Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;
- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде
белгілеу.

Содержание

КІРІСПЕ

3

І.

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1.1
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
4-8
1.2
Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

9-10
1.3
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
11-13
ІІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

2.1
Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
14-17
2.2
Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
18-24
2.3
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
25-28


ҚОРЫТЫНДЫ

29-30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 827.00 Кб (Скачать файл)

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларының түрлері қарастырылды. Облыс бойынша әсіресе, тыныс алу ағзасының аурулары, жүрек қан - тамырлары аурулары өте көп тіркелгендігі белгілі болды. Облыс аумағында Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуынан жылдың 365 күнінің 300 күні шағды желмен өтетін болғандықтан, облыс аумағында туберкулез ауруы көп тіркеліп отыр. Оған қоса онкологиялық аурулар деңгейі әсіресе, әйелдерде жатыр аузы ауруларының жиі ұшырасатыны анықталды. Озон қабатының жұқаруы да осы шаң дауылдың тұруын жиілетіп, онкологиялық ауруларды көбейтеді.

       Қызылорда облысы  тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері  негізінен облыс орталығы –  Қызылорда облысы, Жаңақорған, Шиелі  аудандарында жоғары екендігі  анықталды. Бұл өз кезегінде осы  аудандарда Шалқия, Уран кен орындарының игерілуімен байланысты деп қарастырылып отыр. Өйткеніғ бұл аудандарад техногендік ластану жоғары. Қызылорда облысы бойынша ішек инфекциялары ауруларымен науқастанатындар саны өте көп, республика деңгейімен салыстырғанда 40 пайыз Қызылорда облысының үлесінде көрінеді. Бұл облыстағы ауыз су сапасының төмендігінен болып отыр деп ескерілді. Ішек инфекцияларымен аурудың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда қаласы бойынша тіркелген. Өйткені, облыс аумағы бойынша ауыз су сапасы ең төмен Қызылорда қаласы. Ісік ауруларының көрсеткіштері Жаңақорған, Шиелі және Арал аудандарында осы орналасу реті бойынша тіркелген.

        Адамның көңіл  – күйі мен өмір тіршілігі  қоршаған ортаның жағдайымен  өте тығыз байланысты. Адамдардың  табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы, жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырмен келетін күкірт пен азот оксидінің мыңдаған тонналарын жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан – жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.

        Қалалардағы  атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегі  оксидімен, күкіртті газбен, азоттың  оксидімен ластануы өте  жоғары болып тұр.

     Адамның денсаулығы оның өмір-тіршілігі өтетін қоршаған ортасының, яғни тіршілік ортасының жай-күйіне тығыз байланысты. Адамның тіршілік ортасы түсінігі, бұл - табиғи және қоғамдық түр ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы.

Демек, адамды «қоршаған орта» табиғи немесе жасанды орта болуы мүмкін. Соған байланысты қоршаған ортаға әртүрлі анықтама беруге болады.  Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи орта компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған орта мен адамның өзара қарым – қатынасын зерттеуде екі негізгі мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар орта факторларының адамға ықпал етуі және адамның қоршаған орта мен оның өзгерістеріне бейімделуі.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Шапшаңов Қ. Қоғамдық пікір: қоршаған ортаны қорғау,

« Дүние »журналы, №5, 2002 ж. – 11-13 б.б.

2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.-  405 б.

3. «Өңірдің әлеуметтік саласындағы негізгі көрсеткіштер» статистикалық жинақ, Қызылорда, 2011 ж.- 34 б.   

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.-  405 б.

5. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. – 292 б.

 

 


 



Информация о работе Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау