәрігерлік тексерудің техникалық жақтарына да әсер етеді.

Медициналық қызмет көрсету  нарығын дамыту өзге елдерден ерекшеленеді, бүгінгі таңда нарықты жетілдіруде бірқатар мәселелер бар. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылықтарын ескере отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жоғарылатуға, медициналық ұйымдардың қызметінің экономикалық тиімділігін көтеруге, медициналық қызмет өндірісінің қаржылық тұрақтылығын жасауға, ынталандыруға байланыстықұрылған мемлекеттік және нарықтық реттеуді үйлесімді қолдану керек.

 

1.3 Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу.

     Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесiн және менеджменттi жетiлдiру тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлiгiн медициналық қызметтердi мемлекеттiк өнiм берушiлердiң дербестiгiн көтере отырып мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бiр уақытта кейбiр функцияны: мемлекет кепiлдiк берген медициналық көмектi қаржыландыруды, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi, денсаулық сақтау саласында бақылауды орталықтандыру қамтамасыз етiлетiн болады.   

Денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестiгiн арттыру      медициналық ұйымдарды акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгiзу. Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыру денгейін келесі кесте арқылы көрсетеміз(Кесте 3).

 

 

 

 

 

 

Кесте 3 -  Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көздері

 

Денсаулық сақтауды қаржыландыру көрсеткіштері

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

ІЖӨ - ден % түріндегі Денсаулық сақтаудың жалпы шығындары (ДЖШ)

3.2

3.3

3.5

3.6

ҰЖШ-тен % түріндегі денсаулық сақтауға мемлекеттік шығыстар

7.5

7.7

9.6

13.4

ІЖӨ - ден % түріндегі денсаулық сақтауға мемлекеттік шығыстар

2.1

2.2

2.1

2.3+

ДЖШ-тен % түріндегі денсаулық сақтауға жекеменшік шығыстар

35.8

35.0

38.8

36.8

Жан басына шаққандағы көрсеткіштер

       

Жан басына шаққандағы ДЖШ, ағымдағы бағамен мың теңге

28.85

34.81

32.76

40.87+

*Ескерту- Деректер көздері: Статистика жөніндегі агенттік,  www.economywatch.com


 

Кестеден  көріп отырғанымыздай Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі көрсетілген. Белгіленген мөлшер облыстық 2008-2011 жылдарға арналып бекітілген индикативті жоспар негізінде жүзеге асырылады. Сонымен Республиканың бюджеттен бөлінеген қаржы көлемі жыл өткен сайын көбейгенін көреміз. Сол сияқты жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінің көбейгені байқалады. Демек жыл сайын денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіруге жағдайлар жасалған деуге болады.

Медициналық көмекті мемлекеттік қаржыландырудың альтернативасын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Бұл тұтынушылар құқығын қадағалауды, сапалы өнімді пайдалануды, сондай-ақ сақтандырушылардың қаржылық жауапкершілігін қамтамасыз ететін реттеуші құрлымның болуын талап етеді.Бұл жағдайда медициналық сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жеке жүйемен ауыстыру ұсынылады. Керсінше жеке жүйе мемлекеттік жүйеге қосымша және сонымен параллель қызмет ету керек. Мемлекеттік жүйе тұрғындардың табысы төмен бөлігін қамтиды; жеке жүйе мемлекет тарапынан қаржылық көмексіз немесе мәжбүр етусіз тұрғындардың бұл бөлігімен өз еркімен толық жұмыс істемейді.

Сонымен қатар пилоттық жобалар ретiнде өңiрлердiң дайындық шамасы бойынша жекелеген заңды тұлға ретiнде жұмыс iстеп тұрған орталықтардың базасында төрт дербес отбасылық орталық құру көзделуде. Осы пилоттық жоспарды жарақтандыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен, жұмыс iстеуi - қосымша құрамдауышы бар БМСК-ке арналған тариф бойынша жоспарланып отыр.      БҰДСЖ-ны одан әрi дамыту шеңберiнде медициналық көмекке тең қолжетiмдiлiк қамтамасыз етiлетiн болады.Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі  келесі кестеде көрсетілген.

 

Кесте 4 - Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі

 

Жылдар

бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65262,7

64 700,3

562,4

-

2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4 200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8 400

Барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

*Ескерту-«Саламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мәліметтері


 

 

 Осылайша, Бағдарлама шеңберiнде БМСК-ны дамыту үшiн мыналар жоспарланған: 

БМСК-ның және мамандандырылған көмектiң функцияларын, өкiлеттiктерiн және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды қайта қарау;      амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтердi ұсынатын басқа да өнiм берушiлердiң арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтiк базаны әзiрлеудi және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, iшiнара қор иелену моделiн және қызметiнiң нәтижелерiн бағалау ескерiле отырып тарифке қосымша құрамдауыш енгiзу;      медицина қызметкерлерiнiң уәждемелерiн көтеру тетiктерiн жетiлдiру;      дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейiн жеткiзiп, дәрiгер өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн мейiрбикелерге беру;      жағымды кәсiби имидж жасау және медициналық қызметтiң сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлi мен әлеуетiн күшейту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

 

2.1 Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы.

 

Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Орталығы - Қызылорда қаласы. Арал ауданы өзі аттас теңіз жағасында орналасқан. Қызылорда облысының батысындағы ірі аудан. Жер көлемі - 56,3 мың шаршы шақырым, аудан халқы – 68 382 адам, көп ұлтты. Орталығы - Арал қаласы. Ол облыс орталығынан 448 шақырым жерде орналасқан. Аудан жері жазық-төбелі, солтүстігін және солтүстік шығысын құмдар алып жатыр. Климаты - өте континентті, құрғақ жауын-шашын өте аз түседі.

Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. Жері 37 мың шаршы шақырым. Халқы – 68 777 адам. Аудан орталығы – Жаңақазалы, қала типіндегі қыстақ. Қазалы ауданының жері құмды, сазды, шөлді келген, жазық. Мұнда тұзды көлдер көп, олардың ең ірілері – Көкшекөл, Қотанкөл. Құмды, сазды, сортаң топырақты өңірінде жусан, бұйырғын, кендір, сексеуіл, тал бұта және т.б. өседі.

Қармақшы ауданы. Орталығы – Жосалы. Алып жатқан жер көлемі – 30,1 шаршы шақырым, аудан халқы – 45 355 адамды құрайды. Облыс орталығынан 147 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Аудан жері өте құрғақ, шөлейт өңірде орналасқан. Өнеркәсіптен механикалық, нан-май зауыттары, рельс төсейтін, поезд, автокөлік, құрылыс-жөндеу мекемелері жұмыс істейді.

Жалағаш ауданы. Облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Жер көлемі – 23,1 мың шаршы шақырым. Халқы – 39 553 адам. Орталығы – Жалағаш, қала типіндегі қыстақ. Қызылордадан 75 шақырымда орналасқан.

Информация о работе Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау