Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;
- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде
белгілеу.

Содержание

КІРІСПЕ

3

І.

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1.1
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
4-8
1.2
Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

9-10
1.3
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
11-13
ІІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

2.1
Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
14-17
2.2
Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
18-24
2.3
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
25-28


ҚОРЫТЫНДЫ

29-30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 827.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

             «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институты

 

 

 

 

Химия және экология кафедрасы

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қызылорда облысы бойынша жергілікті      

                       халық денсаулығына мониторинг жасау

 

 

Орындаған: Қалмұрзаева Ұ.А. - Э - 10 – 1 оқу тобының студенті

Қабылдаған: Асқарова Г.Ш. - т.ғ.к., аға оқытушы

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2013 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

3

 

І.

 

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

 

1.1

Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары

4-8

1.2

Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

9-10

1.3

Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу

11-13

ІІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

 

2.1

Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы

14-17

2.2

Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы

18-24

2.3

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері

25-28

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

29-30

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

31


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Адам табиғатпен физикалық және рухани үздіксіз байланысқан, ол өз өмірін сақтап қалу үшін табиғатпен тұрақты қарым-қатынаста болады. Адам өзі өмір сүретін ортада белсенді қызмет атқарады және өзінен төменгі сатыдағы эволюциялық дамушылармен пассив түрде араласса да, оларды өзіне үйретуге қадам жасайды. Адам мұндай қадамды мәдени түрдегі үйрету арқылы орындайды. Адам өмір сүретін орта– биосфера, бірақ адам оның жаратылысына қарсы өз қолымен көп әрекет етеді, бұл өз кезегінде биосфера психикасына терең әсер етіп, оның тіршілігіндегі қалыптасқан тепе-теңдігін бұзады. Нәтижесінде адам өмір сүретін орта – табиғат, жасанды күйге еніп, соның салдарынан жойылуға бет бұруда. Адамзаттың табиғатты оның заңдылықтарымен санаспай пайдалануы адамзаттың өзіне және оның өзі құрған қоғамының тіршілігіне қатер туғызуда. Соңғы кездері статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге үйретеді. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне, әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық – денсаулық болып табылады.

   Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.

   Курстық жұмыстың міндеттері: 

-   Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;

     -    Қызылорда  облысы тұрғындарының денсаулық  көрсеткіштері негізінде 

     белгілеу.

   Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 5 суреттен, 8 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 31 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

 

1.1 Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары

 

Денсаулық анықтамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Уставында келесі түрде тұжырымдалған: «Денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық». Негізінен денсаулықты алты қыры бар деп, одан да толығырақ қарастыруға болады: физикалық денсаулық, психикалық және интеллектуалды денсаулық, жеке денсаулық, рухани денсаулық, эмоционалды денсаулық, әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: адам денесі қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

Психикалық және интеллектуалды денсаулық – бұл психикалық аурудың және кем ақылдылықтың болмауы. Психикалық денсаулық адамның жаңа білімді қабылдауымен және қолдау қабілетімен, негізгі психикалық үдерістердің күшімен және қозғалғыштығымен сипатталады.

Әлеуметтік денсаулық  - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде түсіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен кәсіби сапаның орны анықталады. Бұл адамның материалдық жағынан қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі, яғни оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогендік факторлардың әсерінен өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта. Адамның денсаулығы оның өмір-тіршілігі өтетін қоршаған ортасының, яғни тіршілік ортасының жай-күйіне тығыз байланысты. Адамның тіршілік ортасы түсінігі, бұл - табиғи және қоғамдық түр ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы.

Демек, адамды «қоршаған орта» табиғи немесе жасанды орта болуы мүмкін. Соған байланысты қоршаған ортаға әртүрлі анықтама беруге болады.  Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи орта компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған орта мен адамның өзара қарым – қатынасын зерттеуде екі негізгі мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар орта факторларының адамға ықпал етуі және адамның қоршаған орта мен оның өзгерістеріне бейімделуі.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып есептеледі.

Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері, әсіресе соңғы кездері оның өзінің денсаулығына кері әсер етуде.  Мұндай жағдайлар әсіресе, Қазақстанда ерекше байқалады.

Қазіргі таңда ауыз су, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның экологиялық таза азық - түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды.

Сусыз өмір жоқ деп айтып жатамыз. Шынында да барлық тірі ағзалар секілді адам денесі де судан тұрады (эмбрионда – 97 %, жаңа туылған нәрестеде – 77 %, үлкен адамда - 60 %) және сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Егер адам денесінен 6-8 % суды жоғалтса, көңіл-күйі төмендейді, 10 % ағзада өзгерістер пайда болады, 15-20 % жоғалтулар байқалғанда адам өліп кетуі де мүмкін.

Адамға қажетті су нормасы тәулігіне – 2-2,5-нан 5 л дейін. Американдық ғалымдардың есептеулері бойынша, суды тұтыну құрылымы: ішу және тамақ әзірлеуге – 5 %, дәретханадағы су толтыратын бөшкеде – 43 %, ванна және душ – 34 %, ыдыстарды жуу – 6 %, кір жуу – 4 %, тұратын орынды жинауға қажетті су – 3 %, басқа да қажеттіліктер – 5 %. Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін таза су керек. Ал қазіргі су көздерінің ластануы өз алдына бір үлкен экологиялық мәселе. Су көздері бүгінде әбден ластанғаны сондай әлемдегі кейбір ашық су көздері өлі суға айналған, пайдалануға мүлде жарамсыз.

Ластануға судың барлық санаттары жатады: мұхит, континенттік, жер асты сулары. Ауыз судың сапасы халық денсаулығына әсер ететін бірден бір фактор. ДДСҰ мәліметтері бойынша су сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (көбінесе балалар) өледі, әртүрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.

Ауыз су проблемасы Қызылорда облысын да айналып өтпейді. Облыс бойынша ауыз судың сапасы Қызылорда қаласында өте нашар көрінеді. Ауыз су сапасының өз дәрежесінде болмауынан ішек аурулары, түрлі жұқпалы аурулар, әсіресе жаздыгүндері көп тіркеледі. Кейде сәбилердің өміріне қауіп төндіріп жататын кездері де жиі болып тұрады.

Соңғы кездері адамның шаруашылық еңбегінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы жиі байқалуда. Атап айтқанда, қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтардың  атмосфера, гидросфера мен топырақ сияқты табиғи орта компоненттеріне шектен тыс шығарылуы, қоршаған ортаға қажет емес шу, жылу, сәуле шығаратын радиация, ультрадыбысты толқындар, діріл (вибрация)  және тағы сол сияқты физикалық факторлардың пайда болуынан қоршаған ортаның физикалық-химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы ластаушылар мөлшерінің санитарлық-гигиеналық нормативтерден асып түсуімен сипатталады.

Қоршаған ортаның ластануы адамның физикалық денсаулығына, жүйке, психикалық жағдайына, болашақ ұрпақтың денсаулығына көп әсер етеді. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайының   50-52 %-ы - өмір сүру салтына, 20-25 %-ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20 %-ы – қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Дегенмен, соңғы кездері адам денсаулығы мен өмір-тіршілігіне қоршаған орта жағдайының анағұрлым көп әсер ететіні байқалады. Әсіресе, антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталған. Қатерлі ісік ауруларының 75-80 %-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, сәбилердің өлі туылуы мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халық денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге, яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Соңғы кездері табиғи және физика-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен күйзелістік құбылыстар арқылы әсер етеді. 1-кестеде халықтың өліміне әр түрлі  аурулардың әсері  көрсетілген.      

1 - кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлардан екенін көруге болады. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13  есе  артық. 

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 %-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23 %-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25 %-ға дейін артқан. Аурулар индустриальды және ластанған аудандарда жиі  кездеседі.

1 - кесте. Әр түрлі аурулардың әсерінен болатын халық өлімінің себептері

 

Аурулар

Оның ішінде өлімнің себебі, %

Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушы-лық

Денсаулық сақтау

1

Жүрек аурулары

54

9

25

19

2

Қатерлі ісік

37

34

29

10

3

Жол-транспорттық

68

18

1

12

4

Атеросклероз

49

8

25

18

5

Диабет

26

0

68

18

6

Бауыр циррозы

70

9

18

3

7

Өзін-өзі өлтіру

60

35

2

3

8

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

4

14

9

Орташа алғанда

48

16

25

11

Информация о работе Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау